Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.96 Кб
Скачать

1) Шындықтың, объективті оқиғаның кейбір үзіндісі; 2) объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына қатысты нәтиежелер (сана деректері);

Әртүрлі ғылымда, оның ішінде нақты ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру үшін философиялық және жалпы ғылыми әдістерге негізделетін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Жалпығылыми әдістер философиялық әдістерге қарағанда, зерттеу міндеттерін шешудің бір құралы ретінде бола отырып, ғылыми-танымдық іс-әрекеттің белгілі аспектілерін ғана қамтиды. Жалпығылыми әдістерге жататындар:

  • жалпы тәсілдер (жалпылау, анализ, синтез, абстракция, салыстыру, модельдеу, индукция, дедукция және т.б.);

  • эмпирикалық зерттеу әдістері (бақылау, өлшеу, эксперимент);

  • теориялық зерттеу әдістері (идеализация, формализация, ойлау эксперименті, жүйелі тәсіл, математикалық әдістер, аксиомалық тәсіл, абстрактіліден нақтыға және нақтыдан абстрактіліге өрлеу әдістері, тарихи, логикалық және т.б.).

Педагогикалық үдеріс жоғары оқу орнында оқытушының іс-әрекет объектісі ретінде. “Педагогикалық үдеріс” ұғымы және оның құрылымы. . «Педагогикалық үдеріс» ұғымы бір жағынан, педагогика арқылы зерттелінетін құбылыстың барлық кешенін белгілейді, екіншіден, осы құбылыстардың мәнін көрсетеді. Педагогикалық үдерісті педагогика-лық жүйе жағдайында білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын тәрбиеші мен тәриеленушінің ұйымдасқан өзра әрекеттестігінде тұтас және өзара байланыста жүзеге асырушы үрдіс. ТПҮ функциялары: тәрбиелеушілік, білімділік, дамытушылық, әлеуметтік (әлеуметтендіру функциясы). Педагогикалық үдерісті оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен білім беру мақсатынан оның нәтижесіне дейінгі қозғалыс ретінде анықтауға болады. Педагогикалық үдерістің мәнді сипаттамасы оның компоненттерінің, автономдылығына сәйкес ішкі бірлігі ретіндегі тұтастық (ТПП –ЦПП) болып табылады.

Педагогикалық үдерістің заңдылықтары. ТПҮ заңдылықтары - оның дамуын сипаттайтын педагогикалық құбылыстардың, процесстердің, оның жеке компоненттері арасындағы объективті, тұрақты, қайталанатын, қажетті және мәнді байланыстар. Педагогикалық жүйенің көптеген байланыстарын талдаудан педагогикалық үрдістің төмендегі заңдылықтарын бөліп көрсетуге болады: тұтас педагогикалық үрдіс, оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері қоғамның әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық және саяси сұраныстарымен дәлелденген; педагогикалық үрдістің тиімділігі болып жатқан жағдайларға (материалдық, гигиеналық, моралды-психологиялық, эстетикалық және т.б.) тәуелді болуы заңдылық; педагогикалық үрдісте оқыту, білім беру, тәрбие (тар мағынасында) және даму, сонымен қатар тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық үрдісті басқару және тәрбиеленушінің өзіндік іс- әрекеті үрдістері заңды түрде өзара байланысты. ТПҮ функциялары: тәрбиелеушілік, білімділік, дамытушылық, әлеуметтік (әлеуметтендіру функциясы). ТПҮ – қозғаушы тетіктері: сыртқы қарама-қайшылықтар: сыртқы әсерлер, талаптар мен оған сәйкес болуға ішкі дайындық арасында; білім беру үрдісінің мақсатқа бағыттылығы және жоспарлығы мен әлеуметтік орта және басқа факторлардың ретсіз әсер етуі арасында;

Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері Педагогикалық үдерістің негізгі объективті қарама-қайшылықтары: тұлғаға қойылатын қоғамдық талаптар мен оның өзіндік жеке қызығушылығы арасындағы; ұжым мен тұлға арасындағы; қоғамдық өмірдегі кездесетін жаңа табиғи құбылыстар, жағдайлар мен оны түсіну үшін тәжірибенің, білімнің жеткіліксіздігі арасындағы; ғылыми білімнің тез өсуі мен оны өңдеудегі және тұлғаға берудегі оқу-тәрбие үрдісі мүмкіндігінің шектелуі арасындағы қарама-қайшылықтар тығыз байланысты. Диагностика білім алушының эмоционалдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді. Педагогикалық диагностика –

