Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конак уй.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.26 Mб
Скачать

Кіріспе

Менің курстық жобамның тақырыбы: «Қонақ үй». Бұл жобаны жасау үшін мен Delphi бағдарламасын қолданамын. Компьютердің барлық мүмкіншіліктердің түрлерін пайдаланып, әр түрлі тәсілдермен әрлеуді, мәтіндер жазуды, белгілі бір компоненттерді пайдаланып жылжытуды, коммуналдық жалпы мәліметтер қорын жасап, жұмыстың тақырыбын аша білдім.

Менің тақырыбымның өзектілігі: Қонақ үй қызметтері туралы барлық ақпаратты алуды автоматтандыру және қызметкерлер мен клиенттер туралы ақпараттар алуға болады. Бұл бағдарламаны дамытып одан ары қарай функцияналдығын көтеруге болады.

Delphi-де жаңа жобамен жұмыс жасау алғашқы форма жасаудан басталады. Бағдарламаны өндеу барысын сұхбат терезе деп атайды. Алғашқы форма жасау Form1 формасының құрылымының мәнін өзгертуден және формаға қажетті компоненттерді қосудан басталады. Форма құрылымында сыртқы түрі анықталады өлшемі, экранда орналасуы, тақырып мәтіні, шекара түрі, т.б.

Жоба тек қана Delphi бағдарламасында қарапайым түрде жасалып қана қоймайды. Бағдарламаның мүмкіншіліктерін қолданып, оған анимация жасайтын компонеттерді қойып, Access бағдарламасымен байланыс орнатып, оны жалпы графика қатысты маңызды мәліметтерме толықтырып, суреттерімен және жанындағы ақпараттарымен пішімдер мен арнайы компоненттердің көмегімен көрсету.

Бұл есеп беру құжаты алты бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, жалпы бөлім, негізгі бөлім, бағдарлама басшылығы, қолданушы басшылғы, қорытынды және пайдаланған оқулықтар, қосымша тізімі. Негізгі бөлімде студенттің тәжірибе алу барысында Delphi орталары туралы алған білімдері толығымен сипатталады.Бағдарлама құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі–Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi бағдарламалаудың құрылымдық тәртібін және бағдарламалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Delphi–де шамамен 200–ге жуық дайын компоненттері бар.

I borland delphi бағдарламалау ортасы

1.1 Delphi программалау ортасы

Программалау тілін жүзеге асыру саласындағы программа құрумен әлемге әйгілі Borland компаниясы 1996 ж. Delphi жаңа буынның комплияторын шығарды. Delphi – бұл ең алдымен, Windows ортасында программа құрумен қатар, қосымша Pascal тілінің қуатты комплияторы болып табылады. Бұл өте жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Обьектілі – бағдарланған программалаудың ең басты жетістігі – форманы жобалау және оған компоненттерді орналастыру барысында Delphi осы компоненттерді сипаттайтын фрагменттерді енгізе отырып, автоматты түрде код бағдарламасын құрайтындығында (1.1.1-сурет).

1.1.1-суретDelphi7 іске қосу

Delphi тарихы, Delphi тілінің версиялары

Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте -бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр  айында жарыққа шықты.5,6,7-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32  операциялық  жүйесінің негізінде дайындалған.

Тек , Delphi 7, оған қоса 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linux операциялық жүйесінің негізінде  де жұмыс істей алады.

Delphi 7-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі  кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге  ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген

Delphi  типті жүйені  тез және визуальды  құру  ортасы  деп  атайды.Себебі,  ол  өзіне  компилятормен  қоса  редактор  және  көптеген дайын  программалар  жиынтығын  қамтиды. Delphi – де  шамамен  200 – ге  жуық  дайын  компоненттер  бар. Delphi – де қолданбалы бағдарламаларды құру, интегралдық IDE(Integrated Development Environment) ортада қамтамасыз етіледі.

Қолданбалы программаны Borland Delphi – де құру IDE бағдарлама ортасында қолданылады. Бұл ортадағы құралдар арқылы қолданушы программаның интерфейстік бөлігін құрып және бағдарламалық кодтарды басқару элементтерімен байланыстыра алады.

Delphi ортасы – бағдарламашының жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Delphi негізі болып Object Pascal тілі қалыптасқан және ол әр түрлі дәрежедегі ең қарапайым бағдарламадан күрделі кәсіби бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді.

Обьектілі - бағдарланған пргограммалау технологиясын RAP – Rapid Application Development (қосымшаларды жылдам құру ортасы) жылдам құру жүйесінің негізіне жатқызады.

Delphi программасымен көптеген жұмыстар атқаруға болады. Мысалы: терезелерді түзету, компоненттер политрасы, формалар терезесі, обьектілер тармағының терезесі, программалар код терезесі , форманың қасиеттерін өзгерту, формаға жаңа компоненттер орналастыру т.б. жұмыстар істеуге болады (1.1.2-сурет).

1.1.2-суретDelphi 7 терезесі

Delphi ортасы экранда қатарынан орналасқан бірнеше тереземен сипатталады және терезелерді экран бойымен еркін жылжытуға мумкіндік береді. Delphi ортасының негізгі 4 терезесі бар. Яғни , атап айтатын болсам:

1 – негізгі терезе (Delhpi 7- Project1);

2 – форманың терезсі(Form 1);

3 – Бағдарлама кодының терезесі(Object inspector);

4 – объектілік инспекторының терезесі(Unit1.pas).

Код терезесінің сол жағында броузердің қосымша терезесі орналасқан, ол арқылы код терезесіндегі хабарламаның құрылымын көруге болады.