Есеп №1
Науқас О. 24 жаста. Ауруханаға ауруының 9-шы күні, 13 тамыз күні түскен. Ауруханаға түскен кездегі шағымдары; басының ауруы, денесінің сырқырауы, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Ауырғандық біртіндеп дене қызуының көтерілуімен басталған, субфебрильдіден жоғарылағанға дейін, басының ауырғандығымен, қалтырауымен, аздап терлеумен басталған.
Науқас дәрігерге көрінбеген. Жеміс-жидектерлі үнемі жумайды. Әр түрлі жерден қайнамаған ауыз суын қолданған. Ауруханаға түскенде дене қызуы 390С, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, қуқыл тартқан, аздап тежелген, санасы айқын, тілінің ортасы аздап жабындымен қапталған жиектері және ұшы таза, ісінген, тістің іздері бор, зеві (тамақ саңылауы) таза, бездері ұлғаймаған. Құрсақ терісінде аздаған, диаметрі 2-3 мм розеолалар байқалады, теріден аздап шығыңқы орналасқан. Жүрек тондары төмендеген. АҚҚ 90-60 мм сын.бағ. Р8-66 рет ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. Өкпесінде везикулдық тыныс, аздаған, шашыраған құрғақ сырылдар естіледі.
Құрсағы жұмсақ, аздап кепкен, аздап құрылдайды, перкуторлық дыбыс қысқарды илеоцекальдық аймақта байқалады. Бауыр қабырға асты шетінен 1 см шығыңқы. Науқас оң қырымен жатқан кезде талағы жақсы пальпацияланады, үлкен дәреті тоқтаған, несеп бөлуі еркін.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
Есеп №2
Науқас И. 18 жаста, ауырғаннан соң 15-ші күні келіп түскен. Жедел ауырған, жоғары дене қызуы (38-390С) тамағының ауруы, бас ауыруы болған. Ауырғанына 4 күн болғанда пневмонияға күмәнданып, терапиялық, клиникаға жатқызылған. Пенициллинмен және стрептомицинмен емдеу әсер етпеген, дене қызуы жоғары күйінде қалған бас ауыруы, әлсіздік күшейген. Рентгенологиялық тексеруде пневмония диагнозы дәлелденбеген.
Түскен кезде: дене қызуы 390С, жағдайы ауыр. Науқастың тері жамылғысы бозғылт, әлсіз ұйқышыл. Тілі ісінген, тілінің бетінде жамылғы қапталған, тілдің ұшы мен шеттері таза. Іштің және кеуде терісінде аздаған мономорфты розеолезді бөртпе. Жүрек тондары орташа айқындылықта, пульс 1 минутта 90 рет, ырғақты, толықтығы орташа, АҚ-90/50 мм.сын.бағ.өкпеде жайылмалы құрғақ сырылдар. Іші кепкен, жұмсақ, ауырмайды. Бауыр және талақ пальпацияланады, қабырға шетінен 1 см төмен. Қабылдау бөлімінде үлкен дәреті ботқа тәрізді, қара түсті болған.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
Есеп №3
Науқас И. 40 жаста, зоотехник, ауруханаға ауырғаннан соң 18-ші күні мына шағымдармен: бас ауруы, әлсіздік, ішінің ауруымен келіп түскен.
Ауру алыс ауданда командировкада жүргенде біртіндеп басталған: барлық уақытта жалпы әлсіздіктің күшеюі, бас ауруы, күніне 1-2 рет іш өтуі мазалаған, дене қызуы өлшенбеген, бірақ қызуының көтерілгенін сезген, кейде терлеген. Кеше Алматы қаласына келген, бүгін іш ауруы пайда болған, дәрігерді шақырған және ауруханаға жатқызуға жолдама берілген.
Түскен кезде: дене қызуы 39,50С, жағдайы ауыр. Науқастың терісі бозғылт, енжарлық бет әлпеті ерсі, көзінің айналасында күңгірт шеңберлер, ішінде бірлі жарым мономорфты розеолезді-папулезді элементтер-бөртпелер, ентікпе. Тілі жамылғымен қапталған, тіс іздері байқалады, құрғақ. Пульс 100 рет 1 минутта, жұмсақ, ырғақты. АҚ 85/60 мм сын.бағ. Өкпеде көптеген құрғақ сырылдар. Іші кепкен, тыныс алуға қатысуы жеткіліксіз, пальпацияда оң жақ мықын аймағының ауырғандығы, сол жерде бұлшық еттердің керілуі және оң мәнді Щеткин-Бюмберг симптомы. Бауыр мен талақ қабырға қарында. Үлкен дәретке бүгін отырмаған.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
