- •Мазмұны
- •Қазақстанның несие жүйесінің теориялық негіздері
- •Несиенің экономикалық түсінігі, қажеттілігі және түрлері
- •1.2. Екінші деңгейлік банктердің несиелік саясаты
- •2. Қазақстанның несие жүйесінің қазіргі кезеңде дамуын талдау
- •2.1. «Атф» ақ-ның қаржылық жағдайын талдау
- •2.2. «Атф» ақ-ның несиелік операцияларының дамуын талдау
- •Қазақстанның несие жүйесі: мәселелері жане қазіргі кезеңгі даму болашагы
- •«Атф Банк» ақ-ның несие жүйесін жетілдіру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2. «Атф» ақ-ның несиелік операцияларының дамуын талдау
Дәстүр бойынша клиенттердің ақшалай қаражаттарын белгіленген мерзімге салымдарға тарту дамудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Банк қолданыстағы заңнамалардың нормаларын ескере отырып, депозит базасын қалыптастыруды депозит саясаты негізінде жүргізеді. Банк халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттар негізінде даму стратегиясын қалыптастырады, ол ішкі қорларды тарту саясатын жүргізуге мүмкіндік береді, өйткені банк міндеттемелерінің өсуі негізінен халықтың және кәсіпорындардың депозитке салған ақшаларының түсуі есебінен болады. Банктің депозиттер бойынша пайыздық саясаты депозиттер бойынша сыйақы (мүдделілік) мөлшерлемесін оңтайлы жолмен реттеумен және жинақ ақшаларды тарту әдістерімен, депозиттердің сақталу мерзімін оңтайландырумен, қызмет көрсету саласын кеңейтумен, маркетингтік жаңа енгізілімдермен, клиенттерге қызмет көрсетуде технологиялық процестерді өзгертумен анықталып, жүзеге асырылады. Банктің пассивтері барлығы 3 700 000 теңгені құрайды. Оның ішінде тартылған ресурстардың 84 пайызы теңгеде болса, 16 пайызы валютада тартылған (сурет 5).
Сурет 5. «АТФ Банк» АҚ-тың валюта бойынша тартылған ресурстары (заңды тұлғалар бойынша)
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [22]
Суретке назар аударатын болсақ валютада 16 пайыз, ал теңгеде 84 пайызбен доминантықты ұлттық валюта ұстануда. Банктің депозит саясаты төмендегі мақсаттарға бағытталған:
Ең аз қаржылық шығындармен заңды және жеке тұлғалардың бос ақшаларын тарту.
Жобаларды қаржыландыру үшін ақшаның жеткіліктілігін қамтамасыз ету.
Қаражаттарды шоғырландыру үшін салымдардың жаңа түрлерін жасап, енгізу.
Банк клиеттеріне қызмет көрсетудің сапасын және әдістерін жақсарту.
Салымдар бойынша қызметтерді кеңейту (айырбастау, аудару операциялары, ақшасыз есеп айырысу және т.б.).
Салымдарға қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын қысқарту.
Банктің қаржымен қамтамасыз етілуін нығайту үшін нарықпен өзара байланысты дамыту.
Тартылған қаражаттар қоржынын түзеу кезінде ұзақ мерзімді сақталатын қорларға көңіл бөлінеді. Сыйақы мөлшерлемесі ақшаны сақтаудың түріне, сомасына және мерзіміне байланысты белгіленеді. Салымның сомасы мен оның сақтау мерзімі өскен жағдайда сыйақы мөлшерлемесінің өсу ұстанымы сақталады.
2016 жылы заңды тұлғалардың басы артық қорларын салымдарға орналастырудың белсенді кезеңі сәуір және желтоқсан айлары болды. Заңды тұлғалардың басы артық ақшаларының негізгі бөлігі мерзімі 1 жылға дейінгі мерзімді депозиттерге шоғырланған.
