Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ситуациялық есептер ОАП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.74 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №16

Стационарда «емізулі балалар бөлімінде» 5 айлық бала жатыр. Жатқанына 10 күн болған. Балада 2-ші жақты ұсақ ошақты пневмония, гипохромды анемия, рахит. 10-шы күні баланың дене қызуы 39ºС, құсық пайда болған, күніне 4 рет нәжісі сұйық, сулы 10 рет, бала әлсіреп тамақ ішпей қойған. Келесі күні дене қызуы 38,8ºС, құсығы 2 рет, үлкен дәреті 12 рет, көп су ішеді, әлсіз, іші кепкен.

  1. Дәрігер жүргізетін эпидемияға қарсы шараларды атаңдар.

  2. Диагноз қою үшін және аурудың жағдайын анықтау үшін қандай тексерулер керек?

  3. Болжам диагноз.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №17

12 жасар балаға бірнеше жыл бұрын этологиясы анық емес созылмалы гепатит диагнозы қойылған. Отбасының көшіп-қонуына байланысты емделмеген. Үнемі тәбетінің төмендеуі, оң жақ бүйір аймағының ауырсынуы байқалған. Науқас ауруханаға қанды құсық болған соң келген, бозарған, жүдеген, склерасы аздап сарға йған. Іші ұлғайған, бос сұйықтық анықталады. Бауыры өте тығыз, ауырсынусыз, қыры өткір қырлы 2-1-6 см. Көкбауыры 5 см. Санында, тізесінде көгерулер бар, пальмарлы эритема бар.

  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Осы аурудың этологиялық факторы қандай?

  3. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер қажет?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №18

Кеңес алуға жолдамамен 5 жасар бала жіберілді. Ортопедиялық операцияға дайындау кезінде АЛТ-2,5 ммоль/л жоғарылаған, бала бозарған, бетінде капиллярит, жауырын аралық қуыста пальмарлы эритема, тізеде көгеру. Бауыры тығыздалған, үшкір қырлы, бауыры–2 см, көкбауыры – 1 см пальпацияланады.1,5 жасқа дейін ЖРВИ-мен, пневмониямен, ЖІИ-мен ауырған, көптеген инъекцияларды бір реттік инструментпен қабылдамаған. 2 жастан бастап баланы сау деп есептеген.

  1. Қандай ауру туралы ойлау керек?

  2. Қандай зерттеулер жүргізу керек?

  3. Баланы не істеу керек?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №19

6 айлық бала, нормотрофик. Жедел ауырған, температураның жоғарылауы 37,7ºС дейін. Нәжісі сулы, көп мөлшерде, патологиялық қосымшаларсыз. Бір реттік құсу, еріні құрғақ. Үлкен еңбегі түспеген. Мұрыннан серозды бөлініс, жоғарғы тыныс жолдарныда жабынды, іштің шорылдауы, сұйық шашыраңқы нәжіс.

  1. Алдые ала қойылған диагноз.

  2. Балаға тез арада терапиялық көмек.

  3. Клиникалық диагноз қоюға не қажет?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.