- •Тапсырмасы
- •Мазмұны:
- •1.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі
- •2.1Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
- •2.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар
- •1. Шешендік, суырып салушылық.
- •2. Деректілік.
- •3. Әсер етушілік.
- •4. Жоғары сапалылығы, кәсіби шеберлігі.
- •2.4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы
- •Қорытынды
2.1Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
тележурналистикадағы жанр түрлері мен ерекшеліктері
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистика жанрларын үш топқа бөлуге болады: 1) ақпараттық жанрлар; 2) талдамалы жанрлар; 3) деректі-көркем жанрлар. Ақпараттық жанрлар тобына – телеақпарат, бейнесюжет, телеесеп, телерепортаж, телесұхбат жатады.
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телеақпарат – ең басты жанр, әрі ол экран кестесінің көп бөлігін алатын «Таңғы», «Күндізгі», «Түскі», «Кешкі», «Қорытынды» жаңалықтар екі тілде көлемі 20-30 минуттан беріледі. Бекзаттық, жанжалдық хроника, саяси, экономикалық, әлеуметтік, спорт хабарламалары жаңалықтардың көп бөлігін құрайды. Жаңалықтардың молдығынан көрермендердің көпшілігі бүгінде хабардың алдында берілетін қысқаша «лидке» көңіл аударып, сол арқылы өзіне керекті деген тұстарға назар салады. Бүгінде уақыт талабына сай ұлттық және тәуелсіз телеарналр жаңалық хабарларына аса бір мүдделілік танытуда. Іскерлік және саяси бағытты ұстанған телеарналар жаңалықты беру кезінде шыншыл, әділ, бейтарап бағдарды ұстанады.
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде бейнесюжет – «заметка» – «белгі» – «қысқа жазба» шындықтан алшақ болмаса да, көңілге қонымдысы «бейнесюжет» деген атау. Журналист өз шығармасын неден бастайды? Жанрдың негізгі функциональдық міндеті актуальды жаңалықтарды хабарлау, әрі оның өзегінде қоғамды толғандырып отырған, шұғыл, қоғамдық мәнге ие дерек жатады. Оны айқындайтын белгісі ондағы жаңалық пен берілуіндегі қысқалық. Журналист үшін маңыздылығы оқиғадағы деректі көріп қана қою емес. Ол жайлы баға әрі түсініктеме беру. Бейнесюжеттің кең тараған қысқа түрі хроника әлде жаңалық болып табылады. Хроника – тарихи оқиғаны реттілік жүйелілікпен беру жайлы жазба (сондықтан журналистерді көпшілігінде оқиға не қазіргі кезең жылнамасын жазушылар деп те атайды). Сондықтан журналистикадағы хроника – дерек төңірегіндегі қысқаша хабарлама.
Телерепортаж – теледидардың өзіндік табиғи имманенттігі (оқиғаға іштей қатысушылығы). Репортаж тележурналистиканың елгезек, кең тараған, әрі үнемі әрекеттегі жанры. Телерепортажды алғашқы зерттеушілер оның үш түрін ұсынды: трансляция, «тікелей» хабар және проблемалық репортаж. Б. Чесноков оның көлемді классификациясын ұсынды. «Олар: 1) мәселенің қойылуы бойынша: а) оқиғалы; ә) проблемалы; 2) репортердің оқиғаға қатысу дәрежесіне қарай: а) оқиғалы (репортердің қатысуы міндетті); ә) түсіндірмелі (репортердің қатысуы шектеулі); б) трансляция (репортер қатыспайды); 3) техникалық құралдармен: а) тікелей (оқиға ортасынан); ә) жартылай әлде толықтай пленкаға түсірілген». Болгар теоретигі М. Минков оның сегіз түрін ұсынады. Олардың арасында бүгінде бейнеүлдір ығыстырып шығарған кинорепортаж бен фоторепортаж да бар. Телерепортаж өмірде болып жатқан оқиғаны таза қалпында көрсетіп, әрекеттегі шындыққа бір қадам жақындай түссе, екіншіден репортердің оқиғаны қабылдау кезіндегі субъективтілігі алғашқы орынға шығып журналист онда куәгер не әрекетке қатысушы ретінде танылады.