Сурет 6. 2016 жылы заңды тұлғалардан тартылған мерзімді салымдарының құрылымы, %
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [22]
Суретке назар аударатын болсақ қысща мерзімді салымдар ұзақ мерзімді салымдармен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігін анық көрінуде. Талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша сыйақының жоқтығы стандартты тәжірибе болып табылады, бірақ банктің ағымдағы шоттарындағы қалдық мол әрі тұрақты болса және корпоративті салымға жатқызылған банк клиенттері үшін ай сайын төмендегідей мөлшерлеме бойынша сыйақы қарастырылған: ұлттық валютадағы KZT шоттары бойынша отыз миллионнан асатын қалдықтарына – жылдық 1,5% және валюта шоттары бойынша баламасы отыз миллионнан асатын қалдықтарына – жылдық 1%. Жеке тұлғалардың депозиттері. Банк үшін клиенттердің мүддесіне қамқорлық жасау бәрінен жоғары тұр. Клиентермен жұмыс істеудің негізі ұстанымына: «Жылдамдық, біліктілік, ұзақ мерзімді ынтымақтастық» жатады. Осы ұстаным әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, сапалы, сенімді және ыңғайлы банктік қызмет көрсету құқығын жүзеге асыруды анықтайды. Мысал ретінде АТФБанктің оңтайлы депозит саясатын атауға болады. Осындай саясаттың негізі әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, мерзімдердің әртүрлілігі мен қолайлы пайыз мөлшерлемелері болып табылады.
Сурет 7. 2016 жылғы аманат қоржынының құрылымы, %
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [22]
7 суретте 2016 жыл,ы аманат қоржынының пайыздық құрылымы көрінуде, оның 93 пайызы ағымдағы шот болса, 7 пайызы мерзімді аманттар. Бүгінгі күні банк клиенттің мақсаттарына қол жеткізуін барынша қамтамасыз етеді – ақша жинақтарын сақтау және көбейту, табысты арттыру. 2016 жылы банк төмендегідей депозит түрлерін ұсынған: «АТФ-Классик», «АТФ-Капитал», «АТФ-Престиж», «АТФ-Комфорт» және «АТФ-Перспектива» қосымша жеңілдіктер ұсынылған жылдық қызмет көрсетуге сыйақы ұсталмайтын төлем карточкаларын, дүниежүзіне әйгілі AIG ASSIST компаниясының ақысыз сақтандыруын алу, шарттың әрекет ету мерзімін бұзбай, депозитті бір валютадан екінші валютаға айырбастау мүмкіндігі.
Атқарылған жұмыстар нәтижесі депозиттерді тарту өзгерісінің динамикасы бойынша диаграммада көрсетілген. Диаграммада көрсетілгендей, бір жылда мерзімді салымдар бойынша қалдықтар 1,5 есе өскен. Банк жеке тұлғалардың салымдары нарығында 7 орынды алып отыр.
Екінші деңгейлі банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншіге төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Құрамына республиканың әртүрлі аймағында орналасқан ірі сауда және өнеркәсіп кәсіпорындары кіретін заңды тұлғаларға несие беру «АТФБанк» АҚ-ының дамуының басым бағыттарының біріне жатад, несие өтінімдерін алдын ала мұқият іріктеу, несие мәмілелері мен қарыз алушыларды кешенді талдау, несие беру мерзімі бойы қарыз алушының қаржылық жағдайының өзгерісіне үзіліссіз мониторинг жасау, күмәнді несиелердің белгілерін алдын ала анықтау және оларды өтеу бойынша жұмыстар жүргізу жолымен, сонымен қатар несие берудің әр кезеңінде қауіп-қатерге бақылау жасаудың қолданыстағы жүйесі арқылы шешіліп отырды. Қор базасын кеңейту банктің көбіне экономиканың нақты секторына несие беруге бағытталуына мүмкіндік берді . Экономиканың нақты секторына қаржылық көмек көрсету, өнеркәсіптік, құрылыс, сауда, ауылшаруашылық кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастық, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру несие беру саясатының басымдылығы болып табылады. Негізгі міндет банк ұсынатын барлық қызмет түрлерін ұдайы пайдаланатын сенімді әрі пайдалы қарыз алушылар клиенттердің тұрақты ортасын қалыптастыру болып табылады.
Қарыз капиталының қайтарылуына нық кепілдік беруден басқа, банктің несие стратегиясы есеп берілетін жылда несие берудің басты екі бағыты бойынша жүзеге асырылды: ірі бизнес кәсіпорындарына және тұтыну тауарлары мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған орта және шағын бизнес кәсіпорындарына несие беру. Алайда 2016 жылғы несие беру жұмысының басты міндеттерінің бірі несие қатынастарының субъектілері, қарыз алушылардың қандай салаға жататындығы, несие беру мерзімі мен ұсынылған қамтамасыз ету түрлері бойынша әртараптандырылған несие қоржынының сапасын жақсарту болған. Бұл міндет несие өтінімдерін алдын ала мұқият іріктеу, несие мәмілелері мен қарыз алушыларды кешенді талдау, несие беру мерзімі бойы қарыз алушының қаржылық жағдайының өзгерісіне үзіліссіз мониторинг жасау, күмәнді несиелердің белгілерін алдын ала анықтау және оларды өтеу бойынша жұмыстар жүргізу жолымен, сонымен қатар несие берудің әр кезеңінде қауіп-қатерге бақылау жасаудың қолданыстағы жүйесі арқылы шешіліп отырды. Қор базасын кеңейту банктің көбіне экономиканың нақты секторына несие беруге бағытталуына мүмкіндік берді.
