Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

3. Маскүнемдіктің I-ші сатысы.

4. Маскүнемдіктің II-ші сатысы.

5. Маскүнемдіктің III-ші сатысы.

3.

8.3.6.2.

22 жастағы әйел адам. 0,2 л шарап ішіп алғаннан кейін, қатты сөйлеп, барлық қонақтың назарын өзіне аударды. Үстелден тұрып, айқын дене қимылдарын жасаумен үнді биін орындай бастады. Содан кейін, орнына келіп отырғаннан соң, ата-анасының оны түсінбейтіндігін, кемсітетіндігін, өзінің өте дарынды екенін және қоғамның оны мойындауына лайықты екенін айтып қатты еңіреп жылап қоя берді. Кенеттен ақырын еденге отырып, қолын оңды-солды сермей бастады. Масаю түрін анықтаңыз:

1. Маниакалды түрі

2. Депрессиялық түрі

3. Параноидты түрі

4. Истериялық түрі

5. Патологиялық түрі

4.

8.3.7.2.

39 жастағы науқас. Жүргізуші. 23 жасынан бастап ішімдікке салынып ішеді, соңғы 5 жылдары басын жазады, араққа төзімділігі 1,5 л дейін. Балаларына, әйеліне, ата-анасына селқостықпен қарайды. Ішімдікке көп ақша жұмсайды. Қоғамдық жерлерге мас күйінде жиі келеді. Бірнеше күн қатарынан ішеді, қысқа үзілістен кейін ішімдікке қайта оралады. Жұмыстан шығарып тастаған, анда-санда жүк тиеуші болып жұмыс істейді, алайда маскүнемдігіне басйланысты бір жерде ұзақ қала алмайды. Әйелі айрылысуға өтініш берген. Науқастың диагнозын анықтаңыз:

1. Маскүнемдіктің I-ші сатысы

2. Маскүнемдіктің іi-ші сатысы

3. Маскүнемдіктің ІІI-ші сатысы

4. Дипсомания

5. Үздіксіз маскүнемдік

2.

8.3.8.2.

25 жастағы жас жігіт. Анамнезінде бас-ми жарақаттары бар, мас болған кезінде ызалы, ашуланшақ, қазымыр, кекегіш болып кетеді. Жанжал шығару үшін жиі сылтаулар іздейді. Жиһазды, ыдыс-аяқты сындырып, жәбірлеушілерінің денелеріне қатты дақ түсіріп жиі төбелестер жасайды. Келесі күні болған оқиғаларды біліп тұрады.

Ішімдіктен масаюдың түрін анықтаңыз:

1. Патологиялық масаю

2. Дисфориялық түрі

3. Депрессиялық түрі

4. Параноидты түрі

5. Масаюдың қояншық тәрізді түрі

2.

8.3.9.2. 17 жастағы науқас. Ата-аналары маскүнемдер. Ішімдікті алғаш рет 7 жасынан бастап татып көрген, әкесі мәжбүрлеген. Бірінші рюмкадан кейін құсқан, басы ауырған. 15 жасынан бастап серіктес құрбыларымен арақ іше бастаған, көшеде, кіреберісте ештеңе жеместен ішкен. Алғашында ішімдік жағымсыз әсерлер туғызған, алайда «достарының» мазағына шыдамай, бұдан әрі арақты 0,3 л дейін ішкен. Сонғы жарты жылда өзі жалғыз ішеді, ата-анасынан ақша және ішімдік ұрлайды. Мектепке оқуға баруды қойды, мас күйінде көшеде жүреді, милицияның балалар бөлмесі есебінде тұрады. Жиі бірнеше күн қатарынан ішеді. Мөлшерден тыс ішімдікке құстыратын рефлексі жоқ. Мастықтан кейін таңертеңгісін өткен күні болған оқиғаларды білмейді. Диагнозды анықтаңыз:

1. Күнделікті маскүнемдік

2. Маскүнемдіктің і-ші сатысы

3. Дипсомания

4. Маскүнемдіктің ІІІ-ші сатысы

5. Маскүнемдіктің ІІ-ші сатысы

2.

8.3.10.2.

24 жастағы науқас. Бала кезінде басынан жарақат алып, есінен танып қалған. Сипатталып жатқан оқиғалар күні таңертеңнен бастап өзін нашар сезінген, кешке жақын достарымен бірге дәмханада 0,15 л шарап ішкен. Дәмханадан шыға салысымен, тыр жалаңаш шешініп тастап, киімдерін тротуарға шашып тастаған. Әрлі-берлі өтіп бара жатқандардың артынан жүгіре бастаған. Өтіп бара жатқан бір әйелдің киімінен ұстап алып «Сіздердің көздеріңізді жою керек» деп айғайлаған. Алайда аяғына берік басып тұрған және сөздері анық болған. Бірақ, «ештеңе ұқпайтын» адамдай әсер берген. Өтіп бара жатқан адамның бірін ұшырып түсіріп, үстіндегі киімдерін жыртып тастаған. Милиция бөлімшесінде басында айғайлап, жұлқынған, қашып құтылуға тырысқан, алайда тынышталып, орындыққа жатып, ұйықтап қалды. Бұдан әрі қарай болған оқиға жайлы ешнәрсе есінде қалмаған. Осы науқасқа қатысты сот қандай шешім шығаратынын анықтаңыз:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]