Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.26 Кб
Скачать

І деңгей

  1. Өңеш ахалазиясы этиологиясы, патогенезі

Өңеш ахалазиясы (кардиоспазм) – өңештің идиопатиялық кеңеюі, мегаэзофагус, диссенергия френоспазм – өңештің диафрагмалды тесік арқылы асқазанның кардиалды бөліміне өтетін дисталды бөлігінің құрысуының атаулары.

Этиолгиясы мен патогенезі. Кардия ахалазиясы патогенезінің теорияларының бірі – Микулич теориясы, бұл теория бойынша аурудың себебі өңештің төменгі бөлігінің құрысуы, осыдан кардиоспазм термині шыққан. Херст теориясы бойынша ауру босаңсу қабілеті бұзылған өңештің төменгі сфинктері аймағының нерв бұлшықеттік аппаратының координациясының бұзылуынан болады. Қазіргі кезде ахалазия себебі бұлшықет аралық Ауэрбах өрімдерінің дегенерациясы немесе нерв өрімдерінің және төменгі өңештің, сфинктердің токсикалық зақымдануы деп есептелінеді. Сонымен қатар ауру орталық немесе вегетативті жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстардан да дамуы мүмкін. Өңеш ахалазиясы жиі жүйкелік ауруы бар жүйке жүйесі тозған адамдарда кездеседі. Бұл кезде өңештің перистальтикалық қозғалыстарына және кардия ашылуының координациясы бұзылады. Микроскопиялық тексеруде асқынған сатыларында ауэрбах өрімдерінің атрофиясы және кардияның тыртықтық тарылуы байқалады. Өтімсіздіктің даму барысында бұлшықеттің атрофиялануы гипертрофияның атония және дилятацияға айналуы байқалады- өңеш перистальтикасы жоқ атониялық қапқа айналады. Тағамның іркілуі байқалып, шырышты қабатта ісіну және қабыну үрдісі дамиды.

2.Өңеш дивертикулы этиологиясы, патогенезі.

Этиологиясы: туа пайда болған, жане средостнеиядағы созылмалы қабыну аурулардың әсерінен жане туберкулез, өкпенің саңырауқұлақты ауруларында пайда болады.

Өңеш дивертикулы патогенезі: Пульсионды өңеш дивертикулы өңештің қабырғасының кеңеюінен (выбухание) пайда болады. Оның себебі өңеш ішілік қысымның әртүрлі себептерге байланысты жоғарылауы. Тракционнды өңеш дивертикулы өңештен өспе тәрізді құрылымның өсіп шығуымен түсіндіріледі. Ол негізінен қабыну әрсеінен болып, өңеш пен басқа органдар (лимфа түйіндері, өкпе түбірі, трахея бифуркациясы) арасында орналасады. Жұтқыншақ -өңештік және диафрагма үстілік дивертикулдар негізінен пульсионды болып келеді. Себебі олардың пайда болуы өңештің төменгі және жоғарғы сфинктерінің қысымының жоғарылауымен түсіндіріледі. Ал бифуркационнды дивертикулдар болса, тракционды түрде дамиды. Нағыз деп қабырғасы барлық өңеш қабырғасынан құралған дивертикулды айтады. Ал жалған деп бұлшықет қабаты жоқ дивертикулдарды айтады.

3.Өңеш жарақаттарының жіктемесі

1.Зақымдалу деңгейі: өңештің мойын, кеуде, абдоминалды бөлімдерінің зақымданулары

2. Орналасуы: алдыңғы, артқы, сол және оң жақ қабырғаларының қарама-қарсы қабырғаларының зақымдалулары

3.Зақымдалу себебі: сыртқы жарақат( тесілген, кесілген, жұлынған, оқ жарақаттары, бөгде заттар, хир операциялар немесе инструменталды манипуляциялар), спонтанды жыртылулар.

4.Үйлескен зақымданулар – медиастеналды плевраның, трахеобронхиалды жолдардың, ірі қан тамырларының, көкірек аралыққа жалған ену жолы.

4. Асқазан ойық жара ауруы этиологиясы, патогенезі.

Ойық жара ауруының негізгі этиологиясы хеликобактер пилори. Жара ауруы полиэтиологиялы және полипатогенді ауруға жатады. Ульцерогенді негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар. Сонымен қатар алиментарлы факторлардың маңызы зор, нервті-психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігінің төмендеуі, алькоголді жиі қолдану, тұқымқуалаушылық және т,б. Жара ауруының патогенезінің бірнеше теориялары бар:

1.Вирхов тамырлық теориясы – асқазан тамырларының зақымдану нәтижесінде асқазан қабырғасының қоректенуі бұзылады және жараланады. 2.Келлинг пен Габерьер химиялық теориясы – асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда асқазан кілегей қабатын қорыта бастап, ойық жараға әкеледі. 3.Ашоффтың механикалық теориясы – асқазанның кіліегей қабаты тамақ ішкенде механикалық , физикалық, хим-қ травмтизацияға ұшырайды. 4. Бергманның нейрогенді теориясы – науқастың өмірінде вегетативті өзгерістер бар болса (тершеңдік, дермографизм, алмасу бұзылулары, тамыр талу сынық өзгерістері т.б ) жиі ойық жара кездеседі. 5.Конечныйдың қабыну теориясы – жараның пайда болуын гастритпен байланыстырады. 6.Сперанский – асқазан-ішек жолдарының кілегей қабаты жара болу себебі нейрогенді дистрофия екенін айтты. 7.Анечков дистрофикалық асқазан сөлінің пептикалық әсерімен қосарлауы жараның дамуына алып келеді. 8. Инфекциялық теория – ең басты этиологиясы микробты инвазияның хеликобактер пилори деп аталады. Дуоденалды жарасы бар науқастардың 90-100 пайызда Н.пилори анықталған.