Есеп № 35
Науқас К. 28 жаста, аңшы, үш апта бұрын құндыз етін өңдеген. 5 күн бұрын температурасы көтеріліп, қалтырап басы ауырған. Аурудың 2-ші күні сол жақ қолтық астында ісік болған соң дәрігерге келген.
Объективті: Т – 37,5ºС. жағдайы орта ауырлықта. Сол жақ қолтық асты көлемі тауық жұмыртқасындай, ептеп ауырады, орта тығыздықта, қоршаған ұлпамен жабылған лимфа түйіні пальпацияланады, терісі сәл қызарған. Ішкі мүшелерде патология жоқ.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
Есеп № 37
Науқас 38 жаста, қойшы А., ауруханаға 13.07. ауруының 2-ші күні түскен. Жедел түрде ауырған, деесі қалшылдап тоңған, температурасы 39ºС көтеріліп, сол жақ мықын аймағында ауырғандық пайда болған. Бірден төсек тартқан. Үйде бас ауруына ішетін дәрі қолданған, эффектісіз. Дәрігерге қаралмаған.
Объективті: Т – 38,3ºС. Жағдайы ауыр. Көзінде қызбалық жылтырау бар. Тітіркенген. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 104 соғыс, толықтығы қанағаттанарлық, ырғақты. АҚ – 90/60 мм сын.бағ. Өкпеде везикулярлы тыныспен шашыраңқы құрғақ сырыл. Дәреті болмаған. Тәбеті нашар, кіші дәреті қалыпты. Сол жақ сан үшбұрышында үлкейген лимфа безі пальпацияланады (көлемі 3 х 5 см), лимфа бездері өзара жабысқан, жылжымайды, ауырғандығы күшейген, сол жердегі тері іскен, гиперемияланған.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
Есеп № 40
Науқас К., 43 жаста, жеміс-жидек сақтайтын жерде жұмыс істейді. Жемістерді жиі жумай қолданады. 16.04. сырқатының 6-шы күні әлсіздіктің, жоғары дене қызуының болмауымен, ішінің ауруымен келіп түседі. Науқастың ауруы жедел, қалтырауымен, Т - 39ºС-қа дейін көтерілуімен, тамағы ауырғандықпен басталады. Сырқатының 2-ші күні ішінде ауырғандық, тұрақсыз, өзгеріссіз сұйық нәжіс болады.
Объективті: жағдайы орташа деңгейде, активті, Т- 38,5ºС, тері мен склерада сарғайғандық болады. Терісінде ұсақ түйінді бөртпе, зевінде дамыған гиперемия. Өкпесі мен жүрегінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Ішінің формасы қалыпты, жұмсақ, сезімтал, іші аймағының тітіркену симптомы теріс мәнді. Бауыры 1,0-2,0 см ұлғайған, эластикалы, ауырғандық жоқ. Қолтық асты, мойын асты, иек асты, шап асты лимфа түйіндері 1-2 см көлемде, пальпацияда ауырмайды. Кейін дене қызуы тағы 2 күн болып соңынан сарғаю болған. Ауруының 9-шы күнінен Т қалыпта, сарғаюы азая бастады. Сауығу.
Қан анализі: эр. – 5,6-10 х 1012/л, Нв – 112 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9, Л. – 0,9 х 109/л, Э – 4, Т – 10%, с – 66%, ли. – 16%, мон. – 4%, СОЭ – 22 мм/сағ.
Несеп анализі: өзгеріссіз, жалпы билирубин – 48,6 мкмоль/л, тікелей билирубин – 40 мкмоль/л, ЛТ – 0,62 мкмоль/л, Тимол – 4 бір., сулем – 1,6 мл.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
