- •Тапсырмасы
- •Мазмұны:
- •1.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі
- •2.1Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
- •2.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар
- •1. Шешендік, суырып салушылық.
- •2. Деректілік.
- •3. Әсер етушілік.
- •4. Жоғары сапалылығы, кәсіби шеберлігі.
- •2.4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы
- •Қорытынды
2.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі теледидардың көрерменге «өзіндік әсер етушілік» негіздерін былайша жүйелеген жөн. Бұл жүйенің телепублицистердің жекелік стилі мен шеберлік қырларына қатыстылығы да мол. Олар:
1. Шешендік, суырып салушылық.
Басқаша айтқанда, сол сәтте экранда өтіп жатқан әрекетті сезіну. Телеобъектив өмірдегі тірі әрекеттерді сүзгіден өткізе отырып, көріністің тынысты және сол сәтінде өрістеуіне әсер етеді. Өмірге тереңірек үңіліп, дөңгеленген, өзгеріске толы дүниені көрсетеді. Осының өзі де теледидарға ерекше күш беруі мүмкін ғой. Сіз жаңа бір ұғымдар мен парасатты ойлардың куәсі боласыз!
2. Деректілік.
Шындықты қаз-қалпында, боямасыз көрсету. Теледидардың театрға соншалықты жақындығы бола тұра, оның тілі театрлық емес, ол кинематографияның тілі. Мұнда өзгелерден бөлек теледидардың жаңашыл таңбасы бар.
Жалпы, теледидардың болашағы жайлы ойлана отырып, оның қазіргі өнер жолы, эстетикалық процестері, оның образдылық тілі деп тану керек. Теледидар – өнер, ол деректілік бағыттың жағымды жақтарымен бірлікте, қосыла дамиды.
3. Әсер етушілік.
Көрерменнің сеніміне ие бола отырып, олармен лирикалық байланыста болу. Әрбір көрермен мен жеке байланысқа шыға отырып, олармен экранда бетпе-бет кездеседі. Телеөнерді қабылдауда шектеушілік жоқ. Әсер етушілік – теледидардың талас тудырмайтын кредосы.
4. Жоғары сапалылығы, кәсіби шеберлігі.
Журналист материалындағы сапалылық пен кәсіби шеберлік әрқашанда қажет. Ол телередактордың күнделікті тынымсыз ісінде ең басты орында тұрады. Теледидар жоғары сапалы бағдарламаларсыз өзінің өмір сүруін тоқтатып, ол көрерменге әсер етушілік қабілетін жоғалтып, жай, қарапайым құралға айналар еді.
Асылы, суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған жөн. Тума көркемдік қабілет кез-келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі өнерді де, көркем әдебиетті де, теледидарды да жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды. Ол қандай ерекшеліктер?
Біріншіден, сезім.
Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шағында бейтарап қарай алмай, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату. Егер экрандағы кез келген тележурналисті осы әлем аясынан іздесек, оған жан жүрегімен беріліп жатқандары да, не болмаса осы шыңды бағындыра алмағандары да көптеп кездеседі. Түсіну, сезіну, тебірену арқылы сезім сырларын көл-көсір құдіретке айналдыру да шын таланттың ғана қолынан келетін іс.
Екіншіден, бақылау.
Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұнын танытпақ. Өмірдегі қажетті жайларды бақылай отырып, одан керектісін екшеп ала білуге де асқан көрегенділік пен терең интеллектуальдылық керек. Бақылау нәтижесінде болашақ шығармаға кірігетін, тұтасатын, қабысатын әрекеттер, келе-келе экрандағы қозғалысқа айналып, шын кейіпкерді өмірге әкеледі.
Үшіншіден, қиял.
Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял – таланттың серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпы әдеби сценарий көркемдікке айналып, көрерменін тұшынтпайтын өлі туындыға айналар еді. Бірақ, әдеби, музыкалық, ток-думан түріндегі хабарларда ғана қиялды қоса алып жүруге болады деп ой түйіндеуге негіз бар. Гегель: «суреткердің творчестволық фантазиясы – ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы»[29, 69б.], – дейді.
Төртіншіден, интуиция.
Мәселен өлең жазу – есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ерекше, амал, тәсіл болса, өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ауқымды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек. Осы сезім телеэкрандағы жүргізушіні біресе әуелете асқақтатып, біресе екпіңдете құлдилатып, енді бірде әсемдік әлеміне еліте кіргізіп, кейде жан дүниесін қайғылы халге келтіріп, көпшіліктің көз алдында сені актерға айналдырады. Сезім құшағына ене отырып, ақта-төк ақтарыла сөйлейсің, не ой құрсауынан босай алмай, әлекке түсесің. Бәрінде де сезімді тежей ұстай, оның белең алып кетпеуіне тосқауыл қойғаның дұрыс.
Бесіншіден, өмірбаян.
Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білген, ұққан-түйгені көп адамның таланты да күшті, мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» болатынын Ибсен біліп айтқан. Теледидардағы жүргізушілер денінің әлі де болса көргені мен түйгені, пайымы мен парасаты тоғыса алмай, шашырап жататындығы. Көрерменге айтар көрікті ойы, нысаналы дәлелі жоқ сценарий қандай қауқарсыз. Творчестволық таланттың құпиясын меңгермеген жанның қолына микрофон ұстап, көрермен алдына шығуы да көпшілікке жасалған қиянат.
Алтыншыдан, парасат.
