- •050703 – Аж мамандықтарына арналған
- •Операциялық жүйе эволюциясы
- •Ож классификациясы
- •Желілік операциялық жүйелер құрылымы
- •Linux жүйесінің негізгі түсініктері, түрлері және оны орнату
- •Linux жүйесінің командалары
- •VI редакторымен жұмыс істеу
- •VI редакторы арқылы мітіндік мәліметтерді қолданып файл құруға болады:
- •Ож файлдық жүйелері
- •Файлдар классификациясы
- •Жедел жады
- •Жұмыс тобына арналған ож және өндіріс масштабының желісіне арналған ож
- •Құрылғылық платформаның ерекшелігі
- •Процестер және жіптер
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет
Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасы
«Операциялық жүйелер»
пәні бойынша
050703 – Аж мамандықтарына арналған
Дәріс тезистері
Құрастырған:
ЕТ ж АЖ каф. аға оқытушысы
Байдалина А.Р.
Астана 2010 ж.
№ 1 тақырып.
Операциялық жүйелердің анықтамасы
Операцияық жүйе – барлық есептеу жүйелерін толығымен қамту арқылы анықталады. Операциялық жүйелер негізінен бір-біріне байланыссыз орындалатын екі функциядан тұрады, олар: қолданушы-программистке машинамен жұмыс істеу үшін жағдай жасау және оның ресурстарын басқару арқылы қомпютерді эффекті түрде қолдану.
ОЖ кеңейтілген машина түрінде
Көптеген компьютерлерді машиналық тіл ретінде пайдалану көптеген қиындықтар тудырады әсіресе енгізу-шығару кезінде. Мысалы, иілгіш дискіден мәліметтер бөлігін оқуды ұйымдастыру үшін программист әртүрлі 16 командаларды қолдану керек, ал олардың әрқайсысы 13 параметрлерді қажет етеді, олар: дискідегі блок номері, жол секторының номері және т.б. Дискідегі операциялар орындалып біткеннен кейін тексеруші (контроллер) 23 мәнді қайтарады, олар талдауды қажет ететін қателер түрінде болады. Программистке машинаның барлық істеген жұмысын көрсетпей оған файлдармен жұмыс істуді жеңілдететін программа – операциялық жүйе болып табылады.
1.2 Операциялық жүйенің кызметтері мен міндеттері
Операциялық жүйе (ОЖ) – есептеу жүйесінің ресурстарының мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, онымен жұмыс істеуге арналған басқарушы және жүйелік бағдарламалардың жиынынан тұрады. Ресурс дегеніміз – электронды есептеу машинасының (ЭЕМ) кез келген логикалық немесе физикалық бөлігі және олардың мүмкіндіктері (негізгі ресурсқа – процессорлық уақыт, жады және енгізу/шығару құрылғылары жатады).
ОЖ міндеті – жүйеде есептеу процестерін ұйымдастыру, әртүрлі есептер үшін ресурстарды дұрыс пайдалану және бағдарламалық жұмыстарды жеңілдету болып табылады. Бір техникалық құрылғыдағы ОЖ–дің айырмашылықтары, олардың деректерді автоматты түрде өңдеу мен есептеу процестерінің ұйымдастырылуынан көрінеді. Кез келген программалық жабдықтаудың бөлігі ОЖ басқаруымен жұмыс істейді.
Операциялық жүйе – есептеу машиналарының барлық ресурстарын басқару кезінде ең жоғарғы көрсеткішпен жұмыс істеуі керек. Тиімділік белгісі – дегеніміз өткізу мүмкіншілігі немесе жүйенің реактивтілігі болып табылады. Ресурстарды басқару ресурс түріне қатыссыз есептерді шешуді қажет етеді, олар:
- ресурсты жоспарлау – ресурстарды кімге, қашан, қандай көлемде бөлуді анықтайды;
- ресурс жағдайын қадағалау – яғни, ресурстың бос немесе бос емес екені жөніндегі мәліметті қолдау, ал бөлінетін ресурстар үшін – оның қандай бөлігі бөлінді және қандай бөлігі бос екені жөнінде білу.
№ 2 тақырып.
Операциялық жүйе эволюциясы
Бірінші период (1945 -1955)
Компьютерді алғаш рет 18 ғасырдың аяғында ағылшын математигі Чарльз Бэбидж құрастырған. Оның "аналитикалық машинасы" дәл есептеу мүмкіндіктерін орындай алмады, себебі ол кезде дәл есептейтін бөліктер(деталдар) жоқ еді. Және ол компьютерде операциялық жүйе жоқ еді.
Цифрлық есептеу машиналары екінші дүнйе жүзілік соғыстан кейін шыға бастады. 40-шы жылдардың ортасында бірінші ламплық есептеу құрылғылары құрастырылды. Ол кезде проектіні жасауға да, шығаруға да және есептеу машинасын программалық жабдықтау мен де, тек бір топ айналысты.
Екінші период (1955 - 1965)
50-ші жылдардың ортасында жартылай өткізгіштерден тұратын есептеу техникасының дамуының екінші кезеңі басталды. Бұл компьютерлер арқылы практикалық түрде есептерді үзіліссіз есептеу мүмкіндігі пайда болды. Осы уақытта жұмыс істеушілер программистер және операторлар, яғни жабдықтаушылар мен құрастырушылар болып екіге бөлінді.
Осы жылдарда бірінші алгоритмдік тілдер яғни бірінші жүйелік программалар – компиляторлар пайда болды. Процессорлық уақыттың бағасы өсті, яғни программаны жүктеу кезіндегі уақытты азайту қажет болды.
Үшінші период (1965 - 1980)
Бұл 1965-1980 жылдар болып табылады. Бұл уақытта жартылай өткізгіш элементтердің орнына транзисторлар сияқты интегральдық микросхемалар қолданылды.
Программалық сәйкестігі бар машиналар құрастырылды. Бірінші машина IBM/360 болды. Программалық сәйкестігі бар машиналарға операциялық жүйелердің сәйкестігі қажет болды. Бұл операциялық жүйелер үлкен және кіші имашиналарға бірдей болуы керек болды. Жаңа ұғым спулинг (spooling) – бұл есептеу процесін ұйымдастыру болып табылады.
Мультипрограммаға байланысты ОЖ жаңа түрі - уақытты бөлу жүйесі пайда болды. Төртінші период (1980 – кәзіргі уақыт)
Бұл периодтағы операциялық жүйелер үлкен интегральдық схемалардың (БИС) шығуына байланысты болды. Компьютерлер жеке адамға да мүмкін болып – дербес компьютерлер ғасыры пайда болды.
Компьютерлерді маман емес адамдар көптеп пайдалана бастады.
Операциялық жүйенің екі түрі: MS-DOS және UNIX қолданыла бастады. Бірпрограммалық бірқолданушылық ОЖ MS-DOS микропроцессорлары Intel 8088, сосын 80286, 80386 және 80486 тұратын компьютерлерде кеңінен қолданыла бастады. Мультипрограммалық көпқолданылушы ОЖ UNIX жоғарыөндіруші RISC-процессорлары бар компьютерлерде қолданылды.
80-ші жылдардың ортасында дербес компьютерлер желісі пайда болды және олар желінің басқаруымен жұмыс істеді.
№ 3тақырып.
