- •I borland delphi бағдарламалау ортасы
- •1.1 Delphi программалау ортасы
- •1.2 Көмекші бағдарламалар
- •1.3 Компоненттер палитрасы
- •1.4 Форма терезесі
- •II «қонақ үй» бағдарламасының қысқаша сипаттамасы
- •2.1 Есептің жалпы қойылымы
- •2.2 Алгоритмді әзірлеу және жазу
- •2.3 Бағдарламаның процедуралары мен функцияларын сипаттау
- •2.4 Бағдарламаның блок-схемасы
- •2.6 Тестілеу және жүктеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымшалар
1.4 Форма терезесі
Форманың терезесі болашақ бағдарламаның Windows – терезесі ретінде бейнеленеді. Алғашқы кезде терезе бос болады. Нақты айтатын болсақ, форманың терезесі Windows – қа лайықты стандартты интерфейс элементтерінен тұрады – жүйелік меню, шақыру батырмалары, терезені ашу және жабу батырмалары, тақырып жолы, координаттық нүктелермен толтырылған жұмыс аймағы.
Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-деқолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library)деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады. Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. DeIphi-діңнегізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:
1.Мәзір.
2. Панелі алтыға бөлінеді:
Standard — Стандарттық;
View — Көрсету;
Debug — Баптау;
Custom- Қолданушы;
Desktop — Жұмыс столы;
Internet — Интернет.
Компоненттер политрасы төмендегідей беттерден тұрады:
Standard — Стандартты ;
Additional - Қосымша;
System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;
Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды;
Data Access — берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;
DataControl — берілгендерді элементтермен басқаруды құру;
dbExpress – SQL – серверіне кіру мүмкіндігі;
DataSnap – көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру;
BDE — BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;
ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау;
InterBase — аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
SOAP — аттас технология көмегімен анықталған ортаны берілгендерді алмастыру;
InternetExpress — аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;
Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;
FastNet — интернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;
Decision Cube— Көпөлшемдіталдау;
QReport— есепті құрастыру;
Dialogs— стандартты сұхбаттық терезені құру;
Win3.1 — Windows3.1интерфейсі;
Samples— бірге қойылатын жүйелік мысалдар;
ActivX—ActivXкомпоненті;
COM+- аттас объектілерді басқару;
InterBaseAdmin— аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару;
WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру;
Server — жалпы COMсерверлер VCLбөлігі үшін;
IndyClients— Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
IndyServers- Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
IndyMiss— Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компоненті.
Delphi-дедайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындауалдындаашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы ретіске қосылған кезде форма Form1атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті.
Форманы не онда орынатылған компоненттен программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізіміобъект инспекторы (Object Inspector)терезесіндеенгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектінібір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар:
Properties – қасиеттер және Events — оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар—олардың мәндері.
Delphi- де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкесіс –әрекеттерді орындайтын программа мәтіні енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп,терезені программалық код терезесіне қысқаша редактор терезесідеп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:
форманы жабу (жабу түймесін шерту);
код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.
Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.
DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 7 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 7 да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда
Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтерменберілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 7-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 7-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында бағдарламалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол – көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi 7-да басқа да қазіргі бағдарламалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 7 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Delphi 7 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 7 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 7 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау. Программа кодының терезесі. Программа (немесе Модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы – Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.
Delphi ортасында шартты оператормен танысу.Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысындағы орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу ретінде қарай бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады.
Басқару операторлары программа қатарларының орындалу реттілігін өзгертеді. Олар шартты тексерту, таңдау және цикл операторларына жіктеледі. Шартты оператор кейбір шарттарды тексеруге және тексеру нәтижесіне байланысты мына немесе келесі әрекетті орындауға мүмкіндік береді. Шартты оператор “Иә” немесе “Жоқ” деп жауап беруге болатын белгілі бір логикалық шартты тексереді.
Шартты оператор құрылымы мынадай:
if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>;
Шарт оператор келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: егер оның нәтижесі ақиқат, яғни құптарлық болса (Иә), онда бір программалық тармақ орындалады. Тексеру нәтижесі жалған болған жағдайда (Жоқ), программаның басқа бір тармағы жүзеге асырылады. Мұнда есептің шартына байланысты тармақталу алгоритмдерінің “Таңдау” немесе “Аттап өту” мүмкіндіктерінің бірі орындалуы тиіс.
Delphi ортасында таңдау оператормен жұмыс істеу.Таңдау операторы программаның мүмкін болатын бірнешежалғасының бірін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы мынандай: Case< ключ выбора> of <список выбора> [else<операторы>] end;
Таңдау операторлар келесі алгоритм арқылы жұмыс істейді: Case операторы айнымалының мәнін мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі операторларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес, егер ол болмаса, яғни жәй ол өрнек ешбір мәнге сәйкес болмаса, онда, CASE-тің END
Delphi-аттас жобалау ортасында қолданылатын бағдарламалау тілі. Алғашқыда бұл бағдарламалау тілі Object Pascal деп аталатын болған.Delphi 7.0 жобалау ортасынан бастап,Borland компаниясының ресми іс-қағаздарындаDelphi атауы Object Pascal тіліне қатысты қолданыла бастады.
Бастапқыда Delphi жобалау ортасы Microsoft Windows қосымшаларын әзірленуге қолдануға ғана шығарылды.Кейін GNU/Linux платформаларында да жүзеге асырылды,бірақ 2002 жылы Kylix 3 шыққыннан кейін бұл жоба тоқтатылды.Осыдан кейін Borland компаниясы өзінің Delphi жобалау ортасының Microsoft.NET платформасын қолдайтындығы туралы ресми мәлімдеме жасады.бағдарламалау Delphi ортасының интерфейсі.
1.5 Microsoft Access
MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
2003 Access 2003 (MS Office 2003)
2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)
2013 Microsoft Office Access 2013 (MS Office 2013)
Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көп-теген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиім-ді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access, яғни кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады. Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызме-ті бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді (1.5.1-сурет).
1.5.1-сурет Microsoft Access терезесі
