Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.54 Mб
Скачать
    1. «Атф Банк» ақ-ның несие жүйесін жетілдіру

«АТФ Банк» АҚ-ның алдағы жылдарға арналған даму жоспары келесідей болып табылады:

  1. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру көлемін өзінің несиелеу бағдарламасының шеңберіне де, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының қаржыларын тарту арқылы да ұлғайту.

  2. Сауданы қаржыландыруды тарихи түрде қалыптасқан тиімді өнімдер бағытында дамыту.

  3. Жаңа қарыз нарығын және банктің географиясын кеңейту мақсатында ҚР тыс жерлерден халықаралық серіктестік қарым-қатынастарын жетілдіру.

  4. WAP(ыңғайлы) банкинг және интернет-банкинг сияқты қазіргі заманға сай алыстан банктік қызмет көрсету жүйесін енгізу.

  5. Қазақстан бойынша филиал жүйесін дамыту.

  6. Банктік, сақтандыру және басқа да қаржылық өнімдер мен қызметтер түрлерін көбейту және одан әрі дамыту. Сонымен қатар клиенттерге тиімді шешім қабылдау мақсатында жаңа технологияларды енгізу және дамыту. АТФБанктің АҚ-ның қызметін зерттей келе, өзімнің атымнан келесіні ұсынғымды келіп отыр:

  1. Банктің пассив бөлігінің көбін құрайтын депозиттік операцияларды жетілдіру қажет. Депозиттер туралы ақпараттың таратылу жолы нашар. Демек, потенциалды салымшылар өз қаражаттарын басқа банктерге салуда, оның басты себебі банктік маркетингтік қызметінің онша жақсы дамымағандығынан. Қазіргі кезде жарнама тауар мен қызмет өткізудің ең тиімді әдісі, сондықтан да банк біріншіден өзі көрсететін қызмет түрлерін БАҚ, газет, журнал, банерлер арқылы жүргізу қажет деп ойлаймын.

  2. Еуразиялық Банк филиалының Жамбыл облысы бойынша есептеу-кассалық орталықтарын ашу. Бұл шарның көмегімен аймақтағы есеп айырысу көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар банк қызметінің секторын кеңейтуге болады. Оның нәтижесінде Банк таза пайданы ұлғайтудың тағы бір жолына ие болады.

Банктің өте жақсы дамуы үшін мынадай бағыттарды қарастырады:

  1. Клиенттік базаның белсенді дамуы;

  2. Клиенттермен әріптестік қарым-қатынастардың дамуы;

  3. Клиенттерге қызмет көрсету технологиясын жүзеге асыру және жүйені автоматизациялау;

  4. VIP деңгейі бойынша қызмет көрсету кешенін ұсыну;

  5. Жаңа қызмет түрлерін енгізу.

Қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату, клиенттік сенімді диалог құру мақсатында банк менеджерлер персоналын ұсынады. Олар қаржылық консультация береді, іскерлік әріптестіктер табуға жәрдемдеседі, кеңестер береді және әр түрлі қаржылық құралдарды пайдалану бойынша нұсқамалар береді. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің  бірі болып саналады және банктік  бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді.

Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі.

Егер банк клиенттің несиелік қабілетіне неғұрлым терең талдау жасаса, банктің несиелік портфелінің сапасы соғұрлым жоғары болады. Әдетте клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың келесідей үш түрлі маңызы бар:

  1. Несиелік тәуекелді мейлінше азайту.

  2. Несиелік портфелдің сапасын белгілі бір деңгейде ұстау.

  3. Банк өзінің өтімділігін демеп отыру.

Клиенттердің несиелік қабілетін анықтауға байланысты іс-қимыл әрекеттерінің мазмұны келесі негізгі факторлармен анықталады:

  1. Банк пен клиент арасындағы серіктестік қатынастардың қалыптасып, даму дәрежесі.

  2. Клиенттің қандай да бір болмасын бизнес саласындағы репутациясы.

  3. Экономидағы жалпы макроэкономикалық жағдай.

  4. Банк менеджментінің сапасы.

Осы аталған факторлар клиенттің несиелік қабілетін бағалау қажеттілігін де анықтайды. Әрбір коммерциялық банктерде жеке несиелік саясатқа байланысты клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың өр түрлі амалдары, тәсілдері болуы мүмкін. Алайда, қазіргі кезде, клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың әдіс-тәсілдері, жолдары көп жағдайларда клиенттің  өзінің экономикалық сипатымен байланысты. Міне осыған сәйкес қазіргі кездерде коммерциялық банктерде клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың әдістері сол клиенттерді үш түрлі топқа бөлумен тығыз байланысты қалыптасқан:

  1. Ірі клиенттер.