Экономиканың нақты секторына несие берудің өсуі бірнеше факторларға байланысты. Бұл, бір жағынан, кәсіпорындардың өндірістік белсенділігін арттыру, ең алдымен айналым құралдарын қаржыландыру мақсатындағы несиеге сұранысының өсуі, сондай-ақ экономикадағы пайыздық мөлшерлеменің жалпы төмендеуіне байланысты банктік несие құнының төмендеуі. Екінші жағынан, бұл қаржы нарығының (мемлекеттік бағалы қағаздар, банкаралық несиелер) негізгі сегменттерінің табысының төмендеуіне, банктің қор базасы көлемінің кеңеюі мен артуына, тұрақты макроэкономикалық жағдайларда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға несие берудің жүйелі қауіп-қатерінің төмендеуіне байланысты несие ұсынысының өсуі.
Корпоративті несиелендіру. 01.01.2016 жылғы мәлімет бойынша, банктің бірлескен тобындағы (несие беру Департаменті, орта мерзімді несие беру Басқармасы, филиалдардың бірлескен несие беру бөлімшелері) қарыз берешегінің жалпы қалдығы 184 619 624 мың теңгені құрады. 01.01.2015 жылмен салыстырғанда (87 612 522 мың теңге) бірлескен несие беру қоржынының көлемінің айтарлықтай өскендігі байқалады. 2015 жылы бірлескен несиенің банктің жалпы несие қоржынындағы үлесі 2,1%-ға төмендеп, 73,8%-ды құрады. Банктің жалпы несие қоржынындағы филиалдардың бірлескен несие үлесі 45 008 800 мың теңгені немесе 25%-ды құрады. Банк ең ірі және маңызды жобаларды қолайлы инвестициялық жағдай тән, несие мекемелері мен инвесторларға жергілікті әкімшіліктің назары аударылған аймақтарда жүзеге асырған.
Кесте 7 - 2016 ж. аймақтардың қарыз қоржыны
(мың теңге)
Аймақ атауы |
Қарыз қоржыны, мың теңге |
Аймақ атауы |
Қарыз қоржыны, мың теңге |
Аймақ атауы |
Қарыз қоржыны, мың теңге |
Рудный |
130 000 |
Павлодар |
1 157 831 |
ШҚО |
4 194 609 |
Ақсай |
166 523 |
Қызылорда |
1 399 828 |
Ақтөбе |
4 890 154 |
Семей |
446 455 |
Қарағанды |
2 854 999 |
Астана |
5 931 401 |
Ақтау |
694 324 |
Атырау |
3 594 230 |
Қостанай |
6 747 553 |
Орал |
1 006 787 |
Тараз |
4 078 983 |
ОҚО |
7 715 063 |
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [23] |
|||||
Осындай аймақтардың ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Астана, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысы, Тараз, Атырау, Қарағанды қалаларын атауға болады. 2-кесте көрсеткіштерін диаграмма түрінде көрсетуге болады (cурет 8).
Сурет 8. Аймақтардың қарыз қоржынының диаграммасы
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [23]
Осы диаграммада көрсетілгендей, 6 аймақтың үлесіне филиалдардың бірлескен несие бойынша қарыз қоржынының 74,6%-ы тиесілі. Ең жоғарғы үлесті (2 кестеге сәйкес) ОҚО (17,14%), Қостанай (14,99%), Астана (13,18%), Ақтөбе (10,86%), ШҚО (9,32%), Тараз (9,06%) алып отыр.
Филиалдардың аймақтардың үлестері бойынша бірлескен қарыз қоржынындағы салыстырмалы көрсеткіштері кестеде көрсетілген (Кесте-3).
