Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

20. Орта ғасырдағы адамның рөлі.

Орта ғасыр философиясында адамды анықтауда оның денелік және жандық жаратылысы арасын межелеп болу көбірек байқалады. Құдаймен теңестіріліп сенім, махаббат, үміттердің жоғары сезімдерінде орын алатын жандық бастау бірінші орынға қойылды. Жаңа дәуірде адамның ерекшелігі ойлауда, ақылды, ұтымдылығында қалады. Жанның анық құрамы бұл — сана.(Декарт, Кант)

XX ғасыр философиясы адамның шынайылығын іздеуді жалғастырды. Феноменологияның өкілдері адам табиғатының шынайылығын, оның санасының тәжірибесін – идеяның, түсініктің бөлігі өмірдің, әлемнің мәніне сәйкес герменевтика өкілдері, адамның шынайылығын оның әлемдегі пайда болуына, осы әлемнің дүниелерін түсінуде, адамның шекарасымен оның шекарасының бірігуінде жүргізіледі. Антропологияның басты мәселелерінің бірі адамның қалыптасуы болып табылады.

Антропосоциогенездің жаратылысының ерекшелігі адамның еңбек құралдарын жасау әрекеті арқылы олармен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Адамның қабілеттілігі дамитын белгілері нысанда мәні берілетін үрдісте жатады. Бұл

адаммен қолданылатын мән. Қоғамдық қатынастардан, нысандардан қызметін, әдістерінен басқасының бәрі зым – зия жоғалып кетеді.

Адамды анықтауда жеке адам, жеке даралық, жеке тұлға деген терминдар қолданылады. Жеке адам – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық нақты тасушысы. Жеке адам түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.

Сонымен қатар баласының жеке адамы – тек табиғи, биологиялық жаратылыс қана емес, олар адамдардың қоғамдық өмір сүру әрекетінің ұзақ мерзімді үрдісінің өкілі болып, саналатын екінші табиғатқа ие. Әлеуметтік жеке адам болып табылады.

Жеке адамның бірегейлігін салыстыру үшін осы саладағы адам баласының белсенділігін басқа әрекетпен міндетті түрде салыстыру керек.

21.Орта ғасырдағы араб философиясының ерекшелігі

Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мəселелерінің негізі құдай болмысының дəлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мəңгілігі болды. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды, яғни орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни əлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.

22. Араб тілдес ойшылдардың жаратылыстану және философиядағы жаңалықтары

Аль — Кинди (800 — 870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль — Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль — Киндиге күпірлікпен қарады. Аль — Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль — Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль — Киндиге қарама — қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.

Әл — Ғазали Ибн Мухаммед (1059 – 1111ж.ж.) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл — парасаты жететін объектілер де («тамаша мінез», «тамаша ғұмыр») асқақтай алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл — Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран — Құдай жаратқан ғажап еңбек.

Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 — 67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб)

қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]