- •Тапсырмасы
- •Мазмұны:
- •1.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі
- •2.1Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
- •2.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар
- •1. Шешендік, суырып салушылық.
- •2. Деректілік.
- •3. Әсер етушілік.
- •4. Жоғары сапалылығы, кәсіби шеберлігі.
- •2.4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы
- •Қорытынды
1.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі қандай болуы керек?
Оның кәсіби шеберлігінің сыры неде деген сұрақтар әлі де зерттелу үстінде. Ғылыми коммунизмнің негізін салушылар бұл жөнінде талай-талай құнды пікірлер жазып қалдырды. Ф.Энгельс “Коммунистер және Карл Гейнцен” деген мақаласында публицистің кәсіби сипаты қандай болуы керектігін тұжырымдай келіп: «белгілі бір көзқараста болу, игілікті пікірде болу жеткіліксіз. Ол үшін терең ойшылдық пен ақыл, ашық та айқын пікірлі ой, жарасымды стиль және білімділік керек»[5, 241 б.]-деп жазды. Пікірде БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміәдеби-публицистикалық, қоғамдық қызмет адамдарының бойынан табылуға тиісті қасиеттер айқын көрсетілген. Өз дәуірінің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміесебінде, көкейкесті проблемаларын қозғап, қоғамдағы алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және басқа арнаулы хабармен қамтамасыз ету, жұртшылықтың қоғамдық пікірін, көзқарасын қалыптастыру сияқты маңызды да жауапты жұмыс шынайы кәсіптік даярлықты, үлкен шеберлікті талап етеді.
Талантты тележурналистер өз хабарларында сөз, музыка және бейне көріністерді шебер қиюластыра, өмірдің айшықты суретін экранда нанымды етіп береді. Бізді қоршаған орта нағыз шынайы өмір. Замандастарымыздың әрбір күні әсемдік әлемімен, ән-күймен, өнермен, күрделі проблемалармен етене байланысты. Кез келген еңбек адамының образын, тұрмыс-салтын бейнелеуде, рухани жан дүниесін бар қырынан, нанымды етіп ашып көрсетуде, оның өнерге, жаңалыққа, болашаққа деген құштарлығына, ой-сезімдеріне терең барлау жасамай болмайды.
Себебі, замандастарымыздың асқақ бейнесін жасауда, оның егемен елдің адамына тән идеялық сенімін, рухани кемелдігін көрсетіп, адам бойындағы ең тамаша дінаралық байланыстақырыбы және оның қасиеттерін аша білуіміз қажет.
Өмірден үйрену, көрген – білгенді зердеге тоқу, сөз өнерінің қыры мен сырына терең бойлау тележурналистің басты қасиеті болуға тиіс. Бұларсыз ол өмірдің өз тілімен сөйлеп, көпшілікті айтқанына сендіре алмайды. Эфирден берілетін әр сөзіне жауапкершілікпен қарау, хабарының көрерменін жалықтырмайтындай болуын көздеу, дінге байланысты деректің нанымдылығы сияқты мәселелерге журналист жоғары талғаммен қарауы тиіс.
“...Біз журналист шеберлігін қойған мақсатының айқындығына қарап, дін жөніндегі пәнді меңгере білуіне, мазмұнды жазып, оған жарасымды форма табуына және оның жазу әдісінің барған сайын жетіле түсуіне қарай бағалайтын боламыз”[11, 63б.], - дейді, профессор Тауман Амандасов.
Тележурналистің шеберлігі оның ұйымдастырған хабарынан, микрофон алдында сөйлеу мәнерінен, кейіпкерлерін әңгімеге тарта білу қабілетінен көрініп тұрады.
Телевизиялық журналистке жүктелетін міндет те өзің өмір сүріп отырған қоғамның толғақты дін проблемаларын тап баса отырып, көпшілік пікіріне жолбасшы, бағыт берер бағдаршам болуда екен.
Теледидардағы бағдарламалардың дін және конфессияаралық байланысты журналистік әдістердің ерекшелігі ретінде қызғылықтығы мен кейіпкерлер бейнесінің ашылуы, көрерменнің ойын оятып, оның өмірінде қандай да бір өзгерістерге жол ашса, ол өзіне жүктелген міндет пен уақыт үдесінен шыққан болады.
Позицияға профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев өзінің «Журналистика Казахстана» энциклопедиясында мынандай мағына берген:
Позиция 1)орны, орналасуы 2) жұмысқа деген көзқарасы, журналистің іс-әрекеті.
