Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор22222222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.75 Кб
Скачать

14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты.[11]. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.

Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді.[12].

Бұл мақаланың жариялануына Алашорда басшылығының 1918 жылы 23 шілдеде Сібір үкіметінің премьер-министріне жолдаған хаты себепші болды. Онда Алашорданың басшылығы басқару органдарын құру мен Алашорда үкіметінің заңдылығын дәлелдеуге тырысты. «Дәл қазіргі сәтте Ресей бірыңғай біртұтас мемлекет ретінде өмір сүріп отырған жоқ. Сол себепті автономиялық облыстар мен халықтар большевиктер билігінен құтылып, өзін-өзі басқару жолына түсуге тиіс...

Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық үкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз.

15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.

Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.

1919 жылы Степан Разин атындағы алғашқы орынборлық қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919 жылы сәуір-шілде аралығында Оралды қорғауға қазақ эскадроны қатысты, кейінірек ол алғашқы кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылды.

Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.

Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды. Ол Ақмола, Семей облыстарында да кең етек алды. Партизан қозғалысының тарихында Ақмола облысының Атбасар уезіндегі Маринский көтерілісі үлкен орын алады. Партизан қозғалыстары Семей облысының Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зыряновск, Катонқарағай, Шемонайха болыстарында едәуір көлемде epic алды. Қазақстандағы Азамат соғысының тарихына Черкасск қорғанысы, Орал қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері сияқты оқиғалар кернекті сипат алды.[24].