- •5.1 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңдар
- •5.2 Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •5.4 Электр қауіпсіздігі
- •5.5.1 Бұрғылау мұнарасын және бұрғылық қондырғыларды монтаждау-бөлшектеу
- •5.5.2 Бұрғылау қондырғыларын және құрал – саймандарын пайдалану
- •5.6 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
5.5.1 Бұрғылау мұнарасын және бұрғылық қондырғыларды монтаждау-бөлшектеу
Мұнараны тұрғызу операциялары тәуліктің жарық мезгілдерінде, жұмыс жетекшілері қатысуымен жүргізіледі.
Мұнараны жинау арнайы стеллаждарда жүргізіледі. Сатыларды, балконды, сақтандырғыш роликтер, тальдік блок биіктігін тежегіш роликтер мұнараны көтерер алдында орнатылады.
Мұнараның тіреуші негізі ретінде бір бірімен байланыспаған, бөлек негіздері пайдалануға болмайды.
Жерде жиналған мұнараны көтеруге пайдаланылатын механизмдер мен құрылғылардың жүк көтеру запасы (шығыршықтар, стеллаждар, болат арқандар, роликтер және тағы басқалар.) күтілетін салмақ қатынасына үш еседен кем болмауы тиіс. Мұнараны көтерер алдында көтеру механизмдері, қосымша құрылғылар, болат арқандар, шынжырлар жұмыс жетекшісімен жарамдылығына тексеріледі.
Мұнараны көтеру, іргетасқа түсіру төменгі жылдамдықта, сілкілеусіз жүргізіледі. Сонымен қоса болат арқанның, көтеру шығыршығы барабанына оралу дұрыстығы бақыланады.
Көтерілетін мұнараны, құлап қалудан немесе түсіру кезінде іргетасқа соққы болмауы үшін ұстап тұратын сақтандырғыш кергішпен жабдықталады.
Жиналған мұнараны немесе оның бөліктерін көтеру (түсіру) көтергіш шығыршықтар, кран немесе тракторлармен жүргізіледі. Осы уақытта осы көтеру механизмдері және жұмысшылар мұнара биіктігіне 10 метр қосқандағыдай ара қашықтықта орналасады. Мұнара тіреуіштері негіздері нығыздап қатайтылады.
Мұнараларды бөлшектеу ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.
Жыныс бұзушы органның негізгі құрастырмалы бөліктерін монтаждау және бөлшектеу операцияларын жүргізу мекеменің жыныс бұзушы органның жасаушының пайдалану құжаттары талаптарына сай жүргізіледі.
Стационарлық және оқпан қазуға қолданылатын жылжымалы көтеру машиналары қондырғылары, крандық жұмыстары өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасалынады.
Қазғыш айналмаларын орнату, шешу және тексеру, оларды жалғанған жерлерінен ажыратқан соң, мұнара астынан алып кетіліп және жұмысшы бөлігі (ұршығы) жоғары қаратылған кезінде жүргізіледі.
Жыныс қазушы органның монтаждау-бөлшектеу жұмыстарын оқпан үстінде және ілініп тұрған жүк астында жүргізуге болмайды.
5.5.2 Бұрғылау қондырғыларын және құрал – саймандарын пайдалану
Кеніштік газдың сыртқа шығып кету қауіпі бар шахта оқпандарын қазу кезінде бақылау тұлғасы, жуу сұйықтықтарын тазалау бұрғылау сораптары ғимараттарында және кездесетін қатпарларда 10 метр сайын, қатпарларды қазып өткен соң қатпардан 5 метрден төмен қашықтықтарда ұңғы аузында метан концентрациясы құрамын өлшеуді жүргізеді.
Өлшеу ауысымында үш реттен сирек болмауы, ауа температурасы – 100 градус Цельсия болғанда резиналық ыдыстар қолданып, қыздыру арқылы құрамында газ болуын анықтау үшін санды портативтік газ анықтағыштар пайдаланылады.
