- •Мазмұны
- •Қазақстанның несие жүйесінің теориялық негіздері
- •Несиенің экономикалық түсінігі, қажеттілігі және түрлері
- •1.2. Екінші деңгейлік банктердің несиелік саясаты
- •2. Қазақстанның несие жүйесінің қазіргі кезеңде дамуын талдау
- •2.1. «Атф» ақ-ның қаржылық жағдайын талдау
- •2.2. «Атф» ақ-ның несиелік операцияларының дамуын талдау
- •Қазақстанның несие жүйесі: мәселелері жане қазіргі кезеңгі даму болашагы
- •«Атф Банк» ақ-ның несие жүйесін жетілдіру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................... |
3 |
|
|
|
|
1 |
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................................. |
5 |
1.1 |
Несиенің экономикалық түсінігі, қажеттілігі және түрлері............... |
5 |
1.2 |
Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясаты..................................... |
14 |
|
|
|
2 |
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ДАМУЫН ТАЛДАУ............................................................................ |
25 |
2.1 |
«АТФ» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау..................................... |
25 |
2.2 |
«АТФ» АҚ-ның несиелік операцияларының дамуын талдау............ |
32 |
|
|
|
3 |
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГІ ДАМУ БОЛАШАҒЫ........................................ |
44 |
3.1 |
ҚР-ның несие жүйесін дамыту мәселелері...................................... |
44 |
3.2 |
«АТФ» АҚ-ның несие жүйесін жетілдіру............................................ |
55 |
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. |
61 |
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... |
63 |
|
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет ықпалынан әсер ететін маңызды инструменттердің бірі – несие жүйесі болып табылады. Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру, несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, бір сөзбен айтқанда несие жүйесі несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығын құрайды. Ол, еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады. Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі – банктік несие жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады. Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді. Мемлекеттің несие жүйесінде Екінші деңгейлі банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Дипломдық жұмысытың негізгі мақсаты: Қазақстанның несие жүйесінің мәселелерін айқындап және қазіргі кезеңдегі даму болашағын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу міндеттері:
несие түсінігін анықтау, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуын қарастыру.
«АТФ банк» АҚ материалдар негізінде,несие беру қызметін талдау.
Қазақстанның несие жүйесін дамыту мәселелерін және даму болашағын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «АТФ Банк» АҚ несие жүйесінің дамуы.
Зерттеудің теориялық және методикалық негізі. Дипломдық жұмыста жалпы Қазақстанның несие жүйесінің теориялық негіздері, мәні, ерекшеліктері, несие саясаты алынды. Сонымен қатар методикалық негізі ретінде көлденең және тігінен талдау, өтімділік коэффиценттеріне талдау жасалған.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасының негізі – жеке тұлғаларды несиелендіру аясындағы шетел ғалымдарының және мамандарының еңбектері, сонымен бірге отандық ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасындағы «Банктер мен банк қызметі туралы» жарлығы, Ұлттық Банктің ресми сайтынан алынған қаржылық көрсеткіштер тізімі, Қазақстан қор биржасының статистика мәліметтері және «АТФ Банк» АҚ қаржылық талдау негізінде материалдар қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе,үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде несие және несие жүйесі туралы түсінік беріліп, несиенің мәні, қажеттілігі мен қызметтері, несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары туралы теориялық негіз барынша ашылып жазылды.
Ал, екінші бөлімінде «АТФ Банк» АҚ мысалындағы несиелеу ерекшеліктерін көрсетіп, даму ерекшеліктері көрсетілді. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму кезеңдері мен даму ерекшеліктері көрсетілді.
Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму болашағы жазылған, несиелеу нарығын жетілдіру жолдары ашылды.