Сананың саралығы құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Парасаты мен пайымы астасып, қойындасып жатқан сценарий бақытын да талантты тележүргізуші одан әрі айшықтандыра түседі. Құдіреті мен қарымдылығымен көпшілікті тәнті етеді. Тек соған сарабдал білгірлік, терең аналитикалық талдау, жан-жақты сан қырлы айшықты көрініс, жарасымды әуенмен бірлесе ойнақылық қойындасса, хабар ажарлана, айбарлана түседі.
Жетіншіден, шеберлік.
Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық – еңбек сүйгіштік. Талант-еңбек деп те, тегіннен-тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол – еңбек. «Шын шебер шеберленген сайын қинала, терлей түсуге тиіс», – дейді академик Зейнолла Қабдолов. Ал шеберлік шексіз. Осы шексіздікке жеткен кезде ғана экран тербеліп, көрермен ұйқыдан жаңа оянғандай күй кешеді. Ізденіс – ілгерілеуге, ілгерілеу – биіктікке, биіктік – кемелділікке, кемелділік – тұтастыққа бастайды. Осыны бағындырған тележурналист қана, экран піріне айналады.
Сегізіншіден, шабыт.
Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық – қабілетсіздік, қабілетсіздік – дарынсыздық, дарынсыздық –талантсыздық. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалкар шабыт, творчестволық, құлшыну мен құштарлық, Станиславский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады. Ал, өзіңдегі өнерді сүю, бойыңдағы қабілет-қарымыңды өзің сүйген іске арнау. Телеэкран төріндегі жүргізушінің ағыл-тегіл әңгіме тиегін ағытуы да, не болмаса кібіртіктеп кең көсіле алмауы да шабытыңның шалқарлығына байланысты.
Осыларды қорытындылай келсек, тележурналист біткеннің бәріне бірдей осы айтылған қасиеттер қонақтамаған, не болмаса маңдайларына жазылмаған. Осыдан келіп, ортаңқол, жадағай, сүреңсіз хабарлар легінің толастамай, көрерменді мезі ететіні шындық. Бойдағы сезімге бақылау, бақылауға қиял, қиялға интуиция, интуицияға өмірбаян, өмірбаянға парасат, парасатқа шеберлік, шеберлікке шабыт қосылса, экран төріндегі жүргізуші ағыл-тегіл әңгіме тиегін ағытып, көрерменін тәнті ете, өмірдегі суреттен көркем, келісті бейне туғызып, бүтінді тұтастыққа айналдырады. Бұл тележурналист біткеннің арманы, көпшілігінің қолдары жетпеген биіктік.
«Қазақстан» телеарнасының ең бір өзекті әңгімесі – ауылдың халі, ауыл адамдарының жағдайы. Бірыңғай мұңая бермей, бір серпіліп, қайрат-жігер көрсететін кез де келген секілді. Ауылға арналып отырған мына үш жылдың бар қаракет – қамқорлығы ауыл адамдарына арналуға тиіс қой. Бұл «Қазақстан» тележурналистерінің ұдайы есте ұстайтын бір шаруасы. Осы шаруаны дәйекті жүргізу арқылы осы үш жылда біраз шаруаны орнын келтіруге болатынын да тележурналистер түсінеді және соған ұмтылады.
«Қазақстан» ұлттық арнасы бүгінгі күнде шығармашылығы жағынан толысып, телехабарлары көбеюде. Оның ел мүддесін нысана еткен хабарлары шымыр да шынайылығымен халық сүйіспеншілігіне бөленіп отырғандығын көрермен ықыласынан анық аңғарып отырғанымызды қалай жасырайық. Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміз еркімізге тигелі бері беріліп жатқан хабарлардың саны да, сапасы да әлдеқайда өркениетті бағытқа қарай бетбұрыс жасады.
Соңғы туындылар ішінен жұрт назарын өзіне аударған, әрқилы пікірлер тудырып жүрген «Ақжүніс» хабары (жүргізуші Сәуле Әбединова) алғашында жеке отбасылардың, жеке адамдардың тағдыр – проблемаларын, кейін келе бүкіл қоғамдық деңгейде мәні бар талқылауға ұластырып жіберді. Бағдарлама жүргізушілеріне еліміздің түкпір-түкпірінен соғылған телефон қоңыраулары эфирдің өн бойы толастамайды. Бұл аталмыш бағдарламаның өз көрермені бар екенін аңғартады.
«Қазақстан-1» арнасынан көріп жүрген «Ақжүніс» бағдарламасының бұдан бұрынғы хабарларында нақтылы бір мәселе айтылмаған соң ойлары шашырап, пікірлердің басы қосылмай жататын еді. Ал 2002 жылдың 19 ақпанындағы санында өмірлік мән-мағынасы бар, жастарды ғана емес, бүкіл қоғамды ойландыратын әңгіме қозғалды. Ауылда қолы бос жігіттер көп, қалада басы бос қыздар көп. Осыларды қалай бірімен-бірін жалғастыруға, кездестіруге болады. Ол үшін не істеу керек деп тележүргізушілердің бірі Қасым Аманжоловтың отырғандардан қайта-қайта сұрай беруі бекер емес. Қазіргі адамдар бір-бірінен алыстап, жеке-жеке күн көріске көшкен заманда жастардың басын қосатын орта, жастар ұйымы секілді бір ұйытқылар керек секілді. Өткір де өзекті мәселелердің экранда осындай бір түйінге келіп, пікір тоқтатуы өте дұрыс болған.
Жалпы алғанда, тележурналистердің әлі де көрермен сұранысын жете зерттемейтіні байқалады. Шындығында жұртшылық теледидардан не көргісі келеді? Телебағдарламаларды жасайтын адамдар өздеріне ең алдымен осы сұрақты қоюға тиіс. Сонда өмірдің бүгінгі ағымынан туатын қаншама ой-толғамдарды, проблемаларды ортаға салуға болар еді.