Осылайша, 2016 жылғы несиелік салымдарды әртараптандыра отырып, Банктің Бірлескен Тобы жобаларды қаржыландыруды 01.01.2015 ж. экономика салалары бойынша Банктің Бірлескен тобының қарыз қоржынының құрылымына сәйкес келетін төмендегі салалар бойынша жүзеге асырған: Несиенің ең жоғарғы үлесі көтерме саудаға, кәсіпорындарға қызмет көрсету, құрылыс және тамақ өнеркәсібі салаларына тиесілі, бұл осы салалардың тиімділігінің жоғарылығының салыстырмалы түрдегі төмен шығындарына үйлесуімен түсіндіріледі. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беру банктің 2016 жылғы стратегиялық міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне несие беруді одан әрі дамыту болып табылады.
Кесте 8 - Филиалдардың коропоративті қарыз қоржынындағы аймақтардың үлестері бойынша салыстырмалы көрсеткіштері
Активтер |
01.01.2015 |
Үлесі, % |
01.01.2016 |
Үлесі, % |
ОҚО |
6 391 305 |
21,34 |
7 715 063 |
17,14 |
Қостанай |
4 699 121 |
15,69 |
6 747 553 |
14,99 |
Астана |
5 826 887 |
19,45 |
5 931 401 |
13,18 |
Ақтөбе |
2 000 220 |
6,68 |
4 890 154 |
10,86 |
ШҚО |
3 141 363 |
10,49 |
4 194 609 |
9,32 |
Тараз |
2 011 601 |
6,72 |
4 078 983 |
9,06 |
Атырау |
2 905 331 |
9,70 |
3 594 230 |
7,99 |
Қарағанды |
1 457 363 |
4,87 |
2 854 999 |
6,34 |
Қызылорда |
115 000 |
0,38 |
1 399 888 |
3,11 |
Павлодар |
550464 |
1,84 |
1 157 831 |
2,57 |
Орал |
209 200 |
0,70 |
1 006 787 |
2,24 |
Ақтау |
|
|
694 324 |
1,54 |
Семей |
102 821 |
0,34 |
446 455 |
0,99 |
Ақсай |
480 090 |
1,60 |
166 523 |
0,37 |
Рудный |
65 000 |
0,22 |
130 000 |
0,29 |
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [10] |
||||
Экономика секторлары бойынша несиелік салымдар құрылымында айқын өзгерістер байқалады.
Қазіргі клиенттердің отандық және тіпті әлемдік банктер ұсынатын банктік қызмет көрсету саласынан жеткілікті хабардар екендігі белгілі. Осыған сәйкес оның толық, кәсіби және жан-жақты банктік қызмет алуға сұранысы өседі.
Осыған байланысты 2016 жылы ШОБ Департаменті қаржыландырудың жаңа өнімін енгізді, сондай-ақ қаржыландыру өнімдері тізімдемесінің көбеюіне алып келген, клиенттiң өскелең сұранысына бағытталған несие берудің көптеген бағдарламалары мен тәртіптері қайта қарастырылды: коммерциялық жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алуға несие беру, табыстың расталуынсыз жеделдетілген несие беру, ақша қаражаттарын кепіл зат ретінде қою арқылы несие беру, франшиза сатып алуға несие беру, факторингтік операцияларына несие беру, банктік кепілдіктер мен аккредитивтерді және т.б. шығару бойынша қызметтер. Сондай-ақ төмендегі іс-әрекеттер бойынша маңызды қадамдар жасалды:
біліктілігін арттыру үшін қызметкерлерді үнемі оқытуға бағытталған тиімді кадрлық саясат жүргізудің арқасында мүмкін болған клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;
несиені қарастыру, бекіту және беру тәртібін жеңілдету;
несие беру мерзімін 7 жылға дейін ұзарту;
теңгеде және шетел валютасында сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
әрбір клиентке жеке қызмет көрсету арқылы көрінетін несие берудің оңтайлы жүйесін енгізу.
Кесте 9 - Экономика салалары бойынша Банктің Бірлескен тобының қарыз қоржынының құрылымы, 2016
№ |
Экономика секторларының атауы |
Үлесі, % |
|
2 |
3 |
1 |
Мұнай және газ өндірісі |
1 |
2 |
Тау-кен өндірісі |
1 |
3 |
Металлургиялық өнеркәсіп |
1 |
4 |
Жылжымайтын мүлік |
5 |
5 |
Тоқыма өнеркәсібі |
2 |
6 |
Көлік |
3 |
7 |
Қонақ үй бизнесі |
4 |
8 |
Бөлшек сауда |
5 |
9 |
Ауыл шаруашылығы |
6 |
10 |
Тамақ өнеркәсібі |
12 |
11 |
Құрылыс |
14 |
12 |
Химиялық өнеркәсіп |
1 |
13 |
Басқа да қызмет түрлері |
9 |
14 |
Көтерме сауда |
22 |
15 |
Кәсіпорындарға қызмет көрсету |
14 |
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [25] |
||
2016 жылы ШОБ Департаментінде Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен бірігіп Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырды.
