- •Педагогиканың міндеттері:
- •Педагогикадағы жалпы әдіснамалық мәселелері:
- •1) Шындықтың, объективті оқиғаның кейбір үзіндісі; 2) объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына қатысты нәтиежелер (сана деректері);
- •Шарттары:
- •Жоғары білім беру
- •Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- •Бірінші міндетті шешудің нәтижелері:
- •Екінші міндетті іске асыру барысында:
- •Үшінші міндеті жүзеге асыру барысында:
- •Осы процесті қалыптастыру үшін:
- •Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
- •Осыған орай тәрбие әдістері 4 топқа ажыратылады:
- •Менеджментке қойылатын негізгі талаптар.
- •Басқару принциптері.(қағидалары)
- •Басқарудың функциялары.
- •Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.
- •Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:
Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау..Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасы – тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Болашақ маман қазіргі студент – оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек.
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;
студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;
студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.
Білім беру XXI ғасырдың басымдылығы. Білім беру парадигмалары. XXI ғасыр – жоғары технология мен білім ғасыры. Білім беру адамзаттық өркениеттің дамуында маңызды фактор болғаны белгілі. Бүгінде жаһандық проблемалар туындауда: жалпыадамзаттық мәселелер (әлемдік термоядролық соғыс, т.б.); адам мен табиғаттың қатынасы; қоғам мен адамның аса қауіпті ауруларды жоюдағы өзара қатынасы. Осы мәселелерді шешудің жолдары қандай? (жаңа технология, адамның ойлауын өзгерту, әлемдік масштабта келісілген және жоспарлы әрекетке көшу). XX ғасырдың соңында экономикалық дамудың жоғары кезеңі басталды. Жаһандық қозғалыс басталды: материалдық экономикадан интеллектуалдылыққа өту немесе ол экономикаға негізделген білім. Оған мына факт дәлел болады: табысты дамыған елде ұлттық байлықтың: 15% материалдық құндылық, 20% - табиғи ресурс, 65%- білім, білімді адамдар құрайды. Тек білімнің ғана емес, адам факторының рөлі өсуде. Техникалық күш жоғары болған сайын, адамның кәсібилігі ғана емес, оның адамгершілік мәдениеті, гуманизмі, жауапкершілігі де жоғары болуы керек. Сондықтан тұлғаның қалыптасуында білім факторының рөлі зор. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану, т.б. зерттейді. Білім беруді әлеуметтік феномен ретінде зерттеуге көптеген ғылымдар қажетті, құнды үлестерін қосты, бірақ бұл ғылымдар білім берудің мәнді аспектілерін- адамның
күнделікті өсуі мен дамуы, осы үдерістегі педагог пен білім алушының өзара әрекеттестігі және оған сай институционалды құрылымын қарастырмайды. Бұл аспектіні педагогика ғылымы зерттейді. Білім беру парадигмасы өзгерді (парадигма(гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; т.б. Бүгінде гуманистік, тұлғалық-бағдарлық білім беру парадигмасы қалыптасты, оның негізіне адамды жоғары әлеуметтік құндылық деп мойындау, тұлғаны құрметтеу, оның мақсаты мен талап-тілегін ескеру, оның қабілетінің толық ашылуына, үнемі өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі танытуына максималды жағдай жасау алынады. Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің әлеуметтік феномен ретіндегі негізгі параметрлерінің басым болуымен қалыптасады. Белгілі парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған екі парадигманы ашып айтуға болады, олар:ізгілік және классикалық парадигмалар. Жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағдымен шектелетін білім беру жүйесін тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетімен қамтамасыз ету маққсатындағы құзырлылық тұғырына ауыстыруды болжайды. Мұндай тұжырым кешегіге қарап жалтақтамайтын, болашаққа бет бұрған адамның күрделі жүйеге, білімге қатынасымен негізделеді. Жаңа білім парадигмасы жағдайында білім алушы педагогикалық әсер объектісі емес, танымдық қызмет
субъектісі болып табылмақ. Демек, педагогикалық білім беру жеке тұлғалық парадигманы өзектендіруде. Жеке тұлғалық парадигма – бұл бір-бірімен тығыз байланысқан идеялар, түсініктер және әрекет тәсілдері арқылы тұлға мен қоғамдық қатынас арасындағы әлеуметтендіру үрдісін қамтамасыз ететін педагогикалық қызметтің жалпы ғылыми бағыты. Жеке тұлғалық парадигманың мәні оның баланың қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруды, оның өзіне ғана тән тұлғалық сапалары арқылы өзіндік даму траекториясын анықтауы, педагог пен білім алушы арасындағы субъектілік қарым-қатынасты орнатуға бағытталуы арқылы ашылады. Адамзаттың жаңа постиндустриалды дәуірге өтуі білімдегі үш жүз жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп келген оқытудың түбегейлі жаңаша құрылуын талап етті. Қоғамның индустриалды қоғамнан екінші – постиндустриалды қоғамға өтуі білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді.
Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білімнің рөлі, маңыздылығы, мәні. ЮНЕСКО (хабарлаған) жариялаған ХХІ ғ. үшін жоғары білім туралы Бүкіләлемдік декларацияға сәйкес жоғары білім қоғамдағы прогреске және өзінің өмірдегі мүмкіндіктерін нақты көрсеткен көп ғасырлық тарихы бар. Білімді жаңарту көлемі және ырғағы сондай ұлттар мен қоғамдық, адамның мәдени, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық қатерсіз даму маңызды компонент болып ғылыми зерттеулер және жоғары білімдерге қоғам сүйенетін болған.
Осыған байланысты, біздің еліміз және қоғамымыз қазір басынан кешіп жатқан рухани және адамгершіліктің терең аспектілерін қабылдау және экономикалық қиындықтардан шыға алатындай адами құндылықтарды сақтай алатындай, жаңашылдық пен білімді жаңартуға жоғары білім алдында көп міндеттер тұр.
Ресей Федерациясының мемлекеттік құжаттар арасындағы бар анықтамаларға сүйенсек, жоғары кәсіби білім – бұл жоғары кәсіби білім туралы негізгі кәсіби бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнындағы жүзеге асатын, орта немесе жалпы кәсіби білім, орта білім базасында берілетін білім және бітірушіге берілетін қорытынды аттестация және құжат.
Бұл түсініктер халықаралық деңгейдегі анықтамалармен де беріледі. Мысалы, ЮНЕСКО-ның құжаттарында жоғары білім мамандарды даярлау және қайта даярлау оқу курстарының жиынтығы болып қарастырылады. Аталған курстар мемлекеттік мекемелер ретінде танылған оқу орнындарында, университет және институттарда ұйымдастырылады. Бұл анықтама (Е) ЮНЕСКО-ның бас конференциясының 27 сессиясында 1993 ж. қараша айында бекітіліп және жоғары білім туралы куәлік және оқу курстарын мойындау туралы ұсыныстар бекітілген. Бұл білімді жүзеге асыратын оқу орындары міндетті түрде жоғары білім жүйесінің негізінің жиынтығын құрайтын жоғарғы болып аталатын болды.