Газ құрамы 1 пайызға жеткенде бұрғылау қондырғысының жұмысы тоқтатылады, ғимарат ішіндегі бұрғылау ерітіндісін тазалау электрлік қондырғылар ажыратылады. Әрі қарай жұмысты жалғастыруға, газдалған орындардағы желдеткіштердің нәтижелі жұмысы арқасында газ концентрациясын 1 пайызға төмендету мүмкін болған жағдайда болады.
Оқпанды (ұңғыны) қазу кезінде жуу сұйықтығымен тұрақты түрде толтырып тұрады. Жуу сұйықтығымен ұңғыны толтыру деңгейі ұңғы қазуға арналған жобада көрсетіледі.
Бұрғылау шығыршығындағы салмақ көрсеткіштеріндегі салмақ, мұнара шыдамдылығынан асып кеткен жағдайда бұрғылау шығыршығы жұмыстары тоқтатылады.
Ұңғы аузындағы платформаларды, жыныс бұзғыш органды түсіру және бекіту тізбегін түсіру кезіндегі уақыттардан басқа уақытта ашық қалдыруға болмайды.
Машиналық кілттері ауа қысымы арқылы ашқышының білегіне баратын болат арқаннан басқа мұнараға бекітілген құрылғыларға екіден кем емес бұрандалы қысқышпен қатайтылған сақтандырғыш болат арқандармен жабдықталады.
Қызмет етуші тұлғалар, машиналық кілттің қозғалысы радиусында және кілттің кергіш болат арқанына жақын жерде, бұрғылау құбырларын шешіп – қатайту кезінде орналасуына болмайды.
Бұрғылау құбырларын қатайту және босату, бұрғылау құрал – жабдықтарын қозғалту операциялары автоматтық катушка, машиналық кілттер, құрылғылар көмегімен жүргізіледі.
Машиналық кілттердің размерлеріне сәйкес келмесе, кілттердің ұстайтын жерлері сынса, тістері желінсе және ұстайтын жерлеріндебекітрілетін айналма бұрандалар болмаған жағдайда машиналық кілттерден жұмыс жасауға болмайды.
Сазараластырғыш жұмыс істеп тұрғанда оған сазды заттармен тығындауға, люктен торды алып тастауға және люк арқылы ерітінді үлгісін алуға болмайды.
Сазараластырғышты жөндеуге тоқтатқан кезде саз араластырғыштың тегершігінен қозғалтқыш белдіктері шешіледі, ал қозғалтқыштық қосқыш құрылғыларына «Қосуға болмайды – адамдар жұмыс жүргізуде!» деген плакаттар ілінеді.
Ашық оқпанмен (ұңғымен) жұмыс істеу кезінде, оқпандағы тюбингтік тығындаманы шешу жұмыстарына жұмылдырылған жұмысшылар сенімді негіздерге бекітілген сақтандырғыш белдіктер пайдаланады.
Оқпандағы жарықтарды жамайтын барлық жұмыстар, элементтер араластыру және бекітпені суастындағы амалдар арқылы көтерудегі жұмыстар бекітпеге бекітілмеген ілінбелі сөре арқылы жүргізіледі.
Мұнараның тальдік жүйенің ілгешегімен бекітпе бөлігін, егер бекітпе бөлігінің, жалғамалық құрылғымен қосқандағы салмағы мұнара және тальдік жүйенің жүккөтергішінің 3/4 бөлігінен асып кетсе көтеруге болмайды.
Шегендеу құрылғылары сақтандырғыш клапанмен және екі монометрлермен жабдықталады, монометрдің біреуі агрегатта, екіншісі тампонаждық құбыр басында болады.
Бұрғылау қондырғысының машинисті қазу кезіндегі барлық жарамсыздықтардарды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бұрғылау журналына жазады және қабылдаушы ауысымға осы туралы хабарлайды