бұл педагогикалық процесте көрініс беретін баланың тұлғасын оқып-тану, оқып-үйрену процесі. Педагогикалық диагностика құбылыстың жүйесі ретінде оның бағыттарының қатарын анықтауға да көмектеседі: тәрбиеленушінің даму диагностикасы; педагогтың тұлғалық сапасын көрсететін педагогикалық іс-әрекет диагностикасы; педагогикалық өзара

әрекеттесу диагностикасы; т.б

Оқытушының тұлғасы – жоғары мектептің тұтас педагогикалық үрдісінің субъектісі. Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам.

Оқытушы – жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген қазіргі заманның алдыңғы қатарлы адамы.

Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді әрекет иeci.

Оқытушы тұлғасының кәсіби қасиет-сапалары. Педагог – оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын адам,

маман. Оқытушының педагогикалық мәдениеті - интеллектуалдық, рухани, шығармашылық педагогикалық қабілеттердің, тұлғалық қасиет-сапалардың жиынтығы, қалыптасқан педагогикалық іс-әрекет стилі, жалпы және өзіндік педагогикалық-психологиялық білімі, жағымды тәжірибесі, т.б.

Педагогикалық мәдениеттің құрылымы:

  • Педагогикалық шеберлік

  • Психологиялық-педагогикалық эрудиция

  • Педагогикалық техника

  • Кәсіби-педагогикалық сапалар: педагогикалық байқағыштық; педагогикалық талап;

  • педагогикалық такт; т.б.

Педагогикалық еңбекті ұйымдастыру мәдениеті: педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті; мінез-құлық мәдениеті; педагогикалық сезім мәдениеті; танымдық мәдениеті; педагогикалық ойлау мәдениеті; сөз сөйлеу мәдениеті (ритор-шешен) Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым- қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бip талап-тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы. Педагогикалык стиль – мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.

Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әpбіp педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуд а тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік белгісі. Мұғалім

кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен ,оның педагогтік әдебінде. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.

Жоғары мектеп оқытушысы және оған қойылатын негізгі қойылатын талаптар Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic- әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам. Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді әрекет иeci. Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;

2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық

нормаларды бiлyі;

3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа

білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;

4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;

5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік

және шетел тілдерінде сөйлесе білуі. Жоғары мектептегі оқыту үрдісі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін

дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен ғылымды бip-бipiмен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті біздің Қоғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы ролін арттыруды басты мақсат етіп отыр. Оқытушының аудитория алдындағы сөйлеу кезіндегі ең бастысы - тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Ғылыми айналымда сөйлеу мәдениеттілігін

анықтайтын сөз сапаларының 23 түрі айқындалған, олар: сөздің дұрыстығы, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилылығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сенімділігі, тұтастығы. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс:

• Әдіснамалық (психология, педагогика).

• Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ).

• Пәндік-бағдарлық.

Ғылым этикасы және оны сақтау. Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе — ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.

ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.

Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.

оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;

мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;

Педагогикалық үдерістегі оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестігі (ынтымақтастық, серіктестік). «Өзара әрекеттестік» адамдар арасында кең тараған және қоғамдық білім саласына тән жалпы түсінік. Жалпы түрде оны индивидтер, топтар мен ұйымдардың бірігіп атқарған іс-әрекеті арқылы, ортақ бір жұмысты жүзеге асыруы деуге болады. Бұл түсінік психология, әлеуметтік психологияда нақты индивидтер мен қауымдастықтардың бірігіп

атқарған іс-әрекетін суреттеуде және талдауда қолданылады. Жеке және топтық субьектілердің өзара әрекеттесуі барысында ақпараттар, тіршілік типі мен тәсілдері, құндылықтары, қалыптары, әлеуметтік шарттармен алмасуы жүзеге

асады, таңдалады және оларды игеру біріншіден, субьектінің еріктілігі мен таңдауы арқылы сипатталады. Екіншіден, субьектінің өзара әрекеттесуді таңдауы мен игеруі тәрбиелік ұйым ұжымының зияттық-моральдық күшіне және әлеуметтік психологиялық ахуалына байланысты болғандықтан, индивидуалдық, яғни жеке және топтық өзара