ЮНЕСКО – ның айтылып кеткен декларациясы жоғары білім міндеттерін былай анықтайды:
1) Жоғары деңгейдегі әдет пен білімді біріктіретін біліктілікті алу мүмкіндігі бар адамның іс-әрекетіндегі барлық салалардағы әлеуметтік және өзінің жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын жауапкершілікті азаматтар мен жоғары білікті мамандар даярлығын қамсыздандыру, осындай даярлықтар үшін қоғамның қазіргі және болашақ мұқтаждықтарына ылғи бейімделетін оқу бағдарламалары мен курстар;
2) Бүкіл өмір бойында жоғары білім және одан кейінгі білім алу мүмкіндігін туғызу; жүйе көлеміндегі оқушыларға жоғары білім алуды тоқтатуға бір көрініс беріп және таңдаудың оңтайлы мүмкіндігін қамтамасыз ету;
3) Өнер саласында шығармашылық әрекеттерді дамытумен қатар, гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдарды, технологияларды, жаратылыстану ғылымдар саласындағы зерттеулерді дамыта отырып, оларды қолдау, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік дамуда керекті білімдермен қоғамды қамтамасыз ету, қоғамға берілетін бірден бір мүмкіндіктерді пайдалану ретінде зерттеу әрекеттер жолымен білімдерді тарату және дамыту;
4) Мәдениет саласында көпжақтылық пен плюрализмді шарттарындағы аудандық, ұлттық, халықаралық және тарихи мәдениетті таратуда, дамытуда, кеңейтуде, сақтауда, түсінуде көмек көрсету;
5) Ізгілікті дамытудағы стратегиялық перспектива мен бағыттарын талдай отырып, демократиялық қоғамның негізін құрайтын құндылықтарға жастарды тәрбиелеп, қоғамдағы құндылықтарды бекіту мен қорғау;
6) Оқытушыларды дайындап, білімнің барлық деңгейлерін жаңашылдандыру және дамыту.
Болон декларациясы және болондық үдеріс. Болондық үдеріс - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болондық үдеріс (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болондық үдеріс – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.
Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;
академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
білім сапасын бақылау;
студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.
Әлемдік тәжірибедегі білім беру институттарының қалыптасу тарихына шолу.
Үздіксіз білімнің мәні-ғылыми-техникалық революция жағдайларында білімнің тез арада ескіруіне байланысты кәсіптік жинақылықты көтеруде емес (нақ осындай көзқарас кеңестік және кеңестен кейінгі әдебиетте басым).
Сонымен бірге білім революциясы, бұрын құлаш жайған ғылыми-техникалық революция сияқты түрлі елдер мен аймақтарды тым әркелкі қозғады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасындағы алшақтықты одан сайын ұлғайта түсті. Егер дамыған елдерде жоғары білімнің жалпыға бірдейлігі мен жаппай үздіксіз білім нақтылыққа айналса, ал дамушы елдердің көпшілігінде жалпыға бірдей сауаттылық жөніндегі мәселе күн тәртібінен әлі түскен жоқ.
Халықаралық қоғамдастық білімнің адам дамуындағы лайықты рөлін қамтамасыз ету жолымен осы проблемаларды шешу стратегиясын жасады. Ол-«Баршаға бірдей білім» стратегиясы. Оның негізгі принциптері БҰҰ 1990 жылы Джомтьенде ұйымдастырған конференцияда тұжырымдалды. Конференция баршаға бірдей білім туралы Дүниежүзілік декларация қабылдады, декларация, адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы мен бала құқықтары туралы Конвенцияға сүйене отырып, мынаны жариялады, кез келген бала, жасөспірім және ересек адам осы ұғымның ең жоғары және толық мағынасында өзінің базалық білім қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алуға құқылы, яғни ол танып-білуді, әрекет жасауды, өзгелермен бірге өмір сүруді және тіршілік етуді үйренуге мүмкіндік беретін білім алуға құқылы. Бұл тақырыпта әр адамның мүмкіндіктерін ашу мен оқитындардың тұлға ретінде дамуына бағытталған білім туралы қозғалып отыр, оның мақсаты адамдардың жеке тұрмыстарын жақсартуға және өз қоғамдарын жаңартуға қолдарын жеткізу.
Білім жөнінде Декарда 2003 жылғы сәуір айында өткен Дүниежүзілік форумда баршаға бірдей білім стратегиясын іске асырудағы онжылдықтың қорытындылары жасалды. Декар форумы адам дамуының аса маңызды компоненті ретінде білімге берілетін екпінді одан сайын күшейте түсті. Форумның «Іс-әрекеттің Декардың шеңберлері.