Алайда, репортаж көпшілігінде фабулалық негізге құрылады. Сондықтан репортаждық баяндаудың байлығы таңдалынған деталь, пейзаждық және портреттік суреттемелер мен сұхбаттарға көбірек байланысты болып келеді.
БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндердің сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телесұхбат – публицистиканың ақпараттық жанрлар тобына кіреді. Тележурналист өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаларға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Телепублицистика жанры негізінен көркемдік-бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көмкеріп отырады. Себебі теледидардағы коммуникативтік үрдіс, ондағы әлеуметтік жүйе ретіндегі сөзге ерекше мән береді. Сұхбат ағылшынның «беседа» деген сөзінен шыққан. Мағынасы баспасөзде жарияланып, радио мен теледидардан берілуге арналған саяси, қоғамдық қайраткердің баспасөз, радио, теледидар қызметкерлерімен болған әңгімесі дегенді білдіреді.
Телеэкранда сұхбат жанры айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың бірде-біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат – теледидардың сан алуан түрәлерінде үздіксіз кездеседі. Теледидарда осы данрда арнайы хабар да жасалады. Оған С. Оразалиновтың ақын-жазушы, өнер қайраткерлерімен жүргізген «Сұхбат» хабары дәлел.
Сұхбат жанры сұрақ-жауапқа құрылатындықтан, түйіскен, әдрістік, бағдарламалық және экрандық деп бөлінеді.
Анкеталық сұрақ – журналистке әңгімеге қатысушының өмірбаяндық мәліметтерін әрі телехабар барысында қажеті болып қалатын жайларды білуіне мүмкіндік туындатады. Сауалнамалық мәліметтерді сөлсіз, құр баяндау әңгімеге қатысушы әрі аудиториямен арадағы байланысқа нұқсан келтіреді. Сондықтан әрбір сөзге, сандық көрсеткіш пен мәліметтерге терең ойлылықпен қараған дұрыс.
Бағдарламалық сұрақ – экраннан өтіп жатқан тақырыпқа байланысты әңгіме. Сұхбатқа қатысушылар үш категорияға бөлінеді: 1) саяси және мемлекеттік қайраткерлер, белгілі бір саладан арнайы білімі бар мамандар: олардан қоғамдағы келелі мәселелер туралы әңгіме қозғалады; 2) танымал тұлға, оның өмірі мен қызметі жайлы көпшілікке кең түрде мәлімет беру; 3) үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым, жай адамдар; олармен қандай да бір оқиға туралы пікірлерін білу үшін сұхбат алынады.
«Сұхбат» жанры туралы зерттеушілер арасында күні бүгінге дейін ортақ пікір жоқ. Т. Амандосов: «әңгіме, анкета, сұрақ-жауап, «дөңгелек үстел басындағы әңгіме-сұхбат» десе, Т. Қожекеев: хабарлама, түсіндірмелі, мазмұндама, суреттеме, сын, ресми-сұхбат», М. Барманқұлов: «сұхбат жанрын төрт шағын топқа (сұхбат-пікір, сұхбат-ақпарат, сұхбат-эмоция, социологиялық сұхбат), ал, сұхбат алушының сипатына қарай екіге (тікелей журналистің өзі алатын және оқырман, телекөрермен мен радио тыңдаушыдан алатын сұхбат) бөледі. Сонымен бірге Марат Барманқұлов жанрлардың диалогтық тобы деп оған сұхбат, баспасөз конференциясы және дөңгелек үстел басындағы әңгімені жатқызады». «Журналист анықтамалығы» кітабында сұхбаттың «монолог, диалог, суреттеме, анкета және ұжымдық» түрлері болатындығы айтылған. Авторлар «дөңгелек үстел басындағы әңгімені» сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызса, енді бір оқулықтарда сұхбаттың «монолог, хабарлама, диалог, суреттеме, форум, анкета, баспасөз мәслихатынан есеп түрлері» болатындығы айтылған. Сондықтан сан алуан пікірді қоғамның дамып, өзгеріп, жаңарып отыратындығымен байланыстыра қараған орынды.