әрекеттесу жүзеге асады. Өзара әрекеттесудің түрлі құрылымы бар: индивидуалдық, топтық және әлеуметтік

субьектілердің өзара әрекеттесулері. Осы құрылымның бірінші элементі – субьектілер. Мысалы: тәрбиеші – тәрбиеленуші; тәрбиеленуші – тәрбиеленуші; жеке тұлға – ұжымдағы микротоп; микротоп – микротоп; жеке тұлға – ұжым; ұжым – ұжым; тәрбиеші (жетекші) -ұжым – микротоп; тәрбиеші (жетекші) – микротоп – ұжым; тәрбиеші – ұжым – микротоп – жеке тұлға; жеке тұлға – микротоп – ұжым – тәрбиеші; жеке тұлға – ұжым – тәрбие ұйымы; ұйым – ұйым; ұйым - әлеуметтік тәрбиені басқаратын орындар; т.б. Төртінші элементі – құралдар жазбаша (бұйрық, инструкция және т.б.) құралдар қолданылған болса, ал жеке және топ субьектілері үшін ауызша құралдарды қолданады. Соңғы элемент - өзара әрекеттесу жағдаяттары. Субектілердің белгілі бір кеңістік немесе онан тыс жағдаяттар арқылы өзара әрекетке түсуі; өзара әрекеттесу кеңістігінің сипаты; өзара әрекеттесу мазмұны (танымдық, заттық-практикалық, немесе рухани-

практикалық, қарым-қатынас, ойын); Осы негізгі екі өзара әрекеттесу мақсаттарын жүзеге асыру үшін субьектілер түрлі құралдарды қолданады. Құралдардың ең бастысы - сөз,сөйлеу. Өзара қарым-қатынас құралы ретінде сөз бір-бірімен байланысты қызметтер атқарады: ақпараттық (өзара әрекеттесуге керекті деректі ақпарат), анықтық (субьектінің

сөйлеген сөзіне сай жағдайы), апелляциялық (өзгені іс-әрекетке түрткілеу), бейнелеу(заттың жағдайы, өзара әрекеттесетін жағдайды сипаттау).

Тұтас педагогикалық үдерсіке қатысушылардың субъект-субъектілі қатынасы. Қарым-қатынас ұғымы адамдардың бір-бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс-әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Л.С.Выготский, Б.Н.Ананьев еңбектерінде қарым-қатынас - өмір

әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырылған. А.В.Петровский бойынша: «Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс». С.Елеусізова қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсеткен. Оның бірі –адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті. Ал, келесі бөлшегі – адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын білдіреді. В.В.Богословский бойынша, қарым-қатынас – бұл тіл арқылы пікір алысу. М.И.Лисина пікірінше, қарым-қатынас – бұл екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттері. Жалпы, қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асырылатын тіршілік мұқтаждығы.

Педагогикалық қарым-қатынастың мәні, мазмұны және құрылымы. Қарым-қатынас дегеніміз - ол ортақ қажеттілігі және әрекеттері бар адамдар арақатынасының көп қырлы даму үрдісі. Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау

негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы. Сөйлеуді толықтыратын ерекше коммуникативті жүйелер ретіндегі

паралингвистикалық элементтер жиынтығы: дауыстың сапасы, екпіні, сөйлеу темпі, күлкі, жылау, аһ ұру, есінеу, сөз арасындағы кідірістер және т.б.). Бұл элементтер сөзге саналы және санасыз түрде өзара әрекеттесуге белгілі бір реңк беру үшін қолданылады. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар арасында байланыс түзетін және мәміле

орнататын, өзара мәлімет алмасуына, өзара ықпалдас-тығына, субъектілердің бірін –бірі қабылдауын жүзеге асыратын іс-әрекет түрі

