- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
- •Ситуациялық есеп № 3
- •Ситуациялық есеп № 4
- •Сіздің диагнозыңыз.
- •Тексеру және емдеу жоспары. Ситуациялық есеп № 5
- •Ситуациялық есеп № 6
- •Ситуациялық есеп № 7
- •Ситуациялық есеп № 8
- •Ситуациялық есеп № 9
- •Ситуациялық есеп № 10
- •Ситуациялық есеп № 11
- •Ситуациялық есеп № 12
- •Ситуационные задачи № 1
- •Ситуационные задачи № 2
- •Ситуационные задачи № 3
- •Ситуационные задачи № 4
- •Ситуационные задачи № 5
- •Ситуационные задачи № 6
- •Ситуационные задачи № 7
- •Ситуационные задачи № 8
- •Ситуационные задачи № 9
Ситуациялық есеп № 1
Науқас К., 43 жаста, жеміс-жидек сақтайтын жерде жұмыс істейді.Жемістерді жиі жумай қолданады. 16.04 сырқатының 6-ші күні әлсіздіктің жоғары дене қызуының болуымен, ішінің ауруымен келіп түседі. Науқастың ауруы жедел қалтыраумен,дене қызуы – 39 С-қа дейін көтерілуімен, тамағы ауырғандықпен басталады. Сырқатының екінші күні ішінде ауырғандық, тұрақсыз, өзгеріссіз сұйық нәжіс болады.
Объективті: жағдайы орташа деңгейде, активті, Т- 38,5ºС, тері мен склерада сарғайғандық болады. Терісінде ұсақ түйінді бөртпе, зевінде дамыған гиперемия. Өкпесі мен жүрегінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Ішінің формасы қалыпты, жұмсақ, сезімтал, іші аймағының тітіркену симптомы теріс мәнді. Бауыры 1,0-2,0 см ұлғайған, эластикалы, ауырғандық жоқ. Қолтық асты, мойын асты, иек асты, шап асты лимфа түйіндері 1-2 см көлемде, пальпацияда ауырмайды. Кейін дене қызуы тағы 2 күн болып соңынан сарғаю болған. Ауруының 9-шы күнінен дене қызуы қалыпта, сарғаюы азая бастады. Сауығу.
Қан анализі: эр. – 5,6-10 х 1012/л, Нв – 112 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9, Л. – 0,9 х 109/л, Э – 4, Т – 10%, с – 66%, ли. – 16%, мон. – 4%, СОЭ – 22 мм/сағ.
Несеп анализі: өзгеріссіз, жалпы билирубин – 48,6 мкмоль/л, тікелей билирубин – 40 мкмоль/л, ЛТ – 0,62 мкмоль/л, Тимол – 4 бір., сулем – 1,6 мл.
Сіздің диагнозыңыз.
Тексеру және емдеу жоспары.
Ситуациялық есеп № 2
20 жасар Малика, қаланың жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, басының қатты ауыруы, дене қызуының t=37,8, 38,30С көтерілуі, герпестік бөртпелер, аяқ буындарының қақсауы, лимфа түйіндерінің: жақ асты, қолтық асты, шап маңы түйіндерінің ұлғаюы. Жұтынудың қиындауы.
19 жасында жол апатына түсіп көп қан жоғалту барысында, қан құйылған. 1 айға жуық емделген.
Қарағанда: тері және кілегей асты қабаттары ақшыл, қызғылт түсті, ылғалды. Тірек қимыл жүйесінде деформациялар анықталмайды. Лимфа түйіндері ұлғайған: жақ асты, қолтық асты, шап маңы ауырсынулы, жылжымалы ауыз қуысын қарағанда бадамша бездері ұлғайған, қызарған, іріңді. Тыныс алу жиілігі 30 рет, қатаң тыныс, жүрек соғу жиілігі 108 рет, ритмді, айқын.
Диспепсиялық көрініс байқалмайды. Бауырын пальпациялаған кезде бауыр қабырға доғасынан шығыңқы, ауырсынуысз, көкбауырды пальпациялаған кезде пальпацияланады, ұлғаюы анықталады. Кіші дәреті ауырсынусыз, өзгеріссіз, үлкен дәреті қалыпты.
1 Сіздің болжам диагнозыңыз
2 Тексеру жоспарын құрыңыз
3 Ажырату диагнозын жүргізу
4 Клиникалық диагнозыңыз
5 Емі
Ситуациялық есеп № 3
Науқас 40 жаста, ауруының 3-ші күні ауруханаға іш ауруына, қызбаға, іш өту мен бас ауруына шағымданып түсті.
Ауруды бөлме температурасында 1 тәулік сақталған қуырылған үйрек жегеннен 12 сағаттан соң дамыған. Объективті: Дене қызуы 390С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, науқас беймаз, тері тургоры төмендеген, іш кебіңкі, эпигастрий және оң жақ мықын аймағы ауырады, ішектердің спазмы жоқ. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі қаралды, ол сұйық, жаман иісті, кілегей араласқан жасыл түсті.
1 Сіздің болжам диагнозыңыз
2 Тексеру жоспарын құрыңыз
3 Ажырату диагнозын жүргізу