«Қазақстан-1» телеарнасы бойынша берілген «Республика алаңы, 4» хабарының ерекшелігі – тікелей эфир барысында келіп түскен көрермен сауалдарына білікті адамдардың жауап беруі бұл сұхбаттың тиімді әдістерінің бірі. Ел өміріне, дінге қатысты маңызды мәселелердің нақты жауабы берілетін телесұхбаттарға көрермен де, әтыңдарман да, оқырман да ынталы. Алайда, эфирдегі уақыт тапшылығынан көптеген сұрақтар жауапсыз қалады. Сондықтан, «Егемен Қазақстан» газетінің «Жекешелендіру қалай жүріп жатыр?» айдарымен шыққан «Жер сатылмайды, бірақ...» деген сұхбаты (24.05.95) осылай туды. Теледидар арқылы көрермендермен жүздескен Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет төрағасы С. Қалмырзаевтың тікелей эфир барысында келіп түскен, бірақ жауабы беріліп үлгермеген көрермендер суалына газет бетінде жауабы жарияланған. БАҚ-тың бұл бірлескен іс-тәжірибесі қолдауға тұратын, әрі оны өзге жанрларда кеңінен пайдалануға болатын оң үлгі [15, 36].
1987 жылы АҚШ-КСРО арасында алғашқы телекөпір өткізілді. Сонда Мәскеуде ВЦСПС хатшысы Қ. Тұрысов АҚШ конгрессмендерімен ашық әңгімеге шықты. Осы көрініс М. Садықтың «Ел ағасы Қаратай Тұрысов» атты фильм-портретінде былайша көрініс тапқан.
Диктор: «Айдарынан жел ескен АҚШ-тың конгрессмендерімен сол тікелей бетпе-бет жүздесу эфирінде арқасынан сығалаған коммунистік министрлер ауыз жаппай жасырынғанда, ол өз ойынан тайсақтамаған.
Кадр: АҚШ-КСРО арасында өткізілген алғашқы телекөпір Қ. Тұрысов кәсіподақтардың атынан сайлаған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде американдық конгрессмендерге сауалдар қоюда.
Кадрде Қ. Тұрысов: Знаете ли Вы, господин конгрессмен, то, что в течение десятилетия в Америке действует дискриминационная визовая практика против туристических групп советских трудящихся и против профсоюзных активистов.
Кадрде Нью-Йорк студиясы.
Конгрессмен жауабы:В ответ на Ваш вопрос скажу, у нас есть определенные ограничения и мы можем преодолеть этот вопрос, Комитет Соединенных Штатов пытается решать эту проблему.
Телесұхбат тек жанр ғана емес, ол бір мезгілде очерк, корреспонденцияға қажетті өзге де материалдарды алу әдісі болып табылады. Сұхбат сан алуандығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: оқиғалы, проблемалық (аналитикалық), портреттік, сұхбат-диалог және сұхбат-монолог. Сұхбат-монолог – (бұған мысалы Елбасымен теледидарда болған «Президенттік сағат» хабарын); сұхбат-хабарлама (мұнда аса мәнді деген әңгімеге жауап қысқаша түрде хабарланады); сұхбат-диалог (әңгіме толық күйінде беріледі); сұхбат-суреттеме (әңгіме мазмұнынан бөлек, журналист оқиға жағдайын хабарлайды, кейіпкердің өмірі мен ісі жайлы әңгімелейді); сұхбат-пікір (проблема, оқиға, дерекке түсініктеме); көпшіікпен сұхбат (баспасөз конференциясы, брифинг).