Көркемдік таным арасында мейлінше маңызды қызмет атқаратын аңдау, әр нәрсенің байыбын барлау қаракеті тек әсерленген көңіл-күй бабын ғана емес, сонымен бірге саналы түрде терең сезінгендік қасиетін де аңғартып тұрады. Жүргізушінің шабыт құшағына кірген кезеңдегі әрекетінде саналы ой мен сезім қапталдаса келе, ол өзінің бойын кернеген нысаналы ойын бір сәтте әрі көрерменімен бөлісе, әрі аудиторияны өзіне қарата отырып, екі майданда әрекетке көшеді. Сәуленің осы бағыттағы ізденісі мен өзіндік стилі бейнелі дүниеге айналып келе жатқандай.
Аға буын өкілдерінен Халық жазушысы Ә. Нұршайықов, Халық қаһарманы Р. Бағланова, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова, халық әртісі Н. Мышбаева сияқты ел ардақтыларымен болған әңгімелердің қай-қайсысы болсын, тәрбиелік мәні бар, құнды хабарлар болды. Сонымен бірге өміріміздің, өнеріміздің сан саласында табысқа жетіп жүрген азаматтардың жасы бар, жасамысы бар «Ақжүністе» қонақта болып, жастарға өнеге болар әңгімелерін айтты.
Жұмабай Шаштайұлы жүргізетін «Үзеңгі жолдас», екіншісі Қасым Аманжоловтың «Шынның жүзі» хабарлары. Екеуі де әдеттегідей сұрақ-жауапқа құрылған, екеуара сұхбат болғанымен сол әңгімеге шақырылған адамдар еске алған оқиғалар мен айтылған пікірлер нақты және ширақ шығады. Белгілі қаламгер Ә. Жұмабаев елуінші жылдар басындағы республикамыздағы идеологиялық өмірде болған қиғылықтар жөнінде сабырмен әңгімелеп шықса, «Шынның жүзі» хабарына шақырылған белгілі азаматтар Қалдарбек Найманбаев, Жүрсін Ерманов, Мақаш Тәтімовтердің хабардың жүргізушісі Қасыммен түсініспей қалған сәттер де байқалып қалды. Әрине, бұл жүргізушінің хабарды қайтсем тартымды, қызғылықты, өзінің атына сай шындықты аршып айтсам деген ниетінен туған болса керек. Әйткенмен, не айтарыңды, нендей әңгіме қозғарыңды күні бұрын ойда әбден пісіріп алғанға не жетсін.
Творчестволық ерекшеліктің қалыптасуында Гетенің айтуына қарағанда, үш кезең бар:
1) өзінен бұрынғы үлгіге еліктеумен жүрген шақ;
2) өзгеден бөлегірек азын-шағын мәнер, машық тапқан тұс;
3) өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез.
Соңғы кезең, яғни шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез творчестволық эволюцияның ең жоғарғы сатысы, бұған жету үшін әбден шыңдалған суреткерлік шеберлік керек. Теледидарда осы қасиеттер жүргізуші бойларынан көріне бермейді. Олардың көпшілігі бірінші сатыдан аса алмайды, астым дегеннің өзінде де өзгеге еліктеумен өзін де, көрерменін де ұятқа қалдырады Мақал айтуға шыкқан үш бала да жұмған аузын ашпады. Осы жерде тағы да бір түсініксіз жұмбаққа тап болдық. Әзіл мен сықақтың белгілі шебері Құдайберген Сұлтанбаев қайдағы-жайдағы, бұрын сирек кездесетін мақалдарды ортаға үйіп-төкті. «Әншейінде сорлы едім, ит қапқан соң не сорымның» кері. Төртінші айналымда мақалдың мәтініне қарап ішкі ойын айтуда көрермен көмегімен ұпай жинаған мұғалім ғана қалған.
Сонымен ойын бітті, жеңімпаз сыйлық алды. Бірақ көрерменнің реніші біткен жоқ. Неге десеңіз, осындай ұлттық хабарларымыздың деңгейін төмендетсек, болашақта қазақ тілімізді орыс тілділерге қалай үйретеміз? Шынында да ақпараттық технологияны қолданып, осы секілді телебағдарламалар арқылы тілімізді, салт-дәстүрімізді үйретеміз десек, оның сапасын да белгілі дәрежеде көрермен көретіндей биікке жеткізу керек. Бұл телебағдарлама бұрында «Хабар-2» болып, кейін «Еларна», ал бүгінде «Хабар» телеарнасынан беріліп жүр. Бірнеше кемшіліктері айтылды, газет бетіне жазылды, бірақ қорытынды шығару, жақсылыққа деген бастау жоқ. Баяғы жартас, сол жартас. Ойын басталысымен жүргізуші көрермен алдына термеші, мұғалім, сазгерді шақырып таныстырады. Елдің талғамына сай білгірлік танытатынын да тілге тиек етеді. Өкінішке орай, осы үш ойыншының да жүргізуші берген 5 сұраққа жауап бере алмай, желкесін қасып, есесіне көрермен қауымның көмектескені ұят болды.
Шын мәнінде, солай ма? Рас, мемлекеттік және тәуелсіз арналарда ізденіс, ұмтылыс бар. «Хабар» арнасындағы «Жеті күн», «Ақиқат ауылы», «XXI ғасырдың көшбасшысы, «Азамат», «Біздің көшенің тұрғындары», «Әйелдер-ай, әйелдер», «Еркектің аты – еркек», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», Қазақстан ұлттық арнасындағы «Мезгіл», «Бар мен жоқ», «Үзеңгі жолдас», «Ұмытпаңдар мені», «Өткен күнде белгі бар», «Сағындырған дауыстар», «Қазақтың жаны», т.б. бағдарламалар көрерменге ұсынар ойлы пікірлері, жаныңды жанып өтер өткірлігі, проблемаларды саралап, талдауы, ертеңгі бағытты байқататын тұжырым-болжам жасауымен де құнды.
