- •1.Күнделікті өмірде сыни ойлаудың маңыздылығы. Сыни ойлаудың артықшылықтары.
- •2.Көзқарас түрлері: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері.
- •3. Джаинизм философиясы және оның принциптері.
- •4. Буддизм философиясы және оның принциптері.
- •5.Конфуцидің әлеуметтік этикалық көзқарастары.
- •6.Легизм ілімінің негізгі принципі
- •7.Даосизм ілімінің негізгі принципі.
- •8.Ежелгі Шығыс рухани құндылықтары және қазіргі заман.
- •9.Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық
- •10Антика философиясындағы антропоцентризм және табиғат философияясы.
- •11. Антика философиясындағы дүниенің алғашқы бастама мәселелері.
- •12. Пифагордың философиялық көзқарастары.
- •13. Элей мектебі: Зенон аппориясы
- •14.Антика заманындағы атомистік ілім
- •15. Гераклит дүниенің өзгермелілігі және әлемнің дамуы туралы ілім
- •16.Сократ философиясы.Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
- •17. Платонның «идея» және «үңгір» туралы ілімі.
- •18. Аристотельдің Платон іліміне сыны.
- •19. Орта ғасыр философиясы.Номинализм және реализм
- •20. Орта ғасырдағы адамның рөлі.
- •21.Орта ғасырдағы араб философиясының ерекшелігі
- •22. Араб тілдес ойшылдардың жаратылыстану және философиядағы жаңалықтары
- •23.Араб тілді ойшылдардың ғылыми көзқарастары(әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, әл-Хорезмит т.Б)
- •25.Фома Аквинскиидің құдай ілімі,сенім мен ақыл мәселесі.Құдайдың бар екеніне бес дәлелі.
- •26.Қайта өрлеу заманындағы гуманизм мен антропоцентризм (н.Коперник,д.Бруно,г.Галилей)
- •27.Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және философиялық идеялар.
- •28.Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мен әлем мәселесі.
- •29.Қайта өрлеу дәуіріндегі пантеизм және гуманизм (н.Кузанский, Дж Бруно, Пико делла Мирандолла)
- •30.Жаңа заман фило-ның ерекшеліктері:рационализм және эмпиризм
- •31.Жаңа дәуір кезеңіндегі эмпиризмнің негізін салушы.
- •32.Ф.Бэконның «төрт елес» туралы ілімі.
- •33. Жаңа замандағы ғылыми және психологиялық көзқарастар
- •34. Рационализмнің негізін салушы р.Декарт
- •35. Джон Локктың психологиялық ілімдері
- •36. И.Канттың сыни кезеңге дейінгі негізігі ойлары
- •37.И.Канттын сыни кезеңге дейіңгі ойлары.
- •39.И.Канттын этикасы(iлiмi).Категориялдык императив моральдык принцип ретiнде.
- •40.Гегелдің диалектикалық заңдылықтары.
- •41. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі
- •42. 19 Ғасыр философиясы. Иррационалдық философия
- •43. Иррационалдық философияның негізгі мектептері (волюнтаризм, психоанализ, экзистенциализм)
- •44. А. Шопенгауэр мен ф. Ницшенің волюнтаристік ілімдерінің ерекшеліктері
- •45. Ф.Ницше көзқарасы бойынша тұлға дамуынаң үш сатысы: бала, түйе, арыстан
- •46. З.Фрейдтің бейсаналық психоанализ теориясы
- •47. Ницше іліміндегі «асқан адам» , дін, мораль, қоғам мәселелері
- •48. Ж.П.Сартрдың философиясындағы жауапкершілік пен бостандық мәселелері
- •49. Экзистенциализм философиясы және оның негізгі идеялары
- •50. Позитивизм және оның негізгі идеялары мен тарихи формалары
- •51. Позитивизм және неопозитивизм: өкілдері мен негізгі идеялары
- •52. К.Поппердің демаркация мен фальсификация принциптері
- •53. П. Фейрабендтің методологиялық анархизмі
- •54. Т. Кунның ғылыми революциялар құрылымы
- •55. И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасы
- •56. О. Конт философиясы
- •57. Логикалық позитивизм. Л.Витгенштейннің верификация принципі
- •58. Қазақ философиясының ерекшелігі. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы (Қара сөздері)
- •59. Ш. Құдайбердіұлы – қазақ ойшылы
- •60. Хіх ғасыр ғасыр қазақ ағартушылары (ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев )
- •61. Классикалық және «негативтік» диалектика
- •62. Әлемнің пайда болуының заманауи (современный) модельдері
- •63. Хаос теориясы және шынайы әлем.Э. Лоуренстің «Көбелек қағысы» идеясы
- •64. Синергетика жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы жалпы ғылым ретінде
- •65. Тірі жүйелер эволюциясы. Автопоэзис теориясы. (у. Матуран мен ф. Варелла)
- •66. Классикалық және класстикалық емес ғылымындағы уақыт пен кеңістік
- •67. Таным және білім формалары мен деңгейлері. Сезімдік таным мен рационалдық таным және оның негізгі формалары
- •68. Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формасы
- •69. Қоғамның негізгі өмір сүру салалары
- •70 Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамдағы адам
- •71. Техногендік өркениеттің қазіргі замандағы рухани мәдениетке ықпалы
- •72. Философиялық және қарапайым тұрмыстық таным ерекшеліктері
- •73. К. Маркстың материалистік ілімі
- •74. Т. Гоббстың қоғамдық келісім теориясы
- •75. Ч. Пирс, у. Джеймс, Дж. Дьюидің прагматисттік теориялары
23.Араб тілді ойшылдардың ғылыми көзқарастары(әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, әл-Хорезмит т.Б)
Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек — «Музыканың ұлы кітабы» болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәселелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тараулары, қозғалысы, резонанс, т.б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.
«Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын трактатында ғұлама өз тұсындағы химиялық білім-дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол химияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жа- ратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мән бергені мәлім болып отыр. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғына зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б. еңбектер жазған, бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғүлама медик Әбу-Әли Ибн Сина тәлім алған. Мәселен, оның «Медицина негізінде» атты әйгілі шығармасы теориялық, әдістемелік жағынан ұстазының «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді. Әл-Фарабидің бұлардан басқа көптеген философиялық және натурфилософиялық тұжырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездесіп, отырады. Оларды жиыстырып, бір жүйеге келтіру — фарабитанушылардың кезекті міндеттерінің бірі.
24.Ибн – Раушд философиясындағы екі ұдай ақиқат теориясы
Ибн Рушд Мухаммед (1126 — 1198 ж.ж.) — Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні — философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты — философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру.
Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл — парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн — Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