  2. Орташа клиеттер.

  3. Шағын және кіші бизнес клиенттері.

Осылайша, клиенттерді топқа бөлу дәрежесіне сәйкес қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың да үш түрлі әдісі бар:

  1. Несиелік қабілетті ақша ағынын сараптау арқылы бағалау.

  2. Несиелік қабілетті қаржы коэффициенттерін есептеп, талдау арқылы бағалау.

  3. Клиенттің іскерлік репутациясын бағалау аркылы оның несиелік қабілетін анықтау.

Сонымен қатар, несиелік қабілеттіліктің ең маңызды аспектілерінің бірі -алынған қарыздың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Осылайша, несиелік қабілеттілікті қозғалмайтын мүлікке салынған капиталмен байланыстырады, яғни «Қозғалмайтын мүлік қарызды қайтарудың ең сенімді кепілі». Барлық мемлекеттердегі банктердің реттеушілері мен топ-менеджерлері үшін сапасы төмен несиелер мәселесі әрдайым бас ауруы болып табылады. Банктер несие берерде қарыз алушыны мұқият тексеріп, өздерін жауапсыз клиенттерден максималды түрде сақтандыруға тырысады. Банк алдындағы қарызды төлеуге қарыз алушының ресми  жұмыс берушісі де, табыстың жоғары деңгейі де кепіл бола алмайды. Кейде банктер өздерінің әл-ауқаты нашар клиенттеріне өздерінің несие бойынша берген қарыздарын есептен шығару арқылы ақшасын ақшасын қайтару үшін жәрдем көрсетеді. Осылайша, банктер өз борышкерлерін айыппұр мен өсімпұлдардан босатып, оларды тек несиенің негізгі сомасын (негізгі қарызды) төлеуге міндеттеп, өздерінің қаржылық жоғалтуларын азайтуға тырысады. Бұл ретте есептен шығарылатын сома есептелген айыппұлдардың 60 пайызын құрауы мүмкін.

Қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін толық орындауға қаражаты жеткіліксіз болса, онда бүкіл өтелмеген несие мерзімі өткен берешек шотына жтқызылады.Ұзақ уақытта мерзімі өткен берешекті күмәнді берешекке жатқызады. Сонымен қатар, оған банктің пікірі бойынша, қайтарылуы күмәнді немесе үмітсіз несиелерді жатқызады. Экономиканың жаһандануы шартында банктің несиелік портфелін ұлттық және шетел валютасында берілген несиелік портфельге жіктеу қажет. Шетел валютасында берілген несие портфелін басқару валюталық тәуекелдің әсерін ақайтумен, сонымен қоса, мемлекеттің валюталық шектеулерін тудыратын оны өткізудің қатаң шарттарымен байланысты. Несиелік портфель негізін қарастырғанда, оның талдауы маңызды мәнге ие.

Несие портфелінің талдауы оның тұтас банктің немесе банктің құрылымдық бөлімшелерінің кесіндісінің әр түрлі сандық және сапалық сипаттамалары бойынша оның бағалауын болжайды. Сандық талдау динамикадағы (жылдар қатары, есептік жылдың тоқсандық күндері) несиелік портфельдің түрлі экономикалық сипаттары (несиелер түрі бойынша, орналастыру контрагенті бойынша, берешек мінезі бойынша, салалық тиесілігі бойынша, берілген мерзімі бойынша, валюта түрі бойынша) бойынша құрамы мен құрылымын зерттеу арқылы жасалады. Сандық талдаудан кейін барлық күшті оның сапасын жақсартуға жүмсау қажет. Несие портфелі сапасының бағасы несиелендіру аумағы бойынша анықталған критерийлер мен банк қызметінің көрсеткіштерінің жүйесінде құрылады. Бұл критерийлер мен көрсеткіштер құрамының мағынасы барлық банктер үшін міндетті сипатта болмайды. Әр банк өзінің талдауын отандық және банктік тәжірибеде жинақталған құралдар мен тәжірибені қолдана отырып, жеке тәжірибесі мен талдау мүмкіндігіне сүйеніп жасайды.

