- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан-қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы
- •1.1 Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі
- •1.2 Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
- •1.3 Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері
- •2 Шекарааралық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайының анализі
- •2.1 Қазақстан мен қхр шұаа арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
- •2.2 Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары
- •2.3 Қазақстан-қхр шұаа екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері
- •3 Шекарааралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары
- •3.1 «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы
- •3.2 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» – ең ірі транспорттық дәліз ретінде
- •3.3 Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» шмыхқ қызметінің проблемалары мен перспективалары
- •Қорытынды
Нархоз Университеті
Қорғауға жіберілді
«Мемлекеттік басқару» кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., доцент
_______________Рыскулова М.М.
«__» ________ 2017, № ___ хаттама
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қазақстан-Қытай шекарааралық ынтымақтастығы («Қорғас» ШМЫХҚ» АҚ мысалында)»
5В020200 - Халықаралық қатынастар мамандығы
Орындағандар: «5В020200 Халықаралық қатынастар мамандығы» IV курс студенттері
|
________________ Студент қолы
________________ Студент қолы
________________ Студент қолы
|
Махамбет Д. Н.
Таджибаева Д. С.
Танатарова А. М. |
|
|
|
Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент м.а. |
___________________ Жетекші қолы |
Ақатаева. А. А. |
|
|
|
Алматы, 2017 аңдатпа
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Қазақстан-Қытай шекарааралық ынтымақтастығы («Қорғас» ШМЫХҚ» мысалында)»
Дипломдық жоба көлемі 41 бет, ішіне 1 кесте, 1 сурет кіреді. Жобаны жазу барысында 22 әдебиет көзі пайдалынған.
Түйінді сөздер: экономика, аймақ, даму, шекара, ынтымақтастық.
Зерттеу пәні – Қазақстан мен ҚХР өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту басымдықтарын анықтайтын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісі – қосалқы өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту барысында Қазақстан Республикасы мен ҚХР ШҰАА сыртқы экономикалық қызметі.
Дипломдық жобада Қазақстан мен Қытайдың шекарааралық сауда ынтымақтастығы қарастырылады. Шекара ынтымақтастығының мәселелері мен болашағы тереңдетіліп зерттеліп, екі елдің сауда экономикалық бағыттары мен басымдықтары анықталған.
Кіріспеде, тақырыптың өзектілігі, зерттеу мәні мен объектісі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, маңызыдылығы көрсетілген.
Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде, Қазақстан-Қытай арасындағы аймақтық экономикалық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы анықталған. Оның ішінде: екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері қарастырылған.
Дипломдық жобаның екінші бөлімінде, Қазақстан мен ҚХР ШҰАА арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы, ынтымықтастықтың тиімді өзара басым бағыттары мен мәселелеріне, даму болашағына талдау жұмыстарын жүргіздік. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын әрі қарай тереңдетуі Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ҚХР) түрлі әлеуметтік-экономикалық салаларының жан-жақты дамуына ықпал ететіні айқындалған.
Дипломдық жобаның үшінші бөлімінде, Қазақстан-Қытай трансшекаралық ынтымақтастығындағы «Қорғас» ШМЫХҚ тақырыбы тереңдетіліп ашып көрсетілген. Орталықтың мәселелері мен даму болашағы айқындалған. Қорғас жобасының екі елге маңыздылығы талқыланған. Жүргізілген талдау мен зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар жасалынған.
Қорытынды бөлімде білім алушылардың дипломдық жобаны зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыллары мен ұсыныстары жазылған.
Білім алушылардың қосымша ақпараты көрсетілген.
Мазмұны
|
КІРІСПЕ.........................................................................................................
|
4 |
1 |
ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ЫНЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ......................................................................................................... |
6 |
1.1 |
Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі................................................................................................................ |
6 |
1.2 |
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары........................................................................................................ |
9 |
1.3 |
Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері.............................................................................................................
|
12 |
2 |
ШЕКАРААРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АНАЛИЗІ....................................................................................................... |
16 |
2.1 |
Қазақстан мен ҚХР ШҰАА арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық............................................................................................... |
16 |
2.2 |
Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары........................................................................................................ |
19 |
2.3 |
Қазақстан- ҚХР ШҰАА екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері.......................................................................................................
|
21 |
3 |
ШЕКАРААРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ................................................................................................ |
24 |
3.1 |
«Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы................................. |
24 |
3.2 |
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» – ең ірі транспорттық дәліз ретінде...................................................................... |
27 |
3.3 |
Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» ШМЫХҚ» қызметінің проблемалары мен перспективалары.............................................................................................
|
31 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
|
35 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................
|
37 |
|
ҚОСЫМША.................................................................................................. |
39 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Қытайдың шекаралық экономикалық ынтымақтастығының дамуы мен өзекті мәселелеріне арналған зерттеу болып табылады. Атап айтқанда Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы, шекаралық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайының анализі, шекаралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары.