Ал, Құдайберген Тұрсын мен Жарылқасын Нұсқабайдың “Көгілдір экран құпиясы” атты сөздігінде, позицияға мынандай анықтама берілген.
“Позиция-бағыт белгілі бір мәселеде ұстанған жол”[13, 63б.]
Журналистика әлемі – алып мұхит. Арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын бізді өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де дінді жан-жақты зерттеп, даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже-мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымның қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс-әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз биігінен баға беріп, ой-тұжырым жасайды.
Парасат әлеміндегі діндар кейіпкерлерінің көңіл-күйіне ене отырып, солармен бірге тыныстап, сезім шуағына бөленеді. Осының бәрі де «шеберлік» дейтін мәнді ұғыммен етене байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің өмірге келмейтіндігі әлімсақтан белгілі. Десек те, бізде күні бүгінге дейін тележурналистикадағы жекелеген даралықтардың методологиясы тиянақты зерттеліп, қорытылған емес. Қазақ тележурналистері бұл саланың жетістіктерін толық меңгеріп, игеріп кете алған жоқ.
Өнер қай кезеңде де мәңгілік. Әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміерекшелігі ретінде, ол - миллиондар жүрегіне жылу беретін, халық санасындағы өткен кезеңдердің сұрыпталған көркем бейнесі. Осы көркем бейнелерді өмірге әкеліп, оған түр мен сымбат дарытатын-талант иелері. Шын мәнінде, қырық жылға жуық тамаша тарихы бар қазақ теледидары дінді таратушы және конфессияаралық байланыс жөніндегі қалам тартқан таланттардан кенде болған емес. Замана ағымына, уақыт тынысына орай сол кезеңдердің өткір де толғақты проблемаларын, хабарларының алтын арқауына айналдырған Совет Масғұтов, Қадыр Даутов, Марат Барманқұлов, Сұлтан Оразалин, Шерхан Мұртаза, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қынабай Аралбаев, Бейбіт Құсанбек теледидардың қиын да қызықты тарихының куәгерлері. Теледидарға өзіндік бет тауып, соны соқпақ салып, мәнерлі үн мен сөйлеу тілін қалыптастыру таланттардың ғана ақыл-ойынан суарылып барып өмірге келетіні анық.
Өмірде қадамын жаңа бастаған жас журналистерді әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмінсипаттайтын тақырыпты қайдан аламыз, материалды қалай жинақтаймыз, кейіпкерлермен қалай әңгімелесеміз, сюжет және композицияны қалай құру керек, қалай жазуымыз керек және жазылғандарды қалай өңдейміз, жалпы, сценарий жазу технологиясы қандай? - деген мың сан сауал ойландырады. Шын мәнінде, шебер журналист боламын деген жастың құпиясы мол, ағыны қатты, иірімі терең, қатпарлы да қалың дүние жайлы сәттілік ойлардың құрсауынан өмір бойы босап шыға алмасы анық. Ол, кімді болсын, өзінің қайнарлы, терең иіріміне үздіксіз тарта береді»[14, 36 б.].
Бүгінгі таңда әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді әдістердің ерекшелігі қай салада болмасын бағалауды қажет ететін жайлар жеткілікті. Дегенмен, әдебиетті және өнерді деректендіру сыры неде? Біріншіден, өскелең уақытқа орай көрермен де өзгерді. Олар ақпараттар тасқынының молдығынан білім мен мәдениеттің шырқау биігіне көтеріліп, көп дін мәселесінде өздері байлам, қорытынды жасайды. Оларға теледидар, радио және газет ақыл-ойға нәр беретіндей дерек, факті және ақпараттарды үздіксіз беруде. Осы себептерге сүйене отырып, публицист және аудармашы Л.Гинзбург өз ойын құбылысты “шындыққа жалпы жақындау” деп қорытты.
Екіншіден, «елуінші жылдардың екінші жартысында өмірімізге кіріккен ғылыми-техникалық революция - фото, кино, радио, теледидар және видео саласында кереметтей таңдай қаққызарлық жаңалықтарға жол ашты. Адамзат баласының ақыл-ойының дамығандығы соншалық, бүгінде жаңалықтарды игерудің мамандарға да мүмкін болмай отырғандығы. Ақпарат әлемі шетсіз-шексіз мұхит іспеттес. Онда жағалаулар байқалмайды. Оған себеп, бізге бүгінгі күні ертең аласа көрініп, басқа бір ойлар үстемдік алады. Өйткені, ақпараттар тасқынының ғарыштық жылдамдықпен құйылуында. Деректерге жүгінсек, жыл сайын ғана “деректі” ақпарат 7 миллиард беттен астам, ал жоспарлы-басқару жазба құжаты 60 миллиард бетке кобеюде.
