Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рустам курсач.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.77 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ

Курстық жоба Тақырыбы:«Целина» жшс-ның ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы.

Орындаған:3- курс студенті Госманов Рустам

(Аты-жөні)

Тексерген: магистр, Оспанова А.А

(оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі)

Астана 2017

МАЗМҰНЫ

1.Әдебиетке шолу__________________________________________________

1.1 Шаруашылық жөнінде мәліметтер __________________________________

2. Алаптарды ұйымдастыру _______________________________________

2.1Алаптардың нақты құрамын талдау және орналастыру __________________

2.2Алаптарды трансформациялау және жақсарту _________________________

3. Жыртылған жер территориясын реттестіру __________________________

3.1Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың

территориясын реттестіру__________________________________________

3.2Жыртылған жер территориясын реттестіруді

экономикалық тұрғыдан негіздеу ____________________________________

4. Қорытынды ___________________________________________________

5.Қолданылған әдебиеттер тізімі_______________________________________

1.Әдебиетке шолу

Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын барлық кәсіпорындардың терри ториясында оларға бекітілген жерлерде жүргізіледі. Демек, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың объектісі ауылшаруашылық кәсіпорын территориясы болып табылады.

ІШЖО-дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максималды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.

ІШЖО-дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді әсерлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

ІШЖО кезінде өндірісті территориялық ұйымдастыру негізін шаруашылықтық учаскелер мен сызықтық контурлардың аудандары құрайды. Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:

1) жерді, еңбекті, а/ш техникасын пайдалану кезінде максималды экономикалық тиімділік алу үшін экономикалық міндеттерді шешу;

2) топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту жөніндегі экологиялық міндет;

3) айнала қоршаған ортаны сақтау арқылы және шаруашылық экономикасын нығайту кезінде шешілетін әлеуметтік міндет.

Ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеті ұйымдастырылған территория жердің әрбір учаскесін толық, ұтымды және тиімді пайдалану, сонымен қатар уақыт пен ресурстарды үнемдеу мақсатында машинатрактор паркін өнімді пайдалану мен еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген формасын құру болып табылады.

Ішкішаруашылық жерге орналастыру түсінігін былайша тұжырымдауға болады: бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығы мен жердің басқа да пайдалы қасиеттерін сақтап, көбейтіп, ауыл тұрғындарының еңбек етуі мен өмір сүруі ушін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меншік формаларындагы әр турлі шаруашылықтық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін терри-торияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі.

Ішкішаруашылық жерге орналастырудың қазіргі кездегі мазмұны шаруа қожалықтарын, кооперативтер мен шаруашылықтық серіктес-тіктерді, а.-ш. кәсіпорындарын және ірі, орташа, ұсақ агроқұрылымдарды ұйымдастыру-шаруашылықтық тұрғыдан нығайтудың, а.-ш. өндірісін интенсификациялау және жерді пайдалану деңгейін көтерудің, егіншіліктің топырақ қорғау бағытындағы ғылыми негізделген жүйесін жүзеге асырудың және шаруашылықты жүргізудің прогрессивті жүйесінің объективті қажеттіліктермен анықталады.

Қазақстандағы ІШЖО түрлері мыналар болып табылады: богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО; суармалы егіншілік аймағындағы ІШЖО; отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО. Богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО міндеті топырақсуқорғау технологиясын жүзеге асыру болып табылады. Суармалы егіншілік аймағында қойылған міндеттер жер мен суды кешенді пайдалану арқылы шешіледі. Отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО міндеті мезгілдік жайылымдарды пайдалану болып табылады.

Жерге орналастыру кезінде жобаланатын контурлар өндірістің территорияда ұйымдастырылуын көрсетеді. Олар территорияны ұйымдастыру формасы деп аталады. ІШЖО кезіндегі территорияны ұйымдастыру формаларына жататындар: бөлімшелер, бригадалар; алаптар; шаруашылық орталықтары (құрылыстар); ауыспалы егістер, ауыспалы жайылымдар, ауыспалы шабындықтар; жеміс-жидек кварталдары; танаптар; жұмысшы учаскелер, алқаптық жолдар; каналдар; мал айдайтын жолдар; орман белдеулері.

1.2 ІШЖО жобаларының топтары табиғи-шаруашылықтық жағдайлары бойынша жобалар топтамаларына бөлінеді:

богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО жобалары;

суармалы егіншілік аймағындағы ІШЖО жобалары;

топырақ эрозиясы аймағындағы ІШЖО жобалары;

отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ІШЖО жобалары.

