Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ситуациялық есептер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.84 Кб
Скачать

Ситуациялық есеп № 7

Науқас В., 15 жаста. Клиникаға түскен кездесі шағымдары: ішінің кебуі,патологиялық қоспасы жоқ, сұйық, үлкен дәретке шығуы. Балабақшаға баратын 4 жастағы сіңлісініңде дәреті өзгерген, тұрақсыз. Үйінде бір аптадан фталазол, тетрациклин нәтижесіз болған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температурасы 36,9оС. Тері жамылғысы бозғылт, тілі ақ жамылған, ылғалды. Ұстағанда ішкі ісіңкі, құрылдауы анықталады. Кіндік айналасында сыздаған ауырғандық.

Бауыр сипағанда қабырға доғасынан 1 см. шығыңқы, серпінді, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, көп мөлщерде көбікті «үлгілдек». Патологиялық қоспасыз.

Микроскопияда лямблия цисталары табылған.

Сіздің диагнозыңыз.

Тексеру және емдеу жоспарын түзіңіз.

Ситуациялық есеп № 8

Науқас К., 45 жаста. Индиядан ұзақ командировкадан келеді (1963 жылы). Дене қызуы 40оС-қа дейін, бірден бас ауырғандық, бас айналуы, сегізкөз аймағында ауырғандық байқалады. 3-ші күні жоғары дене қызуы, көкірек клеткасында, қлтық астында іштің төменгі бөлігінде, бір күн байқалып, 1-ші күннен соң дене қызуы түседі, еауқастың жағдайы жақсарып, бөртпелер жоғалады. Сонан соң 3-ші күнен түскен папулезды бөртпелер пайда болып, бастапқыда бетте, сосын денсінде, аяқ-қолдарының терісінде везикулярлы түріне ауысып, 3-ші күннен кейін пустулезді түріне ауысады. Бұл кезеңде дене қызуы жоғарылап, науқастың жалпы жағдайы жақсарады. Бетте, аяқ-қолдың дистальды бөлігінде бөоьпелер айқын көрінеді. Бөртпе қабыршықтары аурудың 35-ші күні түскен. Тыртық қалмаған, жазылып шыққан.

Сіздің диагнозыңыз.

Тексеру және емдеу жоспары.

Ситуациялық есеп № 9

Науқас 37 жаста, ауруханаға 25 мамырда түскен, басының ауруы, аяқ-қолдарының ауырғандығына, тәбетінің болмауына шағымданады. Өзі таулы аймақта, іле ауданында мамырдың басынан дала жағдайында тұрған, мамырдың 17 күні мойын аймағынан жабысқан кенені жұлып алған.

22 мамырда кенеттен ауырған, дене қызуы 39С, аяқ-қолдарының қақсап әлсіреп, басы ауырып, сол жақ қолтық астында ауырғандық, 23 пен 24 мамырда дене қызуы 38-39 С болып түрған, денесінде бөртпе пайда болған.

Объективті: дене қызуы 39 С, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, активтілігі орташа, тифозды статусы жоқ. Көкірек, мойын, бет, баста және алақанда, қолтық астының терісінде ірі көпіршікті-күлдіреуік бөртпелер бар. Кей жерлерінде геморрагиялық бөртпелерге айналған. Кене жарақаттаған жерде – инфильтрат көлемі 1-1,5 см., қара қызғылт қабыршықпен қапталған, қызарған. Лимфа бездері үлғайған, сезімтал. Пульсі минутына 80 рет, ырғақты, толықтығы қаеағаттанарлық. АҚ – 100/70 мм.сын. бас. Жүрек тоны айқын, таза. Өкпеле везикулярлы тыныс. Тіл таза, ылғалды. Іш кеппеген жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен талақ ешпауға келеді. Дәреті мен несебі қалыпты. Дене қызуы 38-39 С. С 7 күн шамасында бір деңгейде болды. Сауығу.

Сіздің диагнозыңыз.

Тексеру және емдеу жоспары.