Педагогикалық іс-әрекет диагностикасы. Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер,яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Әртүрлі қасиеттерді зерттеуден ғылыми педагогикалық диагностиканың қорытындыға өту үшін белгілі бір әдістерді, тесттерді, эксперттік шкалаларды қолдануды талап етеді. Сондықтан, педагогикалық диагностиканың негізгі түсініктеріне диагностикалық қасиеттер және диагностикалық категорияларды жатқызамыз. Қасиеттерді зерттеп, тіркеуге болады. Ал категориялар негізгі зерттеуден жасырын, олар латентті (латентные переменные) болып келеді. Педагогикалық диагностиканың қиындығы қасиеттер мен категориялардың арасында қатаң байланыстың жоқтығында. Бір қорытынды жасау үшін бір қасиеттің өзі жетіспейді, ол үшін бірнеше қасиетті тесттер арқылы талдау жасау керек. Педагогикалық диагностикадағы тест деп, біз сыналатын адамға көрсететін бірнеше стандарттық қысқа сындарды айтамыз. Тесттік тапсырмалар сыналатын адамның әртүрлі жасырын факторларды анықтауға көмектеседі. Осы қысқа сынаулардың нәтижелері өлшенетін фактордың деңгейін көрсетеді. Сонымен «педагогикалық диагностика» ұғымы- психологиялық тестпен тығыз байланысты.

Жоғары мектеп педагогы іс-әрекетін функционалдық тұрғыдан талдау. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.

           Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

            Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:

құрылымдық,

ұйымдастырушы,

коммуникативті.

Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда

іскерліктер мен қабілет қажет.

Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:

құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),

құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),

құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).

Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен

айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.

Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің

басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.

Жоғары мектеп дидактикасы, негізгі ұғымдары. Дидактика (грек тілінен аударғанда Didaktikas – зерттеу бойынша, didasko – зерттеуші)– балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті

және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігі. Оқыту үдерісін қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған студент тұлғасына қойылатын талаптармен айқындалады. Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту үдерісінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат, міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:

1.Теориялық (диагностикалық және прогностикалық);

2. Практикалық (нормативтік құрал ретінде).

Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланыстағы басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез-келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан құбылыстың мәніне жақын белгілі-бір тобын білдіреді, екінші жағынан сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты. Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербаррт, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Г.Кершенштейнер, В.Лай және т.б. зор үлес қосты.

Жоғары мектеп дидактикасының ұстанымдары. Жоғары оқу орындарының дидактикалық ұстанымдары:

  • Оқыту процесінің мақсаттылық ұстанымы.

  • Оқытудың ғылымилық ұстанымы.

  • Оқытудың жүйелілік және бірізділік ұстанымы.

  • Оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы.

  • Көрнекілік ұстанымы.

  • Студенттер білімінің беріктігі

  • Түсініктілік ұстанымы.

  • Ынталандыру ұстанымы.

  • Гуманизациялау (ізгілендіру) ұстанымы

  • .Мәселелік ұстаным

Интеграциялау ұстанымы. Бұл – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды ұстаным. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі ұстанымдар мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің (тіл мен

әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б.) өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.

Оқыту әдістері, оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқыту үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің бір бөлігі, оқытушы мен студенттің мақсатқа бағытталған өзара әркетесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс-тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады. Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшелігі студентте білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түсуінде. Оқытудың міндеті – студентті айнала ортамен және дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Студент дүниетануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқыту – бұл күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға кешенді ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту үдерісінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай студенттерді нақты айғақтармен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр-түрлі құбылыстарға ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында студенттерді теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны, тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше

біртұтастық ұстанымға негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім берміз. Сөйтіп, тәрбие үдерісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында студенттерге білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті, т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Даму қызметінің ерекшелігі ол өз алдына жеке

өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланыты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтиежелі болуына қолайлы ықпал етеді.

Жоғары мектепте оқыту әдістерін қолдану әдістемесі. Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты.Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі. 50 жылдың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін

үш топқа бөлді:

1.Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс;

2.Көрнелілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау;

3.Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр

түрлі жаттығулар.

И.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқыту әдістерін топтастырғанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды. Олар дидактикалық міндеттерді негізге ала отырып оқыту әдістерін төмендегідей жіктеді:

1.Жаңа білімді меңгеру,

2.Іскерлікті дағдыны қалыптастыру,

3. Білімді қолдану, білімді бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін оқыту әдістерін топтастырудың негізі етіп алды және олар оқытудың мынадай әдістерін ұсынды:

1.Түсіндірме-иллюстративті әдіс.

2.Репродуктивті әдіс.