Мерзімі өтіп кеткен берешек мәселесі шетелдік банктік тәжірибеде де  өзекті мәселе болып табылады. Күмәнді несиелердің алдын алуға несие портфелінің сапасы мен коммерциялық банктердің әлеуетті тұтынушының несие төлей алу кабілеттілігін мұқият зерттеуі септігін тигізеді. Сонымен қоса, банктер несие қабілеттілікке әсер ететін бірқатар мынадай факторларды талдайды: пайда табу, активтерді өз меншігіне иелену және де конъюнктураның жағдайы.

Кішігірім берешектің пайда болуы үшін төлемді бір ғана күнге кешіктіріп төлеу мен жәрдемақы кезеңінің шарттарын қолдануын салғырт оқу жеткілікті. Статистикаға жүгінетін болсақ, Ресейдің екіден үш ашық несие келісімшарттарының қарыздары бар. Несие бойынша қарыздарды есептен шығаруды көптеген қарыз алушылар армандайды, әсіресе автокредит пен ипотека алғандар өзін-өзі банкрот деп жария етем дегендер көп.

«АТФ» АҚ банк тұтынушыларға өзгерген қаржылық жағдайларға байланысты, несие төлеу шарттарының өзгеруі қарыз алушының растауына қарамастан несие беруден бас тартады. Егер банк істі сотқа жіберсе, онда несие алушы, жұмсартатын жағдайларға байланысты қарыз сомасын есептен шығаруды талап ете алады. Сот көп  жағдайда несие төлеушінің белсенді айқындамасын ескере отырып, банкке негізгі қарыз соммасын қайтаруға талап етіп, ал үстіне түскен айыппұл көлемі мен айып өсімдерді есептен шығарады [29].

Негізгі қарыз сомасын толығымен есептен шығару – ол мүмкін емес жағдай. Бұндай жағдай екі мәселеге байланысты орын алуы мүмкін:

- талаптың орындалу мерзімі өтті;

- банк тұтынушыдан қарыз сомасын төлейтіндей бағалы жекеменшік мүліктің жоғын растайтын болса. Көбінесе, залым төлемеушілерді  банк сотқа береді.  90% жағдайда сот банк пайдасы жағына үкім шығарады, толығымен қарыз төленбесе де, негізгі қарыз сомасын төлетеді. Сот үкімімен атқару қағазы қабылданып, сот жасауылы қызметіне жіберіледі, олар қарыз алушыны іздеп, ақшалай немесе мүлік ретінде несие сомасын қайтартқызып алады. Егер де қарыз алушыны таба алмаған немесе қарыз алушының бағалы мүлкі жоқ болған жағдайда сотқа хабарлайды. Бұндай жағдайда банк көбінесе қарызды есептен шығарып, несие келісімшартын жояды, себебі уақытылы төленбеген несие санының көптігі банктың қаржылай көрсеткіші мен рейтингтерін бұзады.

Кейбір тұтынушылар, банктен несие алып алған соң, төлемей, банк қызметкерлерімен кездесуден қашады. Банк өз жағынан қарызды қайтару үшін кез-келген заңды қадам жасай алады, бірақ егер несие алушыны 3 жыл қатарынан таба алмаған жағдайда, онда талап ету уақыты біткен болып саналады да қарыз сомасы толығымен есептен шығарылып келісімшарт жойылады. Шыныменде бұл қарыз төлемеудің ең радикалды жолы, өйткені бұндай қадамның арттары қарыз алушы үшін өте мүшкіл жағдайға айналу мүмкін. Осылайша несие бойынша берешекті толығымен есептен шығару банктің басқа амалы болмаған кезде ғана болуы мүмкін. Өзге жағдайларда банк қарыз қаражаттарын кез-келген амалдар арқылы қайтаруға тырысып, несие бойынша төлемді төлетуге ұмтылады [30].

Сондықтан, қарыз шұңқырына жақындаған немесе түсіп қалған клиенттерге өз бетінше бастама білдіріп, қарыз алушы үшін тиімді болатындай етіп төлем шарттарын өзгерту үшін банкке жүгінуге тиіс.

