Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастан-ытай шекарааралы ынтыматастыы («орас» ШМЫХ» А мысалында).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
602.13 Кб
Скачать

2.3 Қазақстан-қхр шұаа екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері

Соңғы 10 жылдағы Қазақстан мен Синьцзян арасындағы сауда-экономикалық өзара әрекеттестік процесін сын тұрғысынан талдау Қытаймен болған осы әрекеттестікті тереңдету болашақта Қазақстан үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін [14, 61 с.].

Осыған орай кейбір проблемалық сәттерге назар аударған жөн:

Экспорттың шикізатқа бағытталғандығы. Қытайға Қазақстан экспорты деңгейінің жоғарылығы, негізінде, стратегиялық шикізат ресурстарының шығарылуы есебінен демеліп отыр. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2009 жылы Қазақстаннан Синьцзянға экспорттың 70%-ға жуығын шикізаттық тауарлар құрады.

Қалыптасқан жағдай талдауына сүйене отырып, қазіргі уақытта қазақстан экономикасында қолайсыз үрдістер басымдыққа ие болуда деп, байлам жасауға болады. Бұл – Қазақстан экспорты құрылымында шикізат үлесінің төмендеме өсімі және Қытайдан импорт құрылымында азық-түлік пен тұтынушылық тауарлар үлесінің пропорционалдық өсімі. Мұның салдарынан қазіргі таңда қытай өндірісінің жеңіл, машина жасау және тамақ өнеркәсібі өнімдері қазақстан нарығынан отандық қана емес, тіпті басқа шетел өндірушілерінің тауарларын ығыстырып барады [14, 62 с.].

Сондай-ақ, соңғы жылдары синьцзян өндірісінің ауылшаруашылық өнімдері мен қазақстандық тауарлардың бәсекелестігінің күшейгені байқалады.

-Қазақстан өндірісінің тоқырауы. Қазақстан нарығында қытай өндірісі тауарларының жаппай басым болуы отандық өндіріс өте қолайсыз жағдайларда дамып жатыр дегенге дәлел болады.

Қазақстанға кіргізілетін тауарлар көлемін одан әрі ұлғайту және номенклатурасын кеңейту қазақстан өндірісін тоқырауға ұшыратуы әбден мүмкін.

-Қазақстан мен ҚХР ШҰАА тиісті қызметтерінің статистикалық деректеріндегі айырмашылықтар. Бұл айырмашылықтарға кеден бекеттерінде тауарларды есепке алу әдісінің әркелкілігі, ал кейбір жағдайларда бұған декларацияның дұрыс жасалмауы себеп болады.

-Шекара маңы саудасының әлсіз бақылануы. Шекара маңы аймағында сауда операцияларын бақылайтын мемлекеттік органдар екіжақты сауда-саттық көлемі бойынша әрдайым дұрыс ақпарат бере бермейді, өйткені нарық қатысушыларының көбі өз қызметін ресми түрде тіркемейді.

-Қазақстаннан ҚХР ШҰАА-ға капитал шығару проблемасы. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес ел сыртына капиталды бақылаусыз шығару ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қауіп ретінде анықталады. Бүгінде Синьцзянға капитал шығару бірнеше арналар бойынша жүреді:

А. Сауда-саттық қызметімен байланысты коммерциялық. Соңғы уақытта коммерциялық желі бойынша валютаны ҚР-дан ШҰАА-ға шығарудың тұрақты үрдісі қалыптасты. Біздің ойымызша, бұл шығаруға себептесетін азаматтарды үш санатқа бөлген жөн:

-Қазақстан нарығын кең қолданыстағы тауарлармен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер;

-кейіннен Қазақстан республикасында пайдалану мақсатымен техника мен жабдықты сатып алатын кәсіпкерлер;

-жеке коммерциялық сауда-саттықты жүзеге асыратын ҚР азаматтары.

Б. Капиталды инвестиция түрінде шығару. Қазіргі уақытта қазақстан кәсіпкерлері синьцзян экономикасына белсенді түрде қаржы салуда. ШҰАА аумағындағы қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорындарымен қалыптасқан жағдай талдауы қазақстандықтардың ШҰАА жобаларына қаржы салуына ҚХР аумағында бизнес жүргізуге тартымдырақ жағдайлардың жасалуы түрткі болғанын көрсетіп отыр. Мәселен, Қытайда салық жеңілдіктері, экспортталатын өнімнен ҚҚС қайтару және ШОБ кәсіпкерлеріне басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Нәтижесінде белсенді кәсіпкерлер ортасының Қазақстаннан Синьцзянға тартылуы қарқынмен жүзеге асып жатыр;

В. Туризм желісі бойынша капитал шығару. Соңғы жылдары, комерсанттармен қатар, Синьцзянның туристік және сауықтыру кешендеріне барғысы келетін қазақстандықтардың саны күрт артты. Бұл мәнмәтінде шетел азаматтарын емдеуге және демалтуға арналған туризмді дамытуға және коммерциялық мекемелердің инфрақұрылымын қалыптастыруға ШҰАА билігі үлкен назар аударуда.

Осылайша, соңғы жылдары қазақстан капиталын Қытайға шығару түрлі арналар бойынша бұқаралық сипат ала бастауда, сондықтан бұл проблеманы тыйым салу шараларымен шешу – мүмкін емес. Дегенмен көптеген жағдайларда капитал шығару заңды түрде болғандықтан, Қазақстан аумағында ШОБ дамуын қамтамасыз ететін кешенді шараларды қолдану қажет [14, 63 с.].

Жоғарыда баяндалғанды жинақтай келе, қазіргі уақытта қазақстан экономикасының қытайдікіне тәуелділік үрдісі барған сайын айқындала түсуде екенін атап өту қажет. Осы мәселе бойынша «made in China» таңбасы бар жабдықты, тетіктерді, электрондық және тұрмыстық техниканы сатып алу Қазақсатан экономикасының дамуы үшін маңызды құрамбөлік болып табылатынын атап өткен жөн. Алайда келесіге назар аудару қажет: ҚР мен ШҰАА сауда-экономикалық байланыстарын үзбей дамыту, соның ішінде қытай өндірушілерінен техниканы, құрамбөліктер мен шығыс материалын сатып алу қазақстан экономикасының тұтас секторларының ҚХР-ға тәуелділігін арттырады. Осы орайда Қытайда еңсерілмес күш жағдайларының орын алуы және қазақстан-қытай шекарасындағы шекара өткелдерінің жабылуы Қазақстан экономикасына тікелей қауіп төндіруі мүмкін.