3.Проблемалы баяндау әдісі.

4.Эвристикалық әдіс.

5.Зерттеу әдісі.

Оқытудың интербелсенді әдістері: проблемалық дәріс, интерактивтік дәріс, кейс стади, блум таксономиясы және пікір сайыс. Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сӛзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз

«ӛзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. «Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - ӛзімен ӛзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келес ідей ұйымдастыруға ынталы:

1) барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

2) әрбір үйренушінің ӛзінің үйренгені мен ӛз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау. Интербелсенді оқу/оқыту келес і жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы

жүзеге асырылады:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),

- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,

- ситуативтік және рӛлдік ойындар,

- ақпараттың әртүрлі кӛздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет,

құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),

- шығармашылық жұмыстар, т.б.Программалық оқыту әдісі. Прогаммалық оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалдары программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіден, дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын программалап оқытудың үш жүйесі бар: бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игеруге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарламада тармақталған комбинацияда құрылған. Программаланған оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы өзіндік ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясынан игергеннен кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың ұйымдастырылу тәсілі машинамен және машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да программалап оқыту тиімді. Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдісі. Программалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу. Қазіргі компьютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте ендіре алады.

Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

  • 1. Әдістемелік нұсқаулар.

  • 2. Жұмыс дәптері.

  • 3. Анықтама.

  • 4. Оқу, аудио, бейне материалдар.

  • 5. Бақылау және емтихан материалдары.

Тұтас педагогикалық үрдістегі оқытудың мәніне сипаттама. Орта, жоғарғы оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге процесін педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу- оқу-тәрбие процесінің басты шарты.  Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объетісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Т әрбтенің субъектісі мен объектісі арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді. Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі.Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.  Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.  Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.  Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі-бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын.  Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (жылжымалы). Сондықтан да педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді. Осыған байланысты тәрбие процесінде баланың көңіл-күйін, психикалық жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн.  Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тксерілетінпроцесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.  Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады. Олар білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары.  Оқыту мен тәрбиелеу процестері оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.  Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады. Оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.

Жоғары оқу орындарындағы оқытудың заңдылықтары мен қағидалары, оларды жүйелеу және сипаттау. Жоғары мектепте білім беру үрдісінің іске асуы мен дамуы барысында прогрессивті ғалымдар осы үрдістің тиімділігін арттыруға әсер ететін жағдайларды, талаптарды, ережелерді анықтап, оларды ғылыми негіздеуге тырысты.

Оқыту заңдылықтары – бұл жоғары оқу орнындағы педагогикалық үрдіс компоненттері арасындағы объективті болатын, қайталанып отыратын,тұрақты байланыстар, оларға сүйену арқылы осы үрдістің тиімділігі арттырылады.

Заңдылықтарға оқу үрдісінде болатын немесе туындайтын кез –келген қысқа мерзімді байланыстарды емес, тек объективті түрді оқытушы ерігінс із болатын, тұрақты байланыстарды жатқызады. Оқытушы оларды байқамауы

мүмкін, саналы түрде ескермеуі мүмкін, бірақ олар бар және оның қызметіне әсер етеді.

Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің негізгі заңдылықтарын қарастыратын болсақ, оларға тӛмендегілер жатады:

Педагогикалық үрдіс, оның мазмұны, әдістемесі мен технологиясы жан-жақты дамыған, кәсіпқой, ӛзгермелі әлемде үздіксіз дамуға бейім болашақ маман тұлғасын қалыптастыру қажеттілігімен анықталатын қоғам сұранысымен анықталады. Бұл заңдылық жоғары оқу орнындағы оқыту мақсаты мен міндеттерін, олар арқылы болашақ мамандарды кәсіби даярлау үрдісінің мазмұнын да анықтайды. Оқыту үрдісі студенттерді тәрбиелеу және дамытумен, оларды кәсіби

даярлау жүйесімен заңды байланыста, яғни студенттерді оқыту жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үрдісінің құрамдас бӛлігі болып табылады. Бұл заңдылық оқытудың барлық тӛрт қызметін (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, кәсіби) тұтастықта жүзеге асыруды талап етеді. Оқыту заңдылықтары оқыту үрдісінің тиімділігін анықтайтын

педагогикалық жағдайлар ретінде қарастырылса, оқыту принциптері олардан туындайтын, оларға негізделген оқыту үрдісін ұйымдастыру және білім мазмұнын іріктеу барысында басшылыққа алынатын идеялар, талаптар болып табылады.

