Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биохим. Экз тест и задач МПД каз16-17г СтудентТочно.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.92 Кб
Скачать

32 Есеп

Науқас белінің ауратынына, ісіну пайда болғанына, әлсіздік және қан қысымының артқанына шағым жасады.Дәрігер науқастың бүйрегінің ауырғаны туралы болжам жасады.Дәрігер неге осындай болжам жасағанын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Бүйректің зақымданғанын анықтау үшін қан мен зәрде қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек?

  2. Бүйректің зақымданғанда қан мен зәрдің анализінде қандай өзгерістер болады (қан сарысуында белоктардың электрофорезінде)

  3. Неге бүйрек ауруы кезінде қан қысымының артатынын схема түрінде көрсетіңіз.

33есеп

Науқастың жіліншігінің төменгі жағы сынғандай ауырады.Соңғы кезде арықтағаны және әлсіздік байқалады.Дәрігер науқастың сүйек тіні зақымданағаны туралы болжам

жасады.Осы болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста сүйек тіні зақымданағанын анықтау үшін қандай арнайы ферменттерді анықтау керек?

  2. Бұл жағдайда қанда қандай макроэлементтерді анықтау керек?

  3. Диагнозды анықтау және емдеу үшін қандай гормондарды анықтау керек, олардың физиологиялық әсерін.

34 Есеп

Науқас ішінің үзілісті және айналдыра ауыратынын, әсіресе сол жақ қабырғасының асты қатты ауырады. Соңғы кезде жиі іші өтеді, әсіресе майлы тағам қабылдағаннан кейін.Нәжісінеде май бар екені анықталды.Дәрігер ұйқы безінің зақымданңанына болжам жасады.Бұл болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безінің зақымдануында қанда қандай арнайы фермент артады? Ол фермент қандай класқа және қай топқа жатады?

  2. Неге майлы тағамды қабылдағаннан кейін іш өту байқалады және онда май анықталады?

  3. Тағам триглицеридтерін гидролиздейтін ұйқы безінің ферментінактивтеуге қандай заттар керек?

35есеп

Жас жігіт жол-көлік оқиғасына ұшырап, көптеген жарақат алды. Оған қан құйылды және хирургиялық операция жасалды. Емханаға түскеннен кейін ол тәулігіне 500 мл зәр шығарды. Науқаста сусызданудың клиникалық белгілері байқалды, артериялық қысымы 90/50 мм сынап бағанасында.

Зертханалық мәліметтер:

Қан сарысуы:

Калий

5,6 ммоль/л

Мочевина

21,0 ммоль/л

Креатинин

140 мкмоль/л

Зәр:

Натрий

5 ммоль/л

Мочевина

480 ммоль/л

Шешу алгоритмі:

1) Қан плазмасының қалыпты химиялық құрамын көрсетіңіз.

2) Науқастың қанының анализіндегі байқалған өзгерістерді сипаттаңыз. Осы жағдайдағы қанның биохимиялық анализіндегі өзгерістер немен байланысты?

3) Қандағы калий, мочевина және креатинин деңгейінің өзгеру себептерін көрсетіңіз. Креатининнің түзілу реакциясын көрсетіңіз, бұл зат қайда түзіледі?

35 Есеп

Әйел адамға бұдан 2 жыл бұрын сүт безі рагына операция жасалған. Ісік рецидивінің белгілері байқалмаған, бірақ науқас соңғы айларда шөлі қанбайтынына және кіші дәреткежиі отыратынына шағымданды. Ол шөлге шыдамсыз болды. Сонымен қатар науқастың түнде кіші дәретке отыру және су ішу үшін жиі оянуына байланысты ұйқысы да бұзылды. Біріншілік тексеру барысында глюкозурия байқалмады, қан сарысуындағы креатинин, калий және кальций концентрациясы қалыпты мөлшерде болды. Қосымша тексеру жүргізілді. Науқаста қандай гормональдық бұзылыс екенін болжауға болады және аталған белгілер немен байланысты?

Шешу алгоритмі:

1) Су алмасу сатыларына сипаттама беріңіз.

2) Су гомеостазына қатысатын гормондарды атаңыз, олардың түзілетін орны мен физиологиялық эффектілерін көрсетіңіз.

3) Диабеттің қай түрі екенін айтыңыз және осы күйдің туу себептерін көрсетіңіз.

36 есеп Науқас дәнекер тінінің жүйелік ауруы бойынша диспансерлік есепте тұр. Қан сарысуындағы белок фракцияларын зерттегенде, олардың мөлшері: альбуминдер – 56,3%; альфа-1-глобулиндер – 2,8%; альфа-2-глобулиндер – 6,5%; бета-глобулиндер – 9,9%; гамма-глобулиндер – 25,3%екеніанықталды. Осы жағдайдағы қан сарысуын электрофоретикалық зерттеу нәтижесі нені білдіреді?