«Көгілдір экрандағы телепублицистердің жекелілік стилі мен шеберлік қырларына үңілген сайын өсу мен бір орнында тұрушылық та, пайымы парасатқа ұласқан биіктік те, не болмаса сезіміңді селт еткізбейтін ауа жайылушылықтың та қатар қонақтағанын байқаймыз. Сондықтан да телепублицистер күнделікті эфир алаңында мына жайларды назарға алса дейміз:
– баяндау, талдау әдістеріне тереңірек зер салу;
– бейнекөріністерге салмақтылық әрі сезімділік бере отырып, оның мәтінмен үндестігіне, тұтастығына көңіл аудару;
– бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік мәнін, ұлттық дәстүрге жақындығын айқындау;
– жүргізушілердің өзгелерге ұқсамайтын жекелілік стилін қалыптастыру;
– тележурналистердің шеберлік сырлары мен аудиторияны, көрерменді тұтқындап ұстайтын тәсілдерді меңгеру.
Стиль – гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Ертедегі римдіктер бір ұшы сүйір, бір ұшы қалақша кішкене таяқшаны тақтаға сөз жазу үшін қолданы, оны «стиль» деп атаған. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай стиль туып, қалыптасады. Стиль туралы ғалымдар әркезде пікірлер айтқан. Мысалы, Бюффон: «Стиль дегеніміз – адам», – дейді. Ал ертедегі ойшыл Платон болса: «Мінез қандай болса, стиль де сондай» – деген. Стиль бірден қалыптаспайды. Оның ШЕБЕРЛІК – Шеберлік үздіксіз ізденумен ғана, үйренумен ғана келеді. Осы мағынада алғанда журналистің қызмет ететін мекені де, кезекті номерге материал әзірлеу мақсатымен аттанатын сапары да, еңбек адамдарымен кездесіп, әңгімелесуі де, қаламдас достамен тәжірибе алмасуы да ол үшін шеберлік мектебіне айналуға тиіс. (Қ. Сағындықов, «Журналист парызы», Алматы, «Қазақстан», 1986 жыл.) бастауы, дамуы, қалыптасуы сияқты кезеңдері болуы заңды. Стиль көбіне жазушы, журналистерде айқын көрінеді. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар» [30, 59 б.].
Қазақстан саясаттанушылардың көзқарасы бойынша, өтпелі кезеңнің басты белгісі-екіұштылық. “Түрлі әдет ғұрыптардың бірлігі және көптеген формациялардың элементтерінің тоғысуы өз кезегінде конгломераттарды өмірге әкеліп, қарама –қарсы бірліктегі эклектиканы туындатады. Көпшілігінде, басшылықтың әкімшілік-бюрократтық әдісі орын алып, демократиялық процесті жүзеге асыру кезеңінде белгілі бір формализм үстемдік құрып, әрі халықтың өзі-өзі басқаруы, патернализм, ойлаудағы инерцияның пайда болуы, шығармашылықтағы шыншыншылдық өмірге келеді. Осының бәрі де, қоғамдағы тұрақсыздықты туындатып, кризистік құбылысты одан әрі тереңдете түседі.Тәуелсіздігімізді алып, демократиялық даму жолына түскен кезеңде республикамыздың жүріп өткен жолдарын былайша жүйелеген орынды»[22, 31б.].
Бірінші кезең (1985 тамыз-1990 жылдар) партия, комсомол, кәсіподақ секілді ірір әлеуметтік күштердің сахнадан кетуі. Жаңа тәуелсіз БАҚ-тың пайда болуы.
Екінші кезең (қыркүйек 1990-наурыз 1995 жылдар) КСРОазаматы аталған үрдістің тәуелсіз Қазақстан азаматы аталуымен аяқталуы. Осы кезеңде қоғамдық-саяси және ұлттық қозғалыстардың жандануы.
Үшінші кезең, саясаттанушылардың пікірі бойынша (сәуір 1995-қыркүйек 1998 жылдар) жалпы қазақстандық азаматтық теңдікті орнықтыруға бет ала отырып, Қазақстанның тұрғын емес халықтарында идентификациялық сезімді орнықтыруға бағыт ұстануы.
Төртінші кезең, Н.Назарбаевтың 1998 жылдың қырқүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алады. Бұл кезең қазақстандықтардың құндылықтарды өзгертуге бағыт алуымен айқындалады.
Біздің теледидар зерттеушілерінің бір олқылығы телетуындыларда қатарласа, қабаттаса көрінетін ұқсас мәселелердің ұқсаса шешімдерін, ұқсас бейнелерді дара-дара талдап, олардың өміршендігін тереңнен ашып көрсетпеулер болып табылады. Сондықтан экрандағы бүгінгі хабар таратудағы кемшіліктерді былай атап көрсетуге болады: а) арналар санының шектен тыс жылдам өсуі және хабар таратудағы бәсекелестіктің әлсіздігі; ә) БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі біртектес, арзанқол хабарлардың өсу бағдарының байқалуы; б) адам құқығын қорғаудағы журналистік әдістердің ерекшелігі телесериалдар кейіпкерлеріне еліктеген жастар арасында қылмысты істердің көбеюі; в) жасөспірімдерге арналған бағдарламалар санының қысқаруы; г) теледидардың сапалық ұстанымы “хабардар ету, білім тарату, көңіл –көтерудің” бедел соңынан қуушылық нәтижесінде орындала бермеушілігі; д) теледидарда талғамсыз хабарлар санының өсуі; ж) хабар тарату саласында салиқалы мемлекеттік саясаттың, арнайы заңның жоқтығы.
