- •Тапсырмасы
- •Мазмұны:
- •1.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі
- •2.1Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
- •2.2.Отандық бақ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар
- •1. Шешендік, суырып салушылық.
- •2. Деректілік.
- •3. Әсер етушілік.
- •4. Жоғары сапалылығы, кәсіби шеберлігі.
- •2.4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы
- •Қорытынды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Капенова Эльмира
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050400- мамандығы – «Журналистика»
Талдықорған 2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Гуманитарлық факультет
Журналистика және филология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
Студент: Капенова Эльмира
«___» _________ 20__ж. _________
/қолы/
Ғылыми жетекшісі: Ғылым магистрі, оқытушы Айбек
_________
/қолы/
Қорғауға жіберілсін:
Кафедра меңгерушісі: Есенбек Ж.Б
«___» _________ 20__ж. _________
/қолы/
Талдықорған 2017 ж.
Факультет гуманитарлық Кафедражурналистика және филология
Мамандығы 5В050400 - журналистика
(шифр, атауы)
БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі__________
«____»__________ 20___ж.
студент _______________________________________ (бітіру немесе
(аты-жөні)
дипломдық жұмысы) дипломдық жоба бойынша
Тапсырмасы
1. Жобаның (жұмыстың) тақырыбы ___________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
университеттің «___»_______ 20___ж. № ____ бұйрығымен бекітілген.
2. Студенттің аяқталған жобаны (жұмысты) өткізу мерзімі ________
3. Жобаның (жұмыстың) шығыс мәліметтері _____________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Графикалық ж/е иллюстрациялық материалдар тізімі ____________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Толықтырулар мен өзгертулер _______________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Жоба бойынша кеңес берушілер
Жоба |
Кеңес берушілер |
Ай-күні, қолы |
|
Тапсырма берілді |
Тапсырма қабылданды |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Тапсырманың берілген ай-күні __________________________________
Жетекші __________________________________________________________
(қолы)
Тапсырманы орындау үшін қабылдадым ______________________________
(студенттің қолы)
Мазмұны:
КІРІСПЕ.................................................................................................3
І Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуыныңжурналистік әдістердің ерекшелігі...........15
1.1.Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуының
бастау бұлақтары..............................................................................15
1.2 Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизм ерекшелігі және телебағдарламадағы журналистің имиджі......................................20
ІІ Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндесөз бостандығымәселесі...............................................................................................30
2.1Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы
тележурналистикадағы жанр түрлері мен ерекшеліктері...............37
2.2.Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде тележурналистке қойылатын кәсіби талаптар...............................................................48
2.3.Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндекөркем әдебиет және радиопублицистикада қарастырылуы...................................67
2.4.Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеерекшелігінің бірі – интернетте қарастырылуы..............................71
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................77ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................79
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.Диплом жұмысымыздаотандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы журналистік әдістерді пайдалана отырып, тақырып аясындаоның өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады.
Сонымен қатар, БАҚ-тағыәлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуыерекшелігінің терең тамырлары айқындалады. Демек, көркем мәтіннің (публицистикада) басты ерекшелігі, кеңістік пен уақытқа сәйкес қимылдап, қазақтың жеріндегі осындай үлкен жиналыс пен әлемдік деңгейдегі сьездердің өтуіөз өміршеңдігін көрсетсе, оны БАҚ аясында зерттеу жұмыстың зәрулігін арттырады.
Мұндайда осы тақырып аясын ашу үшін жанрлық мәселеге де ден қою шарт. Жанр табиғатындағы өзгерісті өмірдің өзі тудырады. Бұл жанрлар эволюциясындағы алғашқы және басты себеп болып табылады. Егер 60-ыншы жылдары телевизиялық журнал танымалдыққа ие болса, 70-90 жылдары хабар, әңгіме, сұхбат, репортаж, очерк, шолу жанрлары, ал 1990-2000 жылдары түсініктеме, пікірталас, тікелей хабар, теле-думан үстемдікке ұмтылыс танытты. Сөйтіп, жанр табиғатының эволюциясын қоғамның даму мемлекеттік басқару жүйесіндегі дін және конфессия саясатыныңөтіп жатқан процестерімен байланыста қарастырған орынды болып табылады.
Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуынфольклорлық шығармалардағы ауызекі публицистиканың алғашқы үлгілері, дін мен оның тарихи болмысы көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштеріндегі публицистика бастауларындағы дін жолының тұрақтылық пен келісімді жайларын сараптан өткізуді мақсат тұтып отырымыз. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы туралы мерзімді баспасөздегі еңбектер диплом жұмысы тұрғысында ғылыми жүйеленеді.
Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы БАҚ-тағы тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген журналистер шығармашылығы негізінде ашылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан азаматтығы Заңға сәйкесбаспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы да заңды құбылыс. Конституцияға сәйкес, дінге байланысты адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Оның үстіне, қазақ публицистикасының ұлттық діннің қоғамдық-саяси ойымызды қалыптастырудағы маңызын ашу арқылы қазақ халқының әлемдік рухани ортадағы орнын айқындаудан да тақырыптың өзектілігі көрініс табады.
Сондай-ақ, бүгінгі дүниедегі дін тұрғысындағы қат-қабат өзгерістер заманында публицистиканың орасан зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал, оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі - тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. алемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін қазақ жерінде ең алғаш рет 2002 жылы - Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басшысы қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астанақаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана мұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.
Қазақстан Президентінің ойы бойынша - бұл туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының нысаны.Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуы, оның нақты нысаны - журналистік әдістердің ерекшелігі сөз бостандығы тұрғысындағы адамның және азаматтың дін тұрғысындағы өз құқықтары мен бостандықтарын оны нақты жүзегеасыруы басқа,конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Ол үшін дін мен конфессиядағы адам құқығын қорғаудағы журналистік әдістердің ерекшелігі алдыңғы қатарға шығуы тиіс.
Ал осы жайттарды талқылаған съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты.Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық діни құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде пайдаланады.
Диплом жұмысының дерек көздері.БАҚ-ғы күнделікті шығып жатқан материалдарда азаматтардың діндегі және конфессия құқықтарын қорғау – сот, төрелік сот немесе аралық сот қараса, құқықтарды мойындату, құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу, міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару болса, сол мәселелерді дерек көздері ретінде алдық. Мәселен, залалдарды, төленетін айыпты өндіріп алу, мәмілені жарамсыз деп тану, моральдық зиянның өтемін төлету, құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз не орындауға жатпайды деп тану.
Сирия және Ирак жеріндегі экстремистік және террористік топтардың әрекетіне жат идеологияға арбалған Орта Азия, Үндістан, Пәкістан, Қытай, Ресей, Батыс Еуропа және АҚШ азаматтарына дейін қатыса бастауы әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Әлемдік саяси және геосаяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, өркениетаралық түсініспеушіліктердің арта түсуі бүгінгі таңда аса қауіпті құбылыстар қатарынан орын алуда.
Мұндай күрделі мәселелерді тек діндер және діни қатынастар ауқымында ғана қарастыруға болмайды. Оларды талқылап-талдап қана қоймай, нақты шешім жолдарын табу үшін әлемдік саяси жетекшілердің, мемлекеттік қайраткерлердің, қоғамдық ой-пікірге қозғау сала білетін көрнекті тұлғалардың басқосуға тартылуы өте маңызды.
Сондықтан үш жылда бір рет жүзеге асатын осы съезде діни және саяси қайраткерлердің ынтымақтастығы мен бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуын тереңдету, сол арқылы заманауи сын-тегеуріндерге тізе қоса төтеп беріп, қазіргі жаһандық үдерістер туындатқан өзекті мәселелерге бірлесе жауап іздеу мақсаты алға қойылып отыр.
Сонымен қатар, отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде бұзылған құқықты қорғау үшін үкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып, сотқа жолдануға кедергі жасамайтындығын да дерек ретінде алдық.
Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде журналистік, публицистикалық зерттеу әдістердің ерекшелігі азаматтық қорғау құқығы бұзылған азаматтардың адамның тікелей іс-жүзіндегі немесе ресми түрде заңдық әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін екендігі де осы еңбекке негіз болды.
Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Бұл заң актілері орындалу жайы арнайы телеканалдарда сот залынан немесе хабарларда, жаңалықтарда көрсетіледі.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік. Осы тұрғыда,отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ерекшелігі есебінде сөз өнерінің қажеттілігі туындайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: «...Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?» [1,38 б.] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін «бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі бір ерекшелігін зерттейтінқазақ публицистикасы болса, бұл ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға әкеледі.
Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне, осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика өнері және оның отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі арқылы іске асуы да осы процеспен байланысты.Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмінің бір ерекшелігі публицистика болса, ол туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан, баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды.
Біріншіден, баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндегі публицистикасын тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды.
Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ерекшелігі қазақ публицистикасының көне түркілік тамырын, фольклорлық дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті түсті.
Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ публицистикасының қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің қажеттілігі туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ публицистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да кезі келді.