Шағын және орта бизнеске несие беру бөлімшелері қызметкерлерінің қиын да адал еңбектерінің куәсі берілген несие санының айтарлықтай артуы болып табылады. 2016 жылы банк шағын және орта бизнес субъектілеріне барлығы 10 000-нан аса несие берген, бұл ШОБ Департаментінің қарыз қоржынының айтарлықтай өсуіне (еке еседен астам) алып келіп, 01.01.2015 ж. 34 435 419 мың теңгені құрады [26].
Сурет 9. 2016 жылдағы ШОБ қаржы қоржынының өсу динамикасы, млн. теңге
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [23]
Суретке назар салатын болса 01.01.2016 ж. банктің жалпы қарыз қоржынындағы ШОБ қарыз қоржынының үлесі 16% құрады. Экономика секторына жасалған талдау 2015 жылы берілген барлық несиенің 37,6%-ы сауда және қызмет көрсету саласына тиесілі екендігін көрсетті, бұл осы салалардың тиімділігінің жоғарылығының салыстырмалы түрдегі төмен шығындарға және ШОБ субъектілерінің өндірістік қуаттылықтарды сатып алуға қомақты капиталдарының жоқтығына үйлесуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ төмендегi салаларға берілген несиелер саны артты:
Құрылыс – 2015 жылмен салыстырғанда 125%-ға артық, бұл Алматы облысында Алматы қ. және Астана қ. құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуімен байланысты;
Ауыл шаруашылық және өндірістің басқа да түрлері – 2015 жылмен салыстырғанда 35,4%-ға артық, бұл отандық өндірісті мемлекеттік қолдау саясатымен байланысты.
Жоғарыда айтылғандар негізінде ШОБ Департаментінің тек Клиенттер тобын кеңейту ғана емес, сондай-ақ олардың қажеттіліктерін сапалы, жылдам және оңтайлы қызмет көрсету жолымен қанағаттандыруға ұмтылып келеді деген қорытынды жасауға болады. Банк үшін бірлескен клиенттермен өзара байланыстың негізгі ұстанымы ұзақ мерзімді өзара тиімді қатынастар орнату мен банктік қызмет көрсетуде қажеттілікті ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыру болып табылады [27].
2015 ж. «АТФБанк» АҚ өз клиеттеріне – заңды тұлғаларға, резиденттер мен бейрезиденттерге әмбебап өнімдер мен қызметтердің барлық түрін ұсынды. Ұсынылатын банктік өнімдердің жиынтығы ұдайы кеңейтіліп және сапасы жағынан жетілдіріліп отырады. «АТФБанк» АҚ заңды тұлғаларға қарыз қаражаттарына сұранысын толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, төмендегі қаржылық қызмет түрлерін ұсынған:
Несие.
Несие желісі.
Овердрафт.
Бірлестірілген несие беру.
Факторинг.
Саудалық қаржыландыру.
Аккредитив.
Кепілдіктер.
Вексельдік операциялар.
Несие өнімдері негізінен төмендегі мақсаттарға берілген:
Қысқа мерзімді кассалық алшақтықтарды
Қаржыландыру.
Тауар айналымын ұлғайту.
Айналым капиталын ұлғайту.
Күрделі мазмұндағы шығындарды жүзеге асыру (қолданыстағы өндірістерді жетілдіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру).
Басқа да мақсаттар.
2016 жылы несие беру саясаты қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Қысқа мерзімді несиелер негізінен қарыз алушылардың ағымдағы қызметтерін, оның ішінде экспорттық және импорттық операцияларды жүргізуге, жанармай және шикізат сатып алуға және т.б. қаржыландыруға арналған.
Ұзақ мерзімді несиелер – кәсіпорынның негізгі қорларын сатып алу, қайта жөндеу және жетілдіруге арналған. Қарыз алушылармен ұзақ мерзімді және тұрақты өзара қатынастар орнату мақсатында бұрынғыдай несие беру лимитін орнату тәжірибесі қолданылды, бұл лимиттер арқылы қарыз алушылар барлық кезең бойы алдын ала келіскен шарттармен несие қорларын алуға мүмкіндіктері болады.