Ашық қоғам құру-күрделі, ұзаққа созылатын әрі қиын міндет. Егер жаңа демократиялық елдермен бірге Қазақстан өзінің қол жеткен бостандығын сақтап, өркендетер ниеті болса, онда қоғамдық, сондай-ақ жекеменшік салада сөз бостандығын паш етіп, қолдап отыратын институттар құруы қажет. Ал барша мүдделі жақтар, журналистер, саясаткерлер, ресми адамдар еркін және ашық қоғам жағдайындағы іс-қимылдың, өзара түсініктің күрделі өнерін меңгеруі шарт. Тіпті көне демократияның өзінде бұл кәсіп өкілдерінің өзара қарым-қатынасының қарсы шығу немесе тіптті тайталаса сипаты да болды. Қай кезеңде де БАҚ-ты дамытудағы басымдылық мыналарға берілуі керек: БАҚ қызметінің заңдық негіздерін жетілдіру; салықтың жеңілдік жүйесі мен коммуникациялық желілерге шетелдік несиені кеңінен пайдалану; еңбекті, қаржыны бір қолға шоғырландыратын біртұтас ірі ақпарат концеріне біріктіру арқылы жалпыұлттық БАҚ-ты мемлекеттік реттеу; ҚР ұлттық ақпарат саясатының жаңа айқындамасын жүзеге асыру.
Өмірімізге “тәуелсіз баспасөз” бен “пікір алуандығы” деген ұғымдардың енуі аса маңызды оқиға болып табылады. Мұның өзі –демократияландырудың және адам мен қоғамды саяси әлеуметтендірудің айқын мысалы. Журналистер өзінің бағдарын батыл көрсетіп, жаңа мемлекеттік құрылыстың, болашақ Қазақстанның, ұлтаралық және азаматтық келісімнің, дамудың қазақстандық төл жолын таңдау мен жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету қажеттігінің ең бір көкейсті мәселелері жөніндегі көзқарастары арқылы бір-біріне жақындаса түсті.
Қазақстан теледидарының демократиялық қоғам кезеңінде жаңаша бағытқа бетбұрғанын байқау қиын емес. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің, жердің, мемлекеттің тыныс-тіршілігінды білдіретін, ішкі-сыртқы хабарлар жеткізіп отыратын электронды ақпарат құралдарының өрісі кеңейіп, қатары толығып келеді. БАҚ-тың алуан үнділігі барған сайын сындарлы сипат ала бастады. Қазақстанның электронды ақпарат құралдарының беріктігіне көрші Ресейде адамдардың санасында бұрынғы ескі идеяны жандандыруға тырысқан коммунистік күштердің қуатты қысымына төтеп беру өзіндік бір емтихан болды. Барлық арна журналистерінің ең айбынды бөлігі Қазақстан халқының жалпыұлттық мүдделері мен тәуелсіз мемлекеттік құрылысты қорғауға жанын салды. Олар жалаң сынның желеуінен арылып, халықтың экономикалық және әлеуметтік саладағы қиын-қыстау жағдайының себептерін айтып қана қоймай, жұртпен бірге болып, елді терең дағдарыстан шығарысуға әзір екенін білдіріп, жауапкершілікті өз мойындарына алды. Сөйтіп, журналистердің обьективті бағдар мен этикасы алдымен мемлекеттік тәуелсіздіктің іргетасы болып табылатын республиканың кінәратсыз ақпарат кеңістігін қалыптастыруға ықпал етті.
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ерекшелігінің басты міндеті –қоғамда болып жатқан өзгерістерді әділ әрі шынайы жеткізу, сол арқылы демократияық қоғамның негізгі құндылықтарына қатысты белгілі бір келісімнің құрылуына ықпал жасау болып табылады. Дәл осы келісімнің болуы азаматтық қоғамның беріктігі мемлекеттің тұрақтылығының маңызды алғышарттарын құрайды. Біздің қоғам мен мемлекет баспасөздің, теледидардың осындай билігін, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қаншалықты түсінсе, соншалықты шынайы демократия, құқықтық тәртіп бекитін болады, әрі ұлттық қуаттылығы артады. БАҚ-тың осындай міндетті орындауға сай болуы үшін тиімді құқықтық негіз жасау –мемлекет парызы. Мұны тәуелсіз Қазақстанның 1991 жылы 28 тамызда “Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңының қабылдануымен түсіндіруге болады. 1999 жылы 23 шілдеде отандық масс-медианың әрі қарай дами түсуіне, мемлекеттік емес БАҚ-тың артуына, ірі медиа- құрылымдарының қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен жаңа заң қабылданды. 2001жылы оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мамандардың бақылауынша, АҚШ-та радио хабар таратушылар өз тұтынушыларының санын 50 миллионға 38 жылда, теледидар 13 жылда, ал Интернет төрт-ақ жылда жеткізіпті. Ғаламдық ақпараттық қоғам қалыптасуының жылдамдығы осындай. Бүгінде, Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруі, қазіргі заман технологиясын белсенді пайдалану медиа нарықтың тұтас бөлігін, мысалы телерадио хабарларын тарату саласының, құқықтық реттеуден тыс қалуына әкеліп соқтырды.
