Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
портфоли.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.85 Кб
Скачать

Орамжапырақ гүлділер

Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп те атайды. Олар - шөптекті, кейде шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3 000-ға жуық түрлер бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы (крест) болып орналасатындықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Шірненің жиналуына бейімделіп, тостағанша жапырақшалардың түп жағы кейде қапшық тәрізді болады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі - бұршаққын немесе бұршаққынша. Орамжапырақгүлділер тұқымдасының көпшілігі халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна - көкөніс өсімдіктері. Қыша, ақжелкен - татымды; рапс, арыш - майлы; ақбасқурай - дәрілік өсімдіктер. Қышабас, жұмыршақ тәрізді арамшөптер де бар. Орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі - Т2+2К4А2+4Ж(2).

Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағанша жапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.

Ақ алабота

Ақ алабота - өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүлі - ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы - Т4А4Ж1 Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздандырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.

Сексеуіл

Зайсандық сексеуіл.

Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Қара сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетелі, тұзды, сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты - бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан айларында пісіп жетіліп, қараша - желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.