Шешу алгоритмі:

1) Қан сарысуындағы белок фракцияларының қалыпты көрсеткіштері қандай?

2) Қалыпты жағдайдағы қан плазмасының химиялық құрамын және организм үшін иммуноглобулиндердің маңызын көрсетіңіз.

3) Электрофорез әдісінің мәні неде? Белоктың изоэлектрлік нүктесі дегеніміз не және ол неге тәуелді?

37есеп

Науқас инфекциялық аурулармен жиі ауырады, жарасының жазылуы баяу өтеді. Қан сарысуындағы белок фракцияларын зерттегенде, олардың мөлшері: альбуминдер –60%; альфа-1-глобулиндер – 5%; альфа-2-глобулиндер – 10%; бета-глобулиндер – 12%; гамма-глобулиндер – 13%екеніанықталды. Осы жағдайдағы қан сарысуын электрофоретикалық зерттеу нәтижесі нені білдіреді?

Шешу алгоритмі:

1) Қан сарысуындағы белок фракцияларының қалыпты көрсеткіштері қандай?

2) Қалыпты жағдайдағы қан плазмасының химиялық құрамын және организм үшін гамма-глобулиндердің ролін көрсетіңіз.

3) Электрофорез әдісінің мәні неде? Глобулиндердің химиялық қасиеттерін атап шығыңыз.

38есеп

Науқаста бауыр зақымдануы деген болжам бар. Осы болжамды нақтылау үшін науқастың қаны мен зәрінен қандай көрсеткіштерді анықтауға ұсыныс бересіз.

Шешу алгоритмі:

1) Бауырдың арнайы ферменттерін атаңыз, оның ферменттер класындағы орнын көрсетіңіз және олар тездететін реакцияларды жазыңыз. Олардың құрамына қандай витаминдер кіреді?

2) Бауыр ауруларында билирубиннің қандай түрі артады? Оның қан сарысуындағы қалыпты мөлшерін, химиялық қасиеттерін және түзілу үрдісін көрсетіңіз.

3) Бауыр функциясын (антитоксикалық, секреторлы-экскреторлық, синтетикалық) зерттеу үшін клиникалық практикада қандай функционалдық сынамалар қолданылады?

39есеп

Ирина К., 35 жаста, таныс дәрігердің кеңесі бойынша құрамында көмірсуы жоқ тағамды пайдаланды. Оның бұлай жасауына бір аптаға созылған қатты уайым әсерінен қандағы глюкоза мөлшерінің артуы себеп болды. Осындай диета ұстағаннан бір аптадан кейін ол өзінің салмақ тастағанын (арықтағанын) байқады, бірақ қандағы глюкоза мөлшері қалыпқа келмеді. Ол көмірсусыз диета ұстауды одан әрі жалғастырды, бір айдан соң оның дене салмағы бастапқыдағыдан 30%ға төмен болды, аузынан жеміс эссенциясының иісі сезілді. Қосымша шағымдары:

-кіші дәретке жиі отыру;

-тіл ұшының қызаруы, тамақтанған соң даусының бітуі пайда болды;

-көз алдында қара нүктелер байқалды.

Шешуалгоритмі:

1) Қант диабеті деген диагнозды жоққа шығару немесе бекіту үшін қандай көрсеткіштерді анықтауды тағайындау қажет?

2) Стресс реакцияларына қандай гормондар қатысады және қандағы глюкоза мөлшерін арттырады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін көрсетіңіз, осы гормондарды атаңыз және түзілетін орнын көрсетіңіз. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмін көрсетіңіз.

3) Науқастың демінен жеміс эссенциясының иісі сезілуі немен байланысты? Осы иісті туғызуы мүмкін заттардың түзілу реакцияларын сызба түрінде көрсетіңіз. Олар қайда түзіледі және дені сау организмдегі олардың ролі қандай?

40есеп

Науқас артық салмаққа, жүргенде және кез келген дене еңбегімен айналысқанда ентігіп қалатынына, ыстықты көтере алмайтынына шағымданады. Ол негізінен жеңіл сіңетін көмірсулармен және жануар майларымен тамақтанады, ас мәзірінде белоктар мен өсімдік талшықтары аз. Оның жұмысы компьютермен байланысты (отырып істейді). Неліктен ересек адамдарда тағамда көмірсудың көп мөлшерде болуы және физикалық жүктеменің аз болуы алиментарлық семіздікке әкеп соғатынын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Глюкозаның катаболизм үрдісін сызба түрінде көрсетіңіз.

2) Липонеогенез дегеніміз не? Бұл үрдіске қандай аралық өнімдер түседі және қалай жүзеге асады? Бұл үрдіс қандай жағдайларда күшейеді?

3) Неліктен белоктардың, өсімдік талшықтарының тапшылығы және дене еңбегімен аз айналысу семірудің тәуекелдік факторлары болып табылады?

105