Шаруашылық жүргізу формасы бойынша ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобалары және шаруа қожалықтарының ІШЖО жобалары болып бөлінеді.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарының ІШЖО жобаларында шаруашылықтың ішкі территориясын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

1.3 ІШЖО жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік формасына байланысты. Дегенмен, ІШЖО жобасының негізгі алты түрлі құрамдас бөлігін атап көрсетуге болады. Олар:

  1. өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру;

  2. ішкішаруашылық жолдарды, су шаруашылығы мен басқа да инженерлік ғимараттарды орналастыру;

  3. алаптарды ұйымдастыру;

  1. ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру;

  2. жеміс-жидек және жүзімдік көшеттерінің (бақша, жидектік, жүзімдік) территориясын орналастыру;

6) мал азықтық алаптардың территориясын орналастыру. ІШЖО жобасының нәтижесі ауылшаруашылық өндірісінің терри-торияда ұйымдастырылуын көрсететін шаруашылықтық учаскелердің экономикалық негізделген ауданын, межелерін және орналасқан жерін планда графикалық көрініспен дәл анықтау болып табылады.

Алап дегеніміз табиғи-тарихи және басқа қасиеттерінде сапалық айырмашылығы бар, белгілі бір өндірістік мақсаттар үшін жопарлы және жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелерін (массивтерін) айтамыз. Өндірісте пайдалану сипаты және табиғи қасиеттері бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылығы жер алаптарына бөлінеді. Өз кезегінде олар ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес болып топтастырылады.

Қазіргі кездегі топтастыру негізгі а.ш.алаптарын бөліп көрсетеді. Оларға а.ш.өнімін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер жатқызылады: жыртылған жер, көпжылдық жеміс-жидек көшеттері, тыңайма, шабындық, жайылым.

Жыртылған жер – ең құнды және өнімді алап. Оған топырағы құнарлы, ауылшаруашылық дақылдар егістігі үшін жүйелі түрде өңделетін, сонымен қатар парға бөлінген жерлер жатады.

Көпжылдық жеміс-жидек көшеттері – жеміс-жидек немесе жүзмдік өнімін, сонымен қатар арнайы техникалық және дәрі-дәрмектік

дақылдар өсіру үшін арналған, мәдени бұталы немесе көпжылдық шөптер егілген ауылшаруашылық алаптары.

Тыңайма – бұрын жыртылған жерге пайдаланылған және бір жылдан астам ауылшаруашылық дақылдары егілмеген немесе парға пайдаланылмаған жер учаскелері.

Шабындық – ылғалдылығы жоғары немесе суарылатын шалғынды топырақта орналасқан учаскелер. Ондағы өсімдіктер шөп дайындау үшін жүйелі түрде орылып отырады.

Жайылым – мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер.

Ауылшаруашылықтық емес алаптарға егіншілік өнімдері үшін пайдаланылмайтын алаптар жатады: ормандар, бұталар, жолдар, су қоймалары, құрылыстар, сонымен қатар сортаңдар, құмдар, жыралар және т.б. астындағы жерлер.

Ауылшаруашылықтық емес алаптарды келесідей топтарға бөлуге болады: ауылшаруашылық алаптарына қызмет көрсететін жер алаптары: жоладар, құрылыстар, мал айдайтын жолдар, елді мекендер, орман көшеттері, гидротехникалық қондырғылар, су астындағы жерлер және а.ш. пайдалануға жарамсыз жерлер (бұталар, тұзданған жерлер, құмдар және т.б.).

3.2 Алаптардың құрылымы ҚР табиғи-климаттық аймақтары бойынша ерекшеленеді. ҚР территориясы 272,5 млн.га. құрайды, олардың 222,6 млн.га. ауылшаруашылық алаптары алып жатыр, соның ішінде 24,1 млн.га. жыртылған жер, көпжылдық көшеттер – 0,2 млн.га., тыңайма – 8,1 млн.га., шабындық – 5,1 млн.га., жайылым – 185,2 млн.га. ауылшаруашылық алаптарының жалпы көлемінен 2,4 млн.га. суармалы жерлер, соның ішінде жыртылған жер 2 млн.га. (2013 жыл бойынша).

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер Республика территория-сының 81,6% құрайды. Жыртылған жердің үлес салмағы шамамен 10%. Жыртылған жердің төрттен бірінен астамы топырақ-мелиоративтік қасиеттерінің қолайсыздығымен сипатталады, ал 10% астамының топырақ-мелиоративтік сипаты жағымсыз, яғни а.ш.дақылдарын рентабельді өсіріп-өндіру үшін мүлдем жарамсыз.

Республикада жайылымдық алаптардың ауданы өте үлкен, олардың 2/3 бөлігі шөлейтті және жартылай шөлейтті типке жатады.

Алаптардың құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: