Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есептер ХБК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.78 Кб
Скачать

Есеп №8

Науқас 20 жаста, 10.12 күні ауруының 1-ші күні түскен. Шағымдары: әлсіздік, ішінің ауыруы. Бір күн бұрын қонақта болған. Әр түрлі тағамдар жеген, алкоголь ішімдігін ішкен. Жедел ауырған, эпигастрия аймағында ауырғандық, жүрек айну, құсу, көп ретті, жиі сұйық нәжіс, қоспасыз. Температурасы 380С. Объективті жағдайы ауыр, науқас түрі қуқылданған, көздері үңілген, ұлпа тургоры төмендеген. Ішек түйілуі жоқ, жүрек тондары әлсіреген. АҚ 85/50 мм сын.бағ. пульсі ырғақты. Патология жоқ. Кіші дәретке барған. Нәжісі сұйық, сулы, ет жиындысы түсіндей. .

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Есеп №9

Науқас К. 32 жаста. Ауырғанына 3 күн болған соң 8 шілдеде ауруханаға түсті. Ауруы жедел басталған. Кілегей мен қант қоспасы жоқ, үлкен дәретінің жиіленуі, сұйықтануы, байқалған. Осы сипаттаған ішінің өтуі жалғасып, 2-ші күнінде көп мөлшерде жиіленген. Құсу, балтыр бұлшық етіндегі құрысу қосылып байқалған. Іш аймағында аурымағандық болмаған.

Қарағанда: науқас жағдайы ауыр. Дене қызуы 35,90С. Науқас санасы анық, шөлдеуіне байланысты қайта-қайта су ішкісі келеді, дауысы қарлыққан, әлсіз. Құсық массалары көп мөлшерде, су сияқты, түссіз. Тері жамылғылары бозғылт, көкшіл түстес. Терісі дымқылданған. Тургоры төмендеген. Түрінде қорқыныш сезімі байқалады. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Бұлшық еттеріндегі жанға бататын құрысулар сезіледі. Қолының саусақтары көкшіл түстес. Тері қызғылттанған. Жүрек тондары анық емес, пульсі әрең анықталады. Жиілігі минутына 100 рет. АҚ 80/40 мм сын.бағ. Бүгіндікке кіші дәретке отырмаған, үлкен дәреті сұйық, жиі, исі жоқ.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Есеп №10

Науқас В. 44 жаста. Ауруханаға сырқатының 4-ші күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, шамалы басының ауруына, тыныс алуының қиындауына, көзінің айқын көрмеуіне шағымданып түсті.

03.06 – дәмі өзгерген, үйде консервіленіп дайындалған саңырауқұлақтан жеген. Сонымен бірге қайнатылған тауық және қаймақпен араластырылған қиярдан жасалған салат жеген.

04.06 – жұмыс уақытысында әлсіздік сезініп, басы айналып, ішінің сәл ауырғандығын сезінген, 2-рет құсқан, 1-рет сұйық үлкен дәретке отырған.

05.06 – нашар көре бастаған, барлық заттар тұмандалып көрінген, сонымен қатар қалшылдау және тершеңдік пайда болған.

06.06 – қатты тағамдары жұта алмаған, көруі нашарлаған. Бұл күні таңертең «жедел жәрдем» шақырған, олар ауруханаға жолдаған.

Объектвиті: температурасы 37,80С, жалпы жағдайы өте ауыр, адинамиясы, есі анық, айқын қабығының түсуі, жеңіл анизокория, маңқы дауыс. Тыныс алуының қиындауы, суды қиналып ішеді, аз порциялармен. Пульс минутына 118, толықтығы орташа. АҚ – 90/60 мм сын.бағ. Жүрек тондары әлсіз, өкпесінде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ. Ауырғандық жоқ, шамалы кепкен. Үлкен дәреті клизмадан соң ғана емес, зәр шығаруы қалыпты.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.