Ақпарат министрлігі тарапынан жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша (репрезентативті таңдау бойынша республиканың барлық аймағынан 1200 адам сұралынған), қазақстандықтар БАҚ жұмысындағы мынадай жайларға: а)жарнаманың негізсіз көптігіне; ә)қоғам мен мемлекеттің нағыз ділгер мәселелеріне назар аудармауға, олардың мүддесін өздерінің меншік иелерінің мүддесімен ауыстыруға; б)БАҚ-тың билік орындарына тәуелділігіне; в) жалған ақпараттың таратылуына көңілі толмайтынын білдірген. Осындай себептердің салдарынан маңызды әлеуметтік институт ретінде БАҚ-қа қоғамдық сенімінің төмендеуінің орын алуы мүмкін. Жаңа заңды әзірлеу қажеттілігі жеке тұлға, қоғам мен мемлекет мүдделерін сақтаушы демократия институты ретінде БАҚ қызметіне қолайлы жағдайды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіре түсуден туындайды./15/
Ал, енді журналистің БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі әдістердің ерекшелігі телебағдарламадағы мәдениеті туралы сөз қозғасақ.
Эфир қай кезеңде болмасын онда жұмыс істеушілерден ұстамдылық пен сабырлықты талап етеді. Мұнда тәрбиелік те аса қажетті қасиеттедің бірі. Әсіресе адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі ең алдымен тележүргізушіге қажет міндет екен. Егер өзіңді -өзің тәрбиелеудің бір түрі – алдымен өзіңді тану болса, онда ақылға сала отырып, өз мінезің, іс-әрекетің, мүмкіндігің жайлы саралап-салмақтаудың еш артықтығы жоқ. Өйткені, уақыт кезеңіне орай әрбір адамның жүйке жүйесіне түсіп жатқан түрлі салмақтардың шамадан тыс көп екендігін де жасыруға болмас. Олар негізінен алғанда: халықаралық қақтығыстар, соғыс қаупі, жұмыссыздық, ақша өсімі, мезі ететін ауыр жұмыс, урбанизация және т.б. болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, осының бәрі де көңіл-күйдің психикалық ширығуына алып келетін басты жайттар. Ал, журналистер болса бұның бәрін де жүрек елегінен өткізіп, оны жеңілдету жолын іздейді және тауып өзгелерге ұсынады.
Өзіңді тәрбиелеуді тек қызмет барысында қажетті түрлі мәнермен ғана емес, сонымен қатар әлем, қоғам, табиғат, жануарлармен өсімдіктерге деген сүйіспеншілікпен де толықтыруға болады. Бұл арада айрықша бір есте болатын нәрсе, орл адамның адамға деген сүйіспеншілігі, сыйластығы. Егер мұның үстіне ұстамдылық келіп қосылса, онда өзіңді ұстау мәнерің қалыптасып, оның үстіне есте сақтау қабілетің де жақсарып, осы қасиеттердің барлығын пайдалану мүмкіндігің арта түседі.
Әдептілік (этикет) арқылы көп нәрсені айтуға және түсінуге болады. Мәселен, сізге, өзіңізді қалай ұстау қажеттігін білмеген кезеңде қиын жағдайға ұшырауға тура келген шығар. Миллиондаған аудитория алдында шығып сөз сөйлеу кімнен де болса білім мен білікті талап етеді. Оған, шындығын айтсам, тереңдікпен қатар бейімділік те керек.
Этикет-француз сөзі. Оның ескі атаулары да қызғылықты: “салт-жоралар”, “салтанат” және т.б.
Журналист үшін ең басты қасиеттердің бірі: мінез-құлқының тілі. Әдептілік-қайсы бір жандардың түсінігіндей қалай амандасу, әңгімеге қалай араласу, дастархан басында өзіңді қалай ұстау секілді белгілі заңдар жинағы емес. Әдептілік-адамдардың бір-бірінің сеніміне кіруі, сыйластығы, сыпайлылығы, бір сөзбен айтқанда, “адамгершілік” деген үлкен әріппен жазылатын жан дүниесі. Қарап отырсақ, адам жанының нәзік иірімдеріне қошемет көрсетудің психологиялық әсері өте мол екен. Өнердің өзі көрерменнің көңіл кілтін таба біліп, теледидар алдында көсіле сөйлеп, көрікті ойдың көрігін қыздыру ғой. Шындығында, ой әлеміне беріле отырып, тыңдаушының көңіл ауанын аудара білгенге не жетсін. Міне, жүргізушінің биік арманы-мақсаты да осы.
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген француз философы Жан-Жак Руссо: “Тәлімді тәрбиенің белгісі-өзіне тарта және сендіре білу, ол ақылдылықпен өзгелерге көмектесу, өзін қарапайым ұстау, олардың сезімін таптамау”. Даналық дәні аңқыған испан мәтелін қолына микрофон ұстап эфирге шығысымен аспанда ойша қалықтап, жерге қонбай қоятын жүргізушілердің есте ұстағандары жөн-ау! “Ешқашан да, ешкім де артық емес”. Қарапайым да дәл. Бұл өзін әрқашанда мәдениеттімін деп қабылдайтын адамның ұстанатын басты принципі болуға тиіс./16/ Тілінен бал, сөзінен парасаттылық аңқыған журналистерді іздеп табу қай кезде де оңай болмаған. Төрт аяғын тең басқан, су шайқалмас шешендерге зәрулігіміз де жылдар өткен сайын қоюлана түсуде. Сыпайылық пен сыйлылық қатар дарыған жүргізушінің эфирдегі парасатты сөзін тыңдаған жандардың сол бір тұлғаны экраннан асыға күтетіні де ғанибет қой. Байсалдылық пен байыптылық дәнін бойына жинақтаған журналист қаншама сан мыңдаған жандарға өз бойындағы асылын сыйлап жатады./17/
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген американдық ағартушы Бенджамин Франклин өзіне “күнделікті ұсақ ізгіліктердің 13 ережесін” жасаған. Оларға: ұстамдылық, үнсіздік, тәртіп, шешімділік, іскерлік, ашықтық, әділдік, үнемділік, тазалық, сабырлық, салқынқандылық, сыпайылық секілді қасиеттер кірген. Адам пендесі осы жайлардың бәрін дерлік бір бойына жинақтағаны жөн.
