Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таырып бойынша есептер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать
  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Есеп №3

Науқас Д., 53 жаста, қойшы, ауруханаға 13.08. күні ауруының 2-ші күнінде түсті. Шағымдары: дене қызуының көтерілгендігі, әлсіздік, бас ауруы, өне бойының қақсауы, жөтел. Ауырғандығы кеше кешке қалшылдаудан, ыстығының көтерілуінен, оң бүйрегінің шаншуынан басталған.

Объетивті: Т – 39,7ºС. Жағдайы ауыр. Ыңыранады. Тітіркенгіш, беті іскен, қызарған. Менигеальды симптомдары жоқ. Склера конъюнктиві тамырларының айқын инъекциясы, ылғалды тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚ – 85/60 мм сын. бағ., пульсі минутына 100 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, жұмсақ, ритмді, өкпелердің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы – брохтық реңде, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырыл. Қан аралас қақырық тастайды. Тыныс алуы мин. – 40 рет. Іші қалыпты конфигурациялы, жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Үлкен дәретке шықпайды. Тәбеті нашар. Бұдан 2 кұн бұрын киіз үйдегі көршісі белгісіз қызба ауруынан шейіт кеткен, дәрігерді шақырмаған, өздері жерлеп көмген.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?