Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор22222222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.75 Кб
Скачать

66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.

Қазақстанда президент институтының негізін қалау арқылы мемлекетіміздің дамуындағы жаңа бір кезең басталып, еліміздің демократиялық саяси институттарды енгізуге кеңінен жол ашылды. Бірақ президент институты кеңестік саяси жүйее бұрын-сонды болмағандықтан, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын анықтау барысында көптеген қиыншылықтарды бастан кешуге тура келді. Соның бірі-президент институтын енгізу бірден бір мемлекеттік басқарудағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Алғашқы жылдары жетекші рөл Жоғарғы кеңес қолында сақталды. Президенттің басқа билік тармақтарымен қарым-қатынасын реттейтін механизмнің болмауы да біршама қиындықтар тудырды. Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтар мен теке-тірестерді 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конситуция шешіп берді. ҚР Конституциясы прездиент институтына жетекші рөл берілетін мемлекеттік құрылысты бекітті. Дегенмен, мұндай қадамның өтпелі кезең талабынан туындағанын уақыттың өзі дәлелдеді. Қазақстандағы президент институтының қалыптасу үдерісін төмендегідей кезеңдерге бөлсек:1)1990-1995жылдар аралығы. Бұл ҚР-ң мемлекеттік басқару жүйесіндебұрын-сонды болмаған президент қызметінің енгізіліп, оның басқару жүйесіндегі өз орнын іздеу кезеңі. 2) 1995-2001жылдар аралығын қамтиды. 1995жылғы Конституцияның Қазақстанды президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп анықтауы президент институын саяси жүйедегі жетекші институқа айналдырып, оның мәртебесіне түбегейлі өзгерістер алып келді. 1995 жылғы қабылданған Конституция сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болды.

67Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:

“ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ — ел дамуының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеум. әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi: Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт — ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралык интернаттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi.

68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы

2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.Осы мәселе бойынша Президент былай деді: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» .Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті. «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.