Оқыту принциптері – бұл блім беру үрдісінің бағыттылығын, мазмұнын, әдістемелік құрылымын, оқытушы әрекетінің сипатын анықтайтын ереже-талаптар.Оқытудың дидактикалық принциптерін анықтауға зор үлесін қосқан

чех ғалымы Я.А.Коменский еді. Мектеп педагогикасы жүйесінде оқыту принциптері жан-жақты қарастырылып, үнемі толықтырылып жаңарып отырғанымен, жоғары мектеп теориясында оқыту принциптері терең ғылыми негіздемеге ие болмады. Сондықтан, кӛбінесе жоғары оқу орындарының оқытушылары оқыту үрдісін ұйымдастыруда ӛз білімі мен тәжірибесіне сүйенеді.

Жоғары оқу орындарының оқыту үрдісін ұйымдастыру тәжірибесінде келесі дидактикалық принциптер қалыптасты: тарихилық принципі;ғылымилық принципі; жүйелілік пен бірізділік принципі; теорияның жетекшілік рӛліндегі теория мен тәжірибенің ӛзара байланыстылығы принципі; кӛрнекілік принципі; студенттердің саналылығы, белсенділігі және

жауапкершілігі принципі; оқытушы мен студенттер әрекетінің біртұтастығы,ынтымақтастығы принципі; студенттердің аудиториядағы оқу-танымдық әрекетін ӛз бетімен орындалатын жұмыспен үйлестіру принципі; оқытудың кәсіби бағытталуы.

Жоғары мектепте оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері. Жоғары оқу орындарында білім берудің ұйымдастырудың алуан түрлері кездеседі: дәріс, практикалық сабақтар (семинарлар, лабораториялық сабақтар, практикум,студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын студенттердің өзідік жұмысы (СОӨЖ), өндірістік практика). Дидактикада осындай оқытуды ұйымдастырудың түрлерін белгілі бір дидактикалық есептерді шешетін танымдық іс-әрекетті басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен қатар, дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар оқытудың мазмұны мен әдістерін түсіндіретін студенттер мен оқытушылардың өзара әсері жүзеге асыратын тәсілдер болып табылатындықтан оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері болып табылады. Оқыту процесі әртүрлі бақылау түрлерімен аяқталады. Жоғары оқу орындарындағы дәрістер – оқытудың дидактикалық циклінің маңызды бөлімі. Оның мақсаты - студенттерге жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталған ғылыми негіздер қалыптастыру. Қазіргі кездегі жоғары мектептерде дәрістерді «ыстық нысаналар» деп атайды. «Дәріс» сөзі латынша «lection» - оқу деген мағынаны береді. Дәріс алғаш ҮІ ғасырда Ежелгі Грецияда пайда болған, кейін Ежелгі Римге және орта ғасырға дейін таралды. Рессей университетінің алғашқы қалаушыларының бірі М.В.Ломоносов оқытудың дәрістік түрлерінің даму тарихына аса назар аударды. Оның пікірінше, шешендік өнерді жүйелі және нақты үйрену міндетті. Сондықтан дәріс берушілерге тек ережелер мен авторлардың оқуларына сүйеніп қана қоймай, сөздің мәнеріне де басты назар аударылуы керек екендігіндігіне тоқталған. Дәрістің маңызы студенттердің кітап арқылы өз бетімен жұмыс істеуімен шектелді. Орыстың ұлы хирургі және педагогы Н.И.Пироговтың пікірінше, дәріс егер лектор жаңа

ғылыми материалды бергенде немесе сөз шебері болса ғана оқылуы керек. Студенттердің өзіндік жұмыстарының ішінде курстық және дипломдық жұмыстардың орны ерекше. Студент алғаш рет зерттеу жұмыстарына, экспериментке жүгініп, жиналған материалдарды жүйелеу, қорытынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдер қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырымын жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән бойынша алған білімін тереңдетіп, оны бекітеді, білімін практикалық дағды, біліктермен байланыстырады.