Осылайша, несие бойынша берешекті толығымен есептен шығаруға әрине болады, алайда қарыз алушының өзіне алған міндеттемелерінің орындалмауын, ұзақ уақыт бойы банкпен қарым-қатынасты анықтау және сот талқылауы, коллекторлармен немесе сот приставымен өзара іс-қимылдар білдіреді. «АТФ» АҚ несиені қайта құру туралы өтінішпен хабарлассаңыз, есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдардан ішінара құтылуға болады, сонымен қатар осы нұсқаны қолдансаңыз, сіздің несиелік тарихыңызға нұқсан келмейді және сіз болашақта банктерден жаңа несие алу үшін хабарласа аласыз [31]. Несие портфелінің сапасы – коммерциялық банктің қызметінің өте маңызды көрсеткіші болып табылады, ол оның қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігіне тікелей әсер етеді. Коммерциялық банктердің өзгелердің ақшасымен тәуекелге баруына мүмкіндік беретін делдандық қызметінің ерекше сипаты қалыптастыруда салмақталған тәсілдерді қолдануды талап етеді.

Банктердің тәуекелдік мінез-құлқы жаһандық қаржылық дағдарыстың қазақстандық экономикаға импортының негізгі себебі болды. Қазақстандағы қаржылық дағдарыстың шарықтау шегі мемлекеттің қаржылық көмегі арқасында өтті, бірақ келесі қызметі несиелік әлеуетті тарылту мен несиелендіру шартын қатайтуға бағытталған. Сонда да, шығынды несиелер үлесі артуда.

Осының салдарынан клиенттердің шоттарын ашу жөнінде қызмет көрсету есебінен комиссиондық кірістер ұлғаяды. Теңге және шетел валюталарын есептеу облысындағы банк ұсыныстарының тізімдері – бұл халықаралық қаржы нарығын және Қазақстанның барлық сфераларын қамтуда. Бірақ та отандық банктер секторлары арасындағы қатаң бәсекелестерге байланысты клиенттерге жаңа қазіргі және үдемелі өнімдерді үнемі жасауды және ұсынуды қажет етеді. [32]

Бұл мәлімет ұсынысы бұтақталған (разветвленной) агент желісімен бірге корпоративті клиенттер үшін жасалынған. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың көтерме аудармаларының жағдайлары жекеленіп талданылған. Бүгінгі таңда «АТФБанк» АҚ күшті Альянс банктерінің бірі болуда. Содықтан, Ресей нарығында жүргізілген операциялар бойынша бәсекелестік мүмкіндіктерді тиімді қолдану үшін Альянс банктер арасында ақпаратпен алмасу жүйесін құру өте қажет болғаны анықталды. Яғни, осы тапсырманы орындау үшін арнайы жаңа қамсыздандырылған программасын құру керек. Бұлар:

  • аударым жасаудың максималды жылдамдығы;

  • жақты бақылау функциясын орындау кезіндегі ақпараттарды автоматты түрде өңдеу;

  • бір клиентке қызмет көрсету уақытын төмендету;

  • банк коресспонденттерге аударым жасау үрдісін максималды жеңілдету.

2017 жылы жаңа жүйелер жоспарлануда:

    • аударманы іске асыру кезінде барлық бухгалтерлік жазуларды автоматтандыру;

    • филиалдық желілерді кеңейту жоспарымен банктегі есеп – касса бөлімімен жұмысты жөндеу;

    • жүйеге ұлттық валютада банк ішіндегі аударымдарды енгізу.

Қазіргі банктік технологиялар клиенттерге аз уақытты және күш жұмсау арқылы қаржылық операцияларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. «АТФБанкі» АҚ жойылған шоттарды ұстаушыларға қызмет көрсету үшін арнайыф әзірленген толық өнім спектірін ұсынуды жөн көрді.

Қолданылатын электрондық жүйелердің үлкен қорғаныс деңгейі бар. Олар өздерінің абоненттеріне офистен шықпай-ақ барлық түсімдерді көрсетуге және «нақты уақыт» режимінде әр түрлі төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта банктің осы бағытпен жұмыс істеуін болашақта үлкен жұмыс болатынын сенімділікпен айтуға болады.Банктің өте жақсы дамуы үшін мынадай бағыттарды қарастырады:

    • клиенттік базаның белсенді дамуы;

    • клиенттермен әріптестік қарым-қатынастардың дамуы;

    • клиенттерге қызмет көрсету технологиясын жүзеге асыру және жүйені автоматизациялау;

    • жаңа қызмет түрлерін енгізу.

Қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату, клиенттік сенімді диалог құру мақсатында банк менеджерлер персоналын ұсынады. Олар қаржылық консультация береді, іскерлік әріптестіктер табуға жәрдемдеседі, кеңестер береді және әр түрлі қаржылық құралдарды пайдалану бойынша нұсқамалар береді.Осының салдарынан клиенттердің шоттарын ашу жөнінде қызмет көрсету есебінен комиссиондық кірістер ұлғаяды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда өтіп жатқан нарықтық қатыныстар экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр. Соның ішінде несие жүйесі мен банктердің экономикалық рөлі аса маңызды. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді. Несие мәні қатынастардың Несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптермен анықталады. Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады.

Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймакаралық кайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Жалпы несие жүйесінде несие саясатының рөлі өте зор, яғни несиелік ұйымдарда тұлғаларды несиелеу жүйесі несие саясаты арқылы жүзеге асады. Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс тандай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетін қарап «өз клиентің» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалы, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, ғылыми-техникалык жаңалықтарды енгізуге) берген қолайлы.

Соңғы жылдары басқа банктер сияқты «АТФ банк» тез өсу әсерінен ол экономикалық тоқырауларға өте тәуекелді болып келеді. Бірақ несие қайтарымдылық деңгейін дұрыс анықтау және қайтарылмайтын несиелердің төмен деңгейі бұл тәуекелді едәуір төмендетеді.Ашылған жылдан бастап «АТФ банк» рентабельділік бойынша Қазақстан банктердің ішінде жетекші орында. Сонымен қатар банк табыстардың құрамында негізгі қызметтен түсетін табыстар үлесі едәуір артты, бұл төтенше табыстардың және салық жеңілдіктердің жойылуымен түсіндіріледі.Комиссиялық табысты құрайтын несие көлемінің өсуі және тауар мен қызметтің көбеюі банктің қаржылық келешегін жақсартады.

Банк жоба шегінде көбірек сапалы жеңілдікті ставка — валютада 12% жылдың жобаны қаржыландырды. Сол кезде орта бизнестерде жабдықтарды сатып алу үшін, айналым қаражаттарын толтыру үшін несие алу мүмкіндігі туды. Нарықта сенбестік күрделі жобалармен жұмыс істеу ретінде «Тұран Әлем банкі» АҚ бейнесі қалыптасты.

Банк саласының қызметкерлері пайыздық көрсеткіштің төмендеуі мен қарызды өтеу мерзімінің ұзартылуы ипотекалық несие алушылар санын арттыратын бірден-бір жол еместігін алға тартады. Ставкалардың ең төмен көрсеткішіне жету үшін банктерге ипотекалық облигацияларды құнды қағаздар рыногына орналастыруға кеңінен мүмкіндік беру, Қазақстандағы ипотекалық несие жүйесінде жұмыс істегісі келетін шетелдік инвесторларды тарту керектігін, сонымен бірге, өзінің пайыздық маржасын төмендетуге мүмкіндік жасау қажеттіліктерін көлденең қояды. Мұнымен қоса, пайыздың төмендігі ипотека беделінің арта түсуінде еш рөл ойнамайды деген пікірге де барады.

Жалпы банктің несиелік саясатын несиелік қатынастарының субьектілеріне байланысты заңды тұлғаларға қатысты және тұрғындармен қарым-қатынасындағы банктің, несиелік саясаты деп қарауға болады. Біздің елімізде несиелік саясат әлеуметтік потенциалға ие бола отырып, тұрақты даму үстінде жаңа экономикалық қатынастарды, оның ішінде банк пен жеке клиенттер арасындагы қатынастарды қатынастарды қамтуда. Бір банктің несиелік саясаты басқа банктерге қарағанда, сатып алуды кейінге қалдыруды несиелендіру, несиелік карталар, ипотекалық ссудалары және басқалары арқылы жеке несие алушылар үшін тартымды болуы мүмкін. Кейбір банктер клиенттермен бағаланатын белгілі бір ссуда түрлеріне мамандануы мүмкін. Тұрақты клиенттерге, тіпті экономикалық қиындықтар кезінде де ссудалар беретін банктер әлдеқайда ұтады.

Қорыта айтқанда, несие жүйесіндегі мақсаты тартылған қаражаттарды тиімді орналастыруға жағдай жасау, банк пайдасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету.

Дипломдық жұмысты қортындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму болашағы мен негізгі мәселелерін қарастырып шықтым. Олардағы кейбір мәселелерді шешуге негізгі жолдарын 3 бөлімде жаздым. АТФбанк АҚ-ның қаржылық көрсеткіштеріне жалпы сипаттама беріп, несиелік қызметтерін талдадым. Жалпы несие жүйесіндегі жаңадан дамып беле жатқан несие түрлеріне даму болашағы туралы ой толғадым.