2016 жылы банк жеке тұлғалардың тұтыну мақсаттарына, оның ішінде жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларды сатып алуға, оқуға, емделуге, салтанаттар, демалыстар, жөндеу жұмыстарын өткізуге және т.б. мақсаттарға несие беру бағдарламасын жетілдіру жұмыстарын жалғастырды. Банк тұрғын үй алуға арналған ипотекалық несие беру шарттарының мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту бөліміне, алғашқы жарнаны 15%-дан 10%-ға дейін төмендетіп өзгерістер енгізді, сонымен қатар ипотекалық қарыз беру жүйесіне оңайлатылған жаңа бағдарламалар жасады.
2016 жылы банк алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларымен бірігіп, жеке тұлғаларға салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алуға несие беру саласында айтарлықтай сәттіліктерге қол жеткізді. Бүгінгі күні банк 26-дан астам құрылысшымен өзара тиімді ынтымақтастық шарттарын жасаған. «Альянсстройинвест», «Бахус Астана», «Серт», «Mega Center Building», «Сэт Жол», «MAG», «Анфилада», «Алуан-АС», «Ақтөбе центр», «Европолис» және т.б. компаниялар Банктің серіктестері болды. Банк пен «Альянсстройинвест» ірі құрылыс компаниясы бөлшектік сауда нарығында салынып жатқан жылжымайтын мүлікті қаржыландыру саласында банктің және құрылыс компаниясының клиенттеріне кепілдік беретін ерекше өнім жасады. Енді клиент жаңа қызметті пайдалана алады – сатып алушы жылжымайтын мүлік сатып алуға шарт жасау кезінде өзі салған ақша қаражаттарын «АТФ-АСИ-Құрылыс» депозит шотына аударуға мүмкіндігі бар. Ал банк ай сайын шарттың талаптарына сәйкес, құрылыс компаниясына жылжымайтын мүлік бағасының бір бөлігін аударып отырады.
01.01.2016ж. ипотекалық қоржын тұтыну қарыздары қоржынының жалпы көлемінің 68%-ын құрады. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы банктің ипотекалық несие беру көлемі 2,2 есе артты. Халықтың қарыз алуға оңай қол жеткізуi үшін, банк жеке тұлғалардың қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету саясатын мақсатты түрде жүргізіп отыр.
Суретте тұрғындардың мерзімді салымдарының динамикасының өсіп келе жатқаны көрініп тұр, 2014 жылы 4718 млн теңге болған жағдайда 2016 жылы 29996 млн теңгеге тең. Осылайша, мысалы, 2007 жылы автомобильдерді сатып алу үшін банктің мына автосалондарда сыйақы мөлшерлемесі төмендетілген несие беру бағдарламалары жүргізілді: «Созвездие Авто», «Hyundai Center Kazakhstan», «United Motors Kazakhstan», «Автоцентр Бавария», «Арыстан Авто», «Меркур Авто», «MAuto», «Saitco», «Тurin Auto», «Алматы Авто», «Агес», «ABS Invest» және басқалар.
Сурет 10. Тұрғындардың мерзімді салымдарының динамикасы,
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [22]
Сонымен қатар, тұрғындар ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді несие беру «АТФ-Универсальный» жаңа бағдарламасына, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің студенттеріне оқуға, «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаратын инвестициялық пай қорларын пайларды кепілзатқа қою арқылы тұтыну мақсатына қарыз алуға жоғарғы қызығушылық білдіріп отыр. 01.01.2008 ж. банктің қарыз қоржынындағы тұтыну несиелерінің үлесі 13%-ды құрады.
Сурет11. Қарыз қоржынының құрылымы
Ескерту – «АТФ Банк» АҚ-ның қаржылық есептігі негізінде құрастырылған [22]
Қарыз қоржынының суретіне қарап белгілі бір деңгейдегі қорытынды тұжырымдама жасауға болады. Жылжымайтын мүлікке арналған несие басымдылыққа ие, сондықтан келесі жылғы маркетингтік бағамға осы мақсатты несиеге жарнамалық әрекеттерді ұдайта түскен жөн. Тұтынушылық мақсаттардағы несиелерге арнайы болжам жасаған қиын, бірақ дегенмен Банк сол тұтынушылардың анкеталық ақпараттарын қолдана қандай жас пен қандай дағдайдағы адамдарға осы несие қажет екенін қолдануы мүмкін.2016 жылдың соңына тұтыну несиелері бойынша банктің несие қоржыны 30 819 994 мың теңгені, қарыздар саны – 16 329 теңгені құрады.
