- •Тапсырмасы
- •Мазмұны:
- •1.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі
- •2.1Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
- •2.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар
- •1. Шешендік, суырып салушылық.
- •2. Деректілік.
- •3. Әсер етушілік.
- •4. Жоғары сапалылығы, кәсіби шеберлігі.
- •2.4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы
- •Қорытынды
2.4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы
Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі –интернетте қарастырудың маңызы зор. Соңғы уақыттарда футурологтардың бір кісілік пікірлері бойынша, болашағымыз – Интернет. Бүгінгі күннің өзінде көп адамдар ақпараттық қоғамды жаңа ақпараттық байланыс негізінде дәл интернетпен байланыстырады. Интернет – ақпараттық қоғамға ауысудың бастауы. Интернет – жаңаша көзқарастар мен ақпараттық құндылықтардың генераторы.
Бұл еңбек – желілердің ордасы емес, ал интернет-журналистиканың этикалық нормаларын әділ насихаттау болып табылады. Интернет – бұл тұтас ағза, қоғамдық қатынастың бөлігі. Мұнда басқа салалар сияқты өзіндік этикасы бар. Егер де желілер эстетикалық тәртіпке негізделмесе, ол «адамдық келбетін» жоғалтушы еді, тек зиянкес, қылмыскер, қара адамдардың құралына айналушы еді.
Адам үшін ақпараттың құндылығы - өзінің жеке басының ісі: онымен ол өмір сүріп, о дүниеге аттануы мүмкін, ал басқасы болса оған бір тиынын да бермеуі мүмкін. Ашық, еркін қоғамда бұны әр адам түсінуі керек, бірақ көптеген желі қолданушылар өте ашушаң, күйгелек келеді.
Журналистердің құзіреті – ақпарат болса, онда олардың негізгі міндеттері – ақпаратты табу. Ал қазіргі журналистикадағы негізгі бағыт ақпараттың дұрыстығында, толықтығында және жаңалығында.
Соңғы кездері журналистер интернеттегі әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуыақпаратты жай пайдаланып қоймай, тіпті, өзінің материалдарына айналдыруды да шығарған. Ол дегеніміз – плагиат болып есептеледі. Интернеттегі ақпарат – тегін ақпарат. Оның құндылығын білу керекпіз. Сондай қателік жібермеу үшін, интернетпен жұмыс жасайтын адамдар, яғни журналистер өзінің санасында жақсылап сараптап, этикалық нормаларға сүйенуі керек.
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары аумағындағы хал-жағдай идеалдағыдай емес. БАҚ-ның қорғаушы құқықтары мен журналист порталдың рухани бейнесінің мүшкілдігінен де байқауға болады. Жоғарыда баяндап кеткендеріме орай, берілген курстық жұмысымның тақырыбын актуальды және ғылыми зерттеулерді қажет етеді деп айта аламын.
Интернет-журналистика – журналистиканың ең жас түрі. Желілердегі БАҚ-тың қиындықтары ғылыми әдебиеттерде толықтай зерттелмей жатыр.
Жалпы, қорыта келгенде, әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндежурналистік әдістердің ерекшелігінің турасындағы жазылған дипломжұмысымның мақсаты: Интернет-журналистиканың этикасын насихаттау, зерттеу.
Міндеттері:
«Интернет-журналистика» ұғымына нақты түсінік беру;
Интернет-журналистика этикасын анықтау;
Қазақ тілді журналистердің интернеттегі жұмысының дайындығы жөніндегі қиыншылықтарды жеткізу;
Негізгі этикалық нормаларды көрсету;
Қазіргі өмірде тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің рөлі артуда, оның біздің өмірімізге қатысуы аса дамуда. Осының бәріне бірден-бір себеп болатын жаңа техникалық құралдар: интернет, ұялы телефон байланысы, т.б.
Интернет-журналистканың баспасөзден айырмасы, ол толықтай редакцияның көзқарасын емес, ал жеке журналисттің немесе журналисттер тобының көзқарасын білдіреді.
Бірақ интернет-журналистикада дәстүрлі баспа, радио және телебағдарлама да маңызды рөл атқарады. Олардың құрамы интернетте де сақталады.