Баршаға бірдей білім: біздің міндеттемелерімізді орындау» негізгі құжатында, білімнің адам құқықтарының негізгілерінің бірі екендігі атап көрсетіледі. Ол орнықты дамудың, бейбітшілік пен ел ішіндегі тұрақтылықтың және елдер арасындағы қатынастардың кілті болып табылады және осы тұрғыда ол қоғам өміріне және ХХІ ғасырдың экономикасына белсенді қатысу үшін қажетті құрал болып қызмет жасайды, олар жеделдетілген жаһандануда қозғалады.
Декар форумы баршаға бірдей білім стратегиясын одан әрі ілгері жылжытудың 6 мақсатын белгіледі:
Жас балаларға күтім көрсету мен оларды тәрбиелеу, әсіресе ең осал және үлестен құр қалған балалар жөніндегі кешенді шараларды ұлғайту және жетілдіру;
2015 жылға қарай барлық балалар, әсіресі қыз балалар, берекесіз отбасылар мен этникалық азшылықтан шыққан балалар тегін және міндетті жоғары сапалы бастауыш білімді емін-еркін алулары үшін жағдай жасау;
жас және ересек адамдардың білім алу қажеттіліктерінің оқудың тиісті бағдарламаларына және тұрмыстық машықтарға қол жеткізудің бірдей мүмкіндігі негізінде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
2015 жылға қарай ересектердің, әсіресе әйелдердің сауаттылық деңгейін 50%-ға көтеру және барынша бірдей базалық және үздіксіз білім алу мүмкіндігін беру;
2005 жылы бастауыш және орта білімде гендерлік айырмашылықтарды жою қолға алынған болса, 2015 жылға қарай білім саласында жыныстар теңдігіне қол жеткізу болып отыр, бұл орайда қыз балаларға жоғары сапалы базалық білімге толық және тең мүмкіндік беру мен олардың жақсы сабақ үлгерімдері үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлу;
білімнің барлық аспекттілерінде оның сапасын көтеру және барлығы үшін жақсы үлгерімді қамтамасыз ету, бұл орайда оқудың танылған және баға беруге көнетін нәтижелеріне әркімнің қол жеткізуі, әсіресе сауаттылыққа, есептеу мен маңызды тұрмыс машықтарына қатыстылары ескерілуі тиіс [8, 351б].
Джомтьен және Декар форумдарының базалық білім саласында әзірленген принциптері 1998 жылы 5-9 қазанда ЮНЕСКО Парижде ұйымдастырған жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік конференцияның идеяларымен және нұсқауларымен органикалық толықтырылады. Конференция барлық елдердің үкіметтеріне жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді және жоғары білім алудағы бірдей мүмкіндіктерді білім саясатының жетекші бағытын жасауды ұсынды. Ол жоғары білімнің «жұмыс әлеміне» (World of Work) бейімделмеуі, ал өзара іс-қимыл жасауы тиіс екендігін тікелей белгіледі.
Сонымен, дүниежүзілік қоғамдастық білім қызметтерін тек жұмыс күшін құраумен немесе кадрлар даярлаумен шектеуге қарсы шықты. Осыған байланысты Париж конференциясы жоғары мектептің жалпы мәдени және өнегелілік қызметтерінің әлсіреуіне үлкен алаңдаушылық білдірді.
ЮНЕСКО қамқорлығымен 1995 жылы Женевада өткен білім жөніндегі Халықаралық конференция білімнің бірінші Халықаралық стандарттық жіктелімін (БХСЖ) бекітті. Алайда, осы жіктелім ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында құлаш жайған білім революциясының қызу үдерістеріне ілесе алмады, ең алдымен білімді саралауға, яғни халықтық түрлі топтары мен жіктерінің білім алулары үшін ең жақсы жағдайлар жасаған сан алуан нысандардың пайда болуына ілесуге шамасы келмеді. Сондықтан 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясы жаңа БХСЖ қабылдады.
