- •Педагогиканың міндеттері:
- •Педагогикадағы жалпы әдіснамалық мәселелері:
- •1) Шындықтың, объективті оқиғаның кейбір үзіндісі; 2) объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына қатысты нәтиежелер (сана деректері);
- •Шарттары:
- •Жоғары білім беру
- •Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- •Бірінші міндетті шешудің нәтижелері:
- •Екінші міндетті іске асыру барысында:
- •Үшінші міндеті жүзеге асыру барысында:
- •Осы процесті қалыптастыру үшін:
- •Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
- •Осыған орай тәрбие әдістері 4 топқа ажыратылады:
- •Менеджментке қойылатын негізгі талаптар.
- •Басқару принциптері.(қағидалары)
- •Басқарудың функциялары.
- •Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.
- •Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:
Осы процесті қалыптастыру үшін:
1) баланың бойында сол қасиетке деген қажеттілік сезімді туғызу;
2) бала бойындағы қасиеттерден тегін тануға деген құмарлықты арттыру;
3) жақсы қасиеттерді игерудің іс-тәжірибелік жағын,яғни білім;білік дағдыларын жаттықтыру арқылы меңгерту;
4) осы қасиеттерді меңгертіп бойға сіңіру үстінде кездесетін кедергілерді жеңе білуге баланың еркін,күш-қайратын шыңдау;
Тәрбие өзінің шынайы міндетіне жауап беру үшін балаларда жас кезінен бастап,ең маңызды адамдық қасиеттерді:адамгершілік,аяушылық,төзімділік,имандылық, әдептілік,мейірбандық,шыншылдық,т.б дамыту керек.
Қазіргі жағдайларда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:
1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.
2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
3. Жеке пән ретінде жүргізілетін тәрбие сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тәрбие үрдісінің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбие үрдісінің міндеттері:
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
• балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
• өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
• мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
• жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
• қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларды қалыптастыру;
• қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
• балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.
Студенттердің оқу ортасына бейімделу мәселесі. «Студент» деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Сонымен «студент» дегеніміз талмай еңбек ететін, дайындалатын, ізденетін білімді адам және кәсіптік еңбекке дайын арнайы әлеуметтік категориялардағы адамдардың өкілі. Сондай-ақ, ол зиялылар қатарын толықтыратын маңызды әлеуметтік топқа жатады. Олардың өміріндегі бастыбағыт – оқу, іздену интеллектін дамыту, рухани өнегелі, дене бітімі және эстетикалық жағынан өсу, кәсіпті меңгерту.
Қазіргі кездегі студенттердің жоғары оқу орындарындағы орта жас мөлшерлері 17-23 жас аралығында. Жоғары оқу орындарындағы оқу барысындағы көптеген сұрақтарды шешуге мынадай аз өмірлік тәжірибе қиындық туғызады. Тіпті орта мектепті жақсы бітіріп келген әрбір талапкер жоғары оқу орындарында жақсы ойдағыдай оқуы жиі кездесерлік жайт. Бұл үшін әрбір студент психологиялық өсуі қажет, белсенді өзіндік жұмысқа саналы түрде дайын болуы өте маңызды.
Студент іс-әрекетіндегі басты бағыт – оқу, ізденіп оқу, тәрбие мақсатында ұйымдастырылған әртүрлі іс-шараларға ат салысу, қоғамдық ғылыми іс-шараларға қатысу. Студент іс-әрекетінің ерекшеліктері қатарына мыналар жатады:
- мақсаттың және нәтиженің өзгешілігі (өзіндік еңбекке даярлау, білім, дағды, іскерлікті меңгеру, жеке тұлғалық қасиеттердің дамуы);
- оқу нысанындағы ерекше өзгешіліктер (ғылыми білім, болашақ еңбек туралы, т.б. мәліметтер);
- студенттік іс-әрекеті арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүзеге асады (жоспарлар, оқу мерзімі);
- маңызды іс-әрекет құралдары (әдебиеттер, зертханалық құралдар, болашақ кәсіби еңбектерінің табиғи үлгілері);
- студент іс-әрекетіндегі артық күш, яғни, қиындықтар пайда болады (емтихан, сынақ тапсыру,бақылау жұмысын орындау, дипломдық жобаларды қорғау), т.б.
Тәрбие үрдісінің мәні мен тәрбие жұмысының бағыттары. Тәрбие үрдісінің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби,
интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбие үрдісінің міндеттері:
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
• балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
• өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
• мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
• жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге
икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
• қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларды қалыптастыру;
• қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
• балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру
Тәрбие үрдісінің заңдылықтары және ұстанымдары. Тәрбие заңдылықтарын атап көрсетуге болады:
Тұлғаның дамуындағы жалпы мәдени, әлеуметтік адамгершілік және кәсіби дағдылар қаншалықты үйлесімді болса, соғұрлым адам өзін еркін сезініп, шығармашыл болуға дағдыланады. Түптеп келгенде, тұлға дамуындағы аталған сипаттамалар оның еркіндігін қамтамасыз етіп, шығармашылыққа бет бұруына негіз болады. Қазіргі таңда кез келген адам үшін терең кәсіби білім алып, жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге зор мүмкіндік туып отыр, ал бұл дегеніңіз тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған игі бастама.
Тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетпен қат қабат дамуы тәрбиенің құнды негіздерінен де көрініс табады. Егер тәрбиенің құнды негіздері біздің жағдайымызда жалпыадамзаттық мәдениеттің басты тетіктерімен ұшатсатын болса, онда тұлғаның дамуы осы мәдениеттің шеңберінде жүзеге асады.
Тұлға үшін өзі айналысатын қызметі қаншалықты әралуан әрі өнімді болса, соғұрлым оның жалпыадамзаттық және кәсіби мәдениетке дағылануы тиімді жүзеге асады. Қысқаша айтқанда, мәдениет жетістіктерін игеру тұлғаның өз қызметінің өнімділігімен тығыз байланысты.
Тұлғаның жалпы, адамгершілік және кәсіби даму процесі, егер оқушы тәрбиенің субъектісі ретінде қатысса үйлесімділік табады. Басқаша айтқанда, тәрбие міндеттеріне аз күш пен қуат жұмсалғанда қол жеткізіледі, яғни бұл ретте оқушы тек тәрбие процесінің объектісі болып қана қоймай, оның тең құқылы субъектісі болуы шарт.
Тәрбие процесіне қатысушылардың адам тағдырына, қоғамға қамқорлық етуге дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстануын болжайды. Негізінен аталған дайындық өзінен өзі қарастырып отырған адамның гуманизімін, оның гуманистік идеяларын басшылыққа алу дайындығын айғақтайды.
Тәрбие үрдісінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді.
Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.
Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:
- тұлғалық бағыт принципі;
- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.
Тәрбие әдісі, формасы, құралы туралы жалпы түсінік, олардың мәні. Тәрбие әдісі (гректің «методос» - жол деген сөз) – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына? Мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым – қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері:сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
