Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биохим. Экз тест и задач МПД каз16-17г СтудентТочно.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.92 Кб
Скачать

10 Есеп

Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделгеннен соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.

  2. Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?

  3. Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.

11 Есеп

Клиникада асқазан ішек жолдарындағы бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген ?

Шешу алгоритмі:

  1. Асқазан ішек жолдарында асқорыту процестері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілген жерін көрсетіңіз).

  2. Асқорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемамен).

  3. Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе басқа пептидтік трипсіннің ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз).

12 Есеп

Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде

малат қолданды.Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды(ыдыстағы газдың азаюымен).АДФ-тың әр қосылуымен оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесін қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?

Шешу алгоритмі:

1) Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз,БТ сызбанүктесін пайдалана отырып электрондармен протондардың оттекке жолын көрсетіңіздер.

2) БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануымен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіздер.

3) Тыныс алуға анықтама беріңдер және АДФ-ты мөлшерлеп қосқанда митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз.

13 Есеп

Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды. Бұл қандай зардаптарға алып келуі мүмкін?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы фермент катализдейтін реакция теңдеуін жазып беріңіз.

  2. Осы реакцияның өнімі қандай процестерде қолданылады.

  3. Осы процестердің бұзылуның зардаптары туралы қорытынды шығар.

14есеп

Клиникаға емізуден кейінгі диареямен ауыратын нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынғасуда еріген 50 г лактоза берді.30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қаннан глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкіндік себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Лактозаның ішекте сіңірілуінің реакциясыныңсхемасын жазып, ферментін көрсетіңіз.

  2. Неге қандағы глюкоза мөлшері өзгермеді, түсіндіріңіз.

  3. Осы науқаста сүт тағамдарын көтере алмаушылық бұдан кейін де жалғасады ма. Жауапты дәлелдеңіз.