Сіздің болжам диагнозыңыз
Тексеру жоспарын құрыңыз
Ажыратпалы диагноз жүргізіңіз
Емін тағайындаңыз
Жауабы:
1. Менингококты инфекция: менингит
2. ЖҚА, люмбалды пункция
3. Менингиттің басқа түрлері: қызылша, жәншау, іріңді менингит
4. Антибиотикотерапия пенициллин, левомецитин
Витаминотерапия люмбалды пункция, дегидратация
Есеп №5 Сарып
Баланың жасы 7 жаста. Бас ауруына, тәбеті төмендегеніне, тез шаршағыштыққа бұлшық ет және буындарында өтпелі кейде мазалайтын ауырсынуға шағымданады. Дене температурасы 390С-қа көтерілген. Шикі сүт өнімдерін пайдаланған.
Клиникаға түскен кезде: әлсіздік, тері қабаты бозғылт-сарғыш түсті, тілі ақ жабындымен жабылған. Мойын, шап лимфа түйіндері ұлғайған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған. Бауыр, көкбауыр ұлғаюы байқалады. Жалпы қан анализі – эр.-4,8х1012/л, нв-130г/л, л-3,2х109/л, СОЭ – 20мм/сағ., Л-65%. Райт-Хеддельсон реакциясы.
Болжамды диагноз қойыңыз
Қандай диагностикалық тексеру диагнозды анықтайды?
Клиникалық диагноз?
Ажырату диагнозы?
Қандай ем жүргізу қажет?
Жауабы:
1. Сарып.
2. Бактериологиялық әдіс гемокультура, Миэло культура.
3. Серологиялық әдіс (Райта, Хеддельсон реакциялары) РПГА 3. Аллергиялық
тері ішілік-Бюрне сынамасы.
4. Ажырату диагнозы: іш сүзегі, ревматизм, грипп, ревматоидты жүргіземіз.
5. Емі:
1) этиотропты терапия
2) вакцинотерапия
3) гармонотерапия
4) Спецификалық және спецификалық емес преп. (дибазол, метияурация,
циклоферон, декарис).
5) Қабыну процессі басу үшін стероидты емес преп. Аспирин, индометацин,
вольтерон, деклофенак).
Есеп №6
Науқас 5 жасар А., 2 күннен бері дене қызуы 38,50С-қа дейін көтерілген. 1-ші күні нәжісі 5-6 рет болған. Ал екінші күні 10 ретке дейін жиіленген. Нәжісі сұйық кілегейлі қан аралас. 2 рет құсқан, құсқан соң жеңілденген.
Объективті қарағанда: бала әлсізденген, бозарған, терісі құрғаған, көзі шүңірейген, салмақ жоғалтқан, тәбеті жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ритмді, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Есі анық. Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды. Бала ешқандай аурулармен ауырмаған, алдын алу егулерді уақытылы қабылдаған. Бала бала-бақшаға барады. Балабақшада 1 аптаның ішінде тобындағы балалардың үшеуі ауырған, сұйық нәжіс болған.
Қан анализінде: нв – 110г/л
эр. – 4,2-1,012/л
лейк. – 10х109/л
СОЭ – 15 мм/сағ.
Копрограммада: кілегей ++
лейкоцит – 18к/а
эритроцит – 13к/а
Зәр анализінде: түсі сары түсті
тығыздығы – 1010-1015
белок – 0,033%
Болжам диагнозды қойыңыз.
Тексеру жоспарын құрыңыз
Ажырату диагнозын жүріңіз
Клиникалық диагнозды негіздеңіз
Емін тағайындаңыз
Жауабы:
1. ЖІИ.
2. ЖҚА, ЖЗА, копрограмма, нәжісті бактерияны тексеру.
3. Ажырату диагнозы:
Диспепсия дене қызуы көтерілмейді, нәжісте қышқыл иіс болады. Тенезм болмайды.
Салмонеллезді энтероколит нәжісі сұйық көпіршікті болады, тенезм болмайды, іші ісінуі, тілі қою жабындымен жабылған. Бауыр мен көкбауыр үлкейген. Дене қызуы 10 күнге дейін болады.
Стафилококты энтерит және энтероколит – балаларда 6 айға дейін кездеседі. Нәжісте кілегей мен қан басады, сұйық болады, нәжістік сипаты сақталады, ішінде газ жиналады, тенезм болмайды.
– жиі кілегейлі қан аралас нәжіс болады. Инвагинацияда кенеттен басталған ұстама түрде іші ауырады, дене қызуы болмайды, көп ретті құсу, сосын нәжістің мүлдем болмауы, іші ісінеді, инвагиниттің перисталь күшейеді.
4. Жедел ішек инфекциясы, дизентерия орташа ауырлық дәрежесінде
5. Регидратация
6. Симптоматикалық ем