Коллоквиум сөзі латын тілінің «collocuium» сөзінен шыққан сөйлеу, әңгіме жүргізу деген мағынаны береді. Бұл білім деңгейін айқындау үшін педагог пен студент арасында әңгіме жүзінде өтетін оқытудың бір түрі. Коллоквиумның қызметі бақылай отырып оқыту. 2-3 семестр өткеннен кейін коллоквиумды өткізген орынды. Сонымен қатар, қорытынды

тәжірибе семинарының орнына тағайындаған тиімді. Коллоквиум студенттерді ынталандыру қызметін атқарады.

Жоғары оқу орындарындағы дәрістер, оларға қойылатын талаптар. Дәрістің негізгі функциялары:

1.Ақпараттық функция. Лекцияда студенттерге ғылымның жаңа жетістіктері, оқу пәнінің негізгі мазмұны жайлы белгілі бір тақырып бойынша мәлімет береді. Дәрісті оқушы өз тыңдармандарына мәліметті эмоционалды түрде береді. Студент үшін дәріс-бұл ғылыми мәліметтердің бейімделген көзі.

2.Бағыттаушы функция. Мұнда дәріс қажетті әдебиеттерге бағыт береді. Дәрісте белгілі бір теорияның немесе гипотезаның генезисі, оның негізгі идеясы беріледі. Дәріс оқушының ұсынған әдебиеттер тізімі де дәрістің бағыттаушы функциясына жатады.

3.Түсіндіруші функция. Бұл негізінен оқытылып отырған тақырыптың негізгі ғылыми ұғымдарына байланысты болады. Теорияны түсіндіре отырып студентке ғылыми ұғымдардың мәнін адеквадты түсінуін қамтамасыз ету қажет. Мұнда тек терминдердің мәні ашылып қана қоймай, сонымен қатар студенттердің санасында негізгі ұғымдар қалыптасады.

4. Сендіруші функция. Бұл дәрісті баяндаушының өз сөзін дәлелдеуі кезінде жүзеге асады. Студенттер айтылған мәліметтерді тыңдайды, ал оларды сендіру үшін дәлелдеу қажет. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша дәлелділік маңыздылық болып табылады. Дәрісті баяндаушының өз пікірін білдіруі студенттерді сендіреді, оларды дәрісті баяндаушымен келісуге итермелейді. Дәлелділік дәрістің келесідей қасиеттерінен де маңызды орын алады.

Олар: логикалылығы, информативтілігі, теорияның өмірімен байланыстылығы және т.б. Басқаша айтқанда дәлелділіктің болуы дәрістің басқада қасиеттерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар дәрісті оқушы адам дәлелдеу әдістерін таңдау барысында тыңдаушылардың білім деңгейлерін ескеру қажет. Логикалық дәлелдеулердің 2 түрі бар.

Олар: тура дәлелдеу және жанама дәлелдеу. Дәрістің сендіруші функциясы дәріс үшін өте қажетті.

5. Дәрістің қызықтырушы немесе әуестендіруші функциясы. Дәріс студенттерге маңызды және қажетті мәліметті беру үшін қолданылып қана қоймай студенттерді жаңаидеяны дамытуға итермелейді. Дәріс қызықты болуы үшін өмендегідей шарттарға жауап беруі тиіс.

Дәрісті оқудағы негізгі әдістемелік мәселелер төмендегідей:

1. Ұғымдарды қалыптастыру - ерекше педагогикалық процесс болып табылады. Ол үшін арнайы үрдістер бар, алайда олар әрқашан қолданыла бермейді. Олар міндетті түрде семинарлық және басқада топтық жаттығулар кезінде қолданылады.

2. Баяндалған материалдың дәлелділігі. Арнайы зерттеулер көрсеткендей дәрісті оқудағы басқада сапалардың ішінде оның дәлелділігі маңызды орынды алады.

3. Теорияның өмірімен байланыстылығы. Бұл жағдайда ғылымды алғаш рет оқып отырған студентке теориялар түсініксіз болмауы үшін дәрісті оқушы адам ұғымдарды өмірмен байланыстырады.

4. Информативтілігі. Дәрістің мазмұнының қарапайым және қызықсыз болмауын қамтамасыз етеді.

5. Баяндалушы материалдың өзектілігі. Ол студенттердің ойлауын белсендіруге арналған. Мұнда дәрісті баяндаушы адам өзінің сөзін студенттерге белгілі бір мәселені талдау түрінде ұсынады, талдай отырып ол ойлау міндетінің шешілу үрдісін көрсетеді.

