Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ситуациялы есептер С.Б.А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.76 Кб
Скачать
  1. Клиникалық диагноз қойыңыз.

  2. Диагноз қоюға көмектесетін симптомды атаңыз.

  3. Ем тағайындаңыз.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы

Жұқпалы аурулар кафедрасы

Ситуациялық есеп 18

9 айлық қыз. Кеше сағат 20.00-де дене температурасының 40ºС-қа көтерілуімен ауыра бастайды. Әлсіздік, ұйқысыздық, тамақтан бас тарту байқалады. Анасы таныс фельдшеріне хабарласты. Фельдшер ауруханаға жолдама берді, анасы бас тартты. Таңғы сағат 6.00-де дене температурасы 40,5ºС-қа дейін жоғарылап, тырыспа синдромы болып, қыз есінен танып қалды. Жедел жәрдем машинасы шақырылды. Баланы фельдшер тексерді. Объективті тексеруде: баланың жағдайы өте ауыр. Тері түсі сұрғылт, таза. Тынысы минутына 60 рет. Жүрек тоны тұйық, тахикардия, жүрек қағысы минутына 160 рет. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге ұлғайған. 8 сағат бойы кіші дәретке отырмаған. Еңбегінің түсіп кетуі байқалады, тырыспа қайталанып жатыр. Неврологиялық статус: есі жоғалуда, птоз бен нистагм анықталады. Мұрын-ерін бұрышы оңға тартылған.

  1. Қай ауру туралы ойлауға болады?

  2. Емханаға дейінгі жедел жәрдемнің қай кезеңін көрсетуге болады?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы

Жұқпалы аурулар кафедрасы

Ситуациялық есеп №19

Бала 5 жаста, үйге жедел жәрдем фельдшерін шақырған. Бала 2 күн бойы ауырған. Жедел ауырған, дене температурасы 39ºС-қа дейін көтерілген күні сағат 12-лер қарсаңында бас ауруы пайда болды, көп реттік құсу болған. Анасының айтуы бойынша бала уланған, асқазанын жуған. Жағдайы жақсармаған. Қызуы 39-40ºС күйінде қалған. Сағат 2400-тер шамасында денеге және аяқ-қолдарға ортасында некроз ошағы бар, дұрыс емес жұлдызша формалы, нүктелі геморрагиядан үлкен қан құйылуға дейінгі көлемде полиморфты геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Бала қол саусақтарының ауыруына шағымданады.

Объективті: баланың есі анық, тежеулі, терісі «ақшыл мрамор» түсті, денесінде және аяқ-қолдарында полиморфты геморрагиялық бөртпе, акроцианоз. Тынысы жиі, минутына 40 рет. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, жүректің соғу жиілігі 140 рет минутына, АҚ – 70/40 мм сын. бағ. Қол саусақтарындағы майда буындар аздап қызарған, қозғалысы ауырсыну салдарынан шектелген. 8 сағат бойы кіші дәретке отырмаған.

  1. Қандай ауру туралы ойлнау керек?

  2. Госпитальды этапқа дейінгі алғашқы көмек көрсетіңіз.

  3. Қайда госпитализациялау керек?

  4. Перифериялық қаны мен зәрінен қандай өзгерістер күтесіз?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Жұқпалы аурулар кафедрасы

Ñитуациялық есеп №20

«Жедел жәрдем» фельдшері үйге шақырылды. Бала 8 жаста, жедел ауырды, температурасы 390С-қа дейін көтерілді, бірден бас ауруы, көп реттік құсу пайда болды. Бір апта бұрын жөтел, мұрнынан су ағу, субфебрильді температура байқалған. Бұның алдында мектепке бара жатып жаңбырдың астында қалып қойған.

Объективті: баланың жалпы жағдайы ауыр, жатқандағы қалпы: басын артқа тастаған, аяғын ішіне бүккен қалыпта. Қарағанда терісінде айқын гиперестезия. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында аздаған гиперемия, ісіну байқалады.

Шүйде бұлшық еті 2 көлденең саусаққа тартылуы байқалады. Керниг және Брудзинский симптомы оң. Іш терісі рефлексі әлсіз, диагноз сіңірлі рефлекстер шақырылады, диагноз ошақты симптом жоқ.