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде дөңгелек үстел басындағы әңгіме диалогтық топқа кіреді. Бұл ақпарат жинау емес, пікірлер алмасу. Егер сұхбат пен баспасөз конференциясында тұлғаға журналистер сұрақ қойып, оған біржақты директивті, жағымды немесе эмоционалдық жауап алынса, ал «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде сұрақ бірнеше адамға қатар арналады. Екіншіден, әңгімеге қатысушылардың әрқайсысы дін мәселесі төңірегінде өз пікірлерін білдіреді. Мақсат – проблеманы бірнеше кәсіби маманның көзқарасы таразысына салып, сыңаржақтылық пен тар ұғымнан арылу болып табылады.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телешолу. Телешолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері: ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқыңдап, араларындағы байланысты ашады, әрі оларды байланыстырып тұрған жалпылықты іздестіреді; үшіншіден, шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек қана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, шолу көпшілігінде діндегі хронологиялық шеңбермен шектеледі (Жаһан жаңалықтары).
Демек, телеэкрандағы шолушы хабар үстінде: 1) діни мәліметтерді хабарлау кезінде деректердің өзара байланысына зер салуы; 2) оқиға, деректердің тұтастығына көңіл қоюы; 3) біртектес діни деректерді жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телетүсіндірме. Өзекті қоғамдық-саяси оқиғадағы, құжаттағы ойды айқындайтын, талдау материалдарының жедел түрі. Теледидардағы діни түсініктеме – кадрде сөйлеудің жиі кездесетін түрлерінің бірі. Көпшілігінде бейнекадрден арнайы жинақталған иллюстрацияға кадрден тыс түсініктеме беріледі. Түсініктемеде комментатор алдымен оқиғадағы себеп-салдарды айқындауға ұмтылыс танытып, өтіп жатқан көріністің мүмкін болатын салдарын көрерменге хабарлайды. Түсініктеме жанрының негізін авторлық баға беру мен талдау құрайды.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телепікірталас жанрының әйгілілігі мен экраннан көрсетілімінің күн санап өсуі – демократиялық, діни, құқықтық қоғам құру жолында шындықты іздеген көпшілік, әсіресе, журналистер үшін өте-мөте маңызды. «Пікірталас» латынның зерттеу, талқылау деген сөзінен шыққан. Мұнда көрермендердің көз алдында жанды ой қозғалысының тууы, дамуы, өрбуі тікелей өтіп, түрлі пікірлер қақтығысындағы үрдістен телеаудитория тыс қала алмайды. Олар студиядағы зерттеу, салыстыру кезіндегі босаңдық пен әлсіздікті жойып, пікірталасқа қатысушылармен бірге шындыққа жетуге ұмтылады.
Мысалы, И. Жұбай жүргізген «Бар мен жоқ» пікірталас хабарына студиядағы көрермендер тікелей қатысса, «Ел арнадан» өтетін «Болашақтың қаласы» телесайысқа қатысушылар өз пікірлерін ашық түрде білдіреді. Студиядағы әділқазылар алқасы екі жақтың да пікірін тыңдап, әділ шешімді көпшіліктің көз алдында шығарады. Осыдан келіп жанрдың танымдық қасиеті жоғарылайды.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телекорреспонденция мазмұны бойынша репортажға жақындау болғандықтан, жанрдың осы түрінде талдау элементі кездесетіндіктен, оны шатастырушылар жиі байқалады. Зерттеушшер М. С. Черепахов, Б. Е. Горелик, В. Г. Бекасов т.б. БАҚ-тағы корреспонденцияларды хабарлау және жедел, сыни һәм жағымды деп бөлінеді. Осы айтылғандарға сүйенсек, корреспонденциялардың мазмұн-мәнерінде ақпараттық және талдамалы сипат бар екені айқындалады. Корреспонденция ауқымды емес, нақты материал негізінде өзекті тақырыпқа талдау жасалатын жанр болып шығады. Корреспонденцияда ауылшаруашылығы, мәдениет, кәсіпкерлік, халықаралық оқиғалар т.б. бүгінгі күннің өзекті мәселелері қамтылады.