Күн сайынғы телебағдарламадағы хабарлар көлемі 2000 сағаттан астам»[15, 96 б.]
Ақпараттар тасқынының молдығы адамның саяси санасының дамуына да әсерін тигізуде. Ол адамдардың кәсіптік шеберлігі мен қоғамдық бағдарына да әсер ете отырып, оның жан-жақты қалыптасуына көмектесуде.
Теледидар төрінде қара сөздің құдіретіне айрықша мән берген. Сағат, өмірде де сөз тылсымына ерекше бас иіп өтті. “Ой биік те терең ғой, тек соны жеткізетін сөз болмай тұр-ау!”,- деген қаламгерлерді Лев Толстой қатты кінәлап: “Ой табылып, соған лайық сөз табылмады дегенге сенбеймін”,-деген болатын. Демек, өмірдің көркем шындығын кернеуін келістіре, дәуір көшіне ілестіре отырып, тап басу қажет екен. Ұшқыр ой мен салиқалы талдау да публицист қаламының қарымдылығына тікелей байланысты.
Әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміретінде тақырыпқа бірден ұмтылмай, оның ішіне жайлап, жан-жағына көз сала бәрін байқай отырып, аса сақтықпен енуі керек. “Жай жүрсең – алысқа жетесің” деген қағиданы тележурналистердің жұмыс барысында басшылыққа алуы еш артықтық етпейді.
Журналистика - өте жауапты өндіріс алаңы. Онда кез-келген жағдайда да сабырлылық керек. Егер журналист шешімі солқылдақ әрі іс-әрекетінен кемшіліктің белгісі аңғарылып тұрса оған деген теріс көзқарас қалыптасады. Іске селқостық қатынасы, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге әкеліп соқтырады. Материал жинау кезінде оған бетпе-бет келген адамдар екі ұшты ойда болады. Оған шындықты айту қажет пе, әлде жалған сөйлеу яки қажетті мағлұмат беру әлде бермеу керек пе, әңгімеге араласу керек пе, жоқ па?-деген сияқты. Қашанда шешімділік пен жинақылық, тиянақтылық пен парасат өз бойыңнан табылып, іскерлік үстем болуы тиіс.
Телебағдарламадағы журналист әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмініңерекшелігі ретінде айналасындағы оқиғаларды өзінің қабылдауы, өмірге көзқарасы және әлеуметтік позициясы тұрғысынан бағалайды. Ал оның дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасын өзі өмір сүріп отырған қоғамдық орта қалыптастырады. Шындығында, уақыт өмір сахнасына шығарып отырған әрбір құбылыспен қабыса отырып, ол жайлы көрерменге түсінікті тілмен және әсем айшықтармен жеткізе білу өмір талабы. Әр журналистің жасаған хабарлары терең де, жан-жақты талдауларға, жаңалықтарды, шындықты таба білу, аңғару дәрежесіне көтерілуге тиіс. Автор-сценарист өмір материалдарын зерттеп, дәлелдерін сипаттап, тақырыбын таңдап, деректерді жинақтап, қорытындыға келгенде де белгілі бір принципті басшылыққа алады. Материалдың жүйелі қиюласуы, оның шеберлігіне, тәжірибесіне, өмір шындығын саралай, талдай білуі мен деректерді іріктей білу әдісіне де тікелей байланысты.
Телехабардағы жүргізушілерді әрбір елде әрқалай атайды. Мәселен, Германияда оларды “модератор”, АҚШ-та “шоумен”, Англияда “энкормен” деген есімдері теледидар көрермендеріне жақсы таныс. Энкорь сөзінің түбі “якорь” (зәкір). Ол хабардың барлық тыныс-тіршілігін қолында ұстаушы, соған бақылау жасаушы.
Шетелде “шоумен”, “энкормендердің” жүргізушілік даралығы, шеберлік қарымы, алымдылығы мен шалымдылығы жүз миллиондаған көрермендердің көз алдында тікелей өтіп жатады. “Энкормендер”- теледидардың қоғамға, халыққа әсер етуінде теңдесі жоқ ерекше, зор құбылыс. “СИ-БИ-ЭС”-тің жаңалықтар қызметіндегі Дэн Разер “энкормендердің” немесе “тележұлдыздардың” бірі. 1984 жылы Разердің жылдық табысы 2,2 миллион долларды құраса, 1990 жылы бұл көрсеткіш 4 миллионға немесе аптасына 76 мың долларға жеткен.
