Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лор ответ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.47 Кб
Скачать

3) 35 Жастағы науқас 3 күн бойы мұрынмен тыныс алуының қиындауына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын жаттығу кезінде (бокс) мұрын жарақатын алған.

Объективті: мұрын пішіні мұрын далдасының оң жаққа қарай қысаюына байланысты өзгерген. Алдыңғы риноскопия кезінде: мұрын пердесі оңға қисайған. Оң жақ мұрынның пердесінде 1 х 1,5 см ісінген бөлік анықталады, мұрын қуысының толық жауып тұратын; зонд арқылы тесергенде жұмсақ. Шырышты қабықшасы қызарған, ісінген, бөлінділер жоқ. Мұрынмен тыныс алуы оң жағынан қиындаған.

Болжамды диагнозды негіздеңіз, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеп тағайындаңыз, болжам және нұскауларды беріңіз.

Ответ: Мұрын пердесі сынығы. Риносколиоз. (негіздеу: 3 күн бойы мұрынмен тыныс алуының қиындауы, 10 күн бұрын жаттығу кезінде (бокс) мұрын жарақатын алған, мұрын пішіні мұрын далдасының оң жаққа қарай қысаюына байланысты өзгерген, Оң жақ мұрынның пердесінде 1 х 1,5 см ісінген бөлік анықталады, мұрын қуысының толық жауып тұратын; зонд арқылы тесергенде жұмсақ. Шырышты қабықшасы қызарған, ісінген, бөлінділер жоқ. Мұрынмен тыныс алуы оң жағынан қиындаған.

Негізгі зерттеу әдісі: алдыңғы риноскопия, рентген, КТ

Емі: репозиция

4) 40 жастағы науқастың шағымдары: таңертеңгілік уақытта түшкіру ұстамасына, мұрыннан сулы бөлінділер болуына, мұрынмен тыныс алуыдын қиындауына. 5 жыл бойы ауырады. Соңғы 1,5 жыл бойы тұрақты түрде тамыртарылтатын мұрын тамшыларын қолданады.

Объективті: мұрын қуысының шырышты қабықшасы бозарған, мұрын кеуілжірлері ісінген, беткейінде ақ дақтар көрінеді.

Болжамды диагнозды негіздеңіз, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеп тағайындаңыз, болжам және нұскауларды беріңіз.

Ответ: Созылмалы гипертрофиялы ринит (негіздеу: мұрыннан сулы бөлінділер болуы, 1,5 жыл бойы тұрақты түрде тамыртарылтатын мұрын тамшыларын қолданады әсер жоқ, 5 жыл бойы ауырады, мұрын қуысының шырышты қабықшасы бозарған, мұрын кеуілжірлері ісінген, беткейінде ақ дақтар көрінеді)

Негізгі зерттеу әдісі: алдыңғы риноскопия. Қосымша: эндоскопия, ринопневмометрия.

Емі: хирургиялық, мақсаты – шырышты қабаттың гипертрофияланған жерін кесіп алу н/е кішірейту арқылы мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру. Лазерлі деструкция, шырышасты вазотомия.

5) Науқас сыртқы мұрынның деформациясына және мұрын аймағында ауру сезіміне шағымданады. 4 сағат бұрын хоккей ойыны кезінде беттен жарақат алған. Есін жоғалтпаған, құсу, жүрек айнуы байқалмаған, мұрыннан аққан аздаған қанды өзі тоқтатқан.

Қарау кезінде мұрын оңға ығысқан, сол жақ мұрын скатының түбіне қарай түсуі, бұл аймақтың жұмсақ тіндері ісінген, пальпация кезінде ауру сезімі, сүйек сынықтыры қозғалмалы. Мұрынның шырышты қабықшасы ашық-қызыл, ісінген, мұрын жолдарында геморрагиялық қоюлар, мұрын пердесі ортаңғы сызық бойынша. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің жарылуы мен ығысуы анықталған.

Болжамды диагнозды негіздеңіз, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеп тағайындаңыз, болжам және нұскауларды беріңіз.

Ответ: мұрын сүйегінің сынуы, ығысумен. Риносколиоз. (негіздеу: ыртқы мұрынның деформациясына және мұрын аймағында ауру сезімі, 4 сағат бұрын хоккей ойыны кезінде беттен жарақат алған, Қарау кезінде мұрын оңға ығысқан, сол жақ мұрын скатының түбіне қарай түсуі, бұл аймақтың жұмсақ тіндері ісінген, пальпация кезінде ауру сезімі, сүйек сынықтыры қозғалмалы, Рентгенограммада мұрын сүйектерінің жарылуы мен ығысуы)

Негізгі зерттеу әдісі: анамнез, рентгенограмма. Қосымша: эндоскопия, КТ

Емдеу: репозиция