Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таырып бойынша есептер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

Күл, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, көкжөтел: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клинико-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы. Күл, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит және көкжөтелдегі медбикелік процестің бес кезеңі.

Ситуациялық есеп №1

Науқас А., 17 жаста, бөлімшеге ауруының 3-ші күні мына шағымдармен түсті: шаршағыштық, адинамия, афония, құрғақ дыбыссыз жөтел. Анамнезінен белгілі болғанындай, ауру дене температурасының 37,4ºС-қа көтерілуімен, жөтелден басталған, келесі күні жөтелі «үрмелі» дөрекі түрге түскен. Сонымен бір уақытта даусының қарлығуы пайда болған. Объективті зерттеуде эпигастрий аймағы аздап тартылған, тыныс алуы төмендеген. Аңқасы қалыпты. Өкпесінде бірыңғай құрғақ сырыл. Тахикардия.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

Ситуациялық есеп №2

Науқас С., 20 жаста, ЛОР-бөлімшесіне лакунарлы ангина диагнозымен түскен, бөлімшеде болған 2-ші күні ауыз-жұтқыншақтың көгерген ісігі мен айқын гиперемиясы анықталған, бадамша безінде, доғасында, қатты және жұмсақ таңдайда тегіс ісіну, лимфа түйіндері, мойын лимфа үсті клетчаткасы аздап ұлғайған. Температурасы 38,9ºС.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

Ситуациялық есеп №3

Науққас Е., 19 жаста, ревматология бөлімшесіне ревматизммен түскен, түскен күнінің 10-шы күнінде теспературасы 38ºС-қа дейін көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлаған, шайнағанда ауырсыну пайда болған, сол жақ құлақ маңы аймағы ісінген.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

Риккетсиоздар: эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилла-Цинссер ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клинико-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы. Риккетсиоздардағы медбикелік процестің бес кезеңі.

Ситуациялық есеп №1

Науқас 65 жаста, ауруының 5-күні мынадай шағымдарымен түскен: қызба, басының ауырсынуы, әлсіздік. Алдында дизентерия өкпенің қабынуы, іш сүзегі және бөртпе сүзегімен ауырған.

Жедел ауырған: қалтырау, бүкіл денеде тырысу бар, бас ауыруы, ұйқысыздық. Температурасын өлшенген, бірақ ыстықтың шығуы байқалған, аурухана қағазында тұмау диагнозы болған. Аспирин, норяульфазолды 2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдаған, әсері жоқ.

Қарағанда: температурасы 38,6ºС. Жағдайы орташа ауырлықта. Белсенді, беті ісінген, тамырлары конъюктивті, склера тамырлары айқындалған. Тілі ақ жабындымен табылған. Денеде және аяқ-қолда, сондай-ақ алақанда көп мөлшерде папулезді элементтермен және петехиялармен полиморфты розеолезды бөртпе. Өкпеде-құрғақ сырылдар, жүрек тондары анық естілмейді. Пульсі 100 рет минутына, ритмді, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚ – 90/55 мм.сын.бағ. Ішінің конфигурациясы қалыпты, жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр және көкбауыры қабырға доғасында пальпацияланады. Нәжісі жоқ. Зәрі қалыпты. Ұйқысы нашар. Менингеальді симптом жоқ. Ауруының 10 күні температурасы қалыпқа түскен. Жазылып шыққан.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Ситуациялық есеп №2

Науқас 30 жаста, ауруының 5-күні мына шағымдармен түскен: қызба, басының қатты ауырсынуы, әлсіздік. Жүргізуші болып жұмыс істейді, жиі ұзақ уақыт командировкаларда болады. Жедел ауырған: жоғары температура, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, тұмау. Тез арада төсекте жатқан, аспирин және норсульфазолды1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдаған, әсері болмаған.

Қарағанда: дене қызуы 39ºС. Жағдайы орташа ауырлықта. Қозған, сандырақтайды. Беті ісінген, гиперемиялаған, конъюктивадағы қан тамырлар айқындалған. Дене және аяқ-қол терісінде, сондай-ақ алақанда – полиморфты розеолезды бөртпе көп тараған, белгілі бір мөлшерде петехиялар.

Жүрек тондары тұйықталған, пульс минутына 100 ретс соғады, ритмді, толығуы қанағаттанарлық, АҚ – 90/55 мм: сын.бағ. Өкпеде - бірыңғай құрғақ сырылдар, тілі құрғақ, ақ жабындымен бірдей жабылған. Іштің қалыпты конфигурацияда, жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры және көкбауыры қабырға доғасында пальпацияланады. Нәжісі жоқ. Зәрі қалыпты. Ұйқысы нашар, жиі оянады. Менингеальді симптом жоқ. Ауруының 12 күні температурасы қалыпқа түскен. Жазылып шыққан.