«Дэн-аса талантты, қарымды, өткір тұлға. Ол өзі жүргізетін әрбір хабарға мұқият дайындала, оны қызғылықты жайлармен әрлей, өте тартымды, аса тартысты жүргізеді. Тікелей оқиға өтіп жатқан “отты нүктелерден” репортаж бере отырып, әлем таныған ірі, айтулы тұлғалармен экранда бетпе-бет келіп, азулы айқасқа түседі. Білімі мен біліктілігін, өзі ұстанған позициясын, таланты мен танымын әрбір хабарда соңына дейін сарқа пайдаланады»/7/.
Шындығында, бағдарлама жүргізушісі болу - аса ауыр әрі азапты жұмыс. Күн сайын әлденеше миллиондаған көз сенің әрбір қимылың мен сөзіңді, ақыл-ойың мен парасат-пайымыңды қалт жібермей қадағалап, таразылап, ой-өлшеміңе баға беріп жатады.
Тележүргізушінің шеберлігі мен біліктілігі жылдар бойы қалыптасады. Тапқырлық пен әдістерді меңгеру ауқымды ізденіспен, ауыр еңбекпен келеді.
Гарри Кингтен, “Телебағдарламадағы журналистке қандай қасиеттер керек?” дегенде, ол: “Біріншіден-қызығушылық, екінші-әңгімелесуші адамын тыңдай білу, ал қалғанын үйренуге болады”,-деп жауап берген. Осы қасиеттердің бәрі де тележүргізушілер үшін ерекше құнды. Эфир кезінде қонақтарды байыптылықпен, сабырлылықпен тыңдай білу де үлкен өнер.
Жалпы, журналист әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміретінде қай кезеңде де қоғамды толғантып, отырған мәселелерге үн қоса, соны шешу, шешілу жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биіктегі дәрежелермен иық теңестіре отырып, ой алыптарымен майдан төріндегі айқасқа алып келеді. Жалғыз ауыз сөзімен, қас-қағым сәттік ойлы орамдармен алып елдердің мемлекет не үкімет басшысын ой додаға қосу да, одан тұщымды, ойлы жауап алу да оңай шаруа емес. “Журналист актер, спортшы немесе дәрігер сияқты әрқашан жақсы формада болуы керек. Оған жайбарақаттық сезім лайықсыз, өйткені, өмір алға қарай тоқтаусыз жылжиды. Ал журналист сол өмір ағымына өзінің білімімен ғана емес, шеберлігімен де сай болуға тиіс”[7, 15 б.],-деп ой тұжырымдамайды Ю. Летунов. Журналист іскерлігінің сыры, оның табысқа жету құпиялары жайлы талай жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, ол кәсіптік даярлықты шыңдаудың бірден-бір жолы талмай үйрену, нысанды жалықпай зерттеу екенін дәлелдейді.
Шеберлік қырларының бірі - әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмітележурналистің өзінің ұстанған позициясы, стилі. Хабардың өн бойында көрермен түсінігіне жақын стиль табу қажет-ақ. Алайда, біздің редакторларымыз не жүргізушілеріміз хабар жасауды өз стилін жасаудан бастамайды. Ұзақ жыл істеген сақа не кеше келген жас жазсын, олардың позициясы, стилі, тілі, тақырыбы, жанрларының қауызынан шыққандай тым ұқсас. Бұл сценарий жаза білмеуден емес, әрбір редактордың өз стилін жасауға немқұрайдылығынан. Соның салдарынан бізде тақырып ұқсастығынан туатын жайлар тым көп. Ол тақырыптың аздығынан емес, жас редакторлардың ізденіске жоқ, не болмаса қажетті нәрсесін білмеуінің белгісі. Тақырыптан жұрдай болған редактор не айтарын білмей, нәрсіз риторикаға немесе шаблондық аллегорияға салынады.