Сонымен, теледидар алдыңғы сан миллиондаған көрермен көңіліне кірігу, оларды ерекше әсерге бөлеу де журналистің психологиялық шеберлікті қажет етері даусыз. Алғашқы сөз, пікір, ой, мәнер, бәрі де бір бір мезгілде іске қосылуы тиіс. Бір-бірін толықтыра, толтыра орынды айтылған пікір де көрерменін серпілтіп, еліктіріп, көңіл-күй орнықтыра, теледидар алдынан кете алмайтындай жағдайда ұстау да журналистерміздің арманы. Сондықтан да жүргізуші бойынан тележурналистке тән әдептілік иірімдері кезең-кезеңімен көрермендер көз алдынан көлбеңдей өтіп, хабарлардың өн бойында қосыла өріліп отырғаны жөн./18/
Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қатыса отырып, Конституциялық Кеңес өзінің нормативтік қаулылары арқылы қолданыстағы құқық нормаларын жасайды, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтарының конституциялық негізде өзара келісіп іс-әрекет етуіне, конституциялық заңдылықты нығайтуға, адамның және азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары қорғалуына септігін тигізеді. Алайда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметіне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады, деп белгілейтін нормасы (11-баптың 1-тармағы) осы уақытқа дейін заңнамада іске асырылмады. Конституциялық Кеңес, мұндай жауапкершілікті сотты құрметтемегені үшін белгіленген жауапкершілікпен ұқсастыра отырып енгізген жөн деп пайымдайды, ал бұл Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңестің беделін көтеру және оның Негізгі Заңды қорғаудағы мүмкіншіліктерін күшейту қажет екендігі туралы тапсырмаларына сәйкес келеді («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының VІІ-съезінде сөйлеген сөзі).
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін бағалай отырып, Конституциялық Кеңес, Республиканың құқықтық жүйесі тұтас алғанда Конституция негізінде және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес сәттілікпен дамып, жетіліп келе жатқанын атап көрсетеді.
Сонымен, конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Республика Парламентіне конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы осы Жолдауды жібере отырып, Конституциялық Кеңес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган, сондай-ақ Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар заңнама саласы мен оны қолдану практикасындағы аталған проблемаларды шешу үшін өз құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылдайды деп сенім білдіреді. Бұл елімізде конституциялық заңдылық режимінің нығаюына және конституционализм принциптерінің орнығуына септігін тигізеді.
Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.
Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызға бөгет бола бастады.
Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.
Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.
Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі Іс жүзінде өткізілген Парламентке сайлаудың жарамсыздығы туралы дауды қарастыру кезінде сөз тек сайлау заңнамасын бұзу туралы ғана емес, сонымен қатар Парламенттің заңды құрамын қамтамасыз ету қажетті, Президенттің легитимділігі қамтамасыз ету қажеттігi туралы жүреді. Ал заңды қабылдау жөнінде референдум өткізген кезде Конституциялық Кеңес халықтың шын еркін анықтауды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Әрине, талқылау кезінде Конституциялық Кеңес азаматтардың субъективтік құқықтарын да тікелей, сондай-ақ жанама түрде қорғайды.
Көрудің, естудің және сөйлеудің қосылуы негізінде адамдардың қоршаған орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл осы кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси пікір таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары кейінірек парламенттік мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі "парламент" сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда "раrler" "сөйлеу" деген мағынаны білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда болуы публицистикаға негіз болған екінші бір кұбылыс болып саналады.
Халқымыздың ақындары, батырлары, хандары мен билері, ақсақалдары мен әулиелері тауып айтқан асыл сөздің маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық. Бүгінгі қазақ публицистикасының бір бастау бұлағы сол халық даналығында жатқандығын жадымызда әрдайым ұстауымыз керек.
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша тарихи деректердің көрсетіп отырғанындай, Еуропа мен Азия кұрлықтарының Ұлы даласын мекендеген біздің бабаларымыз сол кездегі рулар мен тайпалар тек аңшылықпен, мал өсірумен ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа таңбалап, ескерткіш белгі етіп қалдырған.
Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.
Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистолографияның алғашқы көріністері туды.
2.3Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндекөркем әдебиет және радиопублицистикада қарастырылуы
«Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн» [28,8 б.] ойылып жазылған. Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өзіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер мен жанрлар дерлік түрленген күйінде радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар, психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз. Қазір де «ауызша радио естеліктер», «дыбыстық кітап» дегендер кездесіп қалады.
Сөйтіп, радио өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндекөркем әдебиет және радиопублицистикада қарастырылуы- радионың қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан, оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.
Радионың демалдыру - ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақтар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларды әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады. Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жүмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді.
Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік тауқіметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету мэдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар, бітпейтін тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар. Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңдейді.
Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.
Көбіне, ойын-сауықтық хабарлар журналистика талаптарына толық жауап бере алмайды, сондықтан оның аралық сипатына назар аударамыз. Яғни, мұнда көпшілік мәдениет, шоу-бизнес, эстрада мен әзіл-сықақ театрлары элементтері басым түсіп жатады. Оны жүргізушілерден журналистік қабілеттен гөрі, әртістік және коммуникабельділік талап етіледі. Дегенмен, радиотыңдармандар қатарын көбейту үшін әртүрлі аудиторияның талаптарын ескеріп, эфир кестесін түрлендіру, қажетті ақпаратты таратып отыруға да көңіл бөлген жөн.
Міне, радионың міндеттері сан қырлы екендігіне көз жеткіздік. Оның эстетикалық табиғаты да шексіз, шығармашылық мүмкіндіктері де мол. Соның бәрінің басын біріктіретін бір қасиетті ұғым — дыбыс. Радио — дыбыс өнері. Бір жылдары радио ешқандай да өнер емес деп, рөлін төмендетпек болғандар орынсыз пікірталас тудырған еді.
Өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары радиотолқында тараған “Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!” деген лепті сөз - кеңестік тұңғыш радиохабары, мүлде жаңа идеялық мазмұнымен, болашаққа қарай мезгеген құдіретті үнімен адамзат назарын бірден баурап алған еді. Сол кезден бастап талант талғам өрісін кеңітетін, мүмкіндігі мол жаңа өнерге жол салынып, жаңа өнердің есігі айқара ашылды. Ол радиоөнер еді.
Радиоөнер ешбір елде бірден қалыптасып, бірден толысып кеткен жоқ. Бұның ашылар қойнауы мен құпиясы, сыры мен қыры әлі көп. Сондықтан да болар, радиоөнердің тәжірибелерін жинақтаған толық бір теориялық негіз әлі күнге жасалмай келеді.
1979 жылы В.В. Егоров пен В.Н.Ружников былай деп жазады: “...радио мен телевизия өнері ерекше жаңа түр ретінде барған сайын өзінің мол мүмкіндіктерін ашты. Олар өзге де өнер салаларымен бірге, халқымыздың рухани мәдениетінің молшылығы үшін белсенді араласып келеді. Газет, журналдардан айырмашылығы - телевизия мен радиохабары телефильмдер мен радиоспектакльдер - өнер шығармаларын жасау мүмкіндігі бар” [26, 253б.].
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндекөркем әдебиет және радиопублицистикада қарастырылуы - радиоөнердің сипатын радиотехниканың мүмкіндігіне байланыстырып, немесе радиожурналистиканың ерекшелігіне жатқызып айтылатын кейбір пікірлер бұл өнер табиғатына толық үңіле алмай келеді. Ол әлі де болса зерттеу аясын кеңітіп, тыныс алғыза түсуді керек ететін, болашағы зор, сипаты сырлы ерекшеленер өзіндік негізі, бұтақ жаяр кеңістігі бар үлкен өнердің бір саласы деуге әбден болады.
Өнертану ғылымының кандидаты Т. Марченко бір мақаласында: “Соңғы жылдары радиодраматургияның жетістігі ерекше сезіле бастады. Ол театрдағы пьеса, киносценариймен бірдей кәдімгі әдебиеттер құрамына енді. «Әлемдік радиопьесалар» сериясы бойынша “Млечный путь” деп аталатын жаңа жинақ шықты. Радиоқабылдағыштың құлағын қосар болсақ, акустикалық театр мәдениетінің өскендігіне, шығарманы радиоөнердің айқын да әсерлі тілмен жеткізетіндігіне сенеміз” [27, 65 б.]деп жазды.
Радиоөнері туралы айтпас бұрын, әуелі мына бір екі мәселенің басын ашып алу керек сияқты. Радиохабарларын көркемдеу бар да, радиоөнер бар. Бұл екеуі әсте шатастыруға болмайтын өз алдарына мүлдем жеке-дара ұғым. Кино, театр өнері сияқты радионың да өзіне тән, табиғатына лайық көркемдеу тәсілдері бар. Ол ең алдымен сөз мәнерінен, музыка өнерінен, композициялық стилінен көрінеді.
Радиодан берілген БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндекөркем әдебиет және радиопублицистикада қарастырылуыерекшелігі ретінде көптеген хабар, мейлі ол очерк, суреттеме, корреспонденция болсын, мүмкіндігіне қарай жасандырып беруді қажет етеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы туралы корреспонденция келіп түсті дейік. Мұнда ауыл өмірінің барлық саласы жеке-жеке сөз болады. Ауыл табиғаты, шаруашылығы, мәдени тіршілігі түгел қамтылған. Корреспонденция қаншалық жақсы жазылғанымен, оны сол күйінде диктордың эфирге оқып шығуы радионың шын сипатына жатпас еді. Сол үшін оны өз мазмұнына сәйкес музыкамен көркемдеп, оқу өнерімен жандандыруға да тура келеді. Бірақ сонда да ол көркем шығарма бола алмайды. Ол радионың өзіндік стилі ғана болып қала береді.
Айталық, кино өнерінің де өзіндік стилі бар. Көркем фильм басталар алдында біз үнемі кино-журнал, немесе жарнама көреміз. Онда бізге республиканың өмірі, немесе бір шаруашылық, не кәсіпорынның жақсы істері, кейде әр елден хроникалар көрсетіледі. Мұны көркем шығарма, яғни киноөнер деп қабылдай аламыз ба? Әрине, жоқ. Бұл киноның алған тақырыбын көрермен қауымға баяндап беру стилі ғана. Киноөнерін біз көркемсуретті фильмнен ғана көреміз. Сол сияқты радиоөнерді біз, тек радиолық көркем шығармадан ғана естіп, көз алдымызға елестете аламыз.
Қазіргі радиопублицистиканың адам құқығын қорғаудағы журналистік әдістердің ерекшелігінің қайнар көзі жазба әдебиетінен де бұрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның көсемі өз сарбаздарының аддында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нүрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды.