Диплом жұмысыныңзерттеу әдістері.Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндеқарастырғанда, генезис, эволюция және поэтикасын жан-жақты, әдебиеттанудағы кейбір еңбектерді негізге алдық. Бұл ретте А.Байтұрсынов, З.Қабдолов, еңбектері теориялық, методологиялық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ тілші ғалымдарымыз Ғ.Айдаров, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, С.Исаев, Е.Жұбанов еңбектері де тақырыпты ашуға жәрдемін тигізді.
Қазақ журналистикасының теориясы мсн тарихына қатысты Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Фетисов, М.Барманқұлов, С.Имашев, Т.Ыдырысов, Ү.Сұбханбердина, З.Тұрарбеков, Ф.Оразаев, Н.Омашев, С.Қозыбаев, А.Сәрсенбаев, Д.Назарбаева, Ғ.Ибраева еңбектері дәйек көздері ретінде көмек келтірді.
Зерттеулік диплом жұмысындаотандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмініңтабиғаты айқындалып, оның жалпы адамзат дамуының алғашқы дәуірлеріндегі екі түрі болғандығы анықталды. Оның бірі - ұрпақтан-ұрпаққа дін мен конфессия қағидалары ауызша жеткізілген ауызекі айтылатын адамзат діні мен оның құқығының сақталуы. Екіншісі - жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген жазбалардың ішіндегідін аралық байланыс пен адам болмысы мен оның сақталуы, қорғалуы.
Диплом жұмысының маңызы мен мәні(озектилиги)
. Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмізерттелмеген гносеологиялық негіздерін айқындауға талпыныс жасалды.
Сонымен қатар, баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ерекшелігінің қазақ публицистикасында қалыптасу, даму арналары кен ауқымда, тұтас жүйеленді. Болашақта осы зерттеу - баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміерекшелігінің жанрлық эволюциясын, газетте, радиода, телевиденияда, фотода, кинода, интернетте, жекелеген басылымдардағы журналистік әдістердің ерекшелігі, көрнекті журналистер шығармашылығында, публицистика теориясының алуан қырын, бейнелеу құралдарын тексеру-талдау бағытындағы жаңа ізденістерге, нақты ғылыми нәтижелерге жол сала алады.
Диплом жұмысы жоғары оқу орындарында жүргізілетін басты маңызы мен мәні ретінде «Қазақ радио тарихында, «Фото өнерінде», «Журналистика және әдебиет», «Журналистика негіздері», «Публицистика және саясат», т.б. жалпы пәндер, арнаулы курстар мен семинарларда, қазақ халқының рухани мұраларының ішінде дінаралық байланыс пен конфессиялық қарым-қатынастуралы деректерді жинақтауға арналған еңбектерді әзірлеуде, оқулықтар мен оқу құралдарын жазу барысында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуыныңжурналистік әдістердің ерекшелігі
1.1.Отандық БАҚ-тарда әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының сьезі әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретінде қарастырылуының
бастау бұлақтары
Ең алғаш қазақ жеріндегіI съезд 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды.
І Съездің мақсаты - әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді.
Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір-бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды.
Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша, делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде - форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті.
Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты.
Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.
Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі журналистік әдістердің ерекшелігі адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз. «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады.
Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [2,147-148 б.б.] – деп, жазыпты Ахмет Байтұрсынов. Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміжурналистік әдістердің ерекшелігі бірі - публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Бүгінгі таңдағы дамыған баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмі ретіндегі публицистика бірден пайда бола қойған жоқ. Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді. Сөйтіп, адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат қоғамында баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміерекшелігі қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы – БАҚ-тағы алғашқы құбылыстардың бірі еді.
Отандық баспасөзіндегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмініңерекшелігі Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі көбінесе қолданыстағы заңдардың сапасы мен ұлттық нормативтік-құқықтық базаның тұрақтылығына байланысты болып келеді. Конституциялық бақылау материалдары, кейбір заңдардың тиісті түрде тұжырымдамалық дайындықсыз қабылданатынын, бір-біріне қайшы келіп жататынын, ал оларға негізсіз жиі енгізілетін түзетулер қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасының тұрақсыздығын туындататынын айғақтайды.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне өткен жылдың өзінде Парламент 10 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізді, соның 7 – шілде айында. Үкімет бастамашылық жасаған жекелеген заң жобаларын қарай отырып, депутаттар олардың тұжырымдамалары шегінен шығып ғана қоймай, дін және оның нормалармен толықтырып та отырған. Бұл нормалар, Конституциялық Кеңестің есептеуінше, Конституцияда және өзге де заңнамалық актілерде көзделген барлық рәсімдерді сақтай отырып (негіздеме жасау, қаржы-экономикалық есептеу және ғылыми сараптама жүргізу, заңдық және әлеуметтік салдарына болжам жасау және т.б.) енгізілетін өз алдына бөлек заң жобасының нысаны болуға тиіс еді. Одан тыс, заң жобаларын әзірлеу және заңдарды қабылдау кезінде Парламенттің Конституцияның 54-бабы 1-тармағында және 61-бабы 3-тармағында белгіленген заң шығару өкілеттігінің шегі сақталғаны жөн. Соған орай, Конституциялық Кеңес, Республика Үкіметінің, Парламентінің және заң шығару процесінің өзге де қатысушыларының өзара іс-әрекет жасау рәсімдерін жетілдіру, заң шығармашылығы қызметінің нәтижелерін және қолданыстағы заңнаманың тиімділігін ұдайы құқықтық тұрғыдан бақылаудың жүйесін қалыптастыру жөнінде заңнамалық шаралар қабылдау қажет деп пайымдайды.