Ал риторика болса ойдың кедейлігінен туады. Ұлттық теледидарымыздың биікке шыға алмай жатқаны да, ізденістен іркілістің, даралықтан “орта бойлы дембелшелердің” экран бетіндегі талғамсыз көптігінен. Өзіндік беті, соны соқпағы, айтар ойы, жеке даралығы болмаған “дарынсыздар” теледидардың алтынға бағаланар уақытын тақырып тарлығымен, ойсыз, нәрсіз ойларымен, жылуы жоқ, жылтыр сөздермен толтырып, сан миллиондаған көрермендерінен айырылып отыр. “Таланттарды жас кезінен тани біліп ”, мәпелеп, баптап, жарауын келістірсе, күні ертең-ақ от ауызды, орақ тілді шешендер теледидар төрінде көсіле сөйлеп, айызыңды қандырып, мерейіңді биіктетері ақиқат.
Телевизиялық публицистика жанрының көп қырлығы-жүргізуші шеберлігін шыңдап, дүние әлемін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді. Эфирдегі комментатордың мағыналы ойлары көп нәрсені аңғартады. Көрерменге айтылатын әрбір сөз өз жүрегінен, оның қатпарлы қабаттарымен қатар өріліп, қабыса қиюласа шығуы керек.
“Сөз өрнегін салу, сөз айшығын жасау-үлкен өнер. Бұл сөз қорын мол игеріп, оларды шебер қалай білу, шебер тіркестіре, үйлестіре алу, сөзді ырыққа көндіріп, көңілдегі көрікті ойды көркем жеткізуге қызмет еттіру”[15, 65 б.],- дейді профеесор Темірбек Қожакеев.
Танымал ғалым Н. Омашұлы “Журналист-қоғамдық тұлға, қайраткер. Қазір журналистиканың бағы ашылып, жұлдызы жанған кезең деп білген жөн. Бұрынғы қырсық тым идеологияшылдық, партияшылдық, тақырыптық диапазон тарлығы, жазар обьектінің аздығында еді. Қазір кемшілік журналистер қауымының мамандық мүмкіншілігін толық пайдалана алмай отырғандығында.... Ұшқырлық, тездік, батылдық, қандай да проблеманы ашық жазу, астарына үңілуге ұмтылу журналистикамыздың жаңа сипаттары деуге саяды»[16, 98 б.].
Осыдан түйіндейтін ой, біріншіден, әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмініңерекшелігі журналистердің қоғам алдындағы жауапты мамандығына селқостығы, екіншіден, басшылық пен продюссер тарапынан тікелей, күнделікті бақылаудың жоқтығы, үшіншіден, орыс тілі басымдық танытатын арналарда, ұлттық тіліміздегі хабарларға деген жауапсыздықтың белең алуы. Сондықтан, теле эфирдегі бағдарламаларды министрлік тарапынан бақылайтын арнайы орган құрылып, ол материалдың сапасы мен мазмұнына, тілі мен тақырыбына дейін саралап отыруы керек. Көрермен талғамы мен талабы жыл сайын артып отырған кезеңде, телеарналарды тілге салғырт қарайтын, мазмұнға мән бермейтін жауапсыздардан тазалап отырған артықтық етпейді»[18,153 б.].
ІІ Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндесөз бостандығымәселесі
Отандық БАҚ-тарда әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде ерекшелігі ретінде сөз бостандығы деген не?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында былай делінген: 1-бап.
1.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.
2-бап.
1. Сөз, БАҚ-тарда әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде ерекшелігі шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi.
Цензураға тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, дінаралық және конфессиялық қарым-қатынасты бұзбауға, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi»[17, 92].
Қазіргі уақытта Қазақстанда 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерді.
Мемлекет басшысының пайымдауынша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және заманымыздың күш көрсету, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге ықпал ететін болады.
Тәуелсіздіктің бұғанасын бекіту, елдікті нығайтуға атсалысу тележурналистиканың тікелей міндеті. Биліктің талабы мен халықтың тілегі бір арнада тоғысқан кезеңде, мемлекет мүддесі мен көрермен мүддесі де жақындаса түсіп отыр. Сөйтіп, қоғам сан алуан пікірлер тоғысы мен ой-идея еркіндігіне бет бұрғанда, қазақ тележурналистикасына да осы бағытта алдыңғы шепке шығу қажеттігі айқындалды. Сан миллиондаған көрерменнің ғасырлар бойына қалыптасқан кеңестік түсінік пен ұғым идеясынан, бірден арылуы да бірер жылдың аясына тарлық етері анық. Оған ондаған жылдар бойына сана-сезімі мен ойлау процесін демократия үрдісіне қарай ойыстыруға оңтайлы тетік тапқан, дарынды үрдісіне қарай ойыстыруға оңтайлы тетік тапқан, дарынды, тегурінді, аудиторияны сендіре әрі айтқанына ұйыта білетін талантты жүргізушілер шоғыры керек.
