- •Жаратылыстану-математика факультеті
- •5В060700 «Биология» мамандығы бойынша
- •Мазмұны
- •Зоология Омыртқасыздар зоологиясы
- •Клеткалық биология
- •Генетика Тұқым қуудың материалдық негіздері.
- •Адам және жануарлар физиологиясы
- •Өсімдіктер физиологиясы
- •Молекулалық биология
- •Емтиханға ұсынылатын сұрақтар тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК |
||
4 деңгейлі СМЖ құжаты |
№1 басылым «05»12.2016 ж. |
Ф 042-1.07-2016 |
Кешенді емтихан бағдарламасы |
||
Жаратылыстану-математика факультеті
Биология кафедрасы
5В060700 «Биология» мамандығы бойынша
КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
магистратура студенттеріне арналған
Семей 2017 ж.
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырған:
Карипбаева Н.Ш. б.ғ.к., доцент ________________
Абдишева З.В. б.ғ.к., доцент ________________
Садыкова Р.А. а/ш.ғ.к., доцент қ.а. ________________
Куанышбаева М.Г. б.ғ.к., доцент ________________
«___» _____ 20__ ж.
2 ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
«Биология» кафедра отырысында қарастырылды
Хаттама № 5 «14 » 12. 2016 ж.
Кафедра менгерушісі____________Садыкова Р.А.
3 БЕКІТІЛДІ
Жаратылыстану- математика факультетінің ғылыми кеңесі мәжілісінде
Хаттама № 4 «12 » 12. 2016 ж.
Факуьтет деканы ____________Берікханова Г.Е
4 КЕЛІСІЛДІ
4.1 Оқу үрдісін жоспарлау және қолдау бөлімі
Бөлім жетекшісі _________________________ Тулеугалиева С.С.
4.2 Оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
___________Искакова Г.К.
Мазмұны
Кіріспе
Пәндердің негізгі бөлімдері
Емтиханға ұсынылатын сұрақтар тізімі
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
5В060700 «Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан биологиялық білім көрсеткіштерін, түлектер арасындағы дайындық денгейін анықтау, сонымен қатар түлектер арасындағы кәсіптік және жеке шеберліктерін биологиялық ғылымдарымен ұштастырып қолдану. Кешенді мемлекетік емтихан бағдарламасы өзіне төмендегідей пәндердің сұрақтарын қамтиды: Ботаника, Зоология, Клеткалық биология, Генетика, Адам және жануар физиологиясы, Өсімдіктер физиологиясы, Молекулалық биология.
ПӘНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
Ботаника
Өсімдік клеткасы. Өсімдік клеткасының жалпы құрылымдық ерекшелігі. Клетка құрылымының биологиялық маңызы, оның мөлшері және сыртқы пішіні. Клетка құрылысы. Органоидтар, атқаратын қызметі маңызы. Ұлпалар.
Ұлпалардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі.Жіктелу негізі.
Түзуші ұлпалар. Меристеманың өсімдік денесіндегі таралуы.
Тұрақты ұлпалар. Жасаушы ұлпалар.Қорлық ұлпалар. Ауалық ұлпалар. Сорушы ұлпалар. Жабындық ұлпалар.Эпидерма.Арқаулық ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
Тамыр және тамыр жүйелері
Тамыр, оның қызметі (сіңіруші, синтез жасаушы, бекітуші және т.б.). Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысындағы негізгі ерекшеліктер. Тамырлар жүйесін классификациялау. Өркен және өркен жүйелері. Жалпы түсінік. Өркеннің морфологиялық бөлшектенуі. Буын және буынаралықтар. Бүршіктер, оладың құрылысы, орналасу ерекшеліктері және өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Жапырақ-өркен. Сабақ. Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы мен көбеюі. Өсімдіктің көбеюі туралы жалпы түсінік. Көбею типтері. Вегетативті көбею жолдары. Өсімдіктердің спорамен көбеюі. Жыныстық процесс және ұрпақ шығару кезеңдері. Жынысты көбею. Гаметангия, ұрпақ ауысу. Тұқыммен көбею. Маңызы.
Гүл және жеміс
Гүлдің құрылысы мен қызметі. Шығу тегі.Гүлдің құрамды бөліктері, олардың гүл тұғырында орналасуы және морфологиялық әртүрлілігі. Гүл серігі, ың құрылысы, дамуы және биологиялық маңызы. Жай және қосарлы гүл серігі. Гүл симметриясы. Гүл онтогенезі, олардың дамуы. Андроцей. Гинецей. Ұрықтану, қосарлы ұрықтану.
