- •7. Бүйрек паренхимасының қатерлі ісіктері. Tnm жүйесіне сәйкес
- •8. Қуықтың жабық жарақаттары. Экстраперитонеальды (іш пердесінен тыс)түрі. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •9. Қуықтың жабық жарақаттары. Интраперитонеальды (іш пердесіқуысына өтіп кеткен) түрі. Клиникалық ағымы. Диагноз қоюәдістері.
- •10. Үрпінің жабық жарақаттары. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •11. Қуықтың қатерлі ісіктері. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •12. Бүйрек шаншуы. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •13. Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі. Ренальды анурия.
- •1. Бастапқы фаза
- •3. Полиуриялық фаза
- •14.Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі. Обтурациялық анурия.
- •1. Бастапқы фаза
- •3. Полиуриялық фаза
- •15.Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі. Преренальды анурия.
- •1. Бастапқы фаза
- •3. Полиуриялық фаза
10. Үрпінің жабық жарақаттары. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
Несеп шығару өзегінің зақымдауы жабық және ашық болып бөлінеді. Жабық зақымданулар кезінде сыртқы жабынның тұтастығы бұзылмайды. Бұл жарақаттар несеп шығарру өзегіне сыртқы күштің әсерінен және жамбас сүйектері сынуының нәтижесінде туындайды.
Клиника. Несеп шығару өзегінің зақымдалу кезіндегі симптоматикасы және клиникалық ағымы зақымдалу механизміне, оның көлеміне және сипатына байланысты. Несеп шығару өзегінің зақымдалуының біршама жиі және тән симптомдары болып уретрорагия, несеп шығарудың ұсталуы және шат гематомасы (урогематома)есептеледі. Уретрорагия зақымдалу симптомы ретінде жарақат алғаннан кейін алғашқы сағатта немесе алғашқы несеп шығару актісінде пайда болады. Несеп шығару өзегінің сыртқы тесігінен несеп шығару актісінен тыс қан бөлінуі тән. Несеп сындырудың бұзылуы, оның жедел несеп ұсталуға дейін болуы несеп шығару өзегі жыртылуының сипатына байланысты. Несеп ұсталуы толық немесе жартылай болуы мүмкін. Несеп сындыру кезінде несеп шығару өзегінде және шатта ауырсыну болады, осынығ салдарынан науқас несеп сындыруын рефлекторлы тоқтатады. Шат гематомасы (урогематома) несеп шығару өзегінің енетін жыртылуы кезінде пайда болады, парауретральды тіндерге қан құйылумен жүреді. Осының нәтижесінде науқастың зәр сындыруы, несептің парауретральды шелмайын инфильтрациясымен жүреді және гематома урогематомаға айналады.
Диагностика. Саусақ арқылы тік ішекті зерттеу барысында парапростаталық шелдің домбығуы, қуықасты бездің контуры айқын емес және осы аймақта пальпация кезінде айқынауырсыну анықталады. Несеп шығару өзегінің зақымдалуында негізгі диагностикалық әдіс – парауретральды тінде рентгенконтрастты заттың жиналуын анықтайтын ретроградты урография. Несеп құйылуының өлшемі мен орналасуы, зақымдалудың деңгейі, көлемі мен ошағын нақтылауға мүмкіндік бреді. Несеп шығару өзегінің жарақатына күдік туғанда катетер енгізу көрсетілмеген. Біріншіден, бұл манипуляция диагностикалық ақпарат бермейді, екіншіден, зақымдалу жағдайында инфицирлену ықтималдылығынан қалыптасатын урогематома, іріңді асқынулардың дамуы жоғарылайды.
11. Қуықтың қатерлі ісіктері. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
Клиникасы. Қуық ісігінің симптомдарын ерте анықтау дер кезінде емдеу және нәтижелі болжамның кілті болып табылады. Қуық ісігінің негізгі симптоматикасы гематурия мен дизурия болып табылады. Қуық ісігінің жиі көрінетін клиникалық белгілеріне, кезеңдік пайда болатын ауырсынусыз гематурия және эритроцитурия. Қан кетуінің ұазқтығы мен жиілігі әртүрлі. Кейде гематурия қысқа мерзімді, көп айлар, тіпті көп жылдарға созылады. Гематурия қарқындылығы әр түрлі болады, көзге көрінбейтіннен (микрогематурия) бастап, түсі ал қызыл немесе қоңыр түсті, әр түрлі көлемді және пішінді қан ұйындыларының болуына дейін (макрогематурия). Кейде қан кету қанқырдылығы соншалықты болады, тіпті қан ұйындыларымен бітеліп, несеп шығаруының қиындауымен сипатталатын, жедел несеп кідіруі пайда болады (қуық тампонадасы).
Қуық обырының инфильтративті және эпителий ішілік түрі бар науқастарға жиі несеп шығару симптомдары, кейде ауырсынумен болатын императивті дабылдар тән. Көп жағдайда ауырсыну тұрақты және несеп шығарумен байланысты болады.
Диагностика. Диагностикалық әдістер арасында маңызды орында несепті цитологиялық тексеру болып табылады. Цитологиялық аналиге тек жаңа шығарылған несеп кажет. Таңғы несепті тексеруге болмайды, цитолиз болу есебінен.
Ағынды цитометрия әдісі көмегімен, ісік дамуымен және рецидивіне әсер ететін диагностикалық және болжамды фактор болып табылатын, жасушадағы ДНҚ анықталады. Дәл осы әдіс қуық ісігін растайтын жоғары пролиферативті белсенділікті, анеуплоидты жасушаларды санын анықтайды.
Флюоресцентті бейненің сандық талдау – цитологиялық әдіске жатады, ол жеке жасушаларда ДНҚ санын, ДНҚ құрамы өзгерген жеке жасушаларды анықтайды. Бұл әдісте компьютермен қосылған флюоресцентті микроскоп қолданылады.
Қуықтың УДЗ трансабдоминалды, трансректалды, трансвагиналды немесе трансуретралды сканирлеу жолдарымен жүргізіледі. Ісік инвазиясының тереңдігін анықтауда сенімді диагностика – КТ мен МРТ. КТ ісіктің экстравезикалды таралуын, жергілікті лимфа түйіндерінің қатысуын, алыс жатқан метастаздарды анықтауда маңызды. МРТ қуықтың ұшы мен Льето үшбұрышын, тік ішек пен қуықасты безін, шәует көпіршіктерін, қуықтың шырышты қабатын, бұлшықет қабырғасына инфильтрациясын, лимфа түйіндердегі метастаздарды анықтауға мүмкіндік береді.
Экскреторлы урографияда, төмендеген цистограммада контрастты заттың толу ақауымен анықталады.
Цистоскопия көмегімен қуықтың ісіктік түзілімдерінің орналасуын, санын, көлемін, ісіктің макроскопиялық құрылымын, несепағар мен қуықтың мойнына қатысты орналасуын, мүшенің шырышты қабатының өзгерістерін анықтауға болады.
Қуықтың биопсиясы ісіктік үрдісті нақты анықтаудың жалғыз әдісі, оның көмегімен ісіктің гистологиялық құрылымы, ісіктік жасушалардың жіктік дәрежесі анықталады. Биопсия арнайы эндоскопиялық құралдармен трансуретралды жасалады.