Елбасы Н.Назарбаев демократиялық қоғамға шынайы ақпараттық керек екенін айта келіп: “Біріншіден, азаматтардың нақты өмірдің, сондай-ақ, көпірме сөздің қайда екенін, екіншіден, ақиқаттың және қарақан бастың қамы үшін бұрмалаушылықтың қайда екенін, үшіншіден, іскерлік, парасат, сондай-ақ, пысықайлық қайда екенін, төртіншіден халыққа қызмет етудің, сонымен бірге билік үшін лас әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік береді. Халыққа осынау мәселелерді ақиқат түсінуге көмектесіңіздер”[18, 94б.],-деді.
Жаңа қоғамда, әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде ретінде сөз бостандығы ретінде қазақ тележурналистикасы әлі кәсіби шеберлігі, техникамен жарақтандырылуы жағынан олқы соғып жатты.Сексенінші жылдардың орта шенінде БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қазақ журналистерінің шығармашылық бағытын өзгертуге жасалған әрекет өз нәтижесін бере қоймады. Кадрларды жаңалау тәуелсіздіктен кейін мықтап қолға алынды. Тәжірибелі газет журналистерінің эфирге келуі, ақпаратқа шапшандық беріп, кең ауқымда ойлайтын, әрі қоғам толғатып отырған мәселелерді көтеретін жаңа бір лекті сахнаға шығарды.
I съезд Астана қаласында 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде өтті. Алғашқы басқосуға Еуропа, Азия және Африканың 17 елінен келген белгілі дін жетекшілері, қайраткерлер мен құрметті қонақтар қатысты. Қатысушылар дінаралық келісімнің идеялық орталығы іспетті осынау съезді тұрақты түрде өткізіп тұру жөнінде ұйғарымға келіп, оның жұмыс органы Съезд Хатшылығын құру туралы шешім қабылдады.
2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деген тақырыпта өткізіліп, оған Еуропа, Азия, Африка және Американың 20 елінен келген 43 делегация қатысты. Бұл форумда «Дінаралық сұхбат қағидаттары» атты маңызды құжат қабылданып, мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын ашу туралы бастама көтерілді.
Ал 2009 жылғы 1-2 шілдеде өткен III съезд «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі» атты тақырып аясында өтті. Елбасы бастамасымен ашылған мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының белсене атсалысуымен өткен Съезд жұмысына әлемнің барлық басты діндеріне қатысы бар 77 елден келген делегация мүшелері атсалысты. Бұл басқосуда Елбасы Н.Назарбаев Діни лидерлер кеңесін құруды ұсынды.
IV съезд 2012 жылғы 30-31 мамырда «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы» тақырыбымен өткізілді. Бұл жолғы басқосуға 40 елден келген барлық әлемдік және дәстүрлі діндерге, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдарға қатысы бар 87 делегация қатысты. IV Съезд аясында оның институттарының қалыптасуы жалғасты. Үйлестіруші орган ретінде Діни лидерлер кеңесі құрылып, оның құрамына дәстүрлі діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері енді. Діни лидерлер кеңесінің мүшелері елордадағы «Мәңгілік ел» даңқ қақпасының маңында «Рухани жарасым» аллеясын ашты. Съездің пленарлық отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаһандық толеранттылық пен өзара сенімді қалыптастыру мен нығайтуға арналған «G-Global» порталының құрамдас бөлігі болатын ғаламтор ресурсын құруды ұсынды.
Әрбір съезд отырысы ұйымдастырылған сайын әлемнің әр түкпірінен басқосуға ынта білдірген қатысушылар санының артып келе жатқандығы аталмыш шараның әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықтың нығаюында елеулі маңызға және сұранысқа ие екендігін көрсетіп отыр.
Ал Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті V съезі 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтті. Съезд хатшылығының ХІІІ отырысының қорытындылары бойынша бесінші басқосудың басты тақырыбы «Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» болып белгіленді.