Гүлдің шығу тегі туралы теориялар. Жемістер. Жемістің жалпы сипаттамасы. Классификациялау негізі.Жемістер мен тұқымдардың маңызы.
Өсімдіктердің тіршілік формалары мен экологиялық топтары
Өсімдіктердің ылғалға, субстратқа, жарыққа қатысты экологиялық топтарға бөлінуі. Өсімдіктердің тіршілік формалары, классификациясы. Өсімдіктердің жастық және маусымдық өзгерістері. Гүлдеудің толқындылығы (периодичность), вегетацияның ұзақтығы.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы, оның маңызы, биология ғылымдарының системасындағы және адам өміріндегі алатын орны.
Прокариоттар. Жалпы сипаттамасы. Бактериялар класы. Құрылыс ерекшеліктері. Көбеюі.Спора түзуі. Актиномицеттер класы. Спирохеталар класы. Микоплазмалар класы. Көк жасыл балдырлар бөлімі. Вирустар бөлімі.
Эукариоттар. Балдырлар. Жасыл балдырлар.Хара балдырлар.Жалтырауық сары балдырлар. Диатомды балдырлар. Қоңыр балдырлар.Пирофитті балдырлар. Эвгленалы балдырлар.Қызыл балдырлар. Гетеротрофты эукариоттар. Кілегейлілер (Миксомицеттер). Саңырауқұлақтар. Хитридиомицеттер класы. Оомицеттер класы. Зигомицеттер. Қалталы саңырауқұлақтар.
Қыналар бөлімі. Анатомиялық ерекшеліктері, қыналардың компоненттері.Селбесіп өмір суру. Көбеюі. Таралуы. Маңызы.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасының обьектісі және мақсаттары, биологиялық білімдер жүйесіндегі орны. Теориялық және практикалық маңызы.
Жоғары және төмен сатыдағы өсімдіктердің ұқсастық және айырмашылық белгілері.
Тіршілік циклінде гаметофиті басым өсімдіктер.
Мүктәрізділер. Антоцеротопсидтер. Маршаноциопсидтер. Бриопсидтер. Жалпы сипаттамалары. Гаметофиттің және спорофиттің құрылысы. Тіршілік циклі. Олардың сипаттамалары, негізгі өкілдері, таралуы.
Тіршілік циклінде спорофиті басым өсімдіктер
Бөлім Риниофиттер. Шығу тегі. Жалпы анатомиялық, морфологиялық сипаттама. Класс Риниопсидтер.
Бөлім Зоостерофиллофиттер. Шығу тегі. Жалпы анатомиялық, морфологиялық сипаттама. Класстары.
Бөлім Плаунтәрізділер. Шығу тегі. Жалпы сипаттама. Кластарға бөлінуі.
Бөлім Псилоттәрізділер Шығу тегі.Өкілдерінің жалпы анатомиялық және морфологиялық сипаттамасы.Өскіншенің құрылысы.Спорофит және гаметофит құрылысындағы қарапйым белгілер.
Бөлім Қырықбуынтәрізділер. Морфологиялық, анатомиялық құрылыс ерекшеліктері. Қатарлары, тұқымдастары, өкілдері.
Бөлім Папоротниктәрізділер. Шығу тегі.Спорофиттің жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы.гаметофит және ұрықтану. Тіршілік формалары. Классификациясы. Филогениясы.Таралуы және экологиясы.
Бөлім Ашықтұқымдылар. Морфологиялық, анатомиялық құрылыс ерекшеліктері. Қатарлары, тұқымдастары, өкілдері. Стробилдердің құрылысы. Тұқымбүрінің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер. Ұрықтану. Тұқымның дамуы және құрылысы. Классификациясы, филогениясы.
Бөлім Гүлді және жабық тұқымды өсімдіктер. Жалпы сипаттама. Гүлді өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Гүлдің пайда болуы. Арбер мен Паркиннің стробилдік теориясы, Веттштейн мен Карстеннің псевдоанттық теориясы, гүл бөліктерінің пайда болуы туралы теория. Тозаңдану. Қосарынан ұрықтану. Тұқымның дамуы. Жеміс. Таралуы. Класстары.
