- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы Жұқпалы аурулар кафедрасы Ситуациялық есеп №1
- •Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз.
- •Баланың анасы жайлы қосымша не анықтауға болады?
- •Ем тағайындаңыз.
- •Қандай аурулармен ажырату диагнозын жасайсыз?
- •Ем тағайындаңыз.
- •Ем тағайындаңыз.
- •Қандай ауру туралы ойлануға болады?
- •Кафедра меңгерушісі, доцент, м.Ғ.К. Өтепбергенова г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы Жұқпалы аурулар кафедрасы Ситуациялық есеп №1
Бала 2 жаста, дене бітімі дұрыс қалыпта, тамақтануы төмен жағдайда. Респираторлық инфекциямен жиі ауырады. Ауруы жедел басталған. Дене температурасы 38,3ºС-қа дейін көтерілген, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюктивит байқалады. Аурудың 4-ші күні бет терісіне дақты-папулезді бөртпе пайда болды, келесі күні бөртпе бүкіл денеге және аяқ-қолдарға жайылған, дене қызуы 6 күндей түспеген. Аурудың 8-ші күні дене температурасы қайтадан 38ºС-қа көтерілген, тыныс алуы қиындап, кеуде клеткасының орнынан төмен тартылып түсуімен көрінеді. Үрмелі жөтел, дауыс бәсеңдеуі байқалады. Баланы «жедел жәрдем» фелбдшері қараған.
Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз.
Қандай клиникалық симптомдарға сүйеніп диагноз қойдыңыз?
Қандай аурулармен ажырату диагнозын жасайсыз?
Науқасты қай жерде емдеу керек және неліктен?
Емі.
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы
Жұқпалы аурулар кафедрасы
Ситуациялық есеп №2
Бала 6 жаста, дене бітімі дұрыс қалыпта, тамақтануы қанағаттанарлық, бала-бақшамен қамтамасыздандырылған. Дене температурасы 37,5ºС-қа дейін көтерілген және осы уақытта бүкіл дененің бүгілу беттерінде 3-4 мм диаметрде қызғыш дақты бөртпе элементтері пайда болған. Бірақ тері түсі өзгеріссіз күйде. Артқы мойын және шүйде лимфа бездері үлкейген, пальпацияланады. Аңқасы әлсіз қызарған, ұрт кілегей қабаты қызғыш түсте. Егулерді жасы бойынша алған. Инфекциялық науқастармен қарым-қатынаста болмаған. Жергілікті фельдшерге қаралған.
Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз.
Қандай клиникалық симптомдарға сүйеніп диагноз қойдыңыз?
Ем тағайындаңыз.
Науқасты қай жерде емдеу керек және неліктен?
Бала-бақшаға қандай эпидемияға қарсы шаралар қолдану керек?
Бала балалар бақшасына қай уақыттан баруға рұқсат етіледі?
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы
Жұқпалы аурулар кафедрасы
Ситуациялық есеп №3
Бір перзентханада бала туылды, 1-ші жүктіліктен, жүктілік асқынусыз өткен, Апгар шкаласы 4 балл.
Объективті: тері жамылғысында цианоз, әлсіз жылау, тахикардия, жүректе дөрекі систолалық шу барлық нүктеден естіледі. Гидроцефалия, катаракта.
Қандай ауру туралы ойлануға болады?
Баланың анасы жайлы қосымша не анықтауға болады?
Перзентханада қандай эпидемияға қарсы шаралар қолдану керек?
Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы
Жұқпалы аурулар кафедрасы
Ситуациялық есеп №4
Бала 5 жаста, бала-бақшамен қамтамасыз етілген, бөлімшеге ауруының 2-ші күні түскен. Ауруы жедел басталған, дене қызуы 39,5ºС-қа дейін көтерілген, тамағында ауру сезімі бар, бір реттік құсу болған. Түскен кездегі жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 38ºС, ұртында қызару, мұрын-ерін үшбұрышы, терісі ақшыл, бөртпелер байқалмайды. Аңқасы айқын қызарған. Бадамша бездерінің лакунасында – іріңді бөлінді. Басқа мүшелер мен жүйелер бойынша өзгерістер жоқ.