Ал сол оқиғалардың – күнделікті тіршілігіміздің айнасы, бүгінгі тұрмыста сананы билейтін ой-өрісімізді, өмірге көзқарасымды орнықтыратын ақиқат аралы. Тәуелсіздік аясында айтылар әңгіме, көтерілер тақырып сан алуан. Сол көп қырлы идеология жалпы жұртшылық түсінігіне ұғыныңқы, тарихтан тамыр алатын ізгілік жалғастығы болғаны шарт. Теледидардың тәуелсіздіктен кейінгідаму кезеңін ғалым Ғ.Ыбраева шығармашылық және технологиялық жағынан екі кезеңге бөліп қарастырады:
• 1991 жылдың желтоқсан айынан 1994 жылдың сәуір айына дейін –бірінші кезең;
• 1994 жылдың сәуір айынан 1995 жылға дейін –екінші кезең.
Олай болса, Ғ.Ыбраеваның бірінші-екінші кезеңі тәуелсіздікпен қатар келеді. Үшінші кезеңді 2001-2004 деп бөлуге болады. Оған себеп республика теледидары тәуелсіздіктің он жылында күрделі жолдардан өте отырып, уақыт кезеңіне сай өзінің даму бетін айқындады. Әрі зерттеуші екінші кезеңді шартты түрде ғана алған. Себебі зерттеуші еңбегі жарыққа 1995 жылы шыққандықтан, ол екінші кезеңді осы мерзіммен аяқтаған.
Қоғамның ықпалды күштерінің алдыңғы сапында БАҚ жүреді. Мемлекетіміздің өркендеу дәуірінде теледидардың елеулі қызмет етуін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. БАҚ-тың жаңа мемлекет, жаңа қоғамды қалыптастыру жолындағы қыруар істері жөнінде Н.Назарбаев үнемі айтып келеді.
2003 жылдың 4 сәуіріндегі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында:“Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек”[19, 86 б.] - делінген. Осы талаптың өзі өмірдің, бүгінгі қоғам дамуының құбылыстарынан, сұраныстарнынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақстандағы сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы 2017 жылдың өткен 4 айына жүргізген зерттеулерінің қорытындысын жариялады. Атылмыш ұйымның дерегі бойынша, биылғы жылы Қазақстанда 1 журналист жоғалып, 6 журналист қылмыстық қудалау көрген екен.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндесөз бостандығының жай-күйіне зерттеу жасап отырған «Әділ сөз» ұйымының өкілдері Қазақстандағы сөз еркіндігінде өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмайды, есесіне қорқыту-үркіту, неше түрлі келеңсіз жағдайларға бару жылдан-жылға артып келе жатыр дейді. Аталмыш ұйымның президенті Тамара Калеева:
«Биылғы жылдың 4 айында өткен жылға қарағанда қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғасы көбейді. Біздің жеткен жетістігіміз бен артып отырған үмітіміз - ол жаңадан дайындалған БАҚ туралы заңмен байланысты. Біздің армандағанымыздай аталмыш заң парламентке жолданған қалпында қабылданатын болса, онда журналисті қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы бап алынып тасталмақ. Егер жүзеге асатын болса бұл үлкен жетістік болар еді»[20, 74б.] - дейді.
«Әділ сөз» ұйымының деректеріне жүгінсек, биылғы жыл басынан бергі өткен 4 ай ішінде Қазақстанда 1 журналист жоғалып, 3 журналист қорқыту-үркітуге тап болған, 4 рет редакцияға шабуыл жасалса, журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасаудың 8 оқиғасы тіркелген. Ал,6 журналист қылмыстық қудалау көрген, БАҚ пен журналистке қойылатын азаматтық-құқықтық талаптардың саны 40-қа жеткен, оның 37-сі – «ар-намысты қорғау» жөніндегі талап. Ар-намыс пен іскерлік беделге келген шығынның сомасы 37 млн. 150 мың теңгені құраған.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде Қазақстандағы сөз бостандығының жай-күйі алаңдарлық жағдайда екендігі Баспасөз бостандығы күні қарсаңында жарияланған халықаралық «Фридом Хауз» ұйымының биылғы жылғы баяндамасында да айтылды.
Қазақстан журналистер одағының экс-төрағасы Сейітқазы Матаев Қазақстанда белгілі бір деңгейде сөз бостандығы бар деп есептейді. Алайда, қысым көретін телеарналар мен басылымдар да бар екенін, сөз еркіндігі шектелетінін де айтады
«Әр журналистің іштей өз цензурасы бар, ол көзге көрінбейді. Себебі, кейбір журналистер батыл тақырыптарға бармайды, оны көтермейді»[21, 96 б.], - дейді Сейітқазы Матаев.
«Сentral Asia Monitor» басылымының суретшісі Еркін Нұразхан сөз бостандығы деген ұғымды әркім өзінің жеке мүддесіне пайдаланбау керек деген пікірде.
- Мен мынау үкіметтік газет-журналдарды, өздерін тәуелсіз санайтын басылымдарды үнемі қарап отырамын. Олардың кез-келгенінде шын, әділ сөздер айтылып жатады. Кейде елдегі ресми басылым саналатын «Егемен Қазақстанның» өзінде де ашынған, шындықты айтқан материалдар шығып жатады. Сөз еркіндігі дегенде, менің ойымша, әркім өзінің жеке мүддесін, бас пайдасын ойлап біреуді қорлап, ар-ұятына тимеу керек. Ортақ істі айту керек, - дейді Еркін Нұразхан» [23, 53б.].
– Менің жақсы көретін Владимир Познер деген ағамның бір айтқаны бар еді. Өз сөзінде ол былай дейді: «Сөз бостандығы деген – ақ қағазға не ойлайсың, соның барлығын жазып, мықтылап бір жерге тығып қою деген сөз». Шын мәнінде, сөз бостандығы жоқ деп ойлаймын. Мәселен, мен кейбір жайттарды ең жақын көретін адамыма да айта алмаймын. Жаман жаңалықты таратпауға және барлық нәрседен жақсы нәрсені көруге тырысамын. Негізінен, журналистер көп нәрсені біледі, бірақ айта бермейді. Сөз бостандығын өз басым әрбір сөзіне жауап беру деп түсінемін,-дейді “Хабар” агенттігінің тілшісі Бейсенбек Құранбек. Ал қатардағы азаматтар сөз бостандығын жай күйіне қандай баға береді? Алматы тұрғындарының пікіріне назар аударсақ:
«Журналистерді төртінші билік болу керек дейді ғой. Міне, сол дәрежесіне жетпей тұр. Журналистердің жазғанына орай, шара қолданып, нәтиже шығарудың орнына оны қайта басып тастайды. Қанша жамандасақ та Кеңес үкіметі кезінде бастық пен шыбынды газетпен өлтіруге болатын еді» [23, 53б.], - дейді Сәулебек есімді зейнеткер.
«Қазақстандағы сөз еркіндігі даму үстінде. Менің пікірімше, сөз бостандығы деген ақпаратты кім қалай жеткізеді деген мәселе. Кез-келген үкіметтік және оппозициялық басылымдар нені қаласа соны жазады. Бұл енді сөз еркіндігі емей немене?» [23, 53б.], - дейді Сержан Молдасанұлы есімді азамат.
«Дүниежүзілік Баспасөз бостандығы күні ЮНЕСКО бастамасымен 1991 жылдың мамыр айының 3-і күні қабылданған Виндхук декларациясына арналып белгіленді. Аталмыш декларация дүние жүзіндегі тәуелсіз баспасөздің маңызды рөлін баяндау үшін жазылды. Ол құжатта барлық елдердің үкіметтерін өз елдерінде баспасөз бостандығын кепілді түрде қамтамсыз етуге шақырған» [24, 123б.].
Сөз бостандығы – рухани бостандықпен қайнар бұлағы, адамзаттың жанкештілікпен қажымай-талмай ізденіп келе жатқан құндылығы. Сөз бостандығының ең беделді көрсеткіші-елдегі БАҚ тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. БАҚ бүгінгі қоғамдық дүниетанымның қалыптасуына әсер ететін, кейде соны тікелей қалыптастыратын ұтқыр құрал. Бірақ солай екен деп БАҚ-ты тек өздерінің ғана пікірін шегелеп сіңіруге талпынса, ол әділетсіздік болар еді. Әрі Бақ-ты дамыту айқындамасының маңыздылығы-біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру ұстанымы болуға тиіс. Қоғам тірлігінің осынау маңызды саласын әдетте заң реттеп отырады. Ол ақпаратты ұйымдастыру мен жеке адамдардың заң тиым салмаған кез келген жолмен, кез келген тәсілмен таратуына құқық береді. БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат тәуелді елдің ақпарат айдыны ұлттық мүдеге қызмет ететіндей болып жүргізілуі керек. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 желтоқсандығы “Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы” жарлығы, міне осы мәселені шешуге қызмет етуі тиіс.
Онда республиканың Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі арқылы біртұтас коммуникациялық орта жасақтап, республиканың кешенді ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы мемлекеттік шаралар айқындалған.
