- •Ақпараттық оқыту қорлары.
- •Б. Ф. Скиннердің программалап (бағдарлап) оқыту концепциясы.
- •Бағдарламалап оқытудың артықшылығы.
- •Білім беру стандарттарындағы информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы.
- •Білім беруді ақпараттандырудың мәні неде?
- •Инновациялық оқыту технологиясынан ерекшелігі.
- •Кәсіби мамандықтарды қайта құрылымдауды қажеттілігі.
- •Мәселе қойып оқыту технологиясы.
- •Модульдік оқыту технологиясы.
- •Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен ерекшеліктері.
- •Өндірістің ғылыми салалары үшін жоғары кәсіби мамандарды дайындау.
- •Политехникалық білім берудің мазмұны.
- •Тұлғалық бағыттағы оқыту технологиясы.
- •Тірек кестелермен сызба нұсқалар арқылы оқыту
- •Ұжымдық оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •Іскерлік ойынының жүргізілу технологиясы.
Инновациялық оқыту технологиясынан ерекшелігі.
— дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
— қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
— оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
— саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
— ақпараттық бағдарламалап оқыту — оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
— иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
— ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Кәсіби педагогиканың әдіснамалық деңгейлері.
КП әдіснамалық деңгейлері:
Бірінші деңгей-философиялық білімдер. Екінші деңгей-жалпы ғылыми әдіснама.(зерттеу объектісі, болжамы, мақсаты, міндеті) Үшінші деңгей-нақтығылыми әдіснама.Төртінші деңгей-технологиялық әдіснама. Кәсіби педагогиканың зерттеу әдістері.ПЗӘ іргелі, қолданбалы, өңдемелік болып бөлінеді.
Кәсіби білім берудің ғылыми техникалых негізі
Кәсіби педагогиканың ғылыми- теориялық негіздері .
Кәсіби педагогика - адамның жас ерекшелігіне, бұған дейін алынған білім деңгейіне тәуелді емес, оның кәсіби даярлығының бүкіл жүйесін қамтитын теориялық және практикалық бағдарланған ғылыми білімдер саласы.Табиғаттың, қоғамның, адамның таным заңдылықтары мен философия заңдылықтарына сүйенеді.
Кәсіби білімді мамандар дайындау
Елбасының жыл сайынғы халыққа арналған Жолдаулары мен еліміздің білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұдайы назарда ұстап келеді. Осы Жолдауды ескере отырып, қорыта айтатыным, еліміз өркениетке бет бұрып, болашаққа алшаң басып келе жатқан шақта, мамандарды заман талабына сай, қай салада болмасын ел тізгінін ұстауға лайық, кәсіби білікті маман етіп даярлауға міндеттіміз. Өндірістік оқыту шеберінің негізгі мақсаты: оқушылардың теориялық білімін өндірістік оқумен ұштастыру болып табылатындығына аса мән беріп, бәсекеге қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін ең алдымен қолдағы бар мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, білім сапасын арттыратын мәселелерді үнемі дамытып, теория мен практиканы ұштастырғанда ғана, біз кәсіби маман даярлай аламыз.
Кәсіби мамандықтарды қайта құрылымдауды қажеттілігі.
Мамандықтардың қайта құрылымдау қажеттілігі ғылым мен техниканың жаңа бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдар түйісіндегі жетістіктер, жоғары технологияларды құру, жоғары және орта кәсіби білімі бар мамандарды дайындауды талап етеді. Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология және де басқа салалардың мамандарына сұраныс аса жоғары және тұрақты болады.
XXI ғасырда техникалық білімді дамыту стратегияларының негізгі бағыттарының бірі өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін озық технологияларменен тікелей жұмыс істеу мақсатында қайта құрылымдық ізденістер негізінде жаңа мамандықтарды қалыптастырып ашу қажеттілігі туындайды.
Кәсіби педагогиканың негізгі функциялары.
теориялық функциясы- кбб озық тәжірибесін зерттеу, кбб бүгінгі жағдайын анықтау, тәжіибелік эксперимент жүргізу;
технологиялық функциясы- кбб бойынша әдістемелік материалдар, жоспарлар, оқу құралдарын дайындау, кбб саласындағы озық жетістіктерді практикаға енгізу, зерттеу нәтижелерін талдау.
Кәсіби педагогика психология, физиология, философия, анатомия, антропология, техникалық ғылымдарға сүйенеді.
Кәсіптік білім беру жүйесіндегі заманауи оқыту технологиялары.
Инновация (ағылшынның innovation – инновация- жаңашылдық сөзінен алынған) – жүйенің ішкі жағдайын, құрылысын өзгерту. Ал педагогикалық жаңашылдық - инновация дегеніміз, педагогикалық жүйедегі кейбір өзгерістердің нәтижесінде оқыту-тәрбиелеу процесін жақсарту. Инновация- педагогикалық іс-әрекетті сапалы дамытуға әкелетін озық идея, озық процесс, үлгілі құрал, жақсы нәтиже.
Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері.
v практикалық жағдайларды зерттеу;
v болған жағдайларды баяндау;
v оқушылар проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.
Кроудердің тармақты бағдарламасының жасалу жолы.
Н. А. Кроудер ұстанымы :
Алдымен күрделі оқу материалы беріледі, егер оқушы оны орындай алмаса, оқуға жеңіл материалдармен алмастырылады. Әрбір бөліктің арнайы білімді бекіту сұрақтары беріледі,оның бір жауабы болады, оны дұрыс шешкенде келесі бөлікке өтуге мүмкіндік беріледі. Егер дұрыс жауап берілмесе, осы білімді меңгеретіндей басқа бөлімге жіберіледі.
Оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол сұрақтың жауабы беріліп, неден қате жібергені түсіндіріледі. Сосын қажетті бөлікке қтуге бағыттайды..
Қашықтан оқыту құралдары.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтан оқыту тәсілдері қандай?
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қашықтан оқыту технологиясының ерекшелігі.
Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі:
- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
- оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
- білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.
Қызықтыру, мотивтендіру әдістері.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді.
Маман қалыптасуының инновациялық моделі
Мамандарды дайындауға бағытталған білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
