Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

27.Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және философиялық идеялар.

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.

Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.

Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

28.Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мен әлем мәселесі.

Қайта Өрлеу дәуірінің дүниегекөзқарасының негізгі ерекшеліктері:

1) Өнерге көп көңіл бөлінуі. Қайта Өрлеу дәуіріні көркемдік-эстетикалық сипатта болды.

2) егер Антика дәуірі табиғат-космос, ал ортағасырларда адамның құдайға қатынасы орталық мәселе болса, Қайта Өрлеу дәуіріні адамды орталық орынға қойды, философиялық ойлауының негізгі ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз болды. Қайта Өрлеу дәуірініде адамды шығармашылық тұлға ретінде қарады. Орта ғасырлық рухани түсініктерден арылуға талпыныс өнердің, әдебиеттің гүлденуіне алып келді, сөйтіп гуманистік дүниетаным қалыптасты.

3) дүниені пантеистік тұрғыдан түсіну Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының өзіндік ерекшелігі болды. Пантеистік көзқарас құдайды табиғатпен теңестірді, табиғатты, адамды құдайлық дәрежеге көтерді.

4) Натурфилософиямен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті көрсетті).

Пантеизм догматтық, діни дүниетанымнан табиғатты ғылыми тұрғыдан түсінудің жаңа формасы болды. Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудік эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.

Ерекшеліктері:

1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі — Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;

2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;

3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]