Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

1.Күнделікті өмірде сыни ойлаудың маңыздылығы. Сыни ойлаудың артықшылықтары.

Қоғам дамуының  әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.

Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Дәстүрлі біліміміз оқушылардың дамуына көп мүмкіндік бермейді. Сондықтан білім беруде жаңашылдық қажет. Осы жаңашылдықты енгізу үшін мұғалім кәсіби білікті маман болу керек. Оқытудағы  Кембридж тәсілінің білім беру жүйесі педагог қауымға осы оқыту бағдарламасын жан – жақты қарастыратын  маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.  Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады.

Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:

-         Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;

-         Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;

-         Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар  мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;

-         Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;

-         Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау.

 Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі.

2.Көзқарас түрлері: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері.

Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.  Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.  • Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.  • Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.  • Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.  1. Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .  2. Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).  3. Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]