Жоғары мектеп оқытушысының лекторлық шеберлігі. Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама

 Педагогикалық  техника  негіздерін  білу-  қарым-қатынас  жасау  тнхнологиясын  игерудің  қажетті  шарты.  А. С. Макаренко: «Мен  тек «бері  кел»  деген  сөздерді  15-20  түрлі  реңмен  айта  білгенде,  бет  әлпетімнің,  тұрған  тұрысымның,  дауысымның  20  түрлі  қылып  өзгертуді  үйренген  кезде  ғана  өзімді  нағыз  шебер  деп  есептей  бастадым.  Бірақ,  маған  біреу  осыдан  кейін  келмесе  де  және  не  керек  екенін  сезбесе  де  мен  қорыққан  жоқпын»,-  деп  жазған болатын.  А. С. Макаренконың  айтқан  бұл  ойынан  педагогикалық  техниканың  білі,  дағдыларының  қатарында  ең  маңызды  тәрбиелеу  құралдарының  бірі  мұғалімнің  сөз  сөйлеу  шеберлігінің  дамуы  екенін  байқаймыз.  Егер  педагогикалық  техниканың  көптеген  білік,  дағдыларын  бір  топқа  біріктіретін  болсақ,  онда  мұғалім  шеберлігінің  бұл  маңызды  компонентінің  құрылымы  төмендегі  жалпы  біліктерімен  сипатталады:  сөз  саптау  білігі,  бет  әлпетінің  өзгеруі  және  пантомималық  өзгеруінің  айқындылығы,  өзінің  психикалық  жағдайын  басқара  білуі  және  эмоцианалдық-шығармашылық  жағдайын  қолдай  білуі,  актерлік-режиссерлік  біліктер,  осының  барлығы  тәрбиеленушілердің  ойына,  сезіміне  әсер  етуіне,  дүниеге  деген  эмоционалдық-құндылық  қарым-қатынас  тәжірибесін  бере  білуге  мүмкіндік  береді.

Жоғары оқу орындарындағы семинар сабақтары мен өздік жұмыс түрлері. Семинар сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер пайда болады: мақсаттылық – мәселелер қою, теориялық материалдарды, оларды болашақ кәсіби қызметіне пайдалана отырып, практикалық материалдармен байланыстыруға ұмтылыс; жоспарлау – негізгі пәндерге қатысты басты мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды ұйымдастыру – пікірталас туғызу және қолдай білу, студенттердің барлық жауабы мен шығып сөйлеген сөздерін сындарлы талдау, оқу уақытын мәселелерді талқылаумен толықтыру, студенттің өзінің әрекеттері; семинарды өткізу стилі – пікірталастан туындаған, өткір мәселелерді талқылап, қызу өткізетін немесе ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін; оқушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық ретіне қарай талап қоя білу немесе кең пейілділік; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты басқару – оқытушы семинарға қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек немес тіпті жүргізбейді.

Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге, оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да, өзіндік жұмыс білікті маман даярлаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуға, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ/МӨЖ), студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ/МОӨЖ). Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді. Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына; СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады: СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту. СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады. ОБСӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс оқу бағдарламасында және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет. Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:

Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.

Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.

Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:

Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;

Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;

Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;

Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.

Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды. Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін. Студенттің өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді. ОБСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды. Студентті өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.

Студенттердің танымдық әрекеттерінің мотивтері және оларды ынталандыру. Ынталандыру ұстанымы. Бұл ұстанымның маңызы өте зор. Оқуға, білімге, оқытушының жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына студенттерде ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан оқытушы, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.

Ынталандыру ұстанымы студенттерге жеке-дара қарауды қажет етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:

  1. Студенттердің ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы студент жоқ: студент әрқашан дара, өзінше ерекше.

  3. Оқуда барлық студенттер үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.

  4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр студенттің неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.

  5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.

  6. Студенттен мүмкін еместі талап етуге болмайды.

  7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр студент қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін анықтап алу керек.

  8. Әрбір студенттің ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны нақтылы жүзеге асыру керек.

  9. Әрбір студенттің күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.

  10. Қиын студенттерге шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.

  11. Әрбір студенттің оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.