- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
- •Ситуациялық есеп № 3
- •Болжам диагнозды қойыңыз
- •Ситуациялық есеп № 4
- •Ситуационная задача № 1
- •Ситуационная задача № 2
- •Ситуационная задача № 3
- •Ситуационная задача № 4
- •Ответ № 1
- •Ответ № 2
- •Ответ№ 3
- •Ситуациялық есеп №1
- •Ситуациялық есеп №2
- •Ситуациялық есеп №3
- •Ситуационная задача № 1
- •Ситуационная задача № 2
- •Ситуационная задача № 3
- •Ситуационная задача № 4
- •Ситуациялық есеп №1
- •Ситуациялық есеп №2
- •Ситуациялық есеп № 3
- •Ситуациялық есеп № 4
- •Ситуациялық есеп № 5
- •Ответ № 1
- •Ответ № 2 - Менингококковая инфекция: назофарингит, гнойный менингит.
- •Ответ № 3
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
- •Ситуациялық есеп № 3
- •Ситуациялық есеп № 4
- •Ответ № 1
- •Ответ № 2
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Болжам диагнозды қойыңыз.
- •Клиникалық диагнозды қойыңыз
- •Ситуациялық есеп № 2
- •Ситуационная задача № 1
- •Ситуационная задача № 2
- •Ситуационная задача №1
- •Ситуациялық есеп №1
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуационная задача № 1
- •Ситуационная задача № 1
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
Ситуациялық есеп № 1
Мерей К., 6 жаста. Бала вирусты гепатит жағдайлары тіркелген бала – бақшаға барады. Ауру жедел, дене қызуының 38,4 С – қа дейін көтерлуден басталды, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, жүрек айну, 1 реттік құсу байқалды. Келесі күні дене қызуы қалыпты болды, бірақ жүрек айнуы, анорексия, әлсіздік сақталды. Аурудың 3-ші күні іштің ауырсынуы, зәрдің күңгірттенуі, терінің, кілегей қабаттардың сарғаюы байқалды.
Объективті қарау барысында: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Шағымдары: іштің ауырсынуы. Тері қабаттары сарғайған, бадамшаларында, жұтқыншақтың артқы қабырғасында – гиперемия. Жүрек және тыныс алу жүйелері жағынан патологиялық ауытқулар жоқ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан +3,0, +3,5 см-ге ұлғайған, пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Көк бауыр пальпацияланбайды. Зәрі күңгірттенген, нәжісі түссізденген.
ЖҚА: эрит. - 4,0х10/л, Нв – 135 г/л, лейк. – 5,6х10/л, т/я – 3%, с/я -46%, лимф. - 44%, мон. - 7%, ЭТЖ – 7 мм/сағ.
Қанның биохим. анализі: жалпы билирубин – 112 мкмоль/л, тікелей – 80 мкмоль/л, АЛТ – 4,6, АСТ – 3,2, тимол сынамасы – 18 ед., ПТИ - 78%.
ИФА: anti HAV ig M +
Клиникалық диагнозды қойыңыз
Емдеу жоспарын құрыңыз
Ситуациялық есеп № 2
5 жасар бала, соңғы 3 ай ішінде вирусты гепатит жағдайлары тіркелген бала – бақшаға барады. Қатынаста болған балаларды тексергенде осы балада АЛТ мөлшерінің - 2-ге, ал АСТ – 1 мм/л - ге көтерлуі байқалған.
Объективті тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене бітімі қалыпты. Тері қабаттары және жұмсақ таңдайдың кілегей қабаттары сарғайған. . Жүрек және тыныс алу жүйелері жағынан патологиялық ауытқулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры қабырға доғасынан 2 см-ге ұлғайған, көк бауыры ұлғаймаған.
Зәрі күңгірттенген, нәжісі түссізденген.
Болжам диагнозды қойыңыз
Қандай қосымша лабораториялық әдістерді жүргізу қажет?
Емдеу жоспарын құрыңыз
Ситуациялық есеп № 3
4 жасар қыз бала, вирусты гепатиттің бірнеше жағдайлары тіркелген бала – бақшаға барады. Балаға бұлшық етке гамма – глобулин енгізілді. Қатынаста болған балалар қатарында тексерілді: АЛТ, АСТ көрсеткіштері – қалыпты. Қатынастан кейін 1 ай өткен соң ата – анасы жанұялық пансионатқа бару үшін баланы учаскелік дәрігерге апарды. Балада шағымдары болмады, бірақ тексеру барысында дәрігер бауырдың ұлғайғанын байқады. Қанды биохимиялық тексеруге тапсырды. Биохимиялық тексеру барысында: тимол сынамасы – 10 ед., АЛТ – 4,3 мм/л.
Болжам диагнозды қойыңыз
Қандай қосымша лабораториялық әдістерді жүргізу қажет?
Емдеу жоспарын құрыңыз
Ситуациялық есеп № 4
Науқас 23 жаста, слесарь, зауыт жатақханасында тұрады, асханада тамақтанады. Ауруы бір апта алдын басталған. Алғашқы 1-2-ші күні қызбасы 39-39,50С көтерілген, кейіннен барлық күндері әлсіздік, эпигастрия аймағында және оң жақ қабырға астында ауырсыну, тәбетінің төмендеуі байқалған..
Объектвиті: науқастың жалпы жағдайы орта ауырлықта, қызбасы 37,20С. Жұмсақ таңдай, тіл асты, тері жамылғылары сарғайған. Пульс 54 рет минутына, АҚ – 90/60 мм сын.бағ., жүрек тондары әлсіреген. Өкпе жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сәл ауырғандық бар. Бауыр қабырға иінінен 2 см түскен, сезімтал. Көкбауыры қабырға иіні қырынан пальпацияланады. Зәр түсі «қою қайнатылған шай» тәріздес.
Сіздің диагнозыңыз.
Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.
Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.
