Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P_1241_n__Bilim_alushylardy_k_1241_siptik_dayyndau_zh_1199_yesindegi (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

«Кейс технологиясы деген не және оның тиімділігі неде?».

Кейс-технология- шын және ойдан шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология.

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

CASE-терді құрудың негізгі сатылары

CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

Ақпараттық оқыту қорлары.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Б. Ф. Скиннердің программалап (бағдарлап) оқыту концепциясы.

Б. Ф. Скиннер, Программалап (бағдарлап) оқыту концепциясын жасау арқылы төмендегідей ұстанымдарды ұсынды:

Оқушылардың білімдерді тез меңгеруі үшін, оқу материалдарын аз-аздан бөліктерге бөледі. Бөліктерге бөліп материалды меңгеру үшін қажетті сұрақтармен толықтырылады, сұраққа жауап іздеу барысында оқу материалын бекіту, түсіну қатар жүреді . Оқушылардың қате жауаптары 5 %аспауы тиіс.Ашық сұрақтар қою арқылы білімді меңгеру шаралары жүргізіледі.— Соңында әрбір сұрақтың жауаптары беріледі, сол арқылы жасаған жұмыстарының нәтижесін, жіберген қателіктерін біле алады. оқудың жеке тұлғалық темпі сақталады.

Білімді дифференциялдап бекіту мақсатында тармақты бағдарлау жасалынды.

Бағдарламалап оқытудың артықшылығы.

оқу материалының бөлшектенілуі, оқушының белсенді өзіндік жұмысы, тұрақты тексеру, оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,техникалық оқыту құралдарын пайдалану. Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,

мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

Программалап(бағдарлап)оқытудың негізі оқушының белгілі бір программамен білімді меңгеруге бағытталған. Оқытушының басты қызметі білімгердің психологиялық күйін бақылау арқылы білімнің біртіндеп игерілуін басқару, білім алуды реттеу. Осыған байланысты әртүрлі тірек сызба нұсқалар құрастырылды, программалап оқытудың алгоритмі — сызықты, тармақты, аралас және басқада түрлері бар. Компьютер, программалық оқулық,методикалық материалдар арқылы орындалады.

Бағдарламалық оқыту, оның түрлері.

Бағдарламалап оқытуарнайы құралдар (оқулық, ЭВМ) көмегімен білімгердің өз бетімен тақырыпты оқып меңгеруі. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады: оқу ақпаратының үзінделері, онымен жұмыс істеу операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс, жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту.

Білікті инженерлер дайындау үшін ЖОО-дағы міндеттер.

Қазіргі заман талаптарына сай кәсіби білікті инженерлер дайындау үшін ЖОО-да келесі міндеттер тұр: - автоматтандырылған жобалау, ақпараттық қамтамасыздандыру, техникалық бақылау бойынша ғылыми-техникалық қызмет саласында жұмыс істеуге үйрету; - материалдар мен энергияны тиімді пайдалануды оқыту; - заманауи ақпараттық технологияларды қолданып кәсіби іскерлік бағыт бойынша талдау, өңдеу және жүйелі ғылыми-техникалық ақпаратты біліктілікпен іске асыру; - әдістемелік және нормативтік материалдарды, техникалық құжаттарды сауатты игеруді оқыту; - басқару мен ұйымдастыру жұмыстарының заманауи әдістерін қолдана білуге үйрету; - кәсіби қызметте адамдық коммуникацияны қамтамасыздандыратын деңгейде шет тілдер саласында кең тараған тілдің біреу оқыту; - өндірістік ұжымда тұлғалық психологиясын білуге, әлеуметтік және кәсіби мәселелерді шешу барысында күзелісті өндірістік жағдайлардағы шиеленісті сұрақтарды сын көзбен талқылауға, сараптау мен қабылдауға қабілетілікке үйрету; - өзара қатынастарды құра білу және командада жұмыс жасай алуға үйрету; - жобалық менеджмент пен бизнес, макро және микроэкономика негіздері саласы бойынша хабар беру, нарықтық жағдайда тәуекелге бару жолдарын оқыту және түсіндіру; - негізгі басқару қызметтерін және оларды іске асыру әдістерін оқыту (шешімдерді қабылдау, ұйымдастыру, серпілту, бақылау); - ақпарат көздері қолжетімді болуы және сол ақпаратпен алмасу үшін заманауи технологияны пайдалана білуге уйрету. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]