Есеп №1 АИЖВ
10 жасар Малика, қаланың жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, басының қатты ауыруы, дене қызуының t=37,8, 38,30С көтерілуі, аяқ буындарының қақсауы, лимфа түйіндерінің: жақ асты, қолтық асты, шап маңы түйіндерінің ұлғаюы. Жұтынудың қиындауы.
Анасы дене қызуын түсіру үшін 1/2 табл.парацетамол және 1/2 табл. аспирин берген, бірақ дене қызуының төмендеуі 1-2 сағатқа созылған.
Анасының айтуы бойынша баланың физикалық, психикалық дамуы өз қатарластарына сай дамыған, профилактикалық егулерді уақытылы қабылдаған.
9 жасында жол апатына түсіп көп қан жоғалту барысында, қан құйылған. ОБА. 1 айға жуық емделген.
Қарағанда: тері және кілегей асты қабаттары ақшыл, қызғылт түсті, ылғалды. Тірек қимыл жүйесінде деформациялар анықталмайды. Лимфа түйіндері ұлғайған: жақ асты, қолтық асты, шап маңы ауырсынулы, жылжымалы ауыз қуысын қарағанда бадамша бездері ұлғайған, қызарған, іріңді. Тыныс алу жиілігі 30 рет, қатаң тыныс, жүрек соғу жиілігі 108 рет, ритмді, айқын.
Диспепсиялық көрініс байқалмайды. Бауырын пальпациялаған кезде бауыр қабырға доғасынан шығыңқы, ауырсынуысз, көкбауырды пальпациялаған кезде пальпацияланады, ұлғаюы анықталады. Кіші дәреті ауырсынусыз, өзгеріссіз, үлкен дәреті қалыпты.
Сіздің болжам диагнозыңыз
Тексеру жоспарын құрыңыз
Ажырату диагнозын жүргізу
Клиникалық диагнозыңыз
Емі
Жауабы:
І. АИЖВ-инфекциясы.
ІІ. 1) ЖҚА, ЖЗА, қанды биохимиялық тексеру.
2) қанды ВИЧ-ке тексеру ИФА.
3) иммуноблонинг әдісі.
4) қанда Т4-лимфоцит деңгейін анықтау, иммуноглобулиндер деңгейін
анықтау.
ІІІ. Ажырату диагнозын: 1) иммунодефицитті жағдайлар
2) инфекционный мононуклеоз
3) жүйелі қызыл жегі
4) микоздармен
IV. АИЖВ-инфекциясы ІІА сатысы.
V. 1) Вирусқа қарсы ем:
2) иммунокоррекция және иммуностимуляция.
3) оппортунисттік инф.емдеу.
Есеп №2
Науқас Ирина, 5 жаста, жедел ауырады, дене қызуы 37,80С-қа көтерілген. Шағымдары: 3 күннен бері дене температурасы 37,50С сақталады, бала әлсіз, басы ауырады, мұрынынан су ағу, көзінің жасаурауы, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмен, ойынға қызығушылық жоқ, құрғақ жөтел.
Объективті қарағанда: тері жамылғысы және көрінетін шырышты қабаттары бозарған, шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аңқасында гиперемия өкпесін тыңдағанда құрғақ сырым естіледі, жүрек тондары таза, ритмді. Бауыры, көк бауыры пальпацияланбайды, іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырсынусыз. Нәжіс және несеп шығаруы қалыпты. Бала бала-бақшаға барады.
Сіздің болжам диагнозыңыз
Тексеру жоспарын құрыңыз
Клиникалық диагнозын қойыңыз
Емін тағайындаңыз
Жауабы:
1. ЖРВИ
2. ЖРВИ, тұмау, катаральді форма.
3. Вирусологиялық және серологиялық зерттеу, эпидемиология
4. – төсектік режим
- сұйықтықты көп мөлшерде беру
- витаминотерапия
- симптоматикалық ем
- ыстықты түсіру
- мұрнына интерферон, нафтизин, галолозин
- либексин
- этиотропты ем: ремантадин
- жылыту процедуралары
Есеп №3
6 жасар Анеля, 3 күн бойы ауырып, 390С дене температурамен ауруханаға келіп түскен. Маусым айы. Шағымдары: әлсіз, мазасыз, іші ауырып, құсу болған, басы ауырған, аздаған тұмау болған, баланың жағдайы нашар.
Объективті қарағанда: терісінде бөртпе жоқ, таза, беті қызарған, көзі қанталаған, тілі жабындымен жабылған, аңқасы қызарған. Лимфа түйіндері: мойын, қолтық асты, шат аймағында лимфа бездері ұлғайған. Тынысында: айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, жүрек тондары ритмді. Бауыры мен көкбауыры қабырға шетінен анықталады.
Эпид.анамнез: науқас бала-бақшаға барады, бұрын соңды ешқандай жұқпалы аурулармен ауырмаған. Бала-бақшада 2 апта бұрын бір бала дәл осылай ауырған. Егулерін уақтылы қабылдаған.
Қан анализінде: эр. – 4,2·1012/л
нв – 130г/л
түсті көрсеткіш – 1,0
лейкоциттер – 5-6·109/л
тромбоциттер - 250·109/л
моноциттер – 8%
СОЭ – 28мм/сағ.
Нәжісі қалыпты:
Сіздің болжам диагнозыңыз
Қандай диагностикалық тексеру диагнозды анықтайды?
Қандай терапия жүргізіледі?
Жауабы:
1. энтеровирусты инфекция
2. серологиялық (коксаки, ЭСНО, антидене анықтау)
3. симптоматикалық ем
Есеп №4
Науқас Зарина, 12 жасар, жедел ауырып, әлсіздікке, дене қызуының 380С-қа көтерілді, қалтырауы, тершеңдік, қатты басы ауырып, көп рет құсқан.
Анасының айтуы бойынша науқастың физикалық, психикалық дамуы қатарынан қалмаған, жасына сай дамыған профилактикалық егулерді уақытылы қабылдаған.
Объективті қарағанда: тері және кілегей қабатында бөртпелер жоқ, ауыз қуысын қарағанда тілі құрғақ, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тынысы қалыпты, өзгеріс жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Бауыры, көкбауыры ұлғайған, іш өтуі болмаған. Шүйде бұлшықеттерінің кернеулігі анықталады. Брудзинский және Кернинг симптомдары айқын білінеді: зәрінде өзгерістер жоқ.