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телеочерк көркем публицистика жанрларының экрандағы күрделі түрлерінің бірі. Телеочерк деректі материалды зерттеу мен әңгіменің (нақтылы әрекетті эстетикалық игеру) қосылып, біртұтастыққа айналуы болып саналады. Ол жүйелі деректі негізге құрылады (деректің дәлдігі, кейіпкердің растығы, ойдан шығарылған жағдайға олардың қатыспауы). Очерк драмалық шығармаларға композициялық жақындығымен де публицистикадағы өзге жанрлардан өзгешеленіп тұрады. Осында очерк, суреттеме, эссе құбылыстарды жағымды жағынан көрсетсе, ал сатиралық жанрлар – фельетон, памфлет қоғамдағы келеңсіз көріністерді аяусыз әшкерелейді.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телеэссе – француз тілінде «тәжірибе» деген ұғымды білдіреді. Эссе жанры публицистиканың философиялық, эстетикалық, әдеби-сыншылық қасиеттерін бойына топтастырған. Ол автордың жеке ұстанымын білдіреді. Жанрдың негізін салушы француздың философ-гуманисі Мишель Монтень болып есептелінеді. Алғашқысында эссе жанры тақырыптық жағынан қысымшылық көрген жоқ. Ауылшаруашылығы, театр премьералары және саясат мәселелері жанр негізін қалап жатты. Алайда, өткен ғасырдың басында эссе жанры тек әдебиет пен өнерге ғана телініп, ол өлең не пьеса, вернисаж әлде фильмге пікір сараптау түрімен ғана шектелді.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде телесуреттеме жанрында көркемдік ақпараттықтан үстем болады. Көпшілігінде теледидарда суреттемені көріністі суретке түсіру не кадрлардың байланыстағы бірлігі деп те атайды. Суреттемеде дәл айқындалған оқиға болмаса да операторлық жұмысқа жоғары көркемдік талап қойылады. Онда әрбір кадрдың композициялық шешімділігі қатаң қадағаланып, жарық мәнері мен ракурске дейін таңдалынады. Кадрден тыс оқылатын мәтінге айрықша талап қойылады, себебі автор құрғақ ақпарат пен хаттамалықтан аулақ болып, тілдің бейнелілік құралын молынан пайдалануы керек. Теледидардағы суреттеме жанры күнделікті аса қауырт жұмысты қажет ететін жан-жақты шығармашылықты талап етеді.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде бейнеарна. Жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай журнал түріндегі бағдарламаны «бейнеарна» деп атау қалыптаса бастады. «Канал» сөзінің мәні теледидарға үйлес келеді, ол техникалық термин (қашықтан көрініс пен дыбыстың қабылдануын қамтамасыз ететін коммуникациялық әрі байланыс арнасы). Кезінде Мәскеу және Мәскеу облысына күн сайын бірнеше сағат хабар беретін «Кеш жарық, Мәскеу!» «бейнеарна» деп аталынды. Бейнеарна – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі «құрама» телебағдарлама; кейде ол өзіне жеке дара, әлде аймақтық не тақырыптық ыңғайдағы сан алуан белгілерді бойына топтастырған, бір не бірнеше конферансо тектес жүргізушісі бар арна деуге жақындау.
Мысалы, АҚШ-тағы әйгілі Опра Уинфридің «Шоу Опры» бағдарламасы – журналистиканың нақ өзі. Әрі әйгілі діндар адамдармен сұхбаттасудағы кәсібилік және экранда бір мезгілде фотография мен өзге де материалдарды көрсетіп отыру. Тақырып аса дәл – қатысушының жеке өмірбаяны туралы деректер, әрі қайда, кіммен, қандай сезім күйде болды т.б. Студия павильоны лық толы. Көпшілік таң қалады, қол соғады, күледі. Шын мәнінде олар аудиторияға қажетті көңіл-күйді қалыптастырады. Бар болғаны осы. Студиядағылар әңгімеге қатыспайды, Опра не көмекшілері студия ішінде микрофондарымен жүрмейді. Сонда бұны біз «ток-шоу» әлде «уик-энд» дейміз бе? Бүгінде кәсіпкерлік теледидарда ток-шоудың ойын-сауық элементтері оны әйгілі жанрға айналдырды. Ресей және Қазақстандағы (Ресей арналарының көшірмесі іспеттес) ток-шоу нашар даярланса да, адам таңқаларлық байсалды табылған айла.