Офлайнды және онлайнды журналистика тез қабылдауға, түрлі білім, жаңалықтарды жылдам білуге зор үлесін қосады. Сол уақытта, бұл оның дамуына, әрі журналисттің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, компьютерлы технологиялар – бұл орта және жоғарғы білімнің дамуына қадам жасайды. Баспа кітабы өзіне интернет-журналистика сияқты толық ақпараттық көлемді жинай алмайды. Бұл функцияны көбінесе СD атқарады.
Интернет-жуналистика – бұл жаңа сапалы мәдениет және өркениет феномены. Мұнда тек сөз емес, картинка, фото, кино, видео, дыбыс, веб-парақ – яғни, әрбір барлық ақпарат немесе мәтін жеткізушілер.
Интернет, сонымен қатар массмедияны өркениетті даму мен мәдениет феноменінің ядросы деп қарастыруға болады. Интернет – мәдениет (немесе кибермәдениет), желілерде жаңа мәдениет болмысы пайда болып күнделікті өмірімізге қатысқанында басталады.
Желілер мен желілердегі журналисттік қызмет аса қиын құбылыс болып табылады. Оларды жаһандық өркениет және мәдениет процесінің төңірегінде қарастыру қажет.
WORLD WIDE WEB (www) немесе Әлемдік тор:
Интерактивті;
Дербес бағдарлы (персонально-ориентированный);
Ақпарат орталығы;
Жылдам;
Ауқымды;
Икемді;
Өзара байланыстық
Интерактивтілік:
«Диалогтік», «интерактивтік» wwwтехнологиясының өзіне бағынған. Бұл журналистканы сөзбен емес, іспен біржақты коммуникация тәсіліне қарсы шығарады. Тор оқырманға тек ақпаратты хабарлап қоймай, оның әсерін біліп, оқырманнан да бірдеңе үйренуге мүмкіндігі бар.
Дербес бағдарлы:
Оқырманның немесе оқырман топтарының қалаулары мен әдеттерін ескеру мүмкіндігі туды.
Ақпарат орталығы:
Енгізілген мүмкіндік негізгі мазмұнды керек емес сөздермен жүктемей, нақты әрі түсінікті, барлық ақпараттармен толықтай бере алады.
Жылдамдық:
Интернет желілеріндегі ақпараттың берілу жылдамдығы үнемі өсуде және арзандауда, оны орталық бөлшек деп көруге болады. Ақпараттың орталық бөлшекке берілу жылдамдығы оны ең тәуелсіз массмедия құралы етеді.
Өлшемі:
Желілерде арнайы құралдар бар, (мысалға, қатысу счетчиктері). Бұлар арқылы белгілі бір мақаланың қаншалықты әйгілі екенін бағалауға болады. Қолданушылардың жарнамалық материалдарды бір сырт еткеннің өзінде, қай материалдың қызығушылық танытып, қайсысы елеусіз қалғанын анықтауға болады.
Икемділігі:
Материалды ең мәнді образда хабарлауға мүмкіндік беріп, оның тез жаңарып, қолданушылардың өздерінің беттің құрылуына қатысуына мүмкіндік береді. Осылайша, оқырмандардың үнемі қызығушылығында қалады.
Өзара байланыс:
Гипермәтіндік тілдің тамырын монахтық мәтіндермен байланыстырады. Компьютерлік дәуірде гипермәтіндік тілді Ваневар Буш (1945) «As We May Think» провидтік эссесімен байланыстырады. Эссенің мазмұны гипермәтіндік тілді сипаттау ғана емес, микрофильмирование, цифрлық фотоаппарат, дербес компьютерлер және қазіргі заман технологиясын заманынан озық, жетік меңгеруімен ерекшеленеді.
Үнемділік, Тиімділік:
Үлкен емес веб-парақ – интернетке қосылардағы провайдердің тегін қызметі. Дамыған веб-басылым – көптеген құралдармен – авторизация системасы, баннерлер, іздеу әдістері, қауіпсіздік жүйелері және т.б. жабдықталған қиын құрылым. Ол жоғары тәжірибелі мамандарды керек етеді, ол дегенің – аз емес шығынға әкеліп соқтырады. Бірақ сонда да веб-басылым қағаздықтан көпке арзан.