Халықаралық жіктелімнің бастапқы бірлігі болып оқыту бағдарламалары бой көтереді. Олар басты екі бағыт бойынша сипатталады-білім баспалдағы (сатысы) және білім саласы. БХСЖ-ға енгізілген едәуір күрделі және түрлі көрсеткіштердің егжей-тегжейлі сипаттамасын мазмұндайды. «Негізгі сипаттамалар» ұғымына неғұрлым анық және ықшам қабылдау үшін БХСЖ сатыларының деректері сипаттамасының түрлі тармақтарынан алынған көрсеткіштер мен критерийлерді енгіздік, бірақ олар білім беру сатысының мәні мен өзіндік ерекшеліктерін құрайды.
Жоғары мектеп педагогикасының нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары мектептегі тәрбие, білім беру және оқыту мәселелерімен айналысады. Жоғары мектеп педагогикасы ‒ЖОО жағдайында маман даярлау туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының бөлімдері: ЖОО (жоғары оқу орны) кіріспе, ЖОО дидактика, ЖОО тәрбие, Жоғары мектептегі ғылыми іс-әрекет теориясы, Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар, ЖОО менеджмент. Жоғары мектеп педагогикасының нысаны – жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс.Жоғары мектеп педагогикасының пәні: біліктілігі жоғары болашақ маманды даярлау. Жоғары мектеп педагогикасы – ғылыми әлеует факторымен түсіндіріледі,ол біліктілігі жоғары мамандар даярлауда меңгеріледі.
Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
Жоғары білімнің қазіргі жағдайын саралау мен дамуын болжау;
Жоғары білімнің даму тарихын зерттеу;
Жоғары кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық негізін жасау;
Жоғары білімнің заңдылығын айқындау;
Жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру;
Білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын жетілдіру;
ЖОО педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау;
ЖОО педагогикалық инновацияларды ғылыми саралау;
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері:теориялық және технологиялық. Теориялық қызметтер:Жаңашыл тәжірибелерді зерттеу(сипаттамалық деңгей);Педагогикалық құбылыстардың жағдайын анықтау(диагностикалық деңгей); Тәжірибелік зерттеужүргізу (болжамдық деңгей);Технологиялық қызметтер:Оқу іс-әрекетінің нормативті
жоспарын айқындайтын әдістемелік материалдарды құрастыру (жоспарлар, бағдарламалар, стандарттар, құралдар) (жобалау деңгейі); Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізу (қайта құрылған, өзгертілген деңгей); Ғылыми зерттеу нәтижелерін саралау (рефлексивті деңгей).
.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары:ЖОО тәрбие, ЖОО оқыту, ЖОО білім беру, педагогикалық жүйе, педагогикалық үдеріс, педагогикалық іс-әрекет, ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, оқытушы және студент (білім алушы) т.б.
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі ұғымдары, салалары және басқа ғылымдармен байланыстары. Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент, т.б. жатады.
Жоғары мектеп педагогикасының объектісі – жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар мен қалыптасулар, студенттер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т.б. жатады.
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез-келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол заттар меп құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады.
Педагогика ғылымындағы ақпараттандыру, оның мәні мен міндеттері. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогиканың міндеттері:
Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау.
Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.
Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу.
Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу.
Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады.
«Әдіснама» ұғымының мәні. Методология - білім мен іс-әрекеттер жүйесі. Қазақ елінің мемлекеттік тіліндегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде де жазылып келе жатқаны белгілі. Қалай атаған күнде де бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын оның негізгі белгілі бір теорияны, ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алады«Әдіснама» – ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші деңгейде, жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.
Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің, әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.
Педагогика ғылымының әдіснамасы, олардың деңгейлері. Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын өзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау. Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.
Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.
Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).
Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.
Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.
