- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №1
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №2
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №3
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №4
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №5
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №6
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №7
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №8
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №9
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №10
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №11
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №12
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №13
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №14
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №15
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №9
6 айлық бала, нормотрофик. Жедел ауырған, температураның жоғарылауы 37,7ºС дейін. Нәжісі сулы, көп мөлшерде, патологиялық қосымшаларсыз. Бір реттік құсу, еріні құрғақ. Үлкен еңбегі түспеген. Мұрыннан серозды бөлініс, жоғарғы тыныс жолдарныда жабынды, іштің шорылдауы, сұйық шашыраңқы нәжіс.
Алдын ала қойылған диагноз.
Балаға тез арада терапиялық көмек.
Клиникалық диагноз қоюға не қажет?
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №10
1,5 жасар Наташа дене қызуы 37,8ºС-қа көтеріліп, жедел ауырды. Мұрыннан су ағу, жөтел пайда болды. ЖРВИ-ға амбулаторлы емделді. Т – 37,5ºС 5-ші күнге дейін сақталып, мойын аймағында ісіну пайда болды. Нәресте инфекциялық стационарға жатқызылды. Преморбидті фоны ауырмаған. Түскен уақытта жағдайы ауыртпалықтың деңгейінде /яғни орташа/, салмағы 11,100, пульсі минутына 125 соққы, тынысы минутына 28 рет. Мұрнымен тыныс алуы ауырлаған, бөлінді жоқ. Аранында миндалиналар ұлғайған. Алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері «цепочка» түрінде. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары таза, ырғақты. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасы астынан 4 см төмен түседі, ал көкбауыры 2 см төмен түседі. Нәжіс пен несеп шығаруы бұзылмаған. Қан анализінде: эр – 3,5х1012/л, НВ – 120 г/л, ТК – 0,9, л – 20х109/л, Э – 1%, С – 17%, Л – 59%, М – 10%, атипиялық мононуклеарлар – 17%.
Клиникалық диагноз қою.
Неге негіздеп диагнозды қойдыңыз?
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №11
Бала 3 жаста, жедел ауырды, дене қызуы 38ºС-қа көтерілген, тынышсыз болып ұйқысы бұзылған, тәбеті төмендеген. 4-ші күні дене қызуы қалпына келген, адинамия сақталған, әлсіз болған, осыған байланысты госпитализацияланған. Жалпы жағдайы аз бұзылған. Терісі сұрланған, ылғалдылығы аздау, әсіресе бас терісі. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары таза ритмді. Іші жұмсақ, ауырмайды. Нәжіс пен несепте өзгеріс жоқ. Есі анық. Оң жақтағы мұрын-ерін қатпары тегістеліп кеткен, аузының бұрышы түсіңкіреген. Дәм сезуі сақталған, бет терісінің сезімталдылығы сақталған.
Диагнозды тұжырымдау.
Қандай қосымша зерттеу қолдану керек?
Қандай өзгерісті күтесіз.
Ауру адаммен контактте болған балаға қандай алдын алу шараларын қолданады?
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №12
5 айлық бала, жедел ауырды, бүгін дене қызуы 38ºС-қа көтерілді, тынышсыздық пайда болды. Құсу болмады. Күннің 2-ші жартысында жасыл түсті болып, көп мөлшерде, сұйық қан аралас нәжіс бөлінді, тенезм пайда болды. Объективті тексергенде: дене қызуы 38ºС-қа көтерілген, әлсіз, тері жабындылары қалыпты, бөртпелер жоқ. Тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен жабылған. Араны таза, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, ритмді. Пульсі қалыпты. Терең пальпациялағанда іште ауырсыну байқалған және сигма тәрізді ішектің спазмы, шорылдау білінеді. Анусы босаңсыған, жан-жағы қызарған. Менингеальды белгілер жоқ. Анасында аз уақыттық ішек дисфункциясы байқалған.
Алдын ала диагноз қой.
Қандай зерттеулер жүргізу керек?
Қандай ауытқуларды күтесіз?
Дозасын көрсетіп, дәл емдеу жоспарын құрыңыз.
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