Жоғарыда айтылған интернет, web және веб-журналистиканы интернетте жұмыс істемеген адамдарға түсіну өте қиынға соғады. Қуанышқа қарай, бүгінгі күнде интернетті пайдаланудың мүмкіндігі зор.
Қазақ тілді журналистердің жұмыстарының ерекшеліктері әрбір кезеңдерінен байқаймыз. Себебі, қазақ тіліндегі ақпараттардың таралымы басқа тілділерге қарағанда өте тар. Мысалға айтсақ, аздаған жаңалықтар мен анықтама түріндегі ақпараты бар сайттарды айтпағанда, желілерде қазақ тілді материалдар жоқтың қасы. Энциклопедиялық сипаттағы ақпарат жарияланымдары интернетте қолданатын болса, кеңірек, әрі «қағаздық» үлгілерінен толығырақ, әрі жаңаша бейнеде болуы керек. Біздің жағдайда, дәстүрлі материалдар электрондықтан гөрі кең етек жайған.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі және қазақ тілі үшін жасалған «ізденіс» кезеңі бүгінгі күнде тиімді емес. Ізденістегі ақпараттың басқа тілде табылып оны өзіміз аударатынымыз анық. Осы жерде көп нәрсені ескеру қажет. Әрбір сөзде абай болып, аудару кезіндегі ақпараттың мәнін, автор/кейіпкердің сөзін дұрыс беріп, өзіндік стилін жоғалтпауға тырысу керек.
Бұл журналистің жұмысына кірмеуі тиіс (айтатын болсақ, орыс тілді журналистердің барлығы ағылшын немесе француз тілінен аударуға міндетті емес қой...), бірақ бүгінгі күні бұл қазақ тілді журналистерге басты қажеттілікке айналып отыр. Тек қана журналист емес жоғары маманданған аудармашы болу керек. Демек, бұл аспектілер журналистер даярлаған кезде де ескерілу қажет қой...
Әдетте, бұл жағдайдың бетін алу үшін журналистерге арнайы тілдік курстар өткізу керек деген сөз... Қазақ тіліндегі жұмыс кезеңі сұрақтармен ере жүреді – аты шулы проблемалардың бірыңғай стандарттық болмауынан бастап, яғни формалдық-техникалық сипаттағы сұрақтар (әсіресе, нақ коммуникация кезеңінде шиеленіскен), және қазақ тіліндегі жұмыс ұйымына арналған қолданбалы және қосалқы материалдардың жоқ болу сұрақтарымен аяқтайды.
Дәл осылайша, оқытуға арналған қазақша шығарылымдар аса толық емес, жеке және тиражы аз. Мысалға, Word мәтіндік редакторы мен OS Windows жұмыстарына арналған, немесе үлкен өкінішімізге қарай, қол жетіңкіремейтін Internet Explorer және т.б. коммуникацияға арналған құралдармен танысу мүмкіндігі аз. Қазақ тіліндегі қолданбалы программаларда Helps жоқ. ІТ аймағындағы терминологияда да толық емес, және құнсыздық проблемалары жетерлік, бұл да түсініп, игеру процесін шиеленістіреді. Өйткені, келісесіздер, әрбір журналист өз кәсіпшілік қызметінде бұл құралдармен пайдалану үшін ағылшын тілін біліп, ақпараттық технологияларды жетік меңгеруі тиіс емес.
Сонымен, тіпті егер материал журналистпен табылған, жиналған, дайындалған болса, ол жұмыс нәтижелерінің табыстылығына уәде бермейді – алда әлі Интернеттегі жарияланым кезеңі тұрады. Бүгінгі күндегі әр-түрлі қолданбалы Web-mastering бағдарламасы, қазақ тіліндегі қолдануларды болжамайды, осы арада көптеген қазақша мәтіндерді жариялаудағы келеңсіз жайттарды ескере кетуге болады. Мысалға айтсақ, графикалар мен әрлендіруді қазақ тілдегілерге қолдануға сай емес кездер де болады.