Зерттеу мәні – Қазақстан мен ҚХР өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту басымдықтарын анықтайтын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісі – қосалқы өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту барысында Қазақстан Республикасы мен ҚХР ШҰАА сыртқы экономикалық қызметі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жоба мақсаты – заманауи әлемдік экономикалық үрдістердің ықпалы жағдайларында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту басымдықтарын айқындау және дамудың өзара тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан әлемдік экономикалық жаһандануына байланысты халықаралық экономикалық ынтымақтастығы аса қарқынды дамуда.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы заманауи қатынас, бұл жиырма жыл ішінде өзара тиімді сауда-экономикалық келісімде құрылған.
Қазақстан Республикасы Орталық Азияда үлкен рөл атқарып, саясат пен экономикалық дамуда маңызды орын алады.
Екі ел арасындағы кешенді қарым-қатынас тарауларында сауда-экономикаың рөлі елеулі болып табылады.
Бүгінде Қазақстан Республикасы мен Қытай екіжақты және көпжақты форматта бірқатар стратегиялық жобаларды жүзеге асырып отыр. Олардың қатарында энергетика, коммуникация,көлік және ауылшаруашылығы бар. Астана мен Бейжің бір мезгілде шикізаттық емес салалардағы елеулі жобаларды жүзеге асыруға күш салуда, екіжақты саудада жоғары қалыптасқан бағам мен жоғары технологиялардың өндірілуін біртіндеп көтеруде. Қазіргі уақытта Қазақстан қытай серіктестерімен ауыл шаруашылығы саласында жиырма шақты бірлескен жобаны іске асырып жатыр. Олардың жартысынан көбі ҚХР жақын орналасқан Алматы мен ШҚО-да орналастырылған. Соңғы жылдары аймақтық деңгейде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді қатысушылары, Шығыс Қазақстан облысы мен Қытайдың солтүстік-батысындағы (Шыңжаң) шекаралық аудандары болып табылады. Аталған Қазақстан мен Қытайдың шекара аймақтары, инфрақұрылымды тұрақты, тең құқылы және өзара тиімді саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға атсалысады.
Шығыс Қазақстан облысы және ҚХР ШҰАА арасындағы келісімдерге қол қою жөніндегі белсенді жұмыстар 1998 жылы дами бастады. Қазақстан-Қытай шекаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен рөл, шекаралық аймақтарының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін негізінде арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға берілген. Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіптік аймақтарды және шекара сауда аймақтарын құру процесін басшылық жасау үшін «Шығыс Қазақстан аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығы» АҚ құрылды.
Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы жақсы ұзақ мерзімді перспективаға ие.
Дипломдық жұмыстың жоспарына байланысты жан-жақты дұрыс зерттелу мақсатында әр сұрақты белгілі бір дипломдық жобаның мүшесіне бөлінді:
Танатарова Айнагуль - Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі жайлы мәліметтермен таныстырып өтеді. ҚХР мемлекет кеңесінің премьері Вэнь Цзябао және Қазақстан Республика президенті Қазақстандағы ресми кездесу кезіндегі кең ауқымды мәселелерді қарасытырды. Жәнеде Қазақстан мен ҚХР ШҰАА арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы мәлімдейді. Сонымен қатар «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуымен таныстырып, жаңа жоспарға сай қандай салаларды дамытынын атап өтеді.
Махамбет Дархан - Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы айтып өтеді. Қазақстан-Қытай экономикалық қарым-қатынасының дамуында бірнеше есептік беталыс байқалғанын анықтап, зерттейді. Қазақстан-ҚХР ШҰАА екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелерін таныстырылып өтеді. Және де ең ірі транспорттық дәліз жайлы айтылады.
Таджибаева Динара - Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері, және де Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың даму болашағы туралы атап көрсетеді. Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары. Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» ШМЫХҚ» қызметінің проблемалары мен перспективаларын айтып өтеді.