Баспасөздегі дәстүрлі діндердің кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміретінде, Конституциялық бақылау практикасы көрсеткеніндей, қолданыстағы заңнамада жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық белгілейтін, редакциялары жетілдірілмеген нормалар әлі күнге дейін бар, ал бұл құқық қолдануда қиыншылық туғызады.
Атап өтілгеніндей, 2008 жылғы 27 ақпандағы №2 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес:«...Дін және конфессия адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиіс, яғни оның нормалары жеткілікті дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерін өзінше пайымдау мүмкіндігін жоққа шығара отырып, заңдылы мінез-құлықты заңсыздығынан мейлінше айқындықпен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемдерге негізделуге тиіс»[3, 65б.], – деп түсіндірді.
Конституциялық Кеңестің осы дінаралық құқықтық көзқарасы, дінаралық құқық бұзушылық құрамдарының белгілерін айқындайтын нормалардың кемшіліктерін тауып, жою мақсатында заң алдындағы жауаптылық шараларын көздейтін заңнамалық актілерге тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Эфир – телевизияның айнасы. Біздің көз алдымыздан сол көгілдір экран арқылы күн сайын сан миллиондаған көріністер сырғып өтіп жатыр, сол арқылы сан алуан сәттердің куәгері болып, қаншама ақпараттар тасқыны адуындап бойымыздан еніп, жан дүниемізге әсер етуде. Бірақ, соның барлығының басы-қасынан табылып, жинақтап, екшеп көрермен назарына ұсынушы журналист қауымы екенін ешқашан есімізден шығара алмаспыз. Сондықтан «журналисіне қарап эфирін таны» дейтін қағида ықылым заманнан күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай, қайта қазіргі кемелденген ақпараттық технология, ғажайып жетістіктер заманында одан әрі қуат ала түскен сияқты. Құдіретті эфир қай кезде болмасын оның «иесінен» ұстамдылық пен сабырлықты талап етеді. Егер оның айналасында азғантай адамдардан ғана құралған топ қызмет етсе, «арғы жағында» сан мыңдаған көрермен тұр. Сондықтан, «Телебағдарламадағыотандық баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизмініңерекшелігі және журналистің позициясы» деп аталатын тақырыпты диплом жұмысына арқау етуіміз ғажайыбы шексіз телевизия мен оның бас тірегі болар журналистің арасындағы тығыз байланыс, көзге көрінбес сыры мол әдеп жиынтықтарын саралап, зерттеп көруден туындап отыр. Тақырыптың маңыздылығы сол, бұған дейін қанша рет қозғалып келсе де өзінің өзектілігін ешқашан жойған емес, сондықтан телебағдарламадағы журналист позициясын әр қырынан аша түсіп, одан тың жаңалық табуға талпындық.
Демек, эфир төрінен табылар журналист қауымының өзіндік дара қасиеттері мен адамгершілік талап-тілектерін зерделеп, кәсіби қызметіне тән адал ұстанымы мен бағыт-бағдарын салмақтап, ой таразысына тартуды жұмыс барысындағы мақсатымыз бен міндетімізге жатқыздық.
Бұдан диплом жұмысының өзектілігі айқындалса керек-ті. Зерттеудің өзектілігіне үңілу барысында біз үшін алдымен бірнеше мәселенің басын қайырып, астарына көз жүгіртуге тура келді. Яғни, телебағдарламадағы отандық баспасөздегі дәстүрлі діндердің әлемдік кеңістікте тұрақтылық пен келісімді нығайтудың тиімді механизміндежурналист позициясын ашу біріншіден, журналистің бағдарламадағы жетекшілік рөлін сипаттап алуды қажет етті.
Сөйтіп, журналистің көтерер жүгі мен атқарар жауапкершілігін екшеп алған соң, екіншіден, сөз бостандығы дін және конфессияаралық байланыс мәселесіне үңілуді жөн көрдік.
