- •1 Билет «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері
- •2 Билет 19ғ-20ғ басында Қазақстан территориясында экспедициялық –зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.
- •3 Билет 19ғ-20ғ басында Ресей мемлекетінің қр-ғы аграрлық және қоны аудару саясаты.
- •4 Билет Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5 Билет 20 ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6 Билет Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •9 Билет Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •10 Билет Қазақ либериалды-демократиялық интеллигенциясының қалыптасуы мен қызметі. Ә. Бөкейханов
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлыдержавалық негізі және салдарлары
- •25. Мәдениет, білім беру және ғылымда солшыл большевиктік идеялардың орнығуы – қазақтардың рухани қасіреті.
- •26. Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары.
- •27. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясатының негізгі бағыттары.
- •28. Қазақстан аумағына халықтарды, өндіріс орындарын және мәдениет объектілерін эвакуациялау.
- •29. Халық шаруашылығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •31.Қазақстандықтар-ұос батырлары
- •32.Саяси сенімсіздік ж/е Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33.Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық ерліктері.
- •34. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
- •35.Қазақстандағы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыр жағдай. Бейбіт өмірге көшудің қиыншылықтары.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқықтарын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі.
- •37. Хх ғасырдың іі жартысында халыққа білім беру мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.
- •39. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуы және оны бағалаудың «жартыкештік» сипаты.
- •40.Н.С.Хрущев реформалары партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінде және оның үстірт сипаты.
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •50 Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен м.С. Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •57.Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •69.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс.
- •70. Экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, шет елдік инвестицияларды тарту.
- •71 ЭкспОнын Қазақстан үшін маңызы
- •72 «Нұрлы жол» - болашаққа жол жолдауы
- •75.Экономикалық жағдайындағы экономикалық үрдістер
- •76.Қр қоғамдық саяси өмірді демократияландыру.Көппартиялық жүйенің қалыптасуы
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79.Қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
1 Билет «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері
Тарих дегеніміз адамзаттың пайда болғаннан бергі өткен өмірін заттай және жазбаша деректері арқылы зерттейтін ғылым. Қазіргі қаз тарих максаты - қазақ халқының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихына қыскаша шолу жасау. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымынын алдында бірқатар максаттар бар: тарихты объективті және ғылыми тұрғыдан зерттеу, қазақ халқының шынайы тарихын қалпына келтіру, идеологиялык қысымдардан тазарту, отандық тарихымызды көпшілікке танытып, ұрпақ тәрбиелеу, Қазақстан халқын отансүйгіштіккс үндеу, т.б. болып табылады. “Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
2 Билет 19ғ-20ғ басында Қазақстан территориясында экспедициялық –зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.
Ресей империясының экономикасы және саяси өмірі саласына Қаз-ң енуі оның ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді: оның тарихи өткен-кеткенін ой елегінен өткізіп,табиғи ресурстарын,өндірігіш күштер деңгейін анықтауды қажет етті.Қаз-ды зерттеумен Ресейдің толып жатқан ведомстводары-Ғылым академиясы,Географиялық қоғамы,Тау-кен ведомствосы,Қатынас жолдар министрлігі,Мем-к мүлік министрлігі,тарих және этнография қоғамы жіне басқа да ұйымдар айналысты. 19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г.С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекциялар жинады. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған геогр. деректер А.И. Левшиннің“Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кітабында (1832) қорытындыланды. Бұл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық геогр. сипаттама болды. 1840–50 ж. аралығында Шығыс, Оңт.-Шығыс және Орт. Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетісу Алатауына, Балқаш–Алакөл ойысының шығыс бөлігіне физ.-геогр. сипаттама берді. 19 ғ-дың орта шенінде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Бат. Қазақстанның жер беті, геол. құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классик. монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға бөлді.1856–57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі – Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғыл. негізін жасағандығы болды.19 ғ-дың 50–60-жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттеді. Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл. сипаттама берді. Балқаш к. мен Алакөлдің пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. 19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңіл бөліне бастады. Ірі зоол. зерттеулерді Арал – Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал т-дерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиол. коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геол. уақытта Каспий мен Арал т-дері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдің зерттеулері геогр. тұрғыда жүргізілуімен ерекшеленеді. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы”) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негізін қалады (Оңт. Қазақстанды қоса).
