Есептер
№ 1 есеп
Науқас, 19 жаста, ауруының 4-ші күні, тамақтың жұтынған кезде күшейетін ауыру сезіміне шағымданып, ауруханаға түсті. Дене қызуы 39,00 Лакунарлы тонзиллит, фарингит, полиаденит (көбінесе, мойын лимфоадениты), гепатоспленомегалия, склералар мен қатты таңдай шырышты қабатының орташа деңгейіндегі сарғаюы.
Лейкоциттер саны -12.300 1 мл-де.
Сіздің диагнозыңыз?
1. жедел вирусты гепатит;
2. иерсиниоз, жайылмалы түрі;
3. лакунарлы баспа;
4. созылмалы тонзиллит, декомпенсация;
5. инфекциялық мононуклеоз.
№ 2 есеп
Науқас әйел, 52 жаста, ауруының 3-ші күні оң жақ жауырынға иррадиацияланатын оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімге, әлсіздікке, жүрек айнуына, қайталамалы құсуға шағымданып, түсті. Ауру майлы палау жеген соң басталды. Тері мен шырышты қабаттардың сарғыштығы айқын. Тілі ақ түсті қалың жабындымен жабылған. АҚ 120/75 мм с.б., пульс - 96 рет 1 минутта. Ішінің пальпациясы кезінде оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі және бұлшық еттердің аздап кернеуі байқалады. Осы аумақта бауырдың эластикалық жиегі және өт қабының түбі айқын емес анықталады.
Лейкоциттер саны 10.300 1 мл-де, ЭТЖ - 10 мм/сағ; жалпы билирубин 120 мкмоль/л; АЛТ-0,62 мкмоль/л.
Сіздің диагнозыңыз:
1. Жедел вирусты гепатит;
2. созылмалы вирусты гепатит, вирустың репликация сатысы;
3. жедел панкреатит;
4. өт шығару жолдарының дискинезиясы;
5. созылмалы холецистит, өршуі, өт тасты ауру.
№ 3 есеп
Науқас, 62 жаста, соңғы 6 ай бойы дене салмағының төмендеуін, үдемелі әлсіздікті, тәбеттің төмендеуін байқаған. Тұрақсыз тері қышуы мазалаған. Соңғы 2 күнде сарғаю пайда болып, зәр мен нәжістің түсі өзгерді. Іші аздап кепкен, пальпация ауыру сезімсіз. Бауыр қабырға доғасынан 1,5-2,0 см-ге төмен анықталады. Курвуазье симптомы «оң».
Зерттеу жоспарында қате табыңыз:
1. жалпы қан анализі;
2. қанных биохимиялық анализі;
3. УДЗ;
4. КТ;
5. дуоденалды зондтау.
№ 4 есеп
Науқас, 42 жаста, ауруының 4-ші күні, қалыпты дене қызуымен, ішіндегі жайылмалы ауыру сезіміне (көбінесе, сол жақ аумақта), 1-5 рет ішінің өтуіне, нәжіске шырыш пен қанның қосылуына шағымданып, ауруханаға түсті. Дефекацияға дейін және дефекациядан кейін іштегі «тартып» ауыру сезімі, ішектің толық емес босау сезімі мазалайды. Көк бауыр бұрышының аумағында тоқ ішектің жергілікті шектелген толуы байқалады.
Маңызды диагностика әдістері:
1. Жалпы қан анализі;
2. копрология;
3. нәжісті дисбактериозға себу;
4. нәжісті дизентерияға және сальмонеллезге себу;
5. ректороманоскопия, колоноскопия.
№ 5 есеп
Науқас 19 жаста, ауруының 3-ші күні ауыздың кебуіне, құлақ маңы, сілекей бездерінің аумағындағы ісінуге шағымданып, ауруханаға түсті. Сілекей бездері II дәрежеге дейін үлкейген. Мурсу симптомы «оң». Осы күні дене қызуы 390С-қа дейін жоғарылап, бас ауруы, қайталмалы құсу пайда болды. Менигеалды белгілері әлсіз «оң». Лейкоциттер - 5400 1 мл-де; ЭТЖ 4 мм/сағ.
Диагноз:
1. паротитті инфекция, серозды менигит;
2. паротитті инфекция, жедел панкреатит;
3. жедел іріңді сиалоаденит;
4. менигококкты менигит;
5. цитомегаловирусты созылмалы сиалоаденит, өршу кезені.
№ 6 есеп
34 жастағы науқас, ауыздың құрғауына шағымданып, ауруханаға түсті. Қатты тағам жұту қиындаған, іші кепкен, дәреті 2 тәулік болған жоқ. Ауыздың шырышты қабаты құрғақ, дауысы сырылдаған, қатты тағам жұту қиындаған; көз алмаларының қимылы шектелген, әлсіз дамыған мидриаз, көз қарашығының рефлекстері төмендеген.
Сіздің тактикаңыз:
1. офтальмологтың кеңесі;
2. отоларингологтың кеңесі;
3. невропатологтың кеңесі;
4. бас миының компьютерлік томографиясы;
5. жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.
№ 7 есеп
Науқас, 44 жаста, маринадталған саңырауқұлақтарды жеген соң 21 сағаттан кейін ауырды. Іштің кебуі, ауыздың құрғауы, заттардың екеуленіп және бұлдырлап көрінуі, әлсіздік мазалайды. Беті амимикалық, мұрын ерін қатпарлары тегістелген, орташа деңгейдегі птоз, көз алмаларының қозғалуы шектелген, орташа деңгейдегі мидриаз, дизартрия.
Тағайындалулардан қате табыңыз:
1. ботулизмге қарсы сарысуды еңгізіу;
2. дезинтоксикациялық ем;
3. прозерин, В тобының витаминдері;
4. нәжісті, зәрді, қанды ботулизмге себу;
5. антибиотикотерапия
№ 8 есеп
Науқас 53 жаста, ауруының 4-ші күні бетінің ісінуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Бетінің оң жағында безеу болған; ол үлкейіп, беттің ісінуі пайда болған. Ауыру сезімі жоқ. Бетінің сол жағында, төмеңгі жақтың бұрышының маңында геморрагиялық сұйықтыққа толған, ұсақ көпіршіктермен қоршалған пустула бар. Беті, мойыны ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері тығыз, ауыру сезімсіз.
Диагноз:
1. ауызжұтқыншақ дифтериясы, токсикалық түрі;
2. мойын бұлшық еттерінің флегмонасы;
3. сол жақтық тонзиллярлы абсцесс;
4. беттің біріншілік тілмесі, эритематозды-буллезді түрі;
5. түйнеме.
№ 9 есеп
Науқас 26 жаста, дене қызуының 39 С-қа дейін жоғарылауымен, басының ауыру сезімінің, артралгиялардың, қайталамалы құсудың пайда болуымен жедел ауырған. Аурудың 3-ші күні айқын әлсіздік, бас ауыруы, склералардың сарғаюы пайда болған. Дене қызуы қалыпты. Тері жабындылары орташа деңгейде сарғайған, бауыр қабырға доғасынан 1 см-ге төмен анықталады. Сол күні кешкі уақытта науқас қозып, айқайлап, адекватсыздық білдірді; қарап тексеруге қарсыласты. Бір сағаттан кейін есін жоғалтты. Бауыр перкуссия арқылы 6-шы және 9-шы қабырғалар арасында анықталады, зәр катетері бойымен – гематурия.
Диагноз:
жедел вирусты А гепатит;
созылмалы вирусты В гепатит, вирустың репликациясы сатысы;
иерсиниоз, сарғаю түрі;
лептоспироз, сарғаю түрі;
жедел вирусты В гепатит, фульминантты түрі.
№ 10 есеп
17 жастағы науқас ауруының 2-ші күні сол жақ мықын аймағындағы
ауру сезіміне, жиі, сұйық, шырышты нәжіске шағымданып, ауруханаға түсті. Дене қызуы - 38 С, сигма тәрізді ішегі жиырылған, пальпация кезінде ауырады, дәреті көп мөлшерлі, шырышты, нәжісті.
Зерттеу жоспарындағы қателікті табыңыз:
нәжісті дизентерияға себу;
нәжісті салмонеллезге себу;
сальмонеллез антигенімен агглютинация реакциясы;
дизентериялық антигенмен агглютинация реакциясы;
қанды, зәрді дизентерияға себу.
№ 11 есеп
28 жастағы науқас жедел ауырды: дене қызуы көтеріліп, бас ауыруы, құсу
пайда боллған. Антибиотиктер қабылдаған. Ауруының 4-ші күні құсуы, бас ауыруы күшейген. Дене қызуы 39,2 С, құсу, бауыры +1,5 см-ге қабырға жиегінен төмен, менингеалды белгілері «оң». Ликвор көрсеткіші қалыпты. Ауыруының 5-ші күні - сарғыштану, қан аралас құсық, гематурия пайда болды. Ауруының 6-шы күні қозу, кома дамыды.
Өмірге қауіпті жағдайды тудыратын синдромды таңдаңыз:
бауырдың жедел энцефалопатиясы;
бүйректің жедел жетіспеушілігі;
бас миының ісінуі;
ТШҰ (ДВС)-синдромы;
инфекциялық-токсикалық шок.
№ 12 есеп
Науқас Пакистаннан 2 апта бұрын келді. Түсуден 1 күн бұрын күніне 5-7 рет
сұйық нәжіс пайда болды. Ауруханаға келген күні сұйық нәжіс тәулігіне 15 ретке дейін жиіленіп, нәжіске қою шырыш қосылған; тығыздалған соқыр ішек пальпацияланады, гепатомегалия.
Сіздің диагнозыңыз:
тырысқақ;
жедел дизентерия;
эшерихиоз;
лямблиоз;
амебиаз.
№ 13 есеп
Науқас 32 жаста, ауыл тұрғыны, мал шаруашылығы бар. Жедел ауырды, дене
қызуы 38 С, оң жақ иық буынындағы ауыру сезімі, тершеңдік мазалаған. Тері жабындысы ылғал, гепатомегалия. Оң жақ иық буыны ісінген, гиперемия мен жергілікті гипертермия жоқ. Науқас белсенді.
Зерттеу жоспарындағы